Жұмыс үлгілері.
1) Бөлшектер, астарлар және өңдеулер, поливинилхлорид пластизолының резеңке аяқ киіміне арналған жасанды аң терісінен өңдеулер - арнайы престерде кесу;
2) Маскалардың, желімденген және қалыптық қолғаптардың, бастиектерінің бөлшектері - кесу;
3) Сепкіштерге арналған көлемді қуыс денелі дайындамалар - кассеталық үлгілі топтық штанцтауға арналған пневматикалық престерде кесу.
19. Дайындамалар мен бұйымдардың қысқартып кесушісі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 20 т және артық қуатымен агрегаттарда және резеңке, пласттері, резеңкетоқымалы және басқа полимерлық материалдардан ерекше күрделі конфигурациялы бұйымдар мен бөлшектерді кесу бойынша жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: кесу технологиялық процесі, пішілетін материалдардың түрлері мен қасиеттері, кесілетін бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, олардың мөлшерлері, салу және тасу ережелері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, оны салу және пайдалану ережесі.
Жұмыс үлгілері.
1) Қоныш, сірілер (графит, мата, жіңішке, бірлескен), миткальді кішкене шұлықтар, астар, сыздық, резеңке - шүберектен жасалған ішкі бөлшектер, түрлі түсті және қара ұлтарақтар - кесу;
2) Еректе күрделі құрылымды химқорғау - 25 т. артық қуатымен престерде кесу.
Қайталаушы
20. Қайталаушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қайталау бойынша қарапайым жұмыстарды орындау. Қайталау-стандартты мөлшерлердің техникалық пластиналарды және қайыстардың қолмен қарапайым қайталау - жабыстыру. Материалды үстел ұзындығымен жазу. Материалды анықталған ұзындықпен кесу, бүрмелердің түзетумен және жиектерін теңестіруімен бір қабатты екіншісіне салу. Қажетті жағдайларда желіммен жағу және бензинмен сүрту. Әрбір қабатты доңғалақпен домалату. Пластинаға фольга табақтарымен салу және оны рулондарға орау.
Білуге тиіс: қайталау тәсімдері, қайталанатын материалдардың артикулдары мен ерекшелігі, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.
21. Қайталаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қайталау бойынша орта күрделі жұмыстарды орындау. Берілген техникалық шарттарға сәйкес арнайы станокта бұйымдар мен жартылай фабрикаттарды қайталау- жабыстыру. Резеңке мен эбониттен дайынмадамаларды қолмен қайталау. Жоғары білікті қайталаушының басшылығымен қайталау каландрында резеңкеленген маталарды қайталау бойынша жұмыстарды орындау. Станокта қайталау кезінде - материалдармен рулондарды тіреуіштерге немесе кронштейндерге орнату. Қайталау станогының біліктері арқылы материалды өткізу және талькпен ұнтақ жағу.
Білуге тиіс: қайталау тәсімдері, қайталанатын материалдардың артикулдары мен ерекшелігі және олардың белгіленуі, қайталау станогының құрылысы.
Жұмыс үлгілері.
1) Брекер борттық және қанаттық баулар - станокта қайталау;
2) Матамен каландрланған резеңке - қайталау;
3) Каландрланған резеңкеден протекторлар- қайталау;
4) Станокта брекерлің резеңкемен протекторлар - резеңкемен қайталау;
5) Қайыстар - станокта қайталау;
6) Қайыстар, сілтілі аккумуляторлардың қаптарына арналған резеңке, көпқабатты техникалық пластина - қолмен қайталау.
22. Қайталаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қайталау бойынша күрделі жұмыстарды орындау. Станокта резеңке қабаттаумен жартылай фабрикаттарды және станокта резенкеленген маталарды немесе екібіліктік қайталау каландрында қайталау, сонымен қатар арнайы мақсаттағы жауапты резеңке және эбониттен істелген пластиналарды станоктарда немесе қолмен қайталау. Материалдарды берілген мөлшерлер бойынша белгілеу және пішу. Тоғысу жапсар енін сақтаумен материалды түйістіру. Матаның керулерін реттеумен, бүрмелерді жазумен, жиектерін теңестірумен және түйісу жерлерін доңғалақпен жазумен материалды қайталау. Пластиналарда тесіктерді тесу Қайталанған матаны салатын материалдармен төсеу.
Білуге тиіс: қайталау технологиялық процесінің мәнісі, қайталанатын резеңкелердің маркалары, олардың түрлері мен қасиеттері, маталардың артикулдары, қайталанатын бұйымдардың түрлері мен белгіленуі, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың және құралдардың құрылысы және жөндеу ережесі.
Жұмыс үлгілері.
Кеуекті баспа және эбониттен істелген пластиналар, резенкеленген жібек маталар - қайталау.
Резеңке бұйымдар мен бөлшектердің пішушісі
23. Резеңке бұйымдар мен бөлшектердің пішушісі 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резенкеленген матадан және каландрланған резеңкеден, вулканизацияланған резеңке пластиналардан қарапайым контурлы дайындамаларды қолмен пішу: велотреда, күшейткіш бауларды, дәріқұтылардың бөлшектерін. Пішетін үстелге матамен немесе резеңкемен доңғалақты орнату, үстел ұзындығымен жазу, үлгілермен белгілеу және дайындаулардың ойып кесу, анағұрлым жоғары білікті пішушінің басшылығымен өкше темір кесетін машинаға қызмет ету, машиналар мен пішу столдарынан пішетін дайындамадарды іріктеу, дайындамаларды салу және кейіннен өңдеуге жіберу. Дәріқұты бөлшектерін пішкен кезде: бұласырларды жабыстыру және домалатып жазу. Зімпаралы қағазды пішу. Банкілерге немесе тубаларға желім құю. Кішкентай қаптарға тальк құю. Вентильге қосалқы бөлімдерін салу.
Білуге тиіс: резеңке бұйымдардың кесу тәсімдері, пішілтін бөлшектердің белгіленуі, пішуге қойылатын техникалық талаптар, қызмет көрсетілетін машиналардың және құралдардың құрылысы.
24. Резеңке бұйымдар мен бөлшектердің пішушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым конструкциялы машиналарда пішу- кесу: бойлай – кесетін, өкше темір кесетін және бұрғы машиналарда, бұйымдардың және және матадан бөлшектердің дисктік пышақтарында, каландрланған, кескінделген және шприцтелген резеңке. Бұл бұйымдар, жеңдер, инженер мүлік және химқорғау бұйымдары үшін күрделі емес контурлардың дайындамаларын және бөлшектерін немесе қалыптық және қалыптық емес резеңке- техникалық бұйымдардың массасы бойынша айдаумен резеңке дайындамалар мен бөлшектерді қолмен пішу. Жіктерді жапсыру. Анағұрлым жоғары білікті пішушінің басшылығымен табан- кесетін машинаға қызмет көрсету. Төсеу - тоқыма және резеңке материалдарды домалатып жазу. Берілген мөлшерлері мен қалыптарын дәл сақтаумен бөлшектердің контурларының трафареті бойынша ұтымды белгілеу. Ақау жерлерін жою. Кеңінен пайдаланылатын резеңкеден жасалған тауарлардың бұйымдарының дайындамаларын пішу үшін қалдықтарды іріктеу. Пластиналарға ұнтақ жағу. Пышақтарды, шаблондарды және машиналарда шектеушілерді орнату, реттеу. Материалдарды пышаққа беру және белгіленген мөлшерлері мен массасын сақтаумен дайындамаларды кесу.
Білуге тиіс: материалдарды пішудің технологиялық процесі, шаблондарды пішу мен қоюдың ұтымды тәсімдері, резеңке- тоқыма матеиалдардың ерекшелігі, сорты, маркалары мен блгіленуі, пішілетін бөлшектердің сапасына қойылатын техникалық талаптар, пішетін машиналар мен жабдықтардың құрылысы.
Жұмыс үлгілері.
1) Шығыршықтарды орауға арналған бөз, күшейткіш бауларға арналған чефер- бойлай –кесетін машинада немесе үлгі пышақтарда пішу- кесу;
2) Велотред - машиналарда пішу;
3) Трактор өнеркәсібіне арналған төлке және чефер - пішу;
4) Шиналардың дайындамалары мен бөлшектері, білезіктер, брекер-кесу-қолмен пішу;
5) Резеңкелер, резенкеленген маталар, сұр бау - бойлай - кесетін машинада пішц; темір өкше кесетін машинада темір өкше кішу; үлгі пышақтармен матаны кесу және ыстық құбырларда трикотаж матаны кесу; арнайы машинкада керілерді шауып алу;
6) Табақтың резеңке – үлгілермен пішу;
7) Сілтілі аккумуляторлық комбайндарға арналған резеңке тыстар, амотиазциялық бауға арналған пластиналар, инженерлік және ауада қалқитын мүліктің ұсақ бөлшектері (саптар, шайбалар, кішкене қалпақтар, торлар), медициалық мақсаттағы бұйымдары және халық тұтынатын резеңкеден жасалған тауарлар (жарғақ аяққа арналған дайындамадар, ойыншықтар), өндіріс қалдықтарынан бөлшектер (қолғаптар, баулар)- қолмен пішу.
25. Резеңке бұйымдар мен бөлшектердің пішушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конструкциялы машиналарда резеңке дайындамаларды пішу- кесу: бойлай – кесетін, өкше темір кесетін және бұрғы машиналарда (ленталық пышақта және басқ.). Көпассортиментті өнім болған кезде және үлкен дәлділік сақталумен қалыптық резеңке- техникалық бұйымдар үшін дискілік пышақта дайындамаларды пішу. Күрделі конструкциялы қалыптық резеңке- техникалық бұйымдар үшін «Гильотина» түрлі пышағында дайындамаларды пішу. Құрылымы жағынан күрделі және арнайы мақсаттағы бөлшектерді қолмен пішу. Кесудің белгіленген бұрышын сақтаумен өлшеу аспаптарының көмегімен бөлшектерді сызу. Дайындамаларды қайталау, өлшеу, ұнтақ жағу, желімдеу және пішу. Өндіріс қалдықтарынан материалдарды іріктеп алу және резеңкеден жасалған халық тұтынатын тауар бұйымдары үшін конфигурациясы жағынан күрделі бөлшектерді пішу.
Білуге тиіс: күрделі құрылымды пішу машиналарында пішу, пішу ерекшелігі, пішілетін материалдардың түрлері, мөлшері мен құрылымы, дайындамалардың конфигурациясы, резеңке шифрлары, пішудің ұтымды тәсімдері, пішу машиналарының құрылысы, қызмет көрсету және реттеу.
Жұмыс үлгілері.
1) Мұнаралар, цилиндрлар, қабырғалардың ендері және азық- түлік корпустың қалқалары – қолмен пішу;
2) Балықшы етіктері мен бахилаға арналған қоныш - қолмен пішу;
3) Әр түрлі конструкциялы қайықтарға арналған бөлшектер - бензобактар, күрделі конструкциялы орайтын тыстар, резенкеленген матадан істелген сүңгуір костюмдер- қолмен пішу;
4) Аяқ киімге арналған резеңке бөлшектер – ленталық пышақта пішу;
5) Плащтар мен шаруашылық дорбаларға арналған бөлшектер - қолмен пішу;
6) Қайнататын камераларға және пневмобаллондарға арналған дайындамалар - қолмен пішу - қайталау;
7) Желдету құбырларына арналған дайындамалар – пышақта пішу;
8) Ұсақ теріге арналған реезңке дайындамалар – ленталық пышақта пішу;
9) Көпассортиментті өнім кезінде қалыптық бұйымдарға арналған дайындамалар – дискілік пышақта пішу;
10) Корд (тоқыма)- диагональдық -кесетін машинада пішу;
11) Дискілік, қыспақты және авиациялық камералар - қолмен дайындау;
12) Манжеталар - ленталық пышақта пішу;
13) Металлокорд – диагональдық -кесетін машинада немесе қолмен пішу;
14) Екібаллонды пульверизаторлар – ленталық пышақта пішу;
15) Кодың жолақтары, чеферлер, муфталарға арналған брекерлер, тежегіш камераларды дайындауға арналған жартылай фабрикаттар – машинада немесе берілген бұрышпен қолмен пішу;
16) Резенкеленген маталар - диагональдық –кесетін машинада жақтауға кесу;
17) Ауыр резенкеленген маталардан инженерлік және ауа ұшатын мүлікке арналған күшейткіштер – қолмен пішу;
18) ВАЗ, ГАЗ автомобильдеріне және басқаларға арналған бөлшектер – пішу.
26. Резеңке бұйымдар мен бөлшектердің пішушісі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы мақсаттағы маталардан диагоналдық- кесетін машинада дайындамаларды пішу: жібекті, капронды және синтетикалық талшықтардан басқа маталарды. Металл дорндарды алдын ала ораумен сальниктер мен жағаларға арналған жартылай автомат станоктарда дайындамаларды кесу. Өкше темір- кесетін машинада резеңке аяқ киімнің бөлшектерін, қайыстарды және тасу ленталарын «Геланжис» үлгі станогында пішу. Инженерлік және ауа үрлейтін мүліктің жауапты бөлшектерін пішу немесе сынақтық және ірі габаритті бөлшектердің ерекше жауапты бөлшектерін аішу. Машиналарды баптау. Кесетін қиғаштарды берілген енге және пішу бұрышына орнату. Пышақтарды және шек қоюларды ауыстыру және қайрау. Домалап жазатын станокты қайтадан зарядтау. Маталарды домалатып жазуда және орау жұмыс істейтін жұмысшылардың жұмысын бақылау. Өлшемі мен массасы бойынша берілген мөлшерлерді дәл сақтаумен берілген ееркшелік бойынша бұйымдарды және дайындамаларды ұтымды пішу. Инженерлік және ауа үрлейтін мүлік үшін үлгілерді дайындау кезінде - картонды резенкеленген матамен желімдеу, сызуларға сәйкес үлгілерді сызу, жабыстырудың, тігістердің, бөлшектердің жапсырудың, металлаппаратураны қою орындарының, әртүрлі күшейтулердің түйіндерін белгілеу, үлгілерді қайшылармен ойып кесу, үлгілерді шетінен мата кішкене лентамен желімдеу.
Білуге тиіс: тік, көлденең, диагоналды- кесетін машиналарда және ленталық пышақта пішудің технологиялық процесі, пішу мен кесудің ұтымды тәсімдері, геометриялық фигураларды сызу мен сызуларды оқу ережелері, пішілетін материалдардың белгіленуі, түрлері мен ерекшеліктері, пішу ерекшелігі, қайталау қабаттылығы, пішілетін бөлшектердің сапасына қойылатын техникалық талаптар, қызмет көрсетілетін жабдықтың және құралдардың құрылысы, жөндеу және реттеу.
Жұмыс үлгілері.
1) Мұнара және газгольдерлерге арналған цилиндрлар - қолмен пішу;
2) Мұнара, цилиндрлар, трапециялар, аэростаттарға арналған баллонета қауырсынданулары- қолмен пішу;
3) Қақпақтардың бөлшектері- автоматтандырылған, диагональдық - кесетін агрегаттарда электрондық басқарумен және машинаны берілген параметрлерге келтірумен пішу;
4) Ауыр жүкті қақпақтарға арналған пісіретін дисктік камералар - пішу - қолмен қайталау;
5) Резеңкеленген маталар- көп қабатты пішу кезінде электрпішетін машинада пішу.
Резеңке бұйымдардың сынаушысы
27. Резеңке бұйымдардың сынаушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белдіктерді созуға, резеңке аяқ киімді сынау. Дисбалансты, салмақтық сипаттамаларын алумен шиналарды монтаждау және қайта жинақтау және габариттерін өлшеу. Электр, жарықтық және ультрадбстық қондырғылардың көмегімен сынау станцияларында дайын автомобиль немесе арнайы шиналарды сынау - домалату. Стенд жиегінде шиналарды өлшеу, жинақтау және монтаждау. Станоктар мен аспаптардың берілген регламентке баптау. Бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, электр жарық қондырғылардың көмегімен сипаттамалар алумен сынауларды қадағалау, майтөзгіштікті, аязға төзгіштікті және басқа көрсеткіштерді қадағалау. Журналға немесе бұйымдар паспортына сынақтардың нәтижелерін жазу.
Білуге тиіс: сынақ жүргізу ережелері мен режимі, дайын өнімге техникалық шарттар және Мемл.стандарттар, жабдықтың құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.
28. Резеңке бұйымдардың сынаушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жарылуға және басылуға сипаттамаларын алумен 200 км/сағ дейін шиналарды сынау- домалату, динамикалық беріктікке, шайқалуда жоғалтуларға немесе диффузияға сынаулар, сондай-ақ термостаттарда немесе сынау станцияларының басқа шарттары кезінде (дайын автомобиль немесе арнайы шиналарды сынау кезінде) тежегіш камераларын, камерасыз шиналарды, шинопневматикалық муфталарды сынаулар. Саптарды, гуммусталған металл бұйымдарды, арнайы мақсаттағы бұйымдарды, аккумулятор бактарының бензобактарын (авиабактарын), оларға бөлшектерді және аспаптардың, электр қондырғылардың және құралдардың көмегімен арнайы стенділерде және станоктарда беріктікке, герметикалыққа және электрсынамаларды сынаулар. Беріктік пен герметикалыққа сынау кезінде – сынау стендінің қысқыштарында бекіту, сұйықтықпен, газбен немесе қысылған ауамен толтыру. Белгілі бір уақыт аралығында берілген қысыммен ұстау. Ақау түрлері мен себептерін тіркеу. Электрсынаумен сынақ кезінде – резеңке жабынның қалыңдығына байланысты кернеуді іріктеу. Бұйымды суы бар ваннаға салу. Герметикалық емес жерлерін белгілеу. Ақауларды жою. Сыртқы бетін зімпаралы матамен тазарту және гумусталған бұйымдарды біржолата өңдеу. Жабдықты жөндеу.
Білуге тиіс: резеңке бұйымдардың сынаудың технологиялық процесі, сынаулар жүргізу тәсімдері мен ережесі, бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың және аппаратураның құрылысы.
29. Резеңке бұйымдардың сынаушысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль және арнайы шиналарды термостаттарда немесе 200-ден 300 км/сағ дейін жылдамдықтарда басқа жағдайлар кезінде сипаттамалар алумен сынау- домалату. Резеңке бұйымдарды сынау үшін жабдықты жөндеу.
Білуге тиіс: электр, жарықтық, ұльтрадыбыстық қондырғылардың, жабдықтың құралдардың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы, сынақтар әдістемесі, бұйымдардың белгіленуі, құрылымы және оларға сынақ жүргізудің ерекшеліктері, жабдықты жөндеу ережесі.
30. Резеңке бұйымдардың сынаушысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль және арнайы шиналарды термостаттарда немесе 300 км/сағ артық жылдамдықтарда басқа жағдайлар кезінде сынау- домалату. 2000 мм артық сыртқы диаметрімен және 90 т дейін шинаға жүктеммен ірі габаритті шиналарды сынау. Анағұрлым төмен біліктілікті сынаушыларға басшылық ету.
Білуге тиіс: жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының кинематикалық және электрлік сызбалары, шиналардың ерекшелігі, резеңке бұйымдардың сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптары.
Резеңке қоспалардың каландрлаушысы
31. Резеңке қоспалардың каландрлаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі каландрларға қызмет көрсету бойынша қарапайым және орта күрделі жұмыстарды орындау. Кішкене біліктерді немесе кішкене резеңке рулондарды, резенкеленген маталарды немесе битум - резеңке айырушы материалдарды домалату. Тоқыма матаны каландрға салу және май жағу (айырушы бауды дайындау кезінде) және айнала қоршауға оның түсуін қадағалау. Каландрға қабылдау доңғалақтарды орнату, кареткаларды айдау.
Қолмен орау немесе табақталған немесе қайталанған резеңкені, пластикты, резенкеленген матаны немесе басқа өнімді механикаландырылған орауын қадағалау. Каландрда бөлшектерді пішу. Резеңке аяқ киімге арналған кішкене лентаның каландрын транспортерде пішу және салу оны «кітапшаға» салу. Сквидж-каландрдан және диагоналды - кесетін машинадан кейін жолақтарды іріктеу- түйістіру. Резеңке пластиналардың конвейерінен және резеңке аяқ киімнің бөлшектерінен лентаны алу. Маталық негізде тері алмастырғыштарды немесе қабыршақты шығару кезінде жоғары білікті каландрлаушының басшылығымен каландрларға қызмет көрсету.
Білуге тиіс: каландрлау технологиялық процесі, әр түрлі қоспалардың шифрлары, қолданылатын маталардың және төсемдердің түрлері, қасиеттері мен белгіленуі, каландрдың, онымен агрегатталған жабдықтың және құралдардың құрылысы.
32. Резеңке қоспалардың каландрлаушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі каландрлауға қызмет көрсету бойынша күрделі жұмыстарды орындау: әдеттегі каландрлардың резеңке және резеңке - шүберектен жасалған қоспаларды қуаттандыру. Резеңкенің, резенкеленген маталардың, пластикаттың, бризолдың, битум-резеңке айырушы материалдардың немесе релиннің үлкен рулондарын домалату және түсіру. Каландрлардың жылдамдығын реттеу. Маталық негізде теріс ауыстырғыштарын немесе қабыршақты шығару кезінде каландрларға қызмет көрсету. Пластиналарды қайталау кезінде каландрмен ағында дублерге қызмет көрсету. Анағұрлым жоғары білікті каландрлаушының басшылығымен каландрлау агрегаттарында белдіктер мен өзекшелерге арналған пластинаны қайталау және транспортер ленталарын айнала қоршау кезінде борттарды шөрке төсеу. Үлкен орамдарды домалату кезінде -бүрмелерді түзету және матаны орталау.
Білуге тиіс: каландрлау технологиялық процесі, әр түрлі қоспалардың шифрлары, қолданылатын маталардың және төсемдердің түрлері, қасиеттері мен белгіленуі, каландрдың, онымен агрегатталған жабдықтың және құралдардың құрылысы.
33. Резеңке қоспалардың каландрлаушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Каландрларға қызмет көрсету бойынша ерекше күрделі жұмыстарды орындау. Тез жүретін каландрларды әр түрлі (30 мин (-1) артық жылдамдық немесе үлкен ассортимент шығуы кезінде 700 мм артық біліктердің ұзындығымен каландрлар) каландрлау режимдерімен қуаттандыру. Чижов түрлі дублерде транспортен ленталарына арналған резеңке бұйымдарды және өзекшелерді қайталау процесін жүргізу. Транспортер ленталарын айнала қоршау кезінде борттарды шөрке төсеумен және белдік бұйымдарды қайталаумен айналысатын жұмысшыларға басшылық ету. Массивтік шиналардың резеңкеленген бандажына жүгіріс резеңкесін орау. Каландрларды іске қосуға дайындау. Қыздырылған резеңке қоспаны каландрға әкелу және салу. Каландр біліктерінің саңылауларында резеңке қоспаның болуын жүйелі қадағалау. Резеңкенің дұрыс домалатылуын қадағалау. Жұмыстағы ұсақ ақаулықтарды түзету.
Білуге тиіс: каландрлау технологиялық процесі және температура режимдері, әр түрлі қоспалардың шифрлары, артикулы, маталар мен төсемдердің қасиеттері мен белгіленуі, каландрдың, онымен агрегатталған жабдықтың және құралдардың құрылысы, өңделінетін материалдар мен дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.
Резеңке, полимер бөлшектер мен бұйымдардың желімдеп жапсырушысы
34. Резеңке, полимер бөлшектер мен бұйымдардың
желімдеп жапсырушысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өндірісте жабыстыру - құрастыру үстелдерде, барабандарда, құралдарда және конвейерлерде инженер мүлік бұйымдарының, химқорғау, дәрігерлік мақсаттағы, халық тұтыну тауарларының, резеңке аяқ киімнің, резеңке техникалық бұйымдардың және бөлшектердің қарапайым конструкцияларын жабыстыру, жабыстыру - дайындау, және технологиялық процеске сәйкес біліктілігі анағұрлым жоғары желімдеп жапсырушының басшылығымен шиналарды бұрынғы қалпына келтіру. Бөлшектерді, дайындамаларды, жартылай фабрикаттарды, құралдарды және көмекші материалдарды алу, жұмыс орнына жеткізу. Дайындамаларды және бөлшектерді столда жазу. Кордты орау. Жіктерге талькпен ұнтақ жағу, дайындамаларды және бөлшектерді берілген мөлшер мен контур бойынша пішу. Лентаның ұштарын конусқа кесу. Желімдеп жапсырылуға тиісті беттерін шаю немесе бензинмен тазарту, оларды мерзімді кептірумен желіммен жағу. Бөлшектерді түйістіру, станокта түйістіру жерін престеу. Резеңке және мата дайындамаларды қайталау және домалату. Резеңке бөлшектерді пышақтармен кесу немесе бір және жапсырылған бөлшектерді белгіленген ұзындыққа кесу, саңылауларды үрлеу, люверстерді ендіру және тағы басқа.
Жұмыс орындарынан бөлшектерді іріктеу, жапсырылған бөлшектерді тартпаларға немесе арнайы стеллаждар мен сөрелерге салу. Жиналған бөлшектерді кейінгі операцияларға беру.
Білуге тиіс: бөлшектердің, дайындамалардың және бұйымдардың белгіленуі, көмекші материалдардың белгіленуі және қасиеттері, жұмыс тәсімдері және желімдеп жапсыру ережесі, резеңкелердің маркалары, сорттары мен белгіленуі, резеңкелерді және резеңкеленген маталарды өңдеу ерекшеліктері, дайындамаларды пішу мен қайталаудың ұтымды тәсімдері, жабдықтарды пайдалану ережесі, бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар.
Жұмыс үлгілері.
1) Бордюрлар – қолмен кесу және желіммен жапсыру;
2) Велошиналардың бөлшектері-велотүтіктерді фланецтерді дайындамаларды жапсыру;
3) Резеңке және мата дайындамалар - қайталау;
4) Жуан және жіңішке сірілер, жартылай ұлтарақтар, өкшелер, күшейткіштер, қара және түрлі түсті ұлтарақтар - қайталау;
5) Өкшелер, клапандар - желіммен жағу;
6) Дорндық емес сақиналар, салулар - жабыстыру - құрастыру;
7) Жиектік баулар, велокамераларға арналған фланецтер- станокта престеумен жапсыру;
8) Фланецтермен түтіктер, шайбалар, шлевкалар - жабыстыру.
35. Резеңке, полимер бөлшектер мен бұйымдардың
желімдеп жапсырушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үстелдерде, барабандарда, құралдарда және конвейерлерде және технологиялық процеске сәйкес шиналардың өндірісі мен бұрынғы қалпына келтіруде инженер мүлік бұйымдарының, химқорғау, дәрігерлік мақсаттағы, халық тұтыну тауарларының, резеңке аяқ киімнің, резеңке техникалық бұйымдардың және бөлшектердің қарапайым конструкцияларын жабыстыру, жабыстыру – дайындау. Резеңкемен немесе резеңкеленген матамен домалату үстелдеріне біліктерді орнату.
Технологиялықпен картаға сәйкес каландрларған резеңкені, арқанды және басқа материалдарды үстелде домалату, белгілеу және пішу. Бөлшектердің және бұйымдардың беттерін көзбен шолу, беттерін тегістеу, доңғалақпен домалатып жазу, ұстатқыштарды ендіру, артық дайындамаларды кесу, тігістерді кішкене лентамен бітеу, берік емес жіктерді және үрлеу теісктерін желімдеп жапсыру. Бөлшектерді қалыпқа салу, бордюрды жабыстыру үшін жерді белгілеу, қысу машинасында құдықта аяқ киімнің ішкі бөлшектерін немесе жабдықтарды операция бойынша домалату немесе қысу, өкшенің клапанын домалату, өкшені пастамен бітеу, құдықты ұстатқыштан алу.
Көмекші жұмыстарды орындау: желімді, бензинді жұмыс орындарына әкелу, резеңке және резеңкеленген матамен біліктерді домалату үстелдеріне орнату, құрастыру бөлшектеріне саңылауларды тесу.
Теннис доптарын түктеу және өлшеу.
Білуге тиіс: бөлшектерді және бұйымдарды жапсырудың, жапсыру- құрастырудың технологиялық процесс негіздері және ұтымды тәсімдері, бөлшектердің және көмекші материалдардың белгіленуі және құрылымы, желімнің рецептері мен консистенциясы, технологиялық кептіру режимі, жапсырылатын бөлшектерді қысулар, қолданылатын машиналар мен жабдықтардың құрылысы, бауларды дорнға ораудың және орамдарды кесудің дұрыс тәсімдері, дайын өнімнің ерекшелігі, түрлері мен белгіленуі, аяқ киімнің мөлшерлері мен үлгілері, бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |