СЫНЫБЫ: 2 «А»
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Еңбектің наны тәтті
Мақсаты:
Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек ғана қиындықты
жеңбек. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Бүгін де
еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге
оқушыларды баулу.
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: бүктемелер, суреттер, мақал-мәтелдер
ӘДІСІ. түсіндіру, сұрақ - жауап.
Б А Р Ы С Ы :
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
ІІ. ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ
Әдепті де өнерлі,
Еңбексүйгіш баламыз.
Жаңа істің шебері,
Жасаушысы баламыз.
ІІІ. ОЙ ҚОЗҒАУ
1. Неліктен еңбекшіл баланы бәрі жақсы көреді?
2. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
3. Адамға өмір сүруі үшін ең алдымен не кажет деп ойлайсындар?
Еңбектің адам өміріндегі мәні рөлдік орындаулар арқылы түсіндіріледі.
Қайдан келдің бауырсақ?
Өтебай Тұрманжанов
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім
Нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Даладан келдім кең жаткан.
Жер - анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
ЖАҚСЫЛАРДЫҢ ЖАҚСЫСЫ. АҢЫЗ
Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау - бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.
Кірмеген жалғыз бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қызы:
- Әке маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - деді.
- Оның дұрыс қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласын, - деп жауап қайтарды әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын, бұлап тұрып:
- Әке, сен сабақ бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.
1 Биік, әсем үйде кімдер тұрған?
2 Үйдің бір бөлмесі неге жабық болды?
3 Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?
4 Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?
СЕРГІТУ СӘТІ
ЕҢБЕК
Нұрхан Жанаев
Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты – Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп,
Мұның аты – Еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең – Еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
ЕҢБЕК ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕДЕР АЙТУ
Ер дәулеті - еңбек.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбек түбі - береке.
Көптің түбі мереке.
Ембек етсең - емерсің,
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Ердің атын еңбек шығарады.
Бейнетсіз рақат жоқ,
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Еңбексіз өмір - сөнген көмір.
Ер қадірін ел біледі,
Зер қадірін зергер біледі.
ҚОРЫТЫНДЫ:
1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
3. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
4. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда қандай жетістіктерге жетуге болады?
Бақыт кілті – еңбек
Жүректен – жүрекке
Болайықшы осындай
Достарыңызбен бөлісу: |