1 1 т а р а у
SQL SERVER 2000
ЖЕЛІЛІК ДЕРЕКҚОР
11.1.
SQL Server 2000 компоненттері
SQL Server 2000 ірі кəсіпорындар ауқымындағы дерекқорларды
басқарудың қазіргі заманғы жҥйелерінің бірі болып табылады.
SQL Server 2000-мен кəсіби жҧмыс істеу ҥшін оның қызмет ету
қағидаттарын тҥсіну керек, қандай да бір жағдайда қай компонентті
пайдалану қажет екенін білу керек. SQL Server 2000 компоненттерін
(қызметтерін), олардың тағайындалуын жəне пайдалану əдістерін
қарастырайық.
Windows NT немесе Windows 2000 операциялық жҥйенің
басшылығында жҧмыс істейтін көптеген серверлік өнімдер сияқты
Microsoft SQL Server 2000 операциялық жҥйе қызметтерінің жинағы
тҥрінде іске асырылған, олардың əрбіреуі өз бетімен іске қосылады
жəне белгілі бір міндеттер тобы ҥшін жауап береді.
SQL Server қызметтер тізімін келтірейік:
• MSSQLServer;
• SQLServerAgent;
• Microsoft Search;
• Microsoft Distributed Transaction Coordinator.
SQL Server 2000 жекелеген қызметтер тҥрінде іске асыру ДҚБЖ-ге
операциялық жҥйенің бөліктері ретінде жҧмыс істеу, меншік
қолжетімдік қҧқықтарына ие болу жəне осы сəтте компьютерде жҧмыс
істеп отырған пайдаланушыға тəуелсіз болу мҥмкіндігін береді.
Windows 95/ 98 операциялық жҥйесі осы қызметтердің жҧмысына
қолдау көрсетпейді, сондықтан SQL Server 2000 осы операциялық жҥйе
басшылығымен жҧмыс істеуі ҥшін автоматты тҥрде қызметтер
эмуляциясы орындалады. SQL Server 2000 əрбір қызметін толығырақ
қарастырайық.
MSSQLServer қызметі. MSSQLServer қызметі ДҚБЖ өзегі болып
табылады жəне барлық негізгі операцияны орындайды. MSSQLServer
қызметінің
міндеттеріне
пайдаланушыларды
тіркеу,
олардың
қолжетімдік
қҧқықтарын
тіркеу,
қосылысты
орнату,
пайдаланушылардың дерекқорға жҥгінуіне қызмет көрсету, сақталатын
рəсімдерді орындау, дерекқор файлдарымен жҧмыс істеу жəне тағы
басқасы.
MSSQLServer қызметінің функцияларына жҥйелік ресурстардың
пайдаланылуын бақылау кіреді. MSSQLServer қызметі жҥйеден
мерзімді бос ресурстардың бары туралы сҧрайды жəне олар жеткілікті
болғанда қосымша жад немесе процессордың уақыт бөледі. Алынған
ресурстар барлық қосылған
пайдаланушы арасында бөлінеді,
сөйтіп
Jobs объекттері. Осындай типті объекттер автоматты тҥрде
орындалуы қажет міндеттерді сипаттайды. Әрбір міндет ҥшін іске
қосудың (schedule) бір немесе бірнеше кестесі көрсетіледі. Бҧдан басқа,
тапсырма талап бойынша (on demand), яғни қолмен орындалуы мҥмкін.
Әрбір тапсырма бір немесе одан артық қадамнан (step) тҧрады. Қадам
ретінде мыналар болуы мҥмкін:
• Transact-SQL командасы немесе сҧранысы;
• репликацияның қосалқы жҥйесін
басқару командалары;
• Windows командалық жол мен қосымшаның утилиттері;
• VB Script немесе JavaScript тілдерінде жазылған скрипттер жəне
т.б.
SQLServerAgent қызметі тапсырмалардың дҧрыс орындалуын
бақылау, көп қадамды тапсырмаларды жасау мҥмкіндігіне ие.
Қадамдар өзара белгілі бір ережелермен байланысты болуы мҥмкін.
Мысалы, егер дерекқордың біртҧтастығын тексеру сəтті аяқталса, онда
қызмет деректердің резервтік көшірмесін жасайды; кері жағдайда,
сервер əкімшіге электронды пошта бойынша немесе пейджерге тиісті
хабарландыру жібере алады. Қызмет міндеттердің белгілі бір уақытта
жəне сервердің аз жҥктелген уақытында орындалуын қамтамасыз ете
отырып, іске қосу уақытын икемді басқару мҥмкіндігін береді.
Operators объекттері. Осындай типті объекттер сервердің жҧмыс
кҥйінде сақталуы ҥшін жауап беретін, қызметкер-операторларды
сипаттайды. Шағын ҧйымдарда əдетте оператор мен əкімшінің рөлін
бір адам біріктіреді. Ҥлкен кəсіпорындар мен корпорацияларда əкімші
мен оператордың рөлдері жиі бірнеше адамға бөлінген. Әкімші тек
жауапкершілікті жҧмысты орындайды, мысалы дерекқорларды
жоспарлау, қҧру жəне өзгерту. Оператор жиі дерекқорлардың резервтік
көшірмесін
жасау,
пайдаланушыларды
қосу,
деректердің
біртҧтастығын бақылау жəне т.б. кертартпа жҧмыспен айналысады.
Егер ҧйым ҥлкен болса, онда мамандандырылған операторларды
пайдалануға болады. Мысалы, оператордың біреуі резервтік көшірме
жасау операцияларын орындау ҥшін жауапты, екіншішісі деректердің
біртҧтастығын бақылайды жəне т.б. Оператордың əрбіреуі қызметіне
қатысты хабарлама алу керек. Резервтік көшірме жасау операторы
қажетсіз бҧғаттау мəселелерін шеше бастағаны қажет емес.
SQL Server 2000 өз жҧмысының параметрлерін қадағалайды жəне
кемшіліктерді байқаған кезде, мысалы, дискте бос кеңістік болмаса,
операторға хабарлай алады. Ол ҥшін SQLServerAgent қызметі
пайдаланылады.