Межелік бақылаудың соңы (10)
Глоссарий
Ағымдағы бағалар (Аб) – тап қазіргі уақыттағы бағалар мен тарифтер. Ол көтерме баға, сатып алу бағасы және бөлшектеп сату бағасы болып бөлінеді.
Айналым қаражаттары (капиталы) - өндіріс үдерісіне бір рет қана қатысып, осы қатысуда өзінің құнын дайын өнімге толығымен аударатын еңбек заты. Ол айналым қорлары мен айналыс қорларының қосындысынан тұрады.
Айналыс коэффиценті – сатылған өнім көлемінің айналыс қорының орташа жылдық мөлшеріне қатынасын көрсететін шама.
Айнымалы шығындар – өндірілген өнімнің көлеміне тікелей тәуелді шығындар.
Амортизациялық көшірім - кәсіпорынның негізгі өндіріс құралдарының табиғи және сапалық тозу салдарының орынын толтыру құны.
Амортизация – негізгі қордың табиғи және сапалық тозуға ұшырауы, осының салдарынан негізгі қор құнының төмендеу процессі.
Амортизация мөлшері – негізгі қор құнының тауар өндіру кезінде жұмсалатын белгілі бір пайыздық шамасы, яғни амортизациялық көшірім сомасы.
Ассоциациялар — экономикалық тұрғыдан алғанда дербес кәсіпорындар мен жекелеген ұйымдардың ерікті бірлестігі, қауымдастығы.
Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар – негізгіжәне қосымша жалақы салалары арқылы жүргізілетін әлеуметтік сақтандыру бағытталған аударым түрлері.
Әртараптандыру (диверсификация) – өндірістің әртарапта, әр түрлі жолдармен, жан-жақты дамуы; жаңа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу нарықтарында фирма қызметінің аясын кеңейтуге бағытталған маркетинг стратегиясы
Бейөндірістік (өндірістік емес) негізгі қорлар – өндіру процесіне тікелей қатысы жоқ, бірақ кәсіпорынның меншігіне кіретін негізгі қорлар.
Дисконттау – келешектегі ақшалай табысты бүгінгі күнгі құнға келтіру немесе қазіргі кездегі ақша құны белгілі болса оның кешешектегі құнын табу.
Әлеуметтік-экономикалық белгілер бойынша сегменттеу – нарықтағы тұтынушыларды әлеуметтік, кәсіптік белгілері мен білім, кіріс тағы да басқа сипаттарына қарай топтастыру, бөлу.
Еңбек өнімділігі – еңбек ресурстарын тиімді пайдалану көрсеткіші. Жылдық өнім көлемін кәсіпорындағы өндірістік-өнеркәсіптік қызметкерлер санына бөлу арқылы анықталады.
Еңбек ресурстары - халықтың күш жігері мол, еңбекке жарамды, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуде тәжірибесі мол бөлігі.
Еңбек сиымдылығы - өнім өндіруге жұмсалған еңбек мөлшерінің өндірілген өнім көлеміне қатынасы.
Кесімді еңбекақы - өндірілген өнім мен атқарылған қызмет көлеміне сәйкес төленетін еңбекақы түрі.
Мерзімдік еңбекақы – еңбекақының істеген уақыты жұмыс бойынша анықталатын түрі.
Еңбекті мөлшерлеу - өндіріс жағдайында белгілі бір нақты жұмысты орындауға жұмсалатын еңбек деңгейін анықтау.
Жалақы – ұлттық табыстың ақшалай нысандағы, әрбір жұмысшының жеке нәтижесі есептеліп, еңбек ету сапасы мен көлеміне сәйкес бөлінетін бөлігі.
Жалпы өнім (ЖӨ) – қандай да бір айнымалы өндіріс факторларын (ресурстарын) пайдалана отырып өндірілген өнім көлемі.
Жалпы пайда кәсіпкердің өндіріске сондай-ақ өнім өткізуке кеткен, бірақ әлі салық төленбеген кезде қолдында қалған ақша нысаны.
Жанама кесімді еңбекақы - еңбектің тікелей нәтижесіне байланысты, кесімді жұмысшылардың істеген еңбегіне қарай төленетін еңбекақы түрі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) - бір немесе бірнеше адамнан құрылған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен алдын-ала белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік түрі.
Жоспарлау – кәсіпорынның уақыт бойынша мақсаттары мен міндеттері үнемі бекітілетін және талқыланатын, оларға қол жеткізу стратегиясы мен саясаты анықталатын, кәсіпорын экономикасын жүргізудің әр түрлі жақтарын көрсететін көрсеткіштері егжей-тегжейлі үйлестірілген жоспар жасауға шешім қабылдаудың үздіксіз процесі.
Жұмыс құралы - тауар өндіру, қызмет көрсету үшін қолданылатын құрал- сайман, технология , ғимарат нысаны және т.б.
Жұмыскерлердің тізімдік саны – қабылданған және шығарылған жұмыскерлерді ескергенде белгілі бір уақыттағы жұмыскерлердің тізімдік құрамы.
Инвестициялау – пайда алу үшін ұзақ мерзімді салынған салым.
Инновациялық өнім - түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім.
Калькуляция - шикізат пен материалдар, қайтарылатын қалдықтар (алынып тасталынады), технологиялық мақсаттағы жылу және энергия, негізгі өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінулер, үстеме шығындары, кезең шығындары жиынтығын есептеу.
Капитал – (инвестициялық ресурстар). Тұтынушыға жеткізу мақсатында тауар өндіру мен қызмет көрсету үшін қолданылатын өндіріс қаражаты (ғимараттар, құрылыстар, құралдар және т.б).
Картель — бір саладағы кәсіпорындар арасындағы өнімнің қызмет бағасы, өткізу нарығын бөлу, жалпы өндіріс көлеміндегі үлес туралы келісімге келу арқылы жасалатын бірлестік.
Кесімді еңбекақы өндірілген еңбекақыны саны мен сапасы, күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленетін еңбек ақы түрі.
Кәсіпкерлік – адамдардың ерекше қабілеті. Ол өзіне жауапкершілікті ала білу, шаруашылықты жаңалықты іздеу негізінде жүргізу, тәуекелдікке бара білу сияқты қасиеттерді топтастырады.
Кәсіпкерлік- меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысын қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не меншіктік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік)негізделген ынталы қызметі.
Кәсіпорынның жалпы шығындары – тұрақты шығындар мен айнымалы шығындардың қосындысы.
Коммандиттік серіктестік – серіктестіктің міндеттері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін, серіктестіктердің мүлкіне салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды да қамтитын және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып танылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл түріне негізінен тауар – ақша және тауар айырбастау міндетіндегі операцияларды жатқызуға болады.
Коммерциялық шығындар-өнімді өткізуге байланысты, жарнамалық, маркетингтік және т.б. шығындар.
Концерн - кәсіпорынға қатысу жүйесі арқылы бақылау жасайтын көп салалы акционерлік қоғам, кәсіпорындардың неғұрлым дамыған бірлестігі.
Қор қайтарымдылығы (Ққай)- негізгі өндіріс қорының қолдану деңгейінің тиімділігін айқындайтын негізгі бір жинақтаушы көрсеткіш.
Қор қайтарымы – негізгі қор құнының бір теңгесіне келетін өндірілген өнім көрсеткіші.
Қор сыйымдылығы - өндірілген өнімнің әрбір теңгесіне келетін негізгі қор құнының үлесін көрсететін шама.
Қорсиымдылық көрсеткіші дегеніміз негізгі өндіріс қорының орта Қосымша жауапкершілікті серіктестік- деп қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл соммалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері иеленген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік танылады.
Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффиценті – нақты уақыт қорының жоспарлы уақыт қорына қатынасы.
Маркетинг жоспары– жобаны жүзеге асыру жолында нарықты зерттеудегі жинақты бағдарлама: өткізілетін өнімнің ассортиментін және жалпы көлемін анықтау, өнімнің өмірлік кезеңдерден өтуін ескере отырып, жетілдіру бағытын, өнімнің сыртқы түрін, безендірілуін анықтау; баға саясаты, өткізу бағыты, оны ынталандыру; жарнама науқаның, сервисін, маркетинтікбақылау жүйесін жоспарлау.
Материалдық ресурстардың мөлшер шығыны – бұл өнім бірлігін өндіруге (немесе жұмыс) жұмсалатын шикізатты (материалдар немесе отын т.б) жоспардың тыс барынша шығыс көлемі.
Мемлекеттік кәсіпорын – кәсіпорынға қарасты мүлікке меншікті иелену құқығы жоқ коммерциялық ұйым.
Мерзімдік жалақы тарифтік мөлшерлеменің жұмыс уақытының сағаттық шамасына көбейтіндісі.
Мөлшерлік база дегеніміз - кәсіпорында материалдық ресурстардың шығысын жоспарлағанда және талдағанда қолданатын мөлшерліктер мен барлық мөлшер жиынтығы.
Нақты жалақы –номиналды жалақыға сатып алатын тауардың көлемі. Нақтылы еңбекақы номиналды жалақының "сатып алу қабілеті".
Негізгі қорлардың бастапқы құны – жеткізу мен құруды есептегендігі машиналар мен құрал-жабдықтар көтерме бағадағы құны.
Негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны – өндірістік қордың жыл басындағы, жыл ағынындағы енгізілген және жыл бойы шығарылған негізгі қордың орташа жылдық құнын ескергендігі құны.
Номиналды жалақы –белгілі мерзімде жұмыскердің еңбегіне есептеліп төленетін төлемақы.
Өнімге бағытталған маркетинг – кәсіпорын жаңа өнімді шығаруды немесе шығарылып жатқан өнімді жетілдіруді мақсат тұтқанда қолданылатын маркетинг түрі.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы – материалдың өндіріс шеңберінде жұмсалған еңбек пен өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы.
Өнімнің толық өзіндік құны - өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындардың жиынтығы.
Портфельді инвестиция (қоржынды) – құнды қағазды және басқадай активтерді «портфельге» жинақтау арқылы жүзеге асатын инвестиция түрі. Ол өндіріске бақылау жасай алмайды.
Сапалық тозу – негізгі қордың толық ескірмей жатып жатып оның өндіріс үрдісінен шығып қалуы, құнсыздануы
Стратегиялық жоспар – ұзақ мерзімдік, жан-жақты кешенді бағдарлама.
Табиғи тозу – негізгі өндіріс қорларының өндірісте ұзақ уақыт бойы қызмет ету нәтижесінде ескіріп тозуы.
Таза пайда — жалпы пайдадан салық, әр түрлі телемдерді айыппұлды, баж салығын тағы басқаларды алып тастау арқылы анықталады.
Таза пайда дегеніміз – табыстан, төлемдерден, одан қоса шығындардан пайыздар мен амортизацияны алып тастағаннан кейінгі сома.
Тарифтік мөлшерлеме – уақыт бірлігінде жұмысшылардың түрлі топтары мен санаттарының еңбегіне ақы төлеудің абсолютті өлшемі.
Тауарлы өнім (ТӨ) – өндірушінің өзі тұтыну үшін емес, сыртқа сату үшін өндірілген өнім түрі.
Тікелей инвестиция – пайда табу мақсатында шаруашылық субъектісінің жарнама капиталына салым салу арқылы шаруашылық субъектісін басқаруға қатысу құқығын ие болған инвестиция түрі.
Толық серіктестік - мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік түрі.
Тұтынушыға бағытталған маркетинг – кәсіпорынның ісі тікелей нарықтан шығатын мұқтаждықты қанағаттандыруға бағытталған маркетинг түрі.
Шартты- тұрақты шығындар – өндірілетін өнім көлеміне тәуелсіз шығындар.
Экономикалық ресурстар - тауарлар өндіру мен қызмет көрсетуге пайдаланылатын табиғи және адамдар көмегімен өндірілген ресурстар жиынтығы.
Экономикалық талдау - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын жоспарлауға, болжауға, олардың тиімділігін пайдаланылуына бағытталған жұмыс түрі
Коллоквим өткізуге арналған сұрақтар
1. ҚР әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қырлары
2. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі және оның мәні.
4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің механизмдері мен әдістері.
5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастыру теориялық негіздері.
6. Кәсіпорын – басқарудың жүйелік обьектісі.
7. Нарықтық жағдайда кәсіпорындар шаруашылық қызметінің ерекшеліктері.
8. Кәсіпорынның ұйымдастыру нысандарынның түрлері
9. Өндірістің экономикалық тиімділігінің негізгі белгілері мен көрсеткіштері
10. Шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігі
11. Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары
12. Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы.
13. Амортизациялық аударым жарнасы.
14. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.
15. Кәсіпорынның экономикалық ресурстары.
16. Ресурстардың шектелуі және бірін – бірі алмастырғыштылығы.
17. Ресурстарды сақтау саясаты.
18. Айналым капиталының мәні және құрылымы
19. Қаражаттың ауыспалы айналымы
20. Кезекті айналым қаражаттарын анықтау
21. Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
22. Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
23. Ресурстардың шектелуі және бірін – бірі алмастырғыштылығы.
24. Ресурстарды сақтау саясаты
25. Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері
26. Еңбекақы жүйелері және оның нысандары
27. Инвестициалық қызметтiң мәнi мен принцптерi.
28. Күрделi қаржы жұмсалымы.
29. Қоржындық инвестицияның тиімділігі
30. Инновация қызметі және саясаты
31. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
32. Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
33. Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары
34. Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні және мазмұны
35. Маркетингтің негізгі бернесі мен принциптері
36. Кәсiпорынның мүмкiншiлiктерiн зерделеу
37. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі.
38. Тауарлардың бәсекеге жарамдылығының көрсеткіштері.
39. Стандарт және стандарттау ұғымы.
40. Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы.
41. Кәсіпорындарда өнімнің сапасын жақсартудағы қажетті жағдайлар мен алғы шарттар.
42. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы.
43. Пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы.
44. Кәсіпорынның пайдасының бөлінуі және пайдалануы
45. Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы
46. Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
47. Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау
49. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау
Үлгі ретіндегі курстық жұмыстардың тақырыбы
1. Қазіргі жағдайдағы ҚР құрылымдық саясаты.
2. Өнеркәсіптік өнімнің халықаралық стандарттау (Кәсіпорын мысалында).
3. Нарық экономика кезеңіндегі өнеркәсіптік кәсіпорынды басқарудың ұйымдастыру құрылымы.
4. Нарық экономика кезеңіндегі өнеркәсіпті басқарудың ұйымдастыру құрылымы.
5. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару (Кәсіпорын мысалында).
6. Жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігі (Өнеркәсіптің саласы немесе кәсіпорын мысалында).
7. Қазақстан өнеркәсібіндегі механикаландыру және автоматтандырудың экономикалық тиімділігі (Кәсіпорын мысалында).
8. ҚР өнеркәсібін мамандандырудың дамуы және оны экономикалық тиімділігі (нақты сала мысалында).
9. ҚР- ң өнеркәсібін бірлестірудің дамуы және оның экономикалық тиімділігі.
10. ҚР- ң өнеркәсібінің өндірісті күрделендіру және оның экономикалық тиімділігі (нақты сала мысалында).
11. Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорлар пайдалануын жақсарту жолдары және талдауы (Кәсіпорын мысалында).
12. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жөндеу жұмыстар ұйымдастырылуының жақсарту жолдары.
13. Өнеркәсіптік кәсіпорынның құрал- жабдықтарды модернизациялау және оның тиімділігі (Кәсіпорын мысалында).
14. Өнеркәсіптік негізгі қорлар амортизациясы, оның есептеу тәртібі және ҒТП- ны тездетудегі маңызы.
15. Нарық экономика жағдайындағы күрделі салымдар құрылымын талдау және оларды жетілдіру жолдары (Өнеркәсіп мысалында).
16. Нарық экономика жағдайындағы Қазақстан өнеркәсіп салаларындағы күрделі салымдардың экономикалық тиімділігі.
17. Қазақстан өнеркәсібінің кәсіпорындарды қайта құру (кеңейту, техникалық қайта қаруландырудың) экономикалық тиімділігі.
18. Өндірісті кәсіпорындағы өнімнің жаңа түрлерін игерудің экономикалық тиімділігі.
19. Нарық экономика кезеңіндегі Қазақстан өндірістік- өткізу қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі.
20. Бизнес- жоспар: мазмұны, әзірлеу тәртібі, көрсеткіштері.
21. Нарық экономика кезеңіндегі өнімді және шикізатты жеткізудің Қазақстандағы келісім міндеттемелері (Кәсіпорын мысалында).
22. Өнеркіәсіптегі құрал- жабдықтарды жаңарту, оның өткізу жолдарын және қаржыландыру көздері (Кәсіпорын мысалында).
23. Республиканың тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан өнеркәсібінің шикізат базасының дамуы.
24. Өнеркәсіптегі жасанды материалдарды қолдану және өндірістің экономикалық тиімділігі.
25. Өнеркәсіптік қалдықтар және екінші ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
26. Қазақстанның өнеркәсібінің айналым қорлары және олардың пайдалану тиімділігі.
27. Нарық экономика кезеңіндегі кәсіпорында материалды құштарлық принципті дамыту.
28. Контрактік жүйені дамыту және алып тастау жолдары (Кәсіпорын мысалында).
29. Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділікті көтеру резервтері.
30. Өнеркәсіптік кәсіпорындағы жұмыс уақыты пайдалануын талдау.
31. Еңбек ақыны ұйымдастыру және нарық экономика жағдайындағы ерекшеліктері.
32. Нарық экономика жағдайындағы өндірістік шығындарды қысқарту резервтері.
33. Өндіріс рентабельдіктің деңгейін талдау және оны көтеру жолдары (сала немесе кәсіпорын мысалында).
34. Өндірістік коллективтерді әлеуметтік дамуын ұйымдастыру және өндірісті басқаруында жетілдіру міндеттері.
35. Өнімнің материал сиымдылығы және оны төмендету жолдары (Өнеркәсіптік сала немесе кәсіпорын мысалында).
36. Нарық жағдайындағы өндірістің тиімділігін көтеру жолдары (Кәсіпорын мысалында).
37. Бірлескен кәсіпорында: жасау тәжірибесі және өнеркәсіптің әртүрлі салалардағы ерекшелігі (Кәсіпорын мысалында).
38. ҚР- ның монополияға қарсы саясаты: маңызы, бағыттары, қолдану тәжірибесі (Өнеркәсіптік сала мысалында).
39. Кәсіпорындағы пайданы таратуын және қалыптасуын талдауы.
40. Еңбек коллективтеріндегі кәсіпкерліктің және шаруашылық ынтаның дамуы (Кәсіпорын мысалында).
41. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің дамуы.
42. Кәсіпорынның өнеркәсіптік баңдарламаны жасау тәртібі.
43. Шетелдік мемлекеттермен ынтымақтастықтың жаңа формаларын дамыту.
44. Нарық жағдайындағы еңбекақы (бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорын, акционерлік қоғамдар мысалынды).
45. Нарық жағдайындағы инвестициялық саясаттың құрылымдық өзгерістері.
46. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы салық салуды ұйымдастыру.
47. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын қаржы- несиелік қызметінің дамуы.
48. Өнеркәсіптегі меншікті жекешелендіру және мемлекеттік меншігінен шығару жолдары.
49. Қазақстан өнеркәсібіндегі акционерлік қоғамдарды ұйымдастыру тәжірибесі.
50. Акционерлік кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі және дамуы (Кәсіпорын мысалында).
51. Шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайларындағы құрылыс ұйымды қаржыландыру және несиелендіру.
52. Нарық жағдайдағы құрылыс ұйымдардың тиімділігін көтеру жолдары.
53. Қазақстан өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындардың қызметін талдау.
54. Қазақстандағы нарықтық инфроқұрылымының дамуын талдау (Кәсіпорын мысалында).
55. Өнеркәсіптік кәсіпорынды жекешелендірудің ұйымдастыруын талдау.
56. Кәсіпорындағы жоспарлаудың ұйымдастыруын талдау (Кәсіпорын мысалында).
57. ҚР- дағы өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті дамыту.
58. ҚР- дағы өнеркәсіптің инновациялық процесстерді дамыту.
59. Шикізат таңдаудың экономикалық дәлелдеуі, негіздеуі (Кәсіпорын мысалында).
60. ҚР- дағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі.
61. Холдингтер: құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері (Өнеркәсіп мысалында).
62. ҚР- сының өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындар тиімділігі және дамуы.
63. Кәсіпорындарда коммерциялық қызметті ұйымдастыру (Кәсіпорын мысалында).
64. Кәсіпорында инновацияларды басқару.
65. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы.
66. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметті талдау.
67. Өнеркәсіптік кәсіпорындағы ұйымдастырушылық мәдениет қалыптасуы.
Курстық жұмысты орындау барысындағы әдістемелік нұсқаулар
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кафедра белгілеген курстық жұмыстардың тақырыптары негізінде жүзеге асады. Бұл тақырыптар жалпы теориялық проблемалармен қоса бүгінгі күннің талабына сай практикалық міселелердің қамтуы шарт.
Жекелеген жағдайда өз жұмысын кафедралық тақырыпта көрсетілмеген бағытта таңдауы мүмкін, бұл жағдайда оның таңдауы қандайда бір ғылыми ізденіс бағытына негізделуі тиіс және бұл жөнініде кафедара меңгерушісінің келісімі міндетті.
Курстық жұмыстың бағыты мен сипатын анықтай отырып, алынған тақырыптың маңыздылығы мен практикалық мәнін ескеру, сонымен қатар курстық жұмыста накты материалдардың болуы абзал.
Тақырыпты таңдау студанттің ғылыми қызығушылығына, тақырыптың маңыздлығы мен мәніне сүйене отырып жүзеге асады. Ол үшін студент кафедра ұсынған тақырыптарды аса зейін қоя қарап шығып егер қажет деп тапса өз тақырыбын ұсынуына да болады.
Студент курстық жұмыстың жоспарын жасауға аса жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Курсық жұмыстың жоспары алдын ала және түпкілікті етіп екі рет жасаған дұрыс. Түпкілкті жоспар алдын-ала жасалған жоспарға сүйене отырып жинақталған, сұрыпталған әдебеиеттерді басшылыққа ала отырып, нақты материалдар негізінде жасалады.
Курстық жұмыс зерттеулік сипатта болу үшін онда автордың өз ойы, өзіндік қорытындылары, пайымдаулары, нақты материалдарға сүйенген дәйекті ұсыныстар орын алуы тиіс.
Кіріспе бөлімде таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығы мен мәнділігі сипатталып, зерттеудің міндет мақсаты туралы айтылады. Зерттеу объектісі мен кустық жұмыстың құрылымы мен мазмұны, зерттелетін мәселенің шектеулілігі, қандай нақты материалдардың пайдаланылатыны туралы да осы бөлімде орын алады.
Бірінші тарау, әдетте теориялық сұрақтарды зерттеуге арналады. Ос тарауда оқылған әдебиеттерге шолу, талдай жасала отырып автордың өз ойы берік орын алуы тиіс.
Екінші тарауда нақты шаруашылық субъектіге экономикалық таладау жасалады, нақты фирманың іс-әрекеттері осы тараудың негізгі арқауы болады. Студанттің негізгі мақсаты жинақталған материаладарды талдай отырып сөз болып отырған шаруалыдлықтың тыныс-тіршілігін экономикалық тұрғыдан ашып көрсету болуы тиіс.
Қортынды бөлімде курстық жұмыстың қысқаша тұжырымдамаы қортындысы жасалады. Онда теориялық тұжырымдар, шаруалышылықтың кемшіліктері атап көрсетіліп, оларды жоюдың жолдары мен мүмкіндіктері ұсынылады.
Жұмыстың барлық бөліктері бір-бірімен тығыз қисмынды түрде байланысты болуы шарт. Осы орайда студаент бір тараудан екінші бір тарауға өткенде, бір параграфтан екінші бір параграфқа көшкенде, олардың ішіндегі бір сұрақтан екінші бір сұраққа ауысқанда жоғарыда атылғандардың арасындағы «қисындық баспалдақтар» жойылып кетпеуыне аса назар аудару керек. Жұмыс барысында әлбер ақпараттардың қайталанып кетпеуі үшін курстық жұмыстың әр бөлігіне арналып кеңейтілген жоспар жасалады.
Курстық жұмыс пайдаланылған әдебиеттердің тізімімен аяқталады ондағы әдебиеттердің саны 25 тен кем болмауы шарт. Курстық жұмысты жазу барысында нормативтік документтер, статистикалық жинақтар, монографиялар, мерзімдік баспалардың материалдары, оқуықтар, ғылыми жиназтардың мақалалары пайдаланылады.
Курстық жұмыстың мәтіндік материалдары 27-30 бет шамасында, ақ қағазадың бір жағына жазылады. Беттің жиектері мынадай талапқа сай келуі керек: сол жақтан 30 мм, үстіңгі жағ 20 мм, асыңғы жағы 2м см. Оң жағы 10 мм. Шрифт Tames New Roman, 14 кегль, жолдарың арсасы 1 интервал, абзац төртінші (0,9) белгіден басталады.
Курстық жұмыстың тараулары араб цифрларымен белгіленеді. Сыртық бет, мазмұны және кіріспенің бірінші беті номермен белгіленбейлі.
Барлық тараулар жаңа беттен басталады. Бөлім ішіндегі шағын бөлімшелерді жаңа беттен бастаулың қажеті жоқ.
Дайын боған курстық жұмыстарды студент тапсырмада көрсетілген мерзімге дейін кафедраға тапсырады. Студент курстық жұмысты институттың оқу жоспарына сәйкес көрсетілген мерзімде қорғайды.
Курсық жұмысты қорғау үшін комиссия құрлады. Қорғау кестесі мен комиссия құрамын кафедра меңгерушісі бекітеді. Комиссияға кафедраны кемінде екі оқытушысы кіреді.
Қойылған талапқа сай жазылған курстық жұмыстар қорғауға жіберіледі. Студент оны «Кәсіпорын экономикасы» пәнінен болатын емтиханға дейін қорғап үлгіруі тиіс. Қорғау кезінде студент 3-5 минуттық баяндама жасайды. Онда негізгі көрсеткіштерге негізделген қысқаша талдаулар жасалып, нақты қортындылармен ұсыныстар енгізіледі.
Курстық жұмысты қорғау нәтижесі бойынша студенттің жұмысына баға қойылады.
Пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
1. Мейірбеков А.Қ.; Әлімбетов Қ. Ә. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы 2003.
2. Оразалин К.Ж . Кәсіпорын экономикасы, оқу құралы, Алматы, 2007 жыл
3. Әбдікәрімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы, Алматы 2008 ж. «Экономика»
4. О. Сәбден, Бәсекелестік экономика, Алм.: Экономика институты, 2007 ж.
5. Үмбеталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік, Алм. 2006 ж.
6. Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А. Кәсіпорын экономикасы, Алматы, 2008 ж.
7. Молдахметова А.Б. , М.Ө.Өтебаев Микроэкономика, Астана: Фолиант, 2007 ж.
8. Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, Алм. 2007
9. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл
10. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997
11. Молдахметова А.Б., Өтебаев М.Ө.Микроэкономика, Астана: 2007 ж.
12. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы, Астана, 2003 жыл
13. Экономика предприятия. Под ред. проф. В:Я:.Горфинкеля, М.,1997 г.
14. Экономика предприятия: Учебник / Под редакцией проф. О.И. Волкова. - М.: ИНФРА-М, 1997.
15. Аврашков Л.Я. Экономика предприятия. М: Банки и биржи.1998.
16. Стратегия повышения конкурентоспособности Костанайской области в рамках вступления Казахстана в число 50-ти конкурентоспособных стран мира, Алм.
17. Қазыбаев А.К. Формирование стратегии инновационного менеджмента в малом предпринимательстве: автореферат дис. к.э.н.,Аст. 2006,С 16-17.
18. Волков В.И. Экономика предприятия. М: Финансы и статистика.1996.
19. Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана: Изд-во «Фолиант».2006.
20. Саймагамбетова Г.А. Организация и планирование производства. Алматы: Экономика. 2004.
21. Сафронов Н.А. Экономика организации. М: Экономист.2004.
22. Экономика предприятия: Учебник / Под ред. В. Горфинкеля, Е. Куприянова. М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1996.
23. Е.З.Сулейменов,Н.В.Васильева «Инновационная деятельность в РК»: аналитический обзор.- НЦ НТИ РК-Алматы 2006, С 7-53
24. Ә.Әбдіхалықов Кәсіпорын экономикасынан, оқу-әдістемелік құрал, 2010 электрондық оқулық
25. Әбдіхалықов Ә.Ә. Кәсіпорын экономикасынан практикум – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011. – 175 б.
Достарыңызбен бөлісу: |