Тақырып: Сатып алу уақыты
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару
3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар үшін:
|
Шаманың бөлігін және бөлік бойынша шаманы табу: жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу.
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу
|
Кейбір оқушылар үшін:
Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Санның, шаманың, өзара байланысты шамалардың бөлігін және бөлік бойынша санды қалай табу керектігін түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
Бөлшек, алым, бөлім, өзара байланысты шамалар.
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Шамалардың өзара байланысын есіңе түсір.
Бағасын, санын, құнын қалай табуға болады?
|
Жазу:
|
Есептерді шешуін жазу.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Бөлшек және үлес ұғымы. Бағасы, саны құны түсініктері
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0-3
|
Ынталандыру.
Мұғалім сатып алу, ол үшін математикадан алған білімінің қалай көмектесетіні туралы әңгіме жүргізеді.
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
Мұғалім шамалар үшбұрышын қарауды ұсынады. Осы арқылы шамаларды өзара байланысын түсіндіреді.
|
Тұсаукесер, тақта.
|
7-11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаяттар)
Мұғалім жағдаят туғызу үшін, оқулықтағы №1 тапсырманы пайдаланып, «Дүкен» ойынын ұйымдастырады.
|
|
12-29
|
Жаңаны ашу.
Топпен жұмыс. Оқулықтағы №2 тапсырма.
Мұғалім кесте бойынша жұмыс жүргізеді.
– Қандай шамалар кездесті?
– Есепте не белгілі? Нені білу керек? (Дәптерлердің санын)
– Санын анықтау үшін нені білу керек? (Бағасы мен құнын).
Есепті бірден шығаруға бола ма?
Қандай деректер жетпей тұр? (Бағасы белгісіз)
Бағасы туралы не айтылған? (Бірдей)
Оны табуға бола ма? (Иә)
Осы сәттен бастап, балалар мұғалімнің көмегінсіз топта жұмыс істейді. Ары қарай орындалған жұмыстың дұрыстығы тексеріледі.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Мұғалім №4 тапсырманы түсіндіре отырып орындауды ұсынады (нұсқа бойынша жұппен).
Өзіндік жұмыс.
Дәптердегі осыған ұқсас тапсырманы орындау тапсырылады.
|
|
30-40
|
Жаңаны қолдану.
Дәптердегі критериалды бағлауы бар тапсырманы орындау ұсынылады. Өздерін-өзі бағалауды сұрайды.
Мен:
– есептің шарты бойынша мәліметтерді ерекшелеу;
– шамалар арасындағы байланысты анықтау және формуланы қолдану;
– шешуін жазу;
– жауапты құрастыру және жазу.
|
Оқулық.
|
41-45
|
Рефлексия.
– Сабақтың басында қандай мақсат қойдық?
– Осы мақсатқа жете алдың ба?
– Қиындықтар туындады ма?
– Оны жеңе алдың ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болыд?
Өз жұмысын жетістіктер сызғышы арқылы бағалау ұсынылады.
|
Жетістіктер сызғышы
|