II. Негізгі кезең.
Жүру, жүгіру; қолына доп ұстап жүру (оң қолына), аяқтың ұшымен жүру – допты
бастан асырып ұстайды, өкшемен жүреді – допты алдында ұстау.
Доп ұстап музыканың ырғағымен жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды.
Шеңберге тұру, арақашықтықтарын сақтау. Жаттығуларды музыкамен бір уақытта бастап,
бір уақытта аяқтау қажет.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды:
Допты 2 метр қашықтықтан қақпаға домалату – допты екі қолмен екпінмен итеру және
доптың қозғалыс бағытын сақтау.
Ойын түріндегі жаттығу: «Маймылдың қасына кім бірінші еңбектеп барады?»
Арқанның астымен, оған жанаспай төрт аяқтап еңбектеу.
Қимылдардың орындалу ізбе-ізділігін түсіндіру.
|