Күтілетін нәтиже: жасайды: шеңбер пішінінде еденге тасталған жіппен жалпы дамытатын жаттығуларды;
қазақтың ұлттық ойындарындағы рөлдерді.
түсінеді: тізбекте жүру және жүгіру, бір-бірден тізбекке тұру, допты бір-біріне домалату
үшін өз жұбын табу жолдарын.
қолданады: тізбекте жүру және жүгіру қабілетін, допты бір-біріне домалатқанда оны
екпінмен итеру қабілетін.
Құралдар мен материалдар: ұзындығы 6–8 метрлік жіп, топтың жартысына жететіндей
етіп диаметрі 20 см доптар.
Билингвалды компонент: допты бір-біріңе домалатыңдар – катите мяч друг другу,
сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
76
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың назарын шеңбер пішінінде тасталған жіпке аударады. Бұрынғы сабақтарда
жіпті пайдаланып орындаған жаттығуларды, жіпті пайдалану жолдарын еске түсіруді
сұрайды.