Бақылау сұрақтары:
Капсулаларға сипаттама беріңіз
Фармацевтикалық өнеркәсіпте қандай капсулалардың қандай түрі шығарылады?
Желатиндік капсулаларды қандай тәсілдермен алады?
Желатиндік капсулаларды алудың технологиялық процесінің негізгі сатыларын атап шығыңыз. Капсулалардың сапасына әсер етуші факторлардың талдауын жасаңыз.
Малу арқылы, тамшылы және престеу әдісімен капсула алудағы қолданылатын машиналардың жұмыс принцптері қандай?
Капсулаларға қандай талаптар қойылады және сапа бақылауы қандай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі?
Қатты және жұмсақ капсулалар түрінде шығарылатын дәрілік құралдарды атап өтіңіз.
Әдебиеттер:
Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. Т.2. С. 226-244
Практикалық сабақ № 14 – Инъекциялық формалар өңдірісінің технологиясы
Сабақ мақсаты: Капсулалар дайындау технологиясымен оқу, ұнтақтардың сапа бақылауымен, сақталуы және шығарылуымен танысу
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық: «Инъекциялық формалар өңдірісінің технологиясы»тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу. Практикалық сабақтарға арналған журналға инъекциялық ерітінділердің сипаттамасы: кемшіліктері, артықшылығы, талаптар, инъекциялық ерітінділер технологиясы, инъекциялық ерітінділердің дайындаудың технологиялық сатылары туралы конспектілеу.
Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды фронтальды талдау арқылы бақылау:
Инъекциялық ерітінділердің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптары.
Инъекцияға арналған су, оған қойылатын талаптар, алу әдістері, талаптар және сақтау мерзімі. Инъекция үшін суды алуда қолданылатын аппараттар.
Асептика, дәрілік заттарды дайындаудың аспетикалық шарттары, асептикалық блок құрылғысы.
Инъекциялық ерітінділер дайындаудың технологиялы схемасы.
Стерилизациялау тәсілдері, қолданылатын аппараттар.
Инъекциялық ерітінділердің сапасын бағалау.
Қаптама, инъекциялық ерітінділерді шығаруды және сақтауды рәсімдеу
Практикалық сабақта жұмыс істеу жоспары:
Инъекциялық ерітінділер технологиясын, инъекциялық ерітінділерді дайындаудың технологиялық сатысын жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша талдау.
Инъекциялық ерітінділер өндірісінің технологиялық схемасын сызыңыз және технологиялық сатыларды ретімен түсіндіріңіз.
Тесттік сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Инъекциялық дәрілік формаларға ГФ XI қойатын негізгі талаптарды, сонда көрсетілген реттілігі бойынша көрсетіңіз.
A. Апирогенттілік, тұрақтылық, механикалық қоспаларлың жоқығы, стерилдігі
B. тұрақтылығы, апирогенттілігі, төмен тұтқырлық, стерилдігі
C. механикалық қоспалардың жоқтығы, стерилдігі, апирогенттілігі, төмен тұтқырлық
D. стерилдігі, төмен тұтқырлық, тұрақтылық
E. төмен тұтқырлық, тұрақтылық, апирогенттілік
2. Инъекциялық ерітінділерді зауыттық жағдайда механикалық қоспаларынан тазалау үшін қолдануға болады:
A. мембраналық фильтрлер
B. фильтр-грибок
C. нутч-фильтр
D. тұндыру
E. центрифугалау
3. Термолабилбді инъекциялық заттардың стерилизациясын жүргізеді:
А. Химиялық стерилдеу
B. Фильтрлеу арқылы стерилдеу
C. Бу қысымымен стерилдеу
D. газды стерилдеу
E. ыстық ауамен
4. Ампуланың ішкі тазалауын қандай әдіспен жүргізбейді?
A. шприцтік
B. камералық
C. вакуумдық
D. ультрадыбыстық
E. буконденсациялық
5. Тазалықтың А класының ғимаратын қолданады?
A. дротты жуу
B. ампуланы бөлу
C. ампуланы этикеткалау
D. ампуланы инъекциялық ерітіндімен толтыру
E. ампуланы босаңдату (отжиг)
6. Ампуладағы ерітінділердің сапа бақылауы қай көрсеткіш бойынша
жүргізілмейді?
A. пирогенттілігі
B. стерильдігі
C. механикалық қоспалардың болмауы
D. әсер етуші заттардың сандық және сапалық анализі
E. изогидрлігі
7. Ампуланың ішкі тазалауын қандай әдіспен жүргізбейді?
A. вакуумдық
B. ультрадыбыстық
C. щприцтік
D. контактілі
E. орталық
8. Инъекциялық ерітінділер технологиясында қатты және сұйық фазаға
бөлу қандай әдіспен жүзеге асырылады:
A. адсорбция
B. экстрагирлеу
C. фильтрлеу
D. престеу
E. иондық алмасу
9. Инъекциялық ерітінділерден пирогендік заттарды кетіру қалай жүзеге
асырылады.
A. 120°С температурада бір сағат бойы автоклавта термиялық өңдеу
өңдеу арқылы
B. центрифугалау
C. мембраналық фильтр арқылы фильтрлеу
D. ультрафильтрлеу
E. ампулаларды толтыру
10. Ампулалық ерітінділер өндірісінде ампулаларды кептіруден және
стерилдеуден кейін жүргізілетін технологиялық процестің сатылары
A. ерітіндіні дайындау
B. стерилдеуші фильрлеу
C. ампуланы толтыру
D. ампуланы дәнекерлеу
E. герметикалығын анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |