120
жүргізуші зерттелінушілерге сауланаманы қайталап толтырардың алдында
айтқан. Бұл зерттелінушілердің қаншалықты сауалнамаға шынайы жауап
беретіндігін айқындау мақсатында жүргізілді.
Алынған мәліметтерден көретініміз, барлық зерттелінушілер дерлік пәннің
оқытылу қажеттігін атап көрсетсе де, жауаптарға көбіне аса шынайы қарамаған.
Курсқа дейін ешкім ұсынылған сұрақтарға жауап берген жоқ, ал курстан кейін
зерттелінушілердің үштен бірінен азы өз пікірлерін айтуға талпынған.
Зерттелінушілер маңызды сенімді жауаптар да берді, бірақ олар өте қысқа және
толық болмады. Мысалы, зерттелінуші барлық дене шынықтыру-сауықтыру
қызметінің түрлерінен тек қана «фитнесті» атады. «Спорт маркетингі түсінігіне
нені енгізуге болады» деген сұраққа зерттелінуші «маркетинг – бұл қызмет,
жарнама, бизнес, пиар» деп жауап берді. Барлық жауаптер осындай
қарапайымдалған түрде болды дерлік, бұдан зерттелінушілер сауалнамаға
шынайы қарамады деген қорытынды жасауға болады.
Зерттелінушілердің курсты оқып болғанға дейінгі және кейінгі
сауалнамаға берген жауаптарына қорытынды сараптама жүргізе отырып,
курсты оқыту қажетті деңгейде тиімді болды деп есептеуге негіз бар.
Сауалнаманың барлық 6 сұрағы бойынша қайталау сұраунама жүргізген кезде
сауалнмаға шынайы қаралмаған жағдай бола тұрса-дағы, оң өзгерістер
айқындалды. Жалпы алғанда, курсты жүргізу спорт маркетологы қызметі
туралы кәсіби түсініктің кеңейтіле, тереңдетіле түсуіне біршама ықпал етті.
Бұдан әріде, мысал ретінде маркетингтік есептерді шешуге арналған
практикалық сабақтардың тапсырмаларын келтіреміз.
Мысалы, «Дене шынықтыру және спорт саласындағы маркетингтік
зерттеулер» тақырыбы бойынша студент келесі жеке жұмысты жүргізе алады.
Маркетингтік зерттеуге арналған сұраунама құрылды:
а) мақсатты бөлімді айқындауға
арналған нарық;
б)
тұтынушылардың сұраныстары;
в) дене шынықтыру-спорт қызметі сапасы.
Тапсырманы әрбір студент жеке орындайды.
Сондай-ақ, «Жарнамалық хабарлама жасау» тақырыбы бойынша сабақта
келесі жұмысты ұйымдастыруға болады:
Жұмыстың мақсаты: жарнама саласы бойынша білімін тексеру.
Оқу міндеттері: жарнамалық хабарлама жасау.
Жұмыстың ұйымдастырылуы: тапсырманы әрбір студент жекелей
орындайды. Студенттің қалауы бойынша оның жарнамалық хабарламасы
дәрісханада
талқыланып, бағаланады.
«Фитнес-клубтың жұмысын ұйымдастыру
» семинар сабағында біз келесі
жұмысты ұсындық:
1. Спорт-сауықтыру кешенінің бизнес-жоспарын құру.
2. Фитнес-клубқа жұмысқа қабылдау кезіндегі іріктеу жұмысы.
3. Фитнес-клубқа абонементтер, фитнес-бағдарламалардың түрлерін
дайындау.