Домбыра класындаєы оќушылардыѕ музыкалыќ – орындау ќабілеттерін ќалыптастыру



жүктеу 62,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі62,5 Kb.
#19291

Урынбасарова Жумабике Сулейменовна

Шортанды музыка мектебінің домбыра класының мұғалімі
ДОМБЫРА КЛАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ – ОРЫНДАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Музыкалық этнопедагогиканың ең негізгі тапсырмасы, оқушының күйге деген қатынасын өзіндік есту мәнісі негізінде, образды – интонациялық мазмұны арқылы оқушы бойында дамыту болып табылады. Мұнда оқушы бойындағы әнге деген ынтасының арқасында өмірлік құндылық пен әсерін, өзіндік тәжірибие негізінде музыканы орындау қабілетін дамыту. Педагогикалық орындаушылықтың негізгі мақсаты болып, қойылған тапсырмаларды өз бетінше шешу, саналы болуды оқушы бойындағы қасиеттерді дамыту. Педагог - тұлға бойындағы логикалық ойлауды дамыту негізінде: күйдің бірегейлілігін арттыру, музыкалық компазиция мазмұнының ерекшеліктерінің арасында байланыс бар екенін жеткізе білу және сезіндіре білу.

Мұнда, домбыра класындағы күй бойынша жасалып жатқан жұмыс үрдісінің өнерлі көрінісі мен музыкалық орындау қабілетін қалыптастыруды ерекшелік бойынша көруге болады. Күй өнерінің небір сан қилы жұмыс барысында кейбір әдістемелік нұсқаларын даму үрдісінде байқауға болады. Бұнда тұлға бойында дәстүрлі - қазақи өнерге деген эмоцияналды тәрбиелік қасиетті сезінуге болады.

Оқушылар домбыра сыныбындағы оқу барысының бірінші кезеңінде ең күрделі қойылым дағдыларын бойларында қалыптастырады. Домбыра тарту үрдісінің жан –жақты ең қарапайым деген техникасын ұғына бастайды және жеңілден ауырға қарай қолдарын жаттықтырады. Мұндай үрдіс - оқушы бойында музыкалы- теориялық тәртіпте және ең негізгі музыкалық аспаптармен оқытушының көмегімен жекеленген дәрістерде музыкалық аспаптармен жұмыс жасауды жақсартады, музыкалық дыбыстарды есту, метроритмикалық және музыкалық өнерлі ұсыныстарды жақсы ұғынуына көмек береді. Музыкалық аспаптардың негізгі сыныбында ұсынылған әуеннің музыкалық дыбысын есту, шығармашылық білімі мен орындау дағдыларының ірге тасы қаланады.

Домбыраны үйрету сабағында музыкалық материалды оқушыға дұрыс үйрете алу үлкен рөл атқарады. Осымен қатар күйді тарту барысында мақсаттылық пен айқындылық артады және халықтың шығармашылық ойлау қабілеттері де арта түседі.

Ұстаздың міндеті – қазақтың домбыралық әуеніне еркін, жауапты қарауға дағдыландыру, домбыралы әуеннің образды мағынасын бере, жеткізе білуді үйрету. «Күй тарта білудің өнері – қазақи музыкалық мәдениеттің жетекші жанрының бірі болып саналады» деп, профессор, домбырашы

А. Есенұлы айтқан болатын.

Күй – жетілеген, жоғары дамыған өнер, бүкіл ұлттың рухани мәдениетін бойына сіңірген және өнер тарихының ең жақсы қырларының бірі болып табылады.

Ұстаз ең алдымен әр сабақта халық өміріндегі ең негізгі жағдаяттарды көрсететін, оның батырлық тарихын көрсете білетін, сонымен қатар, табиғат үйлесімділігімен өмірлік құбылыстарын айқындайтын күйлерді орындауы қажет. Күйді мұқият орындау, олардың білім беру және көркемдік құндылығы тұрғысынан таңдалған негіз болып табылады.

Оқудың бастапқы кезеңінде оқытушыға ең алдымен күй – төкпелерден тұратын, типтік нысаны анық байқалатын – сызбалық бағдарламаны жасап алуы қажет. Мысал ретінде, Құрманғазының «Ақсақ киік», «Ұзақ Ақжелен», «Аман бол шешем, аман бол» атты күйлері. Осы мысалдар негізінде күйдің композициялық құрылымымен, оның заңдылықтарымен және дауыс ырғағымен танысады. Бұл оқушыларға әрбір бөлімнің жеке дара өзінше бөліктердің шекарасын анықтауға, есту және көру қабілеттерін жақсартуға әсерін тигізеді. Келешекте күйді орындау барысында, әрбір музыкалық шығармалардың жеке әңгімесі ретінде бірнеше сұрақтар туындауы мүмкін. Музыкалық әуеннің нормативті емес үні, тематикалық қажеттілігі, алғашқы бөлікке деген ысырма әдістері, мысалы: Құрманғазының «Жима», «Төремұрат», Дәулеткерейдің «Ващенко», Динаның «Домалатпай» атты күйлерін атауға болады. Күй – төкпе құрылымын ұғыну – оқушылардың бойында, орындалып жатқан күй композициясының даму, сезімдік қалпын қалыптастырады.

Ұстаз оқушыларға ең алдымен күйдің халықтық атауына байланысты, ішкі сезімдік байланысын терең ұғындыра білуі шарт. Күй атауларының дәстүрлі түрде мән – мағынасын ашу, егжей – тегжейлі мазмұнын мұқият меңгеруге, түсінуге көп септігін тигізеді. Күйді үнтаспадан немесе концерттік бағдарламалардан тыңдағанда оқушыларға көп септігін тигізеді. Әуенді тыңдаудың жанды үрдісі - ұстаз бен педагогтің назарын өзіне қарай жақсы аудартады. Олардың бірлесіп атқарған шығармашылық жұмыстары ән мен күйді орындау әрекеттерін, әнге қатысты жабдықтар мен тыңдалған әуеннің мәнерін терең түрде ұғынуға жетелейді.

Музыкаға қатысты жанасу техникалық жабдықтардың және қазақтың музыкалық аспаптарының дәстүрлі түрде рухына толыққанды түрде, терең енуге және мазмұнын түсінуге септігін тигізеді. Оқушылармен жеке – дара жұмыс жасау – оқушы бойындағы жанасу мен аппликаторлы техникалық құралдардың дамуын, келешекте педагог – музыканттың сапалы деңгейінің күрделілігін әрдайым қадалап отыруға өзіндік әсерін тигізеді. Сондықтан да оқушыларға көбіне техникалық үрдіс қажет. Оқушы бойындағы арнайы дағдыларды дамытуда, нұсқаулы материалмен жұмыс жасау барысында, күйді тартуды үйренуде олар жүйелі түрде жұмыс (жаттығулар, этюдтер және т.б.) жасаулары керек.

Оқушы бойында музыкалық мүмкіндіктермен шығармашылық қабілеттердің дамуына, мамандық бойынша ұстаздың үлкен әсер ететіні этнопедагогикалық тәжірибиеден белгілі. Күйді орындау барысында, ұстаз оқушыға оның мазмұнымен стилін түсіндіреді, одан жоғары сапалы дыбыстың шығуын, метроритмитикалық дәлдіктің, шығармашылық – нақты тіркестердің үндесуін қадағалайды. Мұндай музыкалық – тәрбиелік жұмысты ұстаз оқушымен жеке отырыс негізінде жасай алады. Сонда оқушы өзінің бойындағы музыкалық – шығармашылық қабілеттерін көрсете алады. Ұстаз оқушы бойындағы әрдайым музыкаға деген сүйіспеншілігін, эмоциялық қарым – қатынасын тәрбиелейді. Күйді тек қана, эмоционалды түрде қабылдау үрдісін құру дұрыс емес болып есептеледі. Сондықтан да ұстаз басынан бастап, оқушының тек ішкі түйсігіне ғана емес, сонымен қатар оның ойлау қабілеті мен логикасына басты назар аударуы тиіс. Сонда ғана оқу үрдісі - музыкалық құралдарда ойнау кезінде түйсіктік және сезімталдық болып оқушы бойына сіңеді.

Күйді орындау жұмысын жасағанда тыңдап отырған тыңдаушыларға күйдің шығармашылық мән – мазмұнын ашып бере алатындай етіп, тыңдаушыларға жеткізе білу керек. Қазақтың күйлері өзіндік жеке – дара нақты құрылымы болады, ішкі байланыс үдерісі мықты болып келеді. Соны ұстаз оқушы бойына түсінікті етіп, жеткізе білуі шарт. Күйдің музыкалық жағынан орындау барысында, оқушы алдын –ала орындалған күйдің шығармашылық –құрылымдық байланыс бар екенін сезіне білуі тиіс. Құрманғазы мен Дәулеткерей күйлерінің шығармашылық –құрылымдық негіздерін салыстыра отырып, этномузыкантшы А. Мұхамбетованың қазақтың құрал – саймандық мәдениетіне әлеуметтік образды мінездемелі шығармашылық жағынан негіз болатын мынадай күйлердің ерекшелігі: «Құрманғазының әуендері – динамикалық, екпінді, батырлық эпостың тылсым күшімен екпінді халді еске түсіреді»; ол өзінің заманында күйлердің трагедиялы - әлеуметтік жағдайын, халықтық рухты күшін, оның өркенді және өмірлік күй жағдайын бере білді. Дәулеткерей - өз заманындағы білімді, талғамды, классикалы – мұсылмандық білімі бар, араб тілімен парсы тілін білген, музыкаға деген ынтасы мол адам болатын. Сопы ретінде ол көбіне әйелдер образына, махаббаттық лирикасына; оның шығармаларының трагедиялық образы философиялық рефлексия сарынында берілген.

Оқушы күйдің құрылымын анализдеу барысында, шығарманы толығымен музыкалық мағынасының дамуын анықтайды. Оқушылар күйді образды ғана емес, эмоциялы, конструктивті сауатты түрде, оның болашақ кәсіби бағытын айқындауға тырысады.

Оқушының күйді орындағанда дыбысты естуі, сауатты орындауы, құрылымын талдай білуі негізге алынады. Бір жағынан оқушы бойындағы әнге, күйге деген ынтасын көруге болады. Ал екінші жағынан баланың бойындағы музыкалық қорын, эмоционалды және шығармашылық қабілетін көруге болады. Оқушының әнге сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, балаға көптеген әндер мен күйлерді тыңдау қажет, көрмелер мен концерттік бағдарламаларға көптеп қатысу керек. Сонда баланың ой өрісі кеңінен дами түседі.

Күйдің музыкалық – шығармашылық деңгейін жақсарту үшін, оны мәнерлеп орындау қажетке алынады. Ұстаздың міндеті – оқушыны музыкаға мәнерлі өнер жағынан қарауға үйрету, дауыс ырғағын дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру. А. И. Мұхамбетованың сөзінде: «Күй – жоғары концентрация мен қатар дағдыны, ойға кедергі келітіретін әртүрлі ойларды аулақ ұстауды қажет етеді» делінген. Бұл әуен – қоршаған ортаны, ойлау қабілетін, қыратты және символикалық даму үрдісінің әуені болып табылады.

Күйдің репертуарын үйрену барысында, оқушы әр түрлі шығармаларды орындауда кейбір ұқсас жағдайларды ескеруі тиіс.

Музыкант тұлғаны шығармашылық жағынан тәрбиелеу кезінде, көзге түсетін ең негізгі тапсырмалардың бірі әуенді тыңдай алу мен оның ертеде тыңдалған күйдің дыбыстық үйлесімділігін жаңашыл көзқараста бағалай алуы көзге түседі. Шығарманың түпкі мағынасын ашуда, орындалып жатқан күйдің мазмұндық құрылымының негізі ескеріледі. Күйдің тематикалық және ритмитикалық жағынан әсері, соның ішінде күй әуенінің мәнісін ұғыну мен қатар есту қабілетін дамытуы қажет.

Оқушы ән мен күйдің заңнамалық қалыптасуда шығармашылық – ойлы құрылымдардың құрылысын, логикасымен даму мәнерін іс жүзінде ұғынады. Оқушылар бойында біртіндеп күйді орындау ережелері қалыптасады. Мысалы: саға бөлігіндегі дыбыс үнінің күшеюі мен керісінше, бас буын қозғалысындағы үннің бәсеңдеуі; шығарманың соңында бәсеңдеу, жанасу соққысымен үлестің астын сызу және т.б. Оқушы бойындағы музыкалық әсерін кеңейту мен тереңдетуде, педагогтің көмегімен оларды жүйелендіруде, оқушы жоғары дәрежеде қорытынды жасауға мүмкіндік ала алады және стильге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда өзіне үлкен әсер алады. Күйлермен немесе басқа да дәуірдегі мәнерлі құралдардың ерекшелігі көбіне мектептер мен аймақтарда ерекшеленеді.

Домбырамен жұмыс жасау тәжірибиесінде жұмыстың ең негізгі әдістері құрылды, көрнекі құрал ретінде (домбырада қалай ойнау керектігі көрсетілген) және сөздік әдіс (оқушының сана сезіміне берілген түсініктеме). Ал екінші әдіс ретінде, күйдің орындаудағы мазмұндылығы, оқушыны алғыр етіп қалыптастырады, тұлға бойындағы шығармашылық – ойлау әрекетін максималды түрде мүмкіндіктерді жақсартады.

Оқу барысында сабақ жоспарын ойлы – жүйелік етіп құрастыру қажет. Егер баланың сабаққа деген ынтасы мен талпынысы жақсы болса, оның музыкалық – теориялық және музыкалық – тарихи мәліметтері жақсы меңгеріледі.

Музыканы орындау сабағы барысында, оқушыға ауызша әсер ету үшін, мүмкіндік болса, сабақты кең көлемді қорытулар мен ұстамды етіп өткізу қажет. «Интеллектуализация» деген сұрақтары, егер ұстаз оқушыны бір қалыпты жағдайдан жалпы жағдайға өткізсе, немесе жеке – дара дерексіз – түсініктен ауыстырса ғана өз шешімін табады. Күй құрылымының бір бөлігіне қатысты контекстегі мәселенің қиын әрі байсалды етіп шешуге оқушының назарын аударту.

Күйді орындау жұмысының тарихи – теориялық мәселесіне жүгіну шеңберінде, ұстаз музыканы эмоциялы сезіне білуде, дұыс естіп қабылдай алу заңдылығынан аттап өтіп кетпес үшін, әрдайым қадағалап отыруы тиіс. Айтылған сөздер оқушының жадында жақсы сақталып қалуы үшін, оның шығармашылық және эмоционалды қиялына әсер етуі шарт.

Әрбір музыкалық тапсырмалар тікелей дыбыстық жанасуда, метроритмде және домбырада ойнаған кезде айқын көрініп тұруы шарт. Сонымен қатар, айтылған сөз анық, нақты және мақсатты болғаны дұрыс. Мысалы: Шығарманың образдық мазмұнын терең ашуда күйдің құрылымымен мінездемсін анықтау, дыбыстық бояғышын бірден анықтап алу, қозғалыс пульсін, қарапайым деректерін, сонымен қатар, техникалық құрылғыларын, анықтап алған жөн. Күйдің шығармашылық - музыкалық образда жұмыс жасауда және ойын түрлерін қосуда абстрактілі емес, музыкалық – ойлы тапсырмалармен байланысты жұмыс жасау керек.

Кез – келген күй арасында айырмашылықты іздеу барысында оқушы өз тарапынан, ойлау қабілеті жағынан ұқсастық табуы мүмкін. Мұндай жолмен жаңадан енгізілетін ұсыныстар мен ерекшеліктерді, түсініктер мен образдарды эмоциялы түрде кең көлемді әдіс ретінде педагогиканың музыкалық – орындаушылық әрекеті ретінде маңызды әдіс болып табылады.

Енгізілген салыстырулар оқушы бойында эмоционалды көлемді толғандырады және музыкалық образды шығармашылық түрде ойландырады. Музыкалық ойлау қабілетін дамытуда күйге өзіндік атау беруге іздену, сонымен қатар, өз бетінше бағыттаушы интонациялар мен тірек ойларды, музыкалық ойдың мазмұнын ашатын ізденіс қажет етіледі. Осылайша, оқушы бойында музыкалық – ойлау қабілеттерін дамытуда әсер ететін фактор – ол ұстаздың күйді тартуды үйрету жолы. Дыбыс үндестігінің материалды құрылымдық принциптерін түсіне алу, орындаушылық қабілеттерін іске асыра білу негізге алынады.

Педагог – музыканттың бойында бірнеше қасиеттер болуы шарт: шығармашылық шығарманы эмоционалды түрде ұғына алуы; ынталы, икемді қиялымен; ерікті және мықты қалаумен орындаушылық қабілетінің жоғары болуы; шығармашылық әл – ауқатының жоғары деңгейде болуы; интеллектуалдық деңгейінің жоғары; орындаушылық шеберлігінің жоғары дәрежеде болуы ескеріледі. Осындай компаненттердің біреуінің жұмыс барысында болмаған жағдайда педагогикалық шеберлікті шыңдауда өз әсерін тигізеді. Бұл ұстазға қойылатын ең негізгі талаптардың бірі оқушы бойында музыкалы – педагогикалық мәдениетті қалыптастыратын, сапа мен мүмкіндіктердің даму ынтасының жоғары болуы негізге алынады.

Күйді орындау қабілетінің дағдысы, домбыра класында көптеген толыққанды және кең көлемді ішкі түйсік домбыралы күйлердің қайталанбас қазақи дәстүрлі ойлау қабілетін жақсартады, икемділігін жоғарылатады, қазақи музыкалық тілдің мәнерлі құралдарының көп образды және әмбебаптылығы негіз болып саналады.



Үйлесімді сезімталдықты сабақ барысында ендіру мен қатар, танымдық, домбырада күйді үйлесімді етіп, домбыраны үйрену мен бірге алдағы уақытта жақсы меңгеру үшін, муызкалық орындау қабілеттерін жақсарту.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. А. Есенұлы «Жаратушының Жолдау күйі». А. Көкіл, 1997 ж.

  2. А. Мұхамбетова «Ежелгі түрік субстаттары мәдениетіндегі батыс – Қазақстан күйлерімен Орта Азия көкнәрінің мәселесі. // Қазақ дәстүрінің музыкасы мен ХХ ғасыр. А: Дайк Пресс, 2002 ж.

  3. А. Мұхамбетова «Күй жанрының семантикасы мен аксиологиясы». Қазақ дәстүрінің музыкасы иен ХХ ғасыр. А: Дайк Пресс, 2002 ж.

жүктеу 62,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау