Документ: алматы қаласы әкімдігінің 2015. 09. 09 №3/539 Қаулысына 5-Қосымша



жүктеу 0,88 Mb.
бет1/6
Дата11.12.2017
өлшемі0,88 Mb.
#3853
  1   2   3   4   5   6

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2015.09.09 № 3/539 ҚАУЛЫСЫНА 5-ҚОСЫМША

Дата: 06.02.2017 16:35:10


Алматы қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 9 қыркүйектегі

3/539 қаулысына



5-қосымша

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2016.31.08. № 3/420 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



 

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында

еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.31.08. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Осы «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.



«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - көрсетілетін мемлекеттік қызмет) Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден немесе шетелдік қызметкерден) өтініштерді қабылдау және оларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту бойынша қызмет көрсету кезінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде;

Көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту;

көрсетілетін қызметті алушыға (шетелдік қызметкерге) жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту;

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

2) порталда:

көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту;

көрсетілетін қызметті алушыға (шетелдік қызметкерге) жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту;

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны электрондық және қағаз түрінде;

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

 

4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірде бекіткен «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметтер Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9 тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды немесе электронды сауалды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 1 және 5 қосымшасына сәйкес өтінішті алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімінің (іс-қимыл) басталуы үшін негіздеме болып табылады.



Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының (жұмыс берушінің) жазбаша келісімін алады.

ЭЦҚ-сы болған жағдайда қызметті алушы портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):



1) шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсатты беру және қайта ресімдеу:

көрсетілетін қызметті беруші мамандарының құжаттарды қабылдауы;

көрсетілетін қызметті беруші мамандарының ұсынылған құжаттарды тексеруі;

құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мамандардың құжаттарды қайтаруы;

өтінішті қарау;

рұқсатты беру, қайта ресімдеу не беруден немесе қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешімді ресімдеу;

көрсетілетін қызметті алушыға қараудың нәтижесі туралы хабарлама;

көрсетілетін қызметті беруші мамандарының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ресімдеуі;

көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) - рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсыруы;

көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру;

рұқсатты ұзарту:

көрсетілетін қызметті беруші мамандарының құжаттарды қабылдауы;

көрсетілетін қызметті беруші мамандарының ұсынылған құжаттарды тексеруі;

құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мамандардың құжаттарды қайтаруы;

өтінішті қарау;

көрсетілетін қызмет беруші басшысының рұқсатты ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді ресімдеуі;

көрсетілетін қызметті алушыға қараудың нәтижесі туралы хабарлама;

көрсетілетін қызметті беруші мамандарының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ресімдеуі;

көрсетілетін қызметті алушының қызмет берушіге жүгіну барысында - көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру.

2) Жұмысқа орналасуға рұқсатты беру және ұзарту:

көрсетілетін қызметті беруші мамандарының құжаттарды қабылдауы;

көрсетілетін қызметті беруші мамандарының ұсынылған құжаттарды тексеруі;

құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда қызметті беруші мамандардың құжаттарды қайтаруы;

өтінішті қарау;

көрсетілетін қызметті беруші басшысының рұқсатты ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді ресімдеуі;

көрсетілетін қызметті алушыға қараудың нәтижесі туралы хабарлама;

көрсетілетін қызметті беруші мамандарының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ресімдеуі;

көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) - рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсыруы;

көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

 

 



3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс- қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:



1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері;

3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

5) көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері;

6) көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің басшысы;

7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;

8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) сабақтастығының сипаттамасы:



1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру:

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсе қызметкері Стандарттың 1 Қосымшасына сәйкес өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы бұрыштамаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімінің қызметкеріне жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері тапсырылған Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері аудандық бөлімнің кеңсесі құжаттарды тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлама қағазды жолдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері аудандық бөлімнің кеңсесі тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөліміне жолдайды;

көрсетілетін қызметті еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері тапсырылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі - Қағидалар) талаптарына сәйкестігін тексереді;



көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері аудандық бөлім қызметкерінен көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын және өтінішін қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Алматы қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссия қарауына ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері отырыс өтетін күннен кемінде үш жұмыс күні бұрын отырыстың өтетін күні, уақыты және орны туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады;

шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін аптасына 1 рет қарайды;

шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссия рұқсатты беру не оны беруден бас тарту туралы ұсынымдық сипаттағы шешімін енгізеді;

көрсетілетін қызметті беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру не оны беруден бас тарту туралы шешімді шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссияның ұсынған шешімі негізінде қабылдайды;

көрсетілетін қызметті беруші шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту туралы қабылданған шешiм жөнiнде оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды;

көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) - рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсырады;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттарын (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) тексереді;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың Қағидалар талаптарына сәйкес болған жағдайда оны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрінде көрсетілетін қызметті алушыға қол қойдыртып, рұқсат береді немесе рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.

Қағидалардың талаптарында, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағында көзделген құжаттардың белгіленген нысан бойынша толық көлемде берiлмеген және (немесе) толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы олар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім қызметкері белгіленген нысан бойынша берілмеген және (немесе) толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды жұмыс берушіге қайтарады.

2) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта рәсімдеу:

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта рәсімдеу үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін Стандарттың 1 Қосымшасына сәйкес өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі басшысына қарауға ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы бұрыштамаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкеріне жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері тапсырылған Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлама қағазды жолдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсесі тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ақпаратымен бірге көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөліміне жолдайды;

көрсетілетін қызметті еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері тапсырылған құжаттардың Қағидалар талаптарына сәйкестігін тексереді;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкерінен көрсетілетін қызметті алушының өтініш құжаттарының топтамасын қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының рұқсат мерзімін ұзартуға арналған өтініші мен құжаттарын қызмет беруші басшысының қарауына ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта ресімдеуді немесе қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қайта ресімделгендігі немесе қайта ресімдеуден бас тартылғандығы туралы қағаз түрінде хабарлама жолдайды;

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) - рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсырады;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттарын (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) тексереді;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда оны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрінде көрсетілген қызметті алушыға қол қойдыртып, рұқсат береді немесе рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.

Осы Қағидалардың 10, 16, 34, 36, 49-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда, уәкілетті органның қызметкері олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады және жұмыс берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы (берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жазбаша негіздеме береді.

3) рұқсатты ұзарту:

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері мемлеткеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 1 Қосымшасына сәйкес өтініш пен рұқсат мерзімін ұзарту үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы бұрыштамаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қызмет берушінің аудандық бөлімінің қызметкеріне жазып жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері тапсырылған Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері өтініш келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қызметті алушыға хабарлама қағазды жолдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті қызмет берушінің аудандық бөлімінің кеңсесі тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөліміне жолдайды;

көрсетілетін қызметті еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері тапсырылған құжаттардың Қағидалар талаптарына сәйкестігін тексереді;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкерінен көрсетілетін қызметті алушының өтініш құжаттарын қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде рұқсат мерзімін ұзартуға арналған өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсат мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде рұқсат мерзімінің ұзартылуы немесе ұзартудан бас тартылуы бойынша қабылданған шешімдер туралы қағаз түрінде хабарлама жолдайды;

Жұмыс беруші рұқсатты алуға келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрінде көрсетілген қызметті алушыға қол қойдыртып, рұқсат береді немесе рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.

4) жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты беру немесе ұзарту:

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 5 Қосымшасына сәйкес өтініш пен жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алу немесе ұзарту үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы бұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкеріне жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері тапсырылған Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсесі тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңесі тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөліміне жолдайды;

көрсетілетін қызметті еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері тапсырылған құжаттардың Қағидалар талаптарына сәйкестігін тексереді;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім қызметкерінен көрсетілетін қызметті алушының өтініш құжаттарын қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде рұқсат мерзімін ұзартуға арналған өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты беру не мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілген қызметті алушыны қағаз түрінде хабардар етеді;

көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) жиырма жұмыс күні ішінде тапсырады;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша оның Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда оны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрінде көрсетілген қызметті алушыға қол қойдыртып, рұқсат береді немесе рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.

Тапсырылған құжаттар Қағидалардың талаптарына, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағында белгіленген талаптарға сәйкес толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы олар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім қызметкері берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттардыжұмыс берушіге қайтарады.

5) жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты қайта ресімдеу:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 5 Қосымшасына сәйкес өтініш пен жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің басшысының қарауына жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон басшысы бұрыштамаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкеріне жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері тапсырылған құжаттардың Қағидалардың талаптарымен сәйкестігін тексереді;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері жұмысқа орналасуға арналған өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына ұсынады;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты қайта ресімдеу туралы шешім қабылдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері қабылданған шешім жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түрінде хабардар етеді;

көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша оның Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) жиырма жұмыс күні ішінде тапсырады;

көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың Қағида талаптарына сәйкес болған жағдайда оны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрінде көрсетілетін қызметті алушыға қол қойдыртып, рұқсат береді немесе рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесі арқылы рұқсатты жолдайды.

Тапсырылған құжаттар Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші олар келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде рұқсатты қайта рәсімдеуден берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, бас тартады.

 

 



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің сипаттамасы

 

8. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) сабақтастығының сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттің Қосымшасында келтірілген.



Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы береді, бұл сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жіберіледі.

Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторизациялануы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға өтініш жасауы үшін порталдан «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзартуды» таңдайды.

Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы қадамын қалыптастырады.

Қызметті алушы қызмет түрін, қызмет берушінің бөлімшесін таңдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы терезелердегі деректерді толтырады:

1) көрсетілетін қызметті алушының (жұмыс берушінің) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, ұзарту, қайта рәсімдеу үшін:

Стандарттың 1 Қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

Стандарттың 2 Қосымшасына сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер, сондай-ақ Стандарттың 9 тармағына сәйкес сканерленген қажетті құжаттар;

Стандарттың 3 Қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

Стандарттың 4 Қосымшасына сәйкес нысаны бойынша рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу;



Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар.

2) жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты беру немесе ұзарту, қайта рәсімдеу үшін:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 5 Қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 2 Қосымшасына сәйкес тартылатын шетелдік қызметкер туралы мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 тармағына сәйкес сканерленген құжаттар.

Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар.

Көрсетілетін қызметті алушы оны электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды.

Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

9. Жұмыс кестесі:



1) көрсетілетін қызметті берушіде - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.

порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).



10. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы:

рұқсат беру - 41 (қырық бір) жұмыс күні ішінде;

рұқсатты қайта ресімдеу - 31 (отыз бір) жұмыс күні ішінде;

рұқсатты ұзарту - 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;

көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) көрсетілетін қызметті берушіге:

жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту - 31 (отыз бір) жұмыс күні ішінде;

жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беруді, қайта ресімдеуді және ұзартуды мынадай ресім бойынша жүзеге асырады:

1) шетелдік жұмыс күшін тартуға:

рұқсат беру және қайта ресімдеу:

рұқсат беру туралы шешімді - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

қайта ресімдеу туралы шешімді - 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

көрсетілетін қызметті алушыға - шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) - рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсырады;

көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты - рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде береді;

рұқсатты ұзарту:

рұқсат беру туралы шешімді - 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

көрсетілетін қызметті алушыны - шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

рұқсатты - көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде береді;

2) жұмысқа орналасуға:

рұқсат беру және ұзарту;

рұқсат беру туралы шешімді - 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

көрсетілетін қызмет алушыға - шешімді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде хабарлайды;

көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) - рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсырады;

көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты - рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде береді.

3) жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу:

рұқсатты - 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау барысында көрсетілетін қызметті алушыға үзбелі талон беріледі:

1) өтінімнің тіркелген датасы;

2) қоса берілген құжаттардың саны;

3) мемлекеттік қызметті алған датасы;

4) құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні.

Портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпаратты, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету барысы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәлелелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы телефоны бойынша ұсынылады: 1414.

11. Дайын құжаттарды беруді қызметті беруді еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімде, жеке басын куәләндыратын құжатын және көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхатты ұсынған жағдайда жүзеге асырады.

12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылдарын, ресімдердің (іс-әрекеттердің) сабақтастығын және мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 қосымшаларына сәйкес схемалық түрде көрсетілген.

 

 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушініңжәне (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің (бұдан әрі - әкім) атына беріледі.



Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің (бұдан әрі - әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімнің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

 



6. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

 

13. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке өзі баруға мүмкіндігі болмаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы қызметтерді ресімдеу және алу құқығы бар сенімхатпен өкілін жібереді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.

15. Бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу, сондай-ақ рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту туралы ақпаратты портал арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

 

«Шетелдік қызметкерге



жұмысқа орналасуға және

жұмыс берушілерге тиісті

әкімшілік-аумақтық бірлік

аумағында еңбек қызметін

жүзеге асыру үшін шетелдік

жұмыс күшін тартуға рұқсат

беру және ұзарту» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет

регламентіне «Шетелдік

жұмыс күшін тартуға

рұқсат беру»

1-қосымшасы

 

 



Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - үдерістерінің анықтамалығы

 

 

«Шетелдік қызметкерге



жұмысқа орналасуға және

жұмыс берушілерге тиісті

әкімшілік-аумақтық бірлік

аумағында еңбек қызметін

жүзеге асыру үшін шетелдік

жұмыс күшін тартуға рұқсат

беру және ұзарту» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет

регламентіне «Шетелдік

жұмыс күшін тартуға

арналған рұқсатты қайта

рәсімдеу»

2-қосымшасы

 

 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау