Нұсқа: 28
1. Әлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған И.Ньютонның еңбегі:
A) «Философиялық сөздік»
B) «Табиғат философиясының математикалық принциптері»
C) «Теңсіздік себептері туралы»
D) «Ньютон философиясының негіздері»
E) «Философиялық хаттар»
2. 1842 жылы энергияның сақталу және айналу заңын ашқан ғалым:
A) М.Фарадей
B) Дж.Дальтон
C) Р.Майер
D) Л.Пастер
E) В.Рентген
3. Үндістанда дін өкілдері енген касталық жүйенің сатысы:
A) кшатрийлер
B) брахмандар
C) вайшилер
D) шудралар
E) кесапаттылар
4. Афиныда б.з.д. 443-429 ж.ж. ең жоғары қызметке сайланды:
A) Солон
B) Перикл
C) Аристотель
D) Геродот
E) Сократ
5. 1526 жылы Әмір Темірдің шөбересі Бабыр шабуыл жасаған жер:
A) Үндістан
B) Жапония
C) Қытай
D) Монғолия
E) Корея
6. Б.з.б. XII ғасырда Пелопоннес аймағында пайда болған мемлекет:
A) Афины мемлекеті
B) Рим империясы
C) Ежелгі Македония
D) Парфия патшалығы
E) Ежелгі Спарта
7. 1882 ж. Үштік Одақ әскери бірлестігіне ұйымдасқан мемлекеттер
A) Грекия, Италия
B) Франция, Португалия
C) Англия. Испания
D) АҚШ, Испания
E) Италия, Германия
8. 1930 жылдары Түркияда КСРО берген несиеге кәсіпорындар салынған қалалар:
A) Назилли, Анкара
B) Кайсери, Назилли
C) Измир, Ескишехир
D) Кайсери, Стамбул
E) Анкара, Стамбул
9. 1929 жылы 7 қарашада «Правда» газетінде басылып шыққан мақала:
A) «Ұлы жол»
B) «Ұлы төңкеріс»
C) «Ұлы Қазан»
D) «Үлкен секіріс»
E) «Ұлы бетбұрыс»
10. «I. 31. Әлемнің гүлденуі үшін Брахма өзінің аузынан, қолынан, жамбасынан және табанынан брахманды, кшатрийді, вайшийді және шудраны жаратты.
I. 87. Бұл әлемді сақтау үшін ол, Брахма аузынан, қолынан, жамбасынан және табанынан жаратылғандар үшін ерекше кәсіптер белгіледі.
X. 96. Кімде-кім төмен болып туғанына қарамастан, қомағайлықпен жоғарыдағылардың кәсібімен күн көретін болса, патша оны мүлкінен айырып. дереу елден қусын.
I. 96. Тіршілік ететіндердің ішінде – жаны барлар, жаны барлардың ішінде – ақылдылар, ақылдылардың ішінде – адамдар, адамдардың ішінде – брахмандар ең жақсылар деп есептелінді.
I. 89. Қарамағындағыларды күзету, құрбандық шалу, садақа үлестіру, қасиетті кітапты оқу мен бейбіт өмірдің қызығын қуу жолына түспеуді Брахма кшатрий үшін көрсетті.
X. 77. Брахманның үш міндеті кшатрий үшін жүрмейді: оқыту, біреулер үшін құрбандық шалу және үшіншісі сыйлық алу.
X. 79. Өмір сүру үшін кшатрийге – семсер мен садақ асынып жүру, вайшийлерге саудамен, мал бағумен, егіншілікпен айналысу жазылған. Олардың міндеті – сыйлық беру, оқу, құрбандық шалу.
X. 95. Кедейшілікке ұрынған кшатрий, осы көрсетілген тәсілдердің барлығымен күн көре алады, бірақ оның қашан да бұрын жоғарырақ, жақсырақ өмір туралы ойлауына болмайды».
Достарыңызбен бөлісу: |