«Диуани Лұғат-Ит-Түрік» Еңбегі Негізінде Орта Ғасыр Түркілері Танымындағы Әлем Бейнесінің
Этнолингвомәдени Көрінісі
Türk Dünyası 39. Sayı
174
барша сыр-сипаты мен тылсым құбылыстарын жетік меңгеру, сол
кеңістіктегі істер мен құбылыстарды уақытпен байланыстыру – өмір
сүрудің, тіршілік етудің басты шарты.
Ескерткіш тілінде «уақыт» ұғымы
šer, türk, köš
тілдік
бірліктері
арқылы көрініс тапқан. Сөздікте уақыт оғызша
šer
лексемасы арқылы
көрсетіліп,
bu šerlikde kel «мына уақытта кел»
деп берілген (МҚ: I:
381). Одан бөлек уақыт мағынасын білдіретін
Türk
сөзін де кездестіруге
болады. Бұл лексема бүкіл жеміс-жидектің пісіп жетілген, уылжып
толасқан маусымның ортасы дегенді білдіреді. Жәдігерде
Türk üzüm ödi
«Үзімнің піскен уақыты», Türk yigit «Жігіт жасына толған жігіт»
деп
көрсетілген (МҚ: I: 410). Жоғарыда көрсетілген екі лексемадан бөлек
köš
«сәт, уақыт»
деп беріліп,
Bir köš küdhgil «Бір сәт күткін»
деген мысал
келтірілген (МҚ: I: 380).
А.Сейдімбек түркі халықтарының нақтылы уақыт туралы дәстүрлі
таным-түсінігін бірінші – экологиялық уақыт, екінші – генеологиялық
уақыт, үшінші – ситуациялық уақыт, төртінші – тарихи уақыт деп төрт
түрлі межеге бөліп қарастырады (Сейдімбек 1997: 202). Соның ішіндегі
тарихи уақыт өлшемінде уақыт межесі күнтізбелік есеп, жыл қайыру,
мүшел есебі арқылы пайымдалады. Ескерткіш тілінде орта ғасырлық
түркілердің жыл қайыруының шығуына байланысты төмендегідей
аңыз сақталған. «Түрік қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл ілгеріде
өткен ұрысты талдап үйренбекші болған, сөйтіп сол ұрыс болған жылды
анықтаған кезде жаңылысқан. Сол мәселе хақында қаған халқымен
кеңесіп, құрылтайда: «Біз бұл тарихты анықтағанда қалай қателессек,
біздің келешек ұрпақтарымыз да солай қателеседі. Сондықтан, біз енді
он екі ай мен аспандағы он екі бұржыны негізге алып, әрбір жылға бір ат
қояйық, бізден кейінгі жыл қайыру жылдардың айналысымен есептелсін,
бұл біздің арамызда мәңгіге бір жәдігерлік болып қалсын», – депті. Сол
оймен қаған аңға шығады да, барлық жабайы хайуандарды Іле өзеніне
қарай қууды бұйырған. Бұл ағысы қатты үлкен дария. Адамдар аң аулай
жүріп, хайуандарды Іле өзеніне қарай қуады. Бірқатар хайуандар суға
секірген. Солардың он екі түрі судан жүзіп өтіп, он екі жылға сол он
екі хайуанның аты берілген. Судан ең алдымен
Достарыңызбен бөлісу: