Диссертация ғылыми жетекшісі : филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. А. Манкеева Алматы, 2008 мазмұНЫ


«Қазақ әйелі» концептіcінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі



жүктеу 0,92 Mb.
бет3/14
Дата23.11.2018
өлшемі0,92 Mb.
#24370
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

«Қазақ әйелі» концептіcінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі

Соңғы уақытта адамның өмірлік маңызы бар аспектілерін – оның санасы мен ой-өрісін, ақиқат шындықты қабылдау және ұғыну ерекшеліктерін, сондай-ақ аталған процесс нәтижелерінің тілде белгіленуін кеңірек қарастыруға жол ашылды. Соған сәйкес қазіргі кезеңдегі лингвистикалық зерттеулерде басымдылыққа ие бола бастаған антропоцентристік бағыт адам қызметінің тұлғалық және әлеуметтік қырларына деген қызығушылықты арттыра түсті. Соның нәтижесінде тілдік болмысты таныммен байланыстыра, сол тілді тұтынушы адаммен, субъектімен сабақтастыра зерттеудің заңды құбылыс екенін осы саладағы зерттеулер дәлелдеп отыр. Себебі, адам баласы сәби кезінен бастап, ана тілін үйренумен бірге өз халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын да оқып үйреніп, бойына сіңірумен болады. Ал халық, ұлт мәдениетінің айқын белгі-нышандары мен нәзік қыр-сыры оның тілінде бейнеленеді. Сондықтан әрбір тіл өзіне тән белгілері, қасиеттері бар ғажайып құбылыс десек, соған сәйкес олардың әрқайсысында әлем мен адам бейнесі әр түрлі көрінеді.

Дүниенің тілдік бейнесі этностың рухани және материалдық мәдениетінің маңызды ұғымдары мен түсініктері жинақталып, бойына сіңірілген концептілердің вербалдануы негізінде көрінеді. Концептінің маңызы мен оның дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырудағы орны, белгілі бір концепт туралы орныққан түсініктер сол тілді тұтынушылардың ұғынуы арқылы анықталады.

Демек, тілдік дүние суретін қалыптастыруда концептінің алар орны ерекше... «концепт–ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін бойына жинаған, тілде көрініс тапқан негізі тереңде жатқан көп қабатты құрылым және ол белгілі бір этномәдени ортаның әрбір мүшесіне ортақ болып келеді» [32, 444 б.].

Атап айтқанда, дүниенің тілдік бейнесінде әр халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б. ұлттық-мәдени құндылықтары, адамның күллі әлем, тұтас дүние туралы көзқарас, түсініктері, сондай-ақ адамның сол тұтас әлемнен өз орнын табуға деген ұмтылыс-талпынысы, түрлі қызметі, алуан әрекеті, адамдар арасындағы қым-қиғаш қарым-қатынас та көрініс табады.

Ал дүниенің тілдік бейнесін жасауда тілдік амалдармен қоса бейвербалды компоненттер де қолданылады. Жас зерттеуші Ж.Нұрсұлтанқызы өзіне дейінгі ғалымдардың пікірлерін саралай келе, бейвербалды амалдарды вербалды амалдарды толықтырып, оларға қосымша мағына үстейтін, коммуникативтік актіні жалғастыруға қызмет ететін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз етуге көмектесетін қарым-қатынастың түрі деп бағалайды [33, 8 б.].

Әр этностың қоғамдық өмірінде өзіне ғана тән қарым-қатынас түрлері мен мен жүйесі бар екені белгілі. Сонымен бірге этнос мәдениетінің категориялары ретінде қызмет ете отырып, этнолингвистикалық мәнге ие болатын паралингвистикалық атаулардың, оларға жататын бірліктердің кез келген ұлттық тілде жиі қолданылатынын аңғару қиын емес.

Соған сәйкес «... коммуникацияның бейвербалды элементтеріне, яғни ым мен ишаратқа, дене қимылдарына қарап отырып, адамның қай ұлттың, қай құрлықтың өкілі екенін шамалауға болады, өйткені әрбір ұлттың дене тілінің өзіндік сипатты ерекшелігі бар және осы ерекшеліктер көбінесе фразеологизмдерге негіз (ұйытқы) болып табылады» деп пайымдаған белгілі ғалым Б.Момынова соңғы кездегі зерттеулердің нәтижелері адамдар арасындағы қарым-қатынастың (коммуникацияның) 7 пайызы вербальды (сөздер, фразалар, сөйлемдер), 33 пайызы вокальды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны т.б) және 55 пайызы бейвербалды (дене тілі немесе ым мен ишарат) элементтер арқылы жүзеге асатындығын нақты дәлелдегенін атап көрсетеді [34, 4-7 б.].

Ш.Баллидің еңбектерінде ерлердің бейвербалды тілінің әйелдермен сөйлескенде өзгеше болатынын атап көрсеткен. Ол Шығыс әйелдерінің күйеуінің кез келген тілегін ым­ишарат әдістері, қас­қабақ пен қол қимылы арқылы түсінуге міндетті болғанын айтады [35, с. 56]. Оның дәлелін аталған мысалдан байқауға болады: Бопай сонда ғана бойын жинап алды. Жолаушылар өзінен тартынып отырғанын сезіп, «шыға тұрайын ба» дегендей күйеуі жаққа көз жүгіртіп еді, «қылп етпе» дегендей үнсіз тұқыртуды ұқты (Ә.Кекілбаев. Елең-алаң.).

Сервантес кейіпкері Дон Кихот ым-ишарат түрлерін жақсы түсінгендіктен, өзінің қару тасушысына сүйіктісі Дульсинеяның оның хатын оқығандағы бүкіл қимыл-әрекетін жадында сақтап қалуын қатаң тапсырған. Мұның өзі Дульсинеяның рыцарьға деген сезімінің қаншалықты дәрежеде екенін білуге жеткілікті болған. Әйелдер мен еркектердің бейвербалды әрекеттері бір-бірінен ерекшеленетіні сөзсіз. Біз сырт киімдеріміздің түймелерін де екі түрлі қадаймыз. Леонардо де Винчидің өзі қыздар мен әйелдерде тым ашық және кең қимыл қозғалыс болмауы тиіс деген. Себебі, ондай қимылдар ұяттың жоқтығы мен әйелге қажетсіз батылдықты танытады [16, с. 173].

Ерлер жиі қолданатын бейвербалды қимылдарға креслоға шалқайып отыру, аяғын кең ашып тұру, желкесін қасу, алақанын ысқылау, үстелдің үстін жұдырығымен ұру, өз алақанын соғу, тізесін жұдырғымен ұрғылау, кеудесіне қолын қою сияқты ишарат түрлері жатса, әйелдер күйзелістен саусақтарын сыртылдатып, қорқынышын көздерін алақанымен жабу, өзінің көңілі толмайтынын, табандылығын, ұялғанын көрсету мақсатын екі бүйірін таяну, алақанымен ұялғанда бетін көлегейлеу, қысылғанда жүзігін әрі-бері айналдыру сияқты сияқты бейвербалды амалдар арқылы танытады.

Таным субъектілерінде (еркек пен әйелде) өзге адамдармен қарым-қатынас барысында бейвербальды мінез-құлықтың еркек пен әйелге тән эталондар жүйесі қалыптасып, еркектік және әйелдік гендерлік модельдің құрылымына кіреді .

Әйелдер өздеріне сенімсіз жағдайда, көңіл күйінде бір қобалжу енгенде, бүркемеленген кедергілердің көзге ұрынбайтын түрлері гүл шоғын, қол сөмкесін, орамал, шарф, желпуіштерін қолданады, ал ерлер ондай жағдайда галстук, көйлек түймесі, қол сағатын, темекі тұтатқыштарын әрлі-берлі қозғап, бұрап, пиджактерінің түймелерін бір ағытып, бір түймелеп, темекілерін мыжып, үстелдің үстін саусақтарымен барабанша ұрғылап кетеді.

Әйелдердің мимикасы ерлердікіне қарағанда айқынырақ білінеді. Өздерінің табиғи интуициясына сай, балалар тәрбиелеудегі айрықша рөліне сәйкес әйелдерде майда-шүйде детальдардың бәрін бірден байқау бейімділігі басым, сол себепті де оларда бейвербалды амалдарды жақсы түсіну қабілеті ерлерге қарағанда жоғары. Физиологтардың пікірінше, әйелдерде эмоцияға жауап беретін ми бөлігі ерлерге қарағанда сегіз есе артық дамыған. Әйелдерге тән жоғары сезімталдықты осымен түсіндіруге болаты секілді.

Әйелдерде «қасын керу», ал ерлерде «қабағын түю, қабағын түкситу» сияқты ишарат түрі жиі кездеседі.

Биғайшаның бетіне қызыл ойнап, қас-қабағын кере, көзін төңкере тастады. (Ж.Шаштайұлы. Жала мен нала. 56-б.)

Қазақ халқының да қарым-қатынас жасау мәдениеті ұлттың рухани мәдениетін, оның таным, талғамын бейнелейтін коммуникацияның бейвербалды амалдарына да бай деуге болады. Мысалы, қос қолдап амандасу, иіліп сәлем салу, төс қағыстыру, бет шымшу, ернін сылп еткізу, жаулығымен көзін сүрту, алдына қамшы тастау. т.б. кинемалар қазақ халқына тән ұлттық болмысты танытатын бейвербалды элементтерге жатады. Көркем мәтінде көрініс тапқан ұлттық сипаттағы кинемалардың мән-мазмұнын саралай келе, тілімізде жиі кездесетін осындай бейвербалды элементтерді қолдану басымдылығына орай ер кісілерге, әйелдерге тән және ортақ кинемалар деп арнайы бөлген С.Бейсенбаеваның пікіріне қосыламыз [36, 13 б.].

Мысалы, ер адамдар қарым-қатынасында «малдас құрып отыру», «төс қағыстыру», «қамшы тастау», «мұртынан күлу», «сақалын шошайту», «сақал­мұртын сипау» т.б. ишараттары жиі көрініс берсе, ал «бетін шымшу», «шашын жаю», «шашын жұлу», «орамалын бұлғау», «қос бүйірін таяну», «ернін сылп еткізу» т.б. әйелдерге тән кинемалар болып есептеледі. Ал «қол бұлғап шақыру», «жағасын ұстау», «басын изеу», «мұрнын шүйіру» сияқты ым-ишарат түрлері ортақ болып келетіні анық.

Түрлі әлеуметтік топ пен жыныстар арасындағы қарым-қатынастың тілдік немесе жоғарыда келтірілгендей тілдік емес факторларын көркем мәтін аясында кейіпкерлердің көңіл-күйін, ішкі сезімін, түрлі жағдайға көзқарасын алуан түрлі психологиялық ерекшеліктерін нақты бейнелеу үшін авторлар өзге көркемдік тәсілдермен қатар түрлі кинесикалық элементтердің көмегіне де жүгінетінін байқауға болады. Сонымен бірге күнделікті өмірмен қатар көркем шығармаларда кездесетін этномәдени элементтер коммуниканттардың әлеуметтік және биологиялық белгілеріне байланысты кинетикалық жүріс-тұрысы мен мінез-құлқының ұлттық ерекшелігін зерттеп-білуге мүмкіндік береді.

Ұлттық мәдениетімізді, ұлттық дүниетанымымыз бен таным-талғамымызды айқынырақ танытатын ым-ишараттар, олардың ішінде қазақ әйеліне тән кинесикалық элементтер қазақ жазушыларының шығармаларында молынан ұшырасады. Әйтсе де, қазақ этносы өкілінің қайталанбас қасиеттерін білдіретін қайсыбір кинемалардың кей жағдайда әйел мен ер кісіге, үлкен-кіші қауымға ортақ болатынын да ескерген жөн деп есептейміз. Мысалы, күнделікті өмірде үлкен маңызға ие сәлемдесу әр халықтың тілінде әр түрлі болып келуімен бірге коммуниканттардың әлеуметтік, биологиялық, т.б. сипаттары мен қатынас формаларына орай сараланып, ерекшеленіп тұрады.

Сәлемдесудің белгілі, қалыптасқан вербалды түрлерімен бірге бейвербалды амалдары да қолданылады:



Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап:

Ассалаумағалейкүм!.. – деп сәлем берді (М.Әуезов. Абай жолы).

Ер адамдар қос қолдап, төс қағыстырып амандасса, қыз балалар мен әйелдер бір-бірімен құшақтасып, сүйісіп немесе қол алысып амандасуы мүмкін. Сондай-ақ қазақ халқының әдет-ғұрпында жас келіндердің ата-ене, қайын ағалары немесе жасы үлкен кісілермен тізесін сәл бүгіп, қолын айқастырып тізесінің үстіне қойып, басын иіп сәлемдесу дәстүрі бар. Мысалы,

Үшеуі де қабырғаласып өте берген Есенейдің пәуескесіне беттерін бұрып, бір тізелеп сәлем етті (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан.).

Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізелеп сәлем етті. Шынар да соны істеді, ұяла-ұяла, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем етті (Сонда).

Көп уақыттан бері көріспеген жақын, туыс адамдардың бірі екіншісінің мойнынан құшақтап немесе мойнына асылып сағынышы мен қуанышын білдіретіні белгілі. Мұндай қимылдар қыз бала не жас әйел тарапынан немесе жасы кіші бала мен оның шешесі, әкесі, атасы-апасы арасында жиі кездеседі. Аталған ишарат түрі сондай-ақ жақын адамына еркелеу мәнін де білдіреді. Мысалы, Орысша киінген әйел таныған сайын келіншек тесірейе қарап, дәл қасына келе бергенде:



- Бауырым, жиен-ау, сені де көретін күн бар екен! – деп, ұшып түрегеліп, мойнынан құшақтай алды (Ж.Аймауытов. Ақбілек).

Салтанат сыңғырлай күліп, мойныма асыла құшақтады да, тостақты ерніме тақады (Д.Исабеков. Гауһартас).

Сыйлас құдағилар арасындағы сәлемдесу этикеті де ұлттық әдет-ғұрыпты танытатын бейвербалды амалдардан тұрады. Мысалы,



Құдағи! – деп жайраңдай күліп Жаниша келді. Қос құдағи әуелі қолдарын ұшынан ұстасып, құлаштарын екі жағына үш-үштен керіп барып құшақтасты (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).

Ері, баласы, жақыны, туысы қайтыс болған әйелдің қара жамылып, жоқтау айтуы халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Қайғы-қасіреті мен шерлі көңілін жақынын жоғалтқан әйел бетін жырту, бетін тырнау, шашын жаю, шашын жұлу, қос бүйірін таяну сияқты паралингвистикалық амалдар арқылы білдіріп, қайтыс болған ерінің, баласының, туысының жақсы, асыл қасиеттерін жоқтау жырына арқау еткен. Мысалы,

Қара бір шашым жаяйын,

Жаяйын да жияйын.

Құнарлы бармақ жез тырнақ

Күнде қанға бояйын.

Албыраған ақша бет

Сүйегіне тояйын!

Мойындаған қаракөз

Жаспенен оны ояйын,

Алшаңдап жүрген жас төрем

Орныңа кімді қояйын (Боздағым. Қазақтың жоқтау жырлары).

Көне замандарда, көне түркі кезеңі саналатын У УІІІ ғасырларда түркі тайпалары қайтыс болған адамға қатты қайғырып, «өлген адамның тумалары шашын жұлып, бетін тырнап, құлағын кесіп, өздерін қорлайтын» әдет болған. Оның мәнісі: «Өлген жақсы адамның артында қалып, онсыз сүрген өмірде не мән бар?» деп қараудан шыққан [37, 12 б.]. Ертеде көптеген халықта қатты қайғырғанда, бетін тырнап, айғыздаумен бірге шашын жұлып немесе тақырлап алып тастайтын болған. Кейбір тайпаларда ері қайтыс болған әйел бұрымын кесіп, күйеуіне деген адалдық белгісі ретінде оны күйеуімен бірге жерлеген.

Аталған бейвербалды амалдың қазақтың жоқтау жырларын айтқан кезде қолданылуы сол кезден қалған болуы керек деп топшылаймыз.

Бұл кезде Бөжейдің өз үйінің ішінде қара сұр бәйбіше шаршысын шорт байлаған. Қара шашын тарқатып, екі иініне жайып салған. Қан сөлден айрылып, сұрланып талған жүзінде көк тамырлары білінеді. Екі бетінің ұштары жылап жыртқан тырнақтың табын сақтап, жарадар боп тұр (М.Әуезов. Абай жолы).

Қарт ана оқыс есін жинап алды.


  • Ойпырм-ай!.. – деп өкіріп, жас жуған бетіне тырнақ салып, қанын ағыза осып-осып жіберді. Қанша кісі жабылса да, күйік көтерген әйел қолда тұрмай, жұлқып шықты. Ажал шеңгелі жалғыз баласын бүріп алып, жұпыны жер үйдің бір жағын омсырайтып ойып әкетіп бара жатқанын көрді. Қара шашы жайылып кеткен. Үрей қаптаған көздерінің ағы айналып, ұясынан шыға ақшаңдап: «Жан ботам-м!» - деп зарлап, қос қолын созып ұмтыла берді де, құлап түсті. Үй ішінде жыламаған жан жоқ. Еламан да жылады (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).

  • Өткен көктемде «Майданда ерлікпен қаза тапты» - деп артынан қара қағаз келген. Қатын, бала-шағасының көзінен жас емес, қан ағып, кәрі шешесі жер тоқпақтап, бетін тырнаған (Д.Исабеков. Біз соғысты көрген жоқпыз).

Ауыр қайғыны, зор қасіретті білдіретін аталған бейвербалды әрекеттерді күнделікті өмірде, жайшылықта қазақ қыздары мен әйелдерінің қолдануына тыйым салынып, жаман ырымға баланған.

Ал орыс халқының әйелдері жақындары өліп, о дүниелік болғанда өздерінің қайғылы, шерлі екендіктерін білдіру үшін қара киініп жүреді. Сонымен қатар олар туыс адамын жоқтағанда қолын қусырып алып, жеңіл түрде теңселіп, басын шайқау қимылдарын қолданатын көрінеді.

Кейбір бейвербалды амалдар бірқатар ұлттың, этникалық ұжымның мүшелеріне тән болғанымен, олардың білдіретін мағыналары бірдей болмауы мүмкін. Ұлттық дүниетаным мен көзқарастың, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың, сезім мен сенімнің, өмір сүру ерекшелігінің асыл сынығы болып саналатын ондай кинемаларды ұғыну ұлттық аялық білім негізін игеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Мысалы, жоғарыда көрсетілген қос бүйірін таяну қазақ халқы үшін ауыр қайғы-қасіретті білдіріп, дүниеден өткен адамды жоқтау барысында ғана қолданылса, орыс ұлтының әйелдері үшін «бүйірін таяну» кинемасы ашуланған кездегі, біреумен ұрысқанда немесе бір шешімге келіп, оны айтар сәттегі, кейде қалыпты жағдайдағы, ешкімге ерсі көрінбейтін, көз үйренген қимыл түріне жатады.

«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты бейвербалды амалдардың ең көп тарағаны – «ернін сылп еткізу», «аузын сылп еткізу» сияқты тұрақты сөз тіркестеріне сай келетін ым-ишараттар. Олар көркем шығармадағы кейіпкерлердің таңырқау, жақтырмау сияқты эмоционалдық жай-күйлерін білдіру үшін қолданылады.

Мысалы, Мұртазаның бір қарындасын Сүттібек ағам алған, Енді Сүттібектің қарындасын Мұртаза алмақшы. Сонда айырбас па, немене өзі? – Айша ернін сылп еткізіп қойды (Ш. Мұртаза. Ай мен Айша).



Ұзатылып бармай жатып, айналасы бір-ақ қыстың ішінде Есеней сияқты адамның арыстанын илеп-билеп алған қызына Несібелінің таңданбасқа шарасы жоқ еді. Бірақ таңданғанын білдірмейін деп аузын бір сылп еткізді де қойды (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).

Ой, тоба-ай, - деді апам ернін сылп еткізіп. – Бұ заманның қыздары күтеді әні. Қарны ашып келеді деп шала бүлініп жатысымыз мынау...(Д. Исабеков. Гауһартас).

Көркем мәтіндегі қолданыстан аңғарғанымыздай, аталған бейвербалды амал түрі қазақ әйелі мен кемпіріне тән болғанымен, жас қыздарға жараспайтын, ерсі көрінетін ым-ишарат екені байқалып отыр. Ал «ернін шығару» ишараты негізінде қалыптасқан «ернін шығарды» фразеологизмі әйелге тән әжуалау түрін білдіріп, көркем мәтінде «мазақтады, күлді, келеке етті» деген мағынада жұмсалады. Мысалы, Өрік қырындаған кезінде қатындар біріне-бірі қарап, еріндерін шығарып:



- Мынау бір ындыны жарымаған шіркін ғой! – деп күңкілдесті (Ж.Аймауытов. Ақбілек. 290-б)

-Ағаңыз келіскен екен, - деп Күнікей ернін шығарды (Ж.Аймауытов. Күнікейдің жазығы).

Сонымен қатар көркем шығармада жиі қолданылатын «ернін жымқырды», «ернін қымқырды» ишараттары жақтырмау, құптамау мағынасын, «ернін шүйірді» менсінбеуді білдіреді, ал «ернін тістеді» кинемасы бір жағдайда «сөйлеме» деген мағынаны білдірсе, енді бірде аталған мимиканы әйелдер қиналғанын білдірмеу үшін қолданады. Мысалы,



Біз Айшаға қараймыз. Айша бізге қабағын түйіп, астыңғы ернін жымқырады. Алмаңдар дегені (Ш. Мұртаза. Ай мен Айша).

Бұл сөздің бәрі Бозінгенге жарадай тиді. Ләм деуге айтары болмай, тымырайып, жапалақ ернін жымыра берді (Ж. Аймауытов. Ақбілек).

Айша астыңғы ернін тістелеп, басын шайқады. Айша басын тектен-текке шайқамайды. Оны мен біле-е-мін. Әсіресе астыңғы ернін тістелесе – қи-ы-ы-н. (Ш. Мұртаза. Ай мен Айша).

Сонымен қатар «жаулықтарымен көзін сүрту», «етегінен сүю», «ақ орамалын желпілдетіп қоштасу» сияқты бейвербалды компоненттер де қазақ әйелдеріне тән. Мысалы, Кемпірлер жағы оның пошымы бөтен венгеркесінің етегінен сүйіп, жаулықтарымен көздерін сүртіп, тәу етіп жатыр (Ш. Мұртаза. Aй мен Айша).



Ақбілек те ақ орамалын желпілдетіп қоштасты (Ж.Аймауытов. Ақбілек). Балықшылар мұңды жүзбен мүлгіп отыр. Әйелдер қаза үстінде де күйеулерінің қас-қабағына қарап дауыс шығара алмайды. Жаулығының шетімен аузын басып, үнсіз егіліп жас төгіп тұр. (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).

Қазақ әйелдеріне ғана тән «бет шымшу» ишараты қазақтың ұлттық мәдениетінде ұялудың нышаны, ерсі қылықтан шошыну белгісі болып табылады.



  • Мына Кенже мырзаға не көрініп кетті, тыр жалаңаш қарындасының отауына кіріп? - десті от басында жүрген әйелдер беттерін шымшылап (Ф.Оңғарсынова. Шашы ағарған қыз).

Сонымен қатар әйелдер өздерінің қатты таңқалғанын « сұқ саусағымен бетін бір сызу» ишаратымен де білдіреді:

Әкеме адырая қарап аз тұрған Қазина, бетін оң жақ қолының саусағымен бір сызып, үлкендеу көзін кеңірек ашты да, ернін бір сылп еткізіп:

  • Бетім-ау, мына Kесір болмағай да! – деді (С.Мұқанов. Мөлдір махаббат).

Жоғарыдағы қазақ әйеліне ғана тән бейвербалды амалдардың ішінде «аузын сылп еткізу», «бетін шымшу», «бетін сұқ саусағымен сызу» қимыл­ишараттарының о бастағы шығу төркіні неде, қандай мәнді меңзейді, оның тамырында сакральды, киелі мән жатыр ма, мифтік таным негізінде қалыптасқан ба деген сияқты сұрақтар туындайды. Осыларды ажырату мүмкіндігі болмағанын, аталған мәселені жан­жақты, тереңірек қарастыруды алдағы зерттеулерде ескеретінімізді айта кетуді жөн санаймыз.

Ал төменгі ситуацияларда «шымшу, қыршу» қимылдарымен байланысты бейвербалды амалдар назар аударту, еркінсіп ойнау, сондай-ақ ересек қыздар мен әйелдердің жас баланы жат, ерсі қылығы үшін жазалау тәсілдерін білдіреді.



Екі жас келіншек иіскесті, танысты, қалжыңдасты, білісті. Білісті де сеністі, Ұлпан ақырын ғана Шынардың санын шымшып алды (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).

Бұл сорақы, сорлы ісімді көріп қойған Айша үн-түн жоқ, онсыз да аяздан тырсылдап тұрған құлағымның сырғалығын қолымен қыршып алғандай болды. Құлағым тыз етті (Ш. Мұртаза. Ай мен Айша).

Көркем мәтінде кездесетін төмендегі бейвербалды амалдар да «қазақ әйелі» концептісіне қатысты болуымен бірге қазақ мәдениетіне тән тұрмыс-тіршілікті адресаттың көз алдына айқын елестетуіне жәрдемдеседі. Мысалы,



Сүтін жайлап, ілегенін төгіп, күлін шығарып, ыдыс-аяғын жуып болған соң, Алтынай пештің түбіндегі шекпен жапқан қара аяққа ұн салып алып, жүресінен отырып, тоқыраңдап бауырсақ иледі (Ж. Аймауытов. Ақбілек).

Бозінген әлдебір қызық өсек айтады екен деп, кимешегін желкесіне қарай бір тартып, жампаңдап, құлағын таяй береді (Сонда, 196-б).

Пеш алдында ұршығының ұшымен ортаға салынған шоқты шұқып үнсіз апам отыр (Д. Исабеков. Гауһартас).

Шешесінің қасында тұрған Ұлпанды көздерімен ғана жанап өтті. Қыз балаға одан артық көңіл аудару ерсілік болатын. Қыз да бұлардың әрқайсысына көз қиығын серпе тастап, көзімен ғана амандасты (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).

Қыз Мүсірепті көрді де тұра қалды. Еркек алдынан өтпейтін салты бар екен (Сонда 97-б.)

  • Келдім ғой, әрең шықтым, - деген қыз, үнін сыбызғыдай сызылтты.

Маржан үнсіз кеп, кең етегімен тізесін қымтай отырды (С.Сматаев. Елім-ай).

Қазақ әйелінің көңіл-күйі, сезім әлемі, ішкі дүниесі нәзік болуымен бірге шытырманға толы, аса күрделі. Әйелдер жаратылысынан ерлерге қарағанда анағұрлым сезімтал. Осыған байланысты «әйелдік интуиция» деген жеке ұғым да қалыптасқан. Әйелдерде бейвербалды белгілерді олардың ұсақ-түйегіне дейін бірден байқап, тез арада айтылмақ ой мен емеурін, ишараны шешетін туабітті қабілет ерекше дамыған:

Орыс жырларындағы Владимир Красное Солнышконың немере қарындасы Любава Грекия жерінен келген ер адамның әйел екенін бірден таныған. Оның түсіндіруінше, гректің жүрісі майда, адымы жиі, ал отырғанда екі тізесін бірге жинап әйел адам ғана отыратындай қалыпта отырады [16, c.173].­

Мұндай көріністі атақты сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» повесінен де кездестіруге болады:

Қысқа қарай төрт қос жылқысына жайлы қоныс іздеп шыққан Есенейге арызын айтып келген батыл да балаң жігіттің қыз екенін ешкім сезбегенмен, ақынжанды түрікпен Мүсіреп қана байқап қалады:

Есеней ұзап бара жатқан бала жігітке әлі қарап тұр..


  • Қап, құйрығын түріп жіберіп дүрелеп алу керек еді өзін! – деді аңшы Мүсіреп қайта қызына бастап..

  • Апыр-ау, бұл кімнің қызы болды екен? – деп түрікпен Мүсіреп Есенейге қарады.

  • Қыз? – күні бойы Есенейдің аузынан шыққан екінші сөз осы еді.

  • Ие, қыз!.. «Міне, айыбым!» – дегенде көз құйрығымен өзіңді бір шарпып өткенде нағып байқамадың? Шарпып емес-ау, көз қиығын серпе тастап қарайтыны бар екен де!..(Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).

Заманның өзгерісімен бірге бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесіне де өзгерістер енуде. Осындай ана сүтімен енетін қасиеттерден бейхабар жас ұрпақ өкілдері ым-ишарат түрлерінен, олардың мағынасынан хабарсыз.

Еркек қаһарынан, қатын қасиетінен айрылды. Бұл күнде ұл жігерсіз, қыз бақытсыз. Шал шал болғысы келмейді, кемпір кемпірліктен қашқақтайды. Жасы кішілер долаң, емеурінмен ғана сездірілер, көз қиығымен ғана ұқтырылар, ишарамен ғана түсінісер өтініш, арыз, арман барынан таскерең, мылқау. Дүңк еткізіп қойып қалады сөзбен, тіпті өзара қарым-қатынастарының түрінен шошисың (М.Қожахметова. Жантәсілім).

Aл «Ымды білмеген дымды білмейді» деген халқымыздың қыздары мен әйелдері де өздерінің ішкі сезімін, ой-пікірін, таным-талғамын, көзқарасын сөз құдіретімен бірге ым-ишарамен де шебер, дәл білдіріп және өзгелердің көңіл күйін сезімталдықпен аңғарып отырған. Жоғарыда көркем мәтіннен алынған мысалдардағы бейвербалды амалдар, кинемалық бірліктер тек «қазақ әйелі» концептіне ғана қатысты болып қана қоймай, қазақ мәдениетіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүр, өмір сүру үрдісі, рухани-мәдени құндылықтар жөнінде де мол ақпарат алуға мүмкіндік береді.




      1. жүктеу 0,92 Mb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау