Дипломдық жобаға (жұмысқа) ТҮсіндірме жазба



жүктеу 10,35 Mb.
бет68/78
Дата14.05.2018
өлшемі10,35 Mb.
#12224
түріДиплом
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78
12 Тіршілік қауіпсіздігі
Еңбек жағдайына әсер етуші технологиялық процестер мен құрал-жабдықтардың және олардың механизациясы мен автоматтандырылудың

жетілген дәрежесінің сипаттамасы
Өндірісті механикаландыру ─ бұл энергияның түрлі әдістерін пайдалана отырып, қол еңбегін машинаға және механикаға ауыстыру болып табылады. Дизель отынын гидротазалау қондырғысында мұнай өңдеу саласының басқа да қондырғылары секілді механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі жоғары. Технологияның барлық сатылары механикаландырылған, ал өндірісті басқару оператор пультімен орындалады. Шикізатты және өнімді тасымалдау сатылары құбыр өткізгіштер арқылы орындалады. Шикізатты аппараттарға жүктеу автоматтандырылып, жоғары деңгейде механикаландырылған. Қондырғыны іске қосу және тоқтату бу сораптары көмегімен қолмен іске асырылады. Бұл сәтті ғана қол еңбегіне жатқызуға болады. Оператор осылайша өз ауысымында негізінен құралдарды қадағалап отырады.

Еңбекті механикаландыру деңгейі төмендегідей формуламен анықталады:


Б

А = ──────∙100%;

(Б+В)
мұндағы А ─ механикаландыру дәрежесі, %;

Б ─ механикаландырылған адам-сағат еңбегінің қосындысы;

В ─ адам-сағат қол еңбегінің қосындысы.

Бір тәулікте жұмыс атқаратын үш ауысым үшін төмендегідей есептеу жүргіземіз:

Б = 7,5 ∙ 3 = 22,5;

В = 0,5 ∙ 3 = 1,5;


22,5

А = ──────∙100 % = 94%

(22,5+1,5)
Ғимараттар мен құрылғылардың көлемдік жоспарлау жөніндегі шешімдер
Дизель отынын гидротазалау қондырғысы «Атырау МӨЗ» ЖШС территориясында орналасқан.

Мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсібінің ғимараттары мен құрылғыларын олардың көлемдік жоспарлау жөніндегі жұмыстарының сипаты бойынша былай бөлінеді:

а) бөлек тұрған, бір және көп қабатты;

ә) ашық алаңдар және этажеркалар;

б) дәліздері бар бөлек кабиналар;

в) ҚНжЕ – ІІ – 89 – 90 сәйкес блокталған тұлғалар.

Ғимараттар мен құрылғылардың, аппараттардың ара–қашықтығы өртке қарсы ПТУС – 02 – 62 нормаларына сәйкес келеді.

Дизель отынын гидротазалау қондырғысында жұмыс істеушілерді қауіпті кернеуден сақтау үшін барлық өндірістік бөлмелерде және сыртқы қондырғыларда токты жерге өткізу (жерлендіру) қарастырылған.

Этажеркалар мен алаңшалардан түсетін баспалдақтар 45º бұрышпен жасалынған, ені кем дегенде 1м, баспалдақтардың ені 0,5─0,6 м, баспалдақтар қадамы 0,2м. Желдету жүйелері ҚНжЕ 2.04─08─86 шарттарына сәйкестендірілген.

ҚНжЕ 254-71 бойынша екінші класқа жататын қондырғы ені 500 м санитарлы зонасын алып жатыр. ҚНжЕ 2.01.02-85 сәйкес өрт қауіптілігі бойынша қондырғы «Б» категориясына жатады. Ғимарат отқа төзімділігі бойынша отқа төзімділік дәрежесінің бірінші категориясына жатады.

Дизель отынын гидротазалау қондырғысындағы барлық жанғыш газдар мен булар, жеңіл тұтанушы сұйықтар қауіпті жарылғыштық класына жатады.
Өндірістік санитария жөніндегі шешімдер
а) Бөлмелерді желдету. Ауа тазалығын қалыпты ұстап тұру үшін өндірістік бөлмелерде тарту-шығару, желдету жүйесі қарастырылған. Ауаны тарту құрылғылары ғимараттардың сыртында, ауа неғұрлым аз ластанатын жерлерде орналастарылады. Ауаны қажетті кондицияға жеткізу үшін сүзгілер-калориметрлер қолданылады. Дизель отынын гидротазалау қондырғысында өндірістік бөлмелерін желдету ҚНжЕ 2.04─08─86 сәйкес жүргізіледі.

ә) Жылыту жүйесі. ҚНжЕ 2.0405-86 сәйкес қондырғы бөлмелерінің жылыту жүйесі бу жылуы арқылы жүреді. Бу қазандығынан шыққан бу жылу тасымалдағыш есебінде қолданылып бу құбыры арқылы бойынша қыздырғыш приборларға түседі де жылуын беріп, суға айналады. Конденсат құбыр арқылы қазандыққа кері қайтады.

Қондырғы Атырау қаласында орналасқандықтан, жылыту жүйесінің өндірістік жұмыс атқару бөлмелерінде болуы шарт. Жүйеге өндірістен шығатын ыстық техникалық су қолданылады. Жүйе өзіне сәйкес нормалар мен ережелерге сай келуі тиіс.

б) Метеорологиялық шарттар. Дизель отынын гидротазалау процесін басқару оператор бөлмесінде жүргізіледі. Оператор бөлмесіндегі жұмыс ауырлық дәрежесі бойынша І категорияға жатады. МЕСТ 12.1.005─76 сәйкес мұндай бөлмелер үшін мынадай метеорологиялық шарттар қарастырылған:

─ жылдың жылы мезгілінде: ауаның температурасы 20-25ºС, ылғалдылығы 40-60%, ауаның таралу жылдамдығы 0,2м/с көп емес;

─ жылдың суық мезгілінде: ауаның температурасы 20-25ºС, ылғалдылығы 40-60%, ауаның таралу жылдамдығы көп дегенде 0,4м/с;

Микроклимат параметрлері берілген деңгейде тарту-шығару желдету жүйесі және кондиционерлеу көмегімен іске асырылады.

в) Жарықтандыру. Оператор бөлмесіндегі жұмысты орташа дәлдіктегі көз жанары жұмысына жатқызады, өйткені ажырату обьектісінің өлшемі 0,5÷1мм ҚНжЕ ІІ-4-79 сәйкес табиғи жарықтың нормаланған коэффиценті ТЖК-2,4%. Жобалауда бөлмелерді күндізгі жарық беру лампаларымен жарықтандыру 12.1 кестеде келтірілген.

г) Жұмыс істеушілерге санитарлық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету. ҚНжЕ-92-76 сәйкес дизел отынын гидротазалау процесі өндірістік процестердің тобына жатады. Жоба бойынша бөлек тұрған ғимаратта орналасқан тұрмыстық бөлме қарастырылған. Барлық жұмыс орындары дәрі-дәрмек қобдишасымен және алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті құралдармен жабдықталған. Мұнай өңдеу зауыты территориясында медпункт қарастырылған. Арнайы душ бөлмелері және қол жуғыштар қарастырылған.

д) Жеке қорғану құралдары. Зауыттың жұмысшылары тәртіпте орнатылғандай арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, арнайы азық-түлікпен және басқа құралдармен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу керек. Зиянды өндірістік факторлардың жұмысшыларға әсерін азайту құралдары мен жұмыс жағдайларын реттеу құралдары кіретін жеке және ұжымдық қорғану құралдары қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғауды, сонымен қатар жарықтандырудың қалыпты деңгейін, шу мен дірілдің мүмкін деңгейін, механизмдердің тетіктері мен бөлшектерімен қозғалатын зақымданудан қорғауын, биіктіктен құлағанда қорғауын және басқа құралдарды қамтамасыз ету керек.

Жеке және ұжымдық қорғану құралдары еңбек қауіпсіздігінің сәйкесінше стандарттарының талаптарына сәйкес болу керек.

Қондырғыда жұмысшылардың жеке қорғану құралдарының келесілері қолданылады:



  • мақта қағаз матасынан дайындалған арнайы киім (күртеше, шалбар), қыста – жылы киім МЕСТ-12.4.103-83;

  • тері бәтеңкелер МЕСТ -12.4.103-83;

  • құрама қолғаптар МЕСТ -12.2.003-74;

  • компрессорлар мен сораптардың машинистеріне арналған диэлектрлік етіктер;

  • амин ерітінділерімен жұмыс істеуге арналған резеңкелік етіктер мен резеңкелік қолғаптар, резеңкелік фартук, қорғау көзілдірігі МЕСТ 14.2.003-74;

  • БКФ маркалы газ тұтқыштар МЕСТ 12.4.034-85;

  • қорғағыш каска;

Қысқы кезеңде қосымша бөлінеді:

  • жылы киім (мақта);

  • жылы етік.

Жарылуға қауіпті аумақтағы объектілерге статикалық электр зарядын жинайтын темір шегелі аяқ киіммен және киіммен шығуға рұқсат етілмейді.

Зиянды булар мен газдың концентрациялары 0,5% (көлемдік) жоғары болғанда, оттегінің ауадағы мөлшері төмен (18% көлемнен төмен) жерлерде, сонымен қатар жөндеу, тазалау және байқау бойынша құдықтарда, қабылдағыштарда, резервуарларда, сыйымдылықтарда, пештерде, басқа жабық аппаратураларда ПШ-1 және ПШ-2 түріндегі тұйықтаушы шлангалы газқағар құралдар қолданылады.

Қондырғыда тағы да маскалардың әртүрлі өлшемдерімен сүзгілеуші газқағар құралдардың апатты кешенді және қосалқы сүзгілеуші қораптар мен шлангалы газқағар құралдардың апатты жабдығы бар.

Одан бөлек қондырғы зақымданушыға бірінші көмек көрсетуге арналған қажетті медикаменттердің медициналық қорапшасымен жабдықталған.

Қызмет етуші персонал арнайы киімді және қорғану құралдарын дұрыс күйінде және тазалықта ұстауға міндетті.

Қондырғыда норма бойынша болу керек:



  • асбест төсеніші;

  • киіз;

  • құм;

  • өрт сөндіргіштер.

Жану аумағы кіші кезінде және өрт аумағының төмен температурасында бастапқы сатыда өрт сөндірудің біріншілік құралдары қолданылады: киіз, өрт сөндіргіштер, су буы, сөндіру көбігі.

Барлық газ тұтқыштар жұмыстың алдында тексеруден өтеді.

Басты мүмкін деген жарақаттардан сақтау үшін жұмыс істеушілер МЕСТ 12.4.091-80 бойынша қорғағыш каскалармен қамтамасыз етіледі. Қондырғыда болған жағдайларда касканы міндетті түрде киіп жүруі қажет. Бұдан бөлек қондырғы сыйымдылықтар, колонналар, құдықтар ішінде жұмыс істеуге арналған маскалардың кешені бар шлангалы газ тұтқышпен және құтқару белдігімен жарақталған:


  • респираторлар мен қорғағыш көзілдіріктермен МЕСТ 12.4013-85;

  • сүзгілі газ тұтқыштардың апатты жағдайларға арналған қорымен;

  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық қобдиша.

Кесте 12.1 – Дизель отынын гидротазалау қондырғысындағы бөлмелерді жарықтандыру




Қондырғының өндірістік бөлмелері


ҚНжЕ II-4-79 бойынша көру

жұмысының разряды



Табиғи жарықтандыру коэффициенттерінің мәні ( ТЖК, %)


Жалпы жұмысшы жасанды

жарықтандыру, лк




жоғарғы және комбинирленген жарықтандыруда




жанынан жарықтандыруда

люминисцентті лампаларда

қыздыру лампаларында




норма бойынша




нақты

норма бойынша




нақты

норма бойынша




нақты

норма бойынша




нақты

оператор

IV

4

жоқ

1,2

1,4

150-500

212

50-100

жоқ

компрессор

VI

2

жоқ

0,4

0,8

150-500

жоқ

50-100

84

ыстық сорап

VI

2

13,7

0,4

0,73

150-500

жоқ

50-100

61

қозғалтқыш бөлімшесі

VIII

3

жоқ

0,2

0,8

150-500

жоқ

50-100

60

желдету камерасы

VIII

0,7

жоқ

0,2

0,7

150-500

жоқ

50-100

55

кабинет

IV

4

жоқ

1

1,5

150-500

230

50-100

жоқ

Ағза үшін зиянды заттарды бейтараптандыру мақсатында қондырғының барлық жұмысшыларына әр ауысымда сүт берілу керек.

Дұрыс емес өрт сөндіру жүйесі объектте пайдалануға рұқсат етілмейді.

е) Шу және вибрация (діріл). Жұмыс орнының шекті шу сипаттамасы МЕСТ 12.1.003-73 және ҚНжЕ3223-85 шарттарында қарастырылған.

Шу мен вибрациядан қорғау шараларын дайындаған кезде МЕСТ 12.1.029-80 басшылыққа алады.

Шу мен вибрациядан қорғанып, оны төмендетуге:


  • олардың шыққан жеріндегі шу мен вибрацияны азайту арқылы;

  • шу мен вибрацияның шығатын жерін дыбыс пен вибрация қорғау құралдарымен оқшаулау арқылы;

  • архитектуралық-жобалық шешіммен, бөлмелерді акустикалық өңдеу арқылы қол жеткізіледі.


Технологиялық процесті жүргізу және құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Дизель отынын гидротазалаудың технологиялық процесі жоғары температура мен 4 МПа қысымда мұнай өнімдерін өңдеумен байланысты.

Қондырғыда сұйық және газ тәріздес мұнай өнімдерінің өрт қауіпсіздігі МЕСТ 12.0003-74 сәйкес анықталады.

Процесс реакция өнімдері мен күшті уытты қасиеттерімен ерекшеленетін құрамында күкіртсутегі бар көмірсутекті газдарды алумен байланысты болғандықтан қызмет етуші персоналдың денсаулығы үшін зиянды болып келеді.

Дизель отынын гидротазалау қондырғысында біршама қауіпті орындары: көмірсутекті газдардың жиналып қалуы мүмкін газ компрессорының бөлмесі, дизель отынын тұрақтандыру блогы, зертханалық талдауға арналған газ тәріздес сынаманы алу орындары, реакторлардың, пештердің блогы, өнеркәсіптік канализация және кері сумен қамтамасыз етудің барлық құдықтары.

Қондырғының жобасы бойынша жұмыс аймақтарының ауасына жұмыс істеушілерге зиянды әсер ететін көлемде зиянды газдар мен буларды бөлу қарастырылған МЕСТ 12.01.005-78 бойынша зиянды заттардың жұмыс аймағында, бөлмелерде және ашық алаңдардағы шекті концентрациясы бекітілген.

Бензин, дизель отыны және т.б. дизель отынын гидротазалау қондырғысының өнімдері уытты болып табылады, сонымен қоса ІV кластағы қауіпті заттарға жатады да, өкпенің шырышты қабығына өте зиянды әсер береді. Сұйық өніммен тікелей жанасқанда тері аурулары, мысалы, экзема пайда болады. Қондырғыдағы температура немесе қысымның кілт ауытқуы немесе оның шекті мәнінен артып кетуі апатты жағдайға, соның салдарынан тұтануға, зиянды заттардың таралуына бөлмелер мен қондырғы территориясының газдануына әкеліп соғуы мүмкін. Қондырғыдағы қауіпсіз жұмыс біліктілікке және қондырғыда жұмыс істеушілердің тиянақты қызмет көрсетуіне, сондай-ақ, қауіпсіздік техникасын және технологиялық режимді қатаң сақтауға байланысты.

Жұмысқа арнайы дайындықтан өтіп, жұмыс орнына жіберілуге емтихан тапсырған және қауіпсіздік техникасынан нұсқау алған кісілер жіберіледі.

Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқаулар мен қағидалар қон- дырғыларда болуы тиіс, оларды білуді және сақтауды қадағалап отыру қажет. Сонымен қатар, бақылау құралдарының жұмыс күйінде болуын жүйелі түрде тексеріп отыруы қажет.

Жобаланушы қондырғының өрт қауіптілігі 12.2 кестеде келтірілген.
Өндірістік эстетика жөніндегі шешімдер
Жұмыс істеушілер арасындағы қолайлы психологиялық климат және көңіл-күйі көтеріңкі болуы үшін жобаланушы қондырғыда бірқатар іс-шаралар қарастыру қажет. Мұндай шараларға қондырғының тек бөлмелерде ғана емес, мүмкіндігінше бүкіл өндірістік, әкімшілік, т.б. территорияларда тазалықты сақтау керек. Ішкі қондырғылардың бояуы көзді тітіркендірмеуі тиіс, яғни ұсынылатын көк, жасыл, сары немесе ақшыл түстес бояуларды қолданған дұрыс. Адамдар жұмыс істейтін немесе демалатын бөлмелерді көгалдандыруға баса назар аудару қажет. Қондырғы территориясындағы мүмкін болған жерлерді көгалдандыру эстетикалық келбет береді. Мәселен, темекі шегілетін орын алдын-ала таңдалынып алынған, өндірістік қондырғылардан аластатылған жерде орналасып, мүмкіндігінше таза, оқшауланған болуы және негізгі демалыс орындарынан бөлек тұруы тиіс. Зауыт территориясында (әкімшілік ғимараттарда) құрмет тақтасының орнатылғаны дұрыс деп саналады. Хабарландыру, құттықтау, сөгіс жариялау тақталарының болуы шарт.
Өрт қауіпсіздігі
Өндірістің қауіптілігі шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің, өндіріс қалдықтарының құрамы мен сипаттамасына негізделген.

Қондырғыда қолданылатын және алынатын шикізат, жартылай фабрикаттар, дайын өнім, отын өзінің химиялық құрамы бойынша негізінен көміртек пен сутектен тұратын төмен молекулалы органикалық қосылысты құрайды. Сұйық көмірсутектер қалыпты жағдайларда (200С температура, 760 мм сынап бағанасы қысымы) жоғары дәрежеде буланғыштыққа ие, ал сұйылтылған газдар осы жағдайларда тек газ тәріздес күйде болуы мүмкін.

Ауаның оттегімен қоспасындағы көмірсутектердің булары жоғары жанғыштық қабілеттілігіне ие, ал оттегімен белгілі концентрацияларда тотығып, жарылыс тудыруы мүмкін.

Көмірсутектердің адам ағзасына әсері әртүрлі және ол көмірсутектердің класына байланысты болып келеді. Адам ағзасына біршама зияндысы қос және үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектер, сонымен қатар ароматикалық көмірсутектер болып табылады.

Бензин, дизель отыны сияқты сұйық көмірсутектер теріге тиген кезінде терінің құрғақтылығын және қабынуын тудыруы мүмкін.

Шикізатты өңдеудің өнімдерінің булары мен газдары бас ауруын, бас айналуын, құсуды, мүмкін психикалық бұзылуларды тудыратын наркотикалық қасиеттерге ие. Зиянды газдардың үлкен мөлшерін иіскеу естен тануға, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметінің бұзылуына, өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Қондырғыда қолданылатын сілтінің сулы ерітінділері, сонымен қатар өнімдер қышқыл және күкірт қосылысы сілтілермен өзара әрекеттесуі әсерінен материалдар коррозиясын тудыратын және адам ағзасына зиянды әсер етуін тудыратын қосымша қауіптілікті тудыртады.

Сілтінің теріге тиіп кетуі ұзақ кезеңге дейін жазылмайтын күйікті тудыртады, әсіресе аэрозол түріндегісі.

Қондырғыда қолданылатын цеолиттер, катализаторлар оларды салу, шығару кезінде жұмыс жерінің шаңдатылуын тудыруы мүмкін.

Өндірістік регламент іс-шараларын орындауда технологиялық процесті жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары маңызды, сондықтан да технологиялық процесті жүргізу кезінде келесідей негізгі қажеттіліктерді орындау керек:



  • жеке құрал-жабдықтарды пайдалану бойынша осы регламент пен нұсқауларға сәйкес коммуникация мен құрал-жабдықтардың жұмыс режимін дұрыс әрі нақты ұстау керек;

  • әрбір екі сағат сайын құрал-жабдықтар мен коммуникацияларды, алаңшаларды, құдықтарды көзбен байқап жүру керек, режимді парақтарда режим параметрлерінің тіркеліп отыруын қадағалау керек;

  • коммуникациялардың мұздатылуын тоқтату үшін үнемі немесе ағымды айдау, қыздыру жолымен кемістіктерді анықтау және жою;

  • реакторлар, кептіргіштердің жұмысын жүйелік түрде талдау және олардың регенерациясын өз уақытысында шешім қабылдай білу керек;

  • майдың сулануы мен ластануын тоқтататын іс-шараларды қабылдайтындай май сапасын, май жүйесін, компрессорлардың жұмысына айрықша назар аудару керек;

  • айналмалы судың коррозиялық қабілетінің жоғары болуын ескеріп, өз мезгілінде жұмыстан өшірілуінің шараларын және бұзылған құрал-жабдықтардың жөнделуін қадағалау керек;

  • факелге немесе канализацияға тастандылардың жоғарылауын тудыратын технологиялық операцияларды болдырмау керек;

  • шикізаттың, энергоресурстардың, тауарлы өнімнің мөлшері мен сапасының, сонымен қатар ЖЭО пен аралас цехтармен байланысты операция өзгерістерін ауысым бастығымен және зауыт диспетчерімен келісіледі.

Дизель отынын гидротазалау қондырғысында өрт бола қалған жағдайда бірмезгілде оны өшірумен бірге тез арада мұнай өнімдерінің келуін тоқтату керек және аппаратура мен құбырларды мұнай өнімдерінен босату керек.

Қондырғыда өрт бола қалған жағдайда:



  • сораптардың жұмысын тоқтату керек және ағынды жабу керек;

  • құбырлардағы бұрылғыларды жабу керек;

  • өртке қарсы құралдарды іске қосу керек;

  • кезекші электрші арқылы сорапты стансаның электр желілер жүйесін өшіру керек;

  • терезелер мен есіктерді жабу керек (жабық түріндегі сорапта);

  • сорапқа бу беру немесе өртке қарсы құралдарды іске қосу керек.

Өрт шыққан жағдайда пеште бу өшіруді қосып, форсункаға отын беруді тоқтау керек (отын жүйесінде бұрандаларды жабу керек) , шикізат сорабын тоқтатып, пештің апатты бұрандаларын ашу керек және иректерді бумен үрлеу керек.

Дизель отынын гидротазалау қондырғысында өрт сөндірудің келесідей құралдары болады: өрт сөндіргіштер, құмы бар жәшіктер, асбест төсеніші, өрт суының тұрақты мониторы, өрт суының шашыратуының тұрақты жүйесі, бу бүркелуін автоматты реттеудің тұрақты жүйесі.

Өрт суын бүркіп шашыратудың тұрақты жүйесі келесідей құрал-жабдықтарға қарастырылған: 20-Z-401, 20-Z-402, 20-V-401, 20-V-402, 20-V-001, 20-V-002, 20-V-003, 20-C-001, 20-C-002 A/B, 20-D-001, 20-D-003, 20-D-004, 20-D-009, 20-D-012.

Дизель отынын гидротазалау қондырғысында BC, ABC ары-бері тасымалдайтын құрғақ химиялық өрт сөндіргіштер, құрғақ химиялық дөңгелек ABC өрт сөндіргіштері қолданылады.

Құрғақ химиялық BC (9 кг) өрт сөндіргіші сораптағы және т.б. мұнай өнімдерін сөндіру үшін арналған.

Құрғақ химиялық ABC (5 кг) өрт сөндіргіші электр құрал-жабдықтары орналаспаған жерде өрт ошақтарын сөндіру үшін арналған.

Дөңгелек ABC (50 кг) өрт сөндіргіші қауіпті құрал-жабдықтың жанында орналасады (компрессор, тиеуші тетіктері және т.б.).

Қондырғы территориясында өрт сөндірудің біріншілік құралдарын орналастыру үшін өрт сөндіруге арналған өрт сөндіргіштер, құмы бар жәшік, асбест төсеніші, күрек, зембілдер орнатылған.

Жарылуға қауіпті ғимараттарда және жарылуға қауіпті сыртқы қондырғыларда жарылуға қауіпті қоспалардың топтары мен категорияларына сәйкес жарылудан қорғалумен орындалған электр құрал-жабдықтары қабылданған.

Өндіріс кәсіпорындарын жобалау шарттарына ҚНжЕ 2.09.03-85 сәйкес дизель отынын гидротазалау қондырғысы өрт қауіптілігі бойынша «А» (бірінші) категориясына жатады. Өндіріс кәсіпорындарының қосалқы ғимараттарын жобалау нормалары ҚНжЕ ІІ-92-76 бойынша секция өндірістік процестің ІІІб тобына жатқызылады. Дизель отынын гидротазалау процесі ҚНжЕ бойынша жарылыс қауіпі жоғары қондырғыларының бірі. Қондырғының жарылыс қауіптілігін анықтайтын өнімдерге бензиннің, дизель отынының, көмірсутекті газдарының булары жатады. Олар оттегімен қосылып, ұшқын немесе от болған кезде жарылысты қоспа түзеді. Жоғары қысым және температураларда жұмыс істейтін және газ бен бу тәріздес күйдегі өнімдердің үлкен мөлшері жиналатын аппараттардың болуы территорияның газдануына әкеліп соғады. Процесс қызмет етуші кісілердің денсаулығына зиянды болып табылады.

Неғұрлым қауіпті орындар:


  • Газ компрессорлары;

  • Реактор блогы;

  • Пеш блогы;

  • Ашық тұрған сораптар;

  • Құдықтар;

  • Зертханалық талдауларға сынама алу орындары.

Жобаланушы дизель отынын гидротазалау қондырғысындағы өрт қауіпсіздігінің жалпы іс-шаралары мыналар болып табылады:

  • қауіпті технологиялық қондырғылардың оқшау орналасуы;

  • құрал-жабдықтардың, аппараттардың бірігу орындарының герметикалылығы және технологиялық режимді қатаң сақтау.

Қондырғыда төмендегідей өрт сөндіру құралдары бар:

  • өртке қарсы су құбырлары жүйесі;

  • реактор блогы, қайнатқыштар, ыстық және суық сораптар бойынша өрт сөндіру жүйесі;

  • өртке қарсы құралдары, киіз, құм;

  • көбіктік өрт сөндіргіштер, ОП, ОУБ-7 көмірқышқылды өрт сөндіргіштер;

  • әрбір аппаратты өрт жағдайында оқшаулағыш бу жапқышы.

Өрт қауіпті бөлмелерден шығар жерде өрт хабарлағыштар орналасады. Қондырғыда сыртқы өрт сөндіру кәсіпорынның өртке қарап су құбыры желіне орналасқан өрт гидранттармен іске асырылады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың нақты әсер етуіне қарсы іс-шараларды инженерлік тұрғыдан дайындау
Бензин, дизель отыны төгіліп, шашырағанда күшті газдану пайда болып, жарылыс қауіпі төнеді. Дизель отынын гидротазалау процесін жүргізу кезінде төгіліп, жайылып кеткен өнімдер территориядан судың көп мөлшерімен бетіндегі мұнай өнімі қабықшаға жайылғанша шайылады. Қызмет етуші кісілер мұнай өнімі төгіліп қалғанда, оны жою кезінде газ тұтқышпен жұмыс істеу қажет.

Мұнай өнімі төгіліп қалған жағдайда:

─ тиісті құбырдың немесе аппараттың қысымы төмендетіледі (сорап тоқтатылады және т.б) де, төгілу себептерін жою шаралары қарастырылады;

─ төгіліп қалған мұнай өнімін жоюға кіріседі.

Технологиялық процесті бақылау, бақылау-өлшеу приборларымен, дистанциялық басқару, өндірісті аналитикалық бақылауды қолдану арқылы іске асырылады. Өндірістік қондырғылардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін дабыл беру жүйесі әрқашан қосылған күйде болуы тиіс.
Кесте 12.2 – Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің өрт қауіптілігі және уыттылығының көрсеткіштері


Атауы

Агрегат күйі

Тұтану темпера- турасы,ºС

Өздігінен тұтану темпера-турасы,ºС

Уыттылығының сипаттамасы

(адамға әсер етуі)



МШК, мг/м3

Заттың

қауіпті-лік класы



1

2

3

4

5

6

7

1 Бензин

сұйық

-50-30

415-530

Бензиннің және басқа да көмірсутектердің буларының көп мөлшерін жұту естен танып қалуға, өлімге әкелуі мүмкін.

100

4

2 Дизель

отыны


сұйық

>400

360

Ауадағы концентрациясы төмен болғанда ұзақ уақыт бойы жұту созылмалы ауруларға әкеліп соғады.

300

4

3 Көмірсу-

текті газ



газ



650-750

Ұзақ жанасу кезінде құрғақтылық пайда болады.

300

4

4 Күкірт-

сутек


газ





345-380


Құрамында 1 мг/г және жоғары күкіртсутегі бар ауаны жұтқанда улану бірден жүреді. Естен тануда тыныс алудың тоқтауынан тез өлім-мен аяқталуы мүмкін. 0,7 мг/г концентрацияда 15-30 минут жұту лоқсу, құсу, көздің тітір-кенуіне әкелуі мүмкін.



4

5 Сутегі

газ



570

Әлсіз сілтілік қасиеттерімен түссіз жанғыш газ.







6 Моно-этаноламин

сұйық





МЭА әлсіз сілтілік қасиеттеріне ие. МЭА буларын жұту орталық жүйке жүйесінің, бауырдың қан айналымының, демалу ағзаларының бұзылуын







12.2 кесте жалғасы


1

2

3

4

5

6

7













тудырады. Теріге тигенде дерматит пайда болады.







7 Коррозия ингибиторы (25%-ды ерітінді қолданы-лады)

сұйық





Коррозия ингибиторы уыттылығы аз зат болып табылады, кәдімгі жағдайлар-да кенеттен болатын және созылмалы аурулар тұрғысынан қауіпті.Теріге абай болу керек.







8 Инертті

газ


газ





Иіссіз және түссіз инертті газ. Концентрациясы жоғары болғанда оттегінің аздығынан тұншығуға әкеліп соғады.









Қорғағышты жерге тұйықтау есебі
Қорғағышты жерге қосу электр оқшаулаудың бұзылу жағдайында, кернеу астында қалған электр құрылғының ток жүрмейтін бөліктеріне тиіп кету (жанасу) кезінде, электр тогымен зақымданудан қорғау үшін тағайындалады. Қорғағышты жерге қосудың физикалық мәні болып қорғағышты құрылғының металды корпусының арасында алдын – ала құрылған және жермен арасындағы электрлік қосылу адам денесімен салыстырғанда аз, ол шектеп берілетін мәнге дейтін адам денесі арқылы ток күшін төмендетуге мүмкіндік береді.

Жерге қосылғыштар. Бір ұшы жерге қосылғыштар байланыстырушы құрылғылардың негізгі конструктивті және есептік элементі болып табылады. Жерге қосылғыштардың табиғи және жасанды түрлері болады.

Табиғи жерге қосылғыштар. Табиғи жерге қосылғыштар ретінде келесілер қолданылуы мүмкін:

  • жерге көмілген су құбырлары және басқа да оқшаулаумен қоршалмаған металл құбырлар жатады, оған жанғыш және жеңіл тұтанатын сұйықтықтар құбырлары, жанғыш және жарылғыш газдар мен қоспалар, шойын құбырлар және құрылыс алаңдарындағы уақытша құбырлар кірмейді;

  • әр түрлі мақсаттағы обсадты құбырлар;

  • жермен тікелей байланыстағы ғимараттар және құрылғылардың темір бетонды және металды конструкциялары;

  • жерге көмілген кабельдердің қорғасын қабыршақтары және т.б.

Жасанды жерге қосылғыштар. Жасанды жерге қосылғыштар ереже бойынша тік және көлденең электродтар болып табылады. Тік электродтар ретінде диаметрі 10 – 16 мм, ұзындығы 4...5 м болатын стержендер немесе тақтаның қалыңдығы 4мм және ұзындығы 2,5 ... 3 м үшбұрышты болаттар қолданылады.

Конструктивті жерге тұйықтау бірнеше тік стерженді жерге тұйықтағыштар түрінде, жердің анықталған тереңдігіне дейін кіргізілген түрінде және параллельді көлденең жалғанған кесінді жолақ түрінде болады. Жерге тұйықтауда көпшілік жағдайда оның кедергіленуі жерге төсендісінің меншікті кедергісіне тәуелді. Жер төсендісінің меншікті кедергісі ρ топырақтың және жылдың уақытысына тәуелді.

Топырақтың есептелетін меншікті кедергісі келесі формула бойынша есептеледі:

ρесептелетін=Ψ*ρ;


мұнда Ψ – маусымның коэффициенті, Ψ=1,3;

ρ – топырақтың меншікті кедергісінің кесте бойынша мәні, ρ=100 Ом•м.


ρесептелетін=1,3*100=130 Ом•м
Жеке түтікшелі жерге тұйықтағыштың ағу кедергісі мына формуламен есептеледі:


мұнда - жерге тұйықтағыштың ұзындығы, =5м;

жүктеу 10,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау