14
̶ Ресми мобильді қосымшалар дүкендерінен алынатындықтан,
пайдаланушыға сенімділік ұялатады;
̶ Нативті қосымшалар үшін өзінің жеке төлем жүйесін жасап
шығарудың еш қажеті жоқ. Олар негізінде операциялық жүйені өндірген
компанияларының төлем жүйесін пайдаланады.
Кемшіліктері:
̶ Әр платформа үшін өзінің шешімін жазуға тура келеді;
̶ Әр платформа үшін түрлі технологияларды білуді қажет
ететіндіктен қосымша басқа нұсқаларына қарағанда қымбатырақ тұруы
мүмкін;
̶ Қосымшаларды сату кезінде операциялық жүйені өндіруші-
компаниялар сатудан түскен пайданың 30%-ын ұстап қалады.
Нақты платформаны сипаттайтын пайдаланушы интерфейсінің
барлық қыр-сырын толығымен көрсетеді және операциялық жүйенің
барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға ерік беретіндіктен нативті
қосымшалар мобильдік қосымшалар арасындағы ең тиімдісі.
Гибридтік қосымшалар - нативті қосымша мен веб-қосымша
арасындағы ымыралы нұсқа. Бұл веб-дамыту құралдарын пайдаланғысы
келетіндер үшін өте ыңғайлы, бірақ, мобильді операциялық жүйенің
көптеген жүйелік мүмкіндіктеріне қол жеткізгісі келетендер үшін емес.
Қосымша веб-құралдарын пайдалану көмегімен жазылады, содан кейін
барып нативті платформаларда таратылады.
Артықшылықтары:
̶ Кроссплатформалылығы. Бірқатар платформалар үшін бір код жазу
жеткілікті.
̶ Гибридтік қосымшалардың құрылғылардың бірқатар жүйелеріне
рұқсаты бар.
̶ Әр мобильді операциялық жүйелер үшін арнайы жазылатын
қосымшалары нативті қосымшаларға қарағанда арзанырақ болып келеді.
Веб-қосымшаға қарағанда жылдам жұмыс істейді.
̶ Нативті қосымшалармен қатар мобильді қосымшалар дүкендері
арқылы сатылып алынады.
̶ Платформаға байланысты қосымшалардың әртүрлі стилін
пайдалана алады.
Кемшіліктері:
̶ Гибридтік қосымшалар құрылғылардың жүйелік мүмкіншіліктеріне
нативті платформаға арналған кейбір плагиндердің көмегі арқылы қол
жеткізеді. Бұл қосымшаның өнімділігін біршама төмендетеді;
̶ Қосымшаның стилі ауысуы мүмкін, бірақ қосымшаның логикасы
платформасына қарамастан сол қалпында қалады. Бұл белгілі бір
платформаның пайдаланушылық интерфейс қағидаларына сай келмеуі
мүмкін;
̶ Гибридтік қосымшалар пайдаланушы интерфейсінің барлық
ерекшеліктерін және платформаның жалпы стилін суреттей алмайды.
15
Гибридтік қосымшалар кроссплатформалылығы жағынан көз
тартымды, жазу жағы мен жүйелік міндеттерін пайдалану мүмкіншіліктері
жағынан қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ пайдаланушылық
интерфейсі пен өнімділігі жағынан нативті қосымшаларға жол береді.
Қорытынды.
Мобильді
қосымшаларды
әзірлеудің
үш
нұсқасының
артықшылықтары мен кемшіліктеріне толықтай талдау жасалып,
смартфонның әртүрлі датчиктерін пайдаланатын, платформаның барлық
қорларын тиімді пайдаланатын және кез-келген платформа үшін типтелген
интерфейс құруға мүмкіншілік беретін, ең жылдам және оңтайландырылған
қосымшаны құру үшін нативті қосымша құруға шешім қабылданды.
1.2 Техникалық тапсырма
1.2.1 Жүйені құрудың мақсаты мен міндеттері
«AUP&ET Guide» қосымшасы Алматы энергетика және байланыс
университеті бойынша навигацияны жеңілдету үшін және университет
қабырғасында өткізіліп жатқан соңғы оқиғаларға оперативті түрде қол
жеткізуге арналған бағдарлама.
Жүйені құрудың мақсаттары:
̶ Университет бөлімшелері туралы ақпаратқа қол жеткізуді,
университет ғимаратының қала картасы бойынша орналасқан жерін
анықтау, факультеттер туралы байланыс ақпараттарымен жылдам
қамтамасыз ету.
̶ Университет ғимаратындағы дәрісханалардың бос және бос емес
екендігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
̶ Университет қабырғасында өтіп жатқан іс-шаралардан хабардар
ету.
«AUP&ET
Guide»
қосымшасын
құру
нәтижесінде
келесі
көрсеткіштерге қол жеткізілуі қажет:
̶ Университет
бөлімшелеріндегі
ақпараттарға
қол
жеткізу
жылдамдығы.
̶ Университетте өткізілетін іс-шаралар жайлы ақпарат және оны
ұйымдастыру уақыты жайлы ақпаратқа қол жеткізу жылдамдығы.
̶ Университет территориясында бағдар алудың қолайлылығы.
1.3 Жүйеге қойылатын талаптар
Жүйені өзгерістерге бейімдеу үшін қойылатын талаптар:
̶ бөлімшелер жайлы ақпаратты уақтылы жаңартып отыру;
̶ жаңа талаптарға сәйкес архитектура мен интерфейсті жетілдіру;
̶ серверді уақтылы әкімшіліктендіру;
̶ пайдаланушы/қолданушылардың ұсыныстарына шұғыл әрекет ету.
16
Жүйенің сенімділігіне қойылатын талаптар:
̶ шешілетін
мәселелер
топтамаларына
сәйкес
техникалық
құралдарды пайдалану;
̶ мобильді қосымша дүкеніне жарияламастан бұрын бағдарламалық
жасақтаманы мұқият тестілеуден өткізу;
̶ қосымшаны іске асыру үшін тексеруден өткен бағдарламалық
жасақтамыны пайдалану.
Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар:
̶ Университет қызметкерлері мен бөлімшелері жайлы ақпаратты
сақтау.
̶ Сұраныстар бойынша ақпараттар беру.
̶ Ақпараттардың тұтастығын қамтамасыз ету.
̶ Ақпараттың экран бетінде анық көрсетілуін қамтамасыз ету.
Бағдарламалық жасақтамаға қойылатын талаптар: қосымша Windows
8 операциялық жүйесі орнатылған компьютерде, Visual Studio 2012 және
Windows Phone 8 бағдарламалау ортасында жасалынуы тиіс. Статикалық
ақпараттарды сақтауға арналған деректер қоры нативті SQL CE болуы
қажет.
1.4 Бағдарламалау тілін таңдау
Объекті бағдарланған программалау - қазіргі программалау тілдерінің
негізгі технологиясы. Бұл технологияда негізгі мүше объект болып
табылады және программаның басқа бөлігінен тәуелсіз, кейбір
функционалдық есептерін шешу үшін оның бөліктері де жеткілікті. Соңғы
кезде объекті бағдарланған технология негізінде кез-келген Windows-
қосымшаны немесе Web-қосымшаны құруға арналған жалпы платформа
қажет болды. Бұл мәселені Microsoft корпорациясының програмистері
шешті және жаңа технологиялар мүмкіндіктері қолданылатын .Net
платформасын құрды.
Net Framework платформасы – қолданбалы программаларды құруға
және орындауға арналған базалық платформа. Платформа негізгі екі
компоненттен тұрады: жалпы тілді орындау ортасы және класстар
кітапханасы.
Microsoft
.Net
платформасында
жиырмадан
астам
программалау тілі (C++, Visual Basic, C#, Delphi) қолданылады және
кітапханадағы бір тілдің модулі екінші тілге қолдану мүмкіндігі бар.
Объекті бағдарланған программалау тілдерінің негізгі концепциясы –
құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады.
Объектілер дегеніміз бірнеше рет қолданылатын программалық
модульдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады.
Күрделі программалар бірнеше біртипті объектілерді қолдануы мүмкін. Бұл
жағдайда әр объект үшін әдістер мен айнымалылар туралы информацияны
жазу тиімсіз. Бұл мақсатқа объектілер класы деген түсінік енгізілген. Класс
дегеніміз біртипті объектілерге арналған шаблон және объектілі
Достарыңызбен бөлісу: |