22
CoreApplication Windows Phone 8 үшін негізделген қосымшаның жаңа
үлгісін ұсынады. Бұл үлгі пайдаланушы интерфейсі үшін Direct3D-ні
қолданатын нативті қосымшалардың мүмкіндіктерін пайдаланады.
Win32/Com басқарылатын қосымшаларда пайдаланылуы мүмкін. Бұл
қосымшаның екі үлгісі платформаның негізгі қызметтеріне негізделген.
Package Manager қосымшаның өмір сүру кезеңінде қосымшаның
барлық метадеректерін сақтауға, қосымшаны өшіруге және орнатуға жауап
береді. Ол тек қандай қосымшалар орнатылғаны мен аттестатталғанына
ғана жауап бермейді, сонымен бірге қосымша көрінетін барлық жерлерде
және пайдаланушы бастапқы экран бетіне орнатқан қосымшалар жайлы
ақпаратты сақтайды.
Execution Manager қосымшаның өмір сүру кезеңінде қосымшалардың
орындалуымен байланысты барлық логиканы басқарады. Қосымшаны іске
қосу/өшіру/ деактивациялаумен байланысты оқиғаларды орындайтын
хостинг-процестер құрады. Ол қосымшаның фондық процестеріне арналған
мәселелерді шешеді, сонымен қатар олардың орындалу ретін анықтайды.
Navigation Server телефондағы активті қосымшалар арасындағы
ауыстыруларды басқарады. пайдаланушы старттық экрандағы қосымшаның
белгісін таңдағанда, ол старттық экраннан таңдалған қосымшаға өтеді.
Resources Manager интерфейстің жылдамдығы үшін жауапты болып
табылады. Ол, әсіресе, орталық процессор мен жадты пайдалану үшін,
барлық белсенді процестер арқылы жүйе ресурстарын пайдалануды
бақылайды және осы процестердің санын шектейді. Егер қосымша немесе
фондық процесс бөлінген ресурс пулынан асатын болса, ол аяқталады.
2.2 Windows Phone қауіпсіздігі
Қазіргі заманғы смартфондар пайдаланушылардың өте көп жеке
ақпараттарын сақтайды. Бұл ақпараттар жақсы қорғалулары тиіс.
Windows Phone қауіпсіздік моделі –процесс құрылып орындалатын
оқшауланған
контейнерлердің
қауіпсіздік
моделіне
негізделген.
Контейнерлер жүйесіне рұқсат жүйе арқылы тағайындалады. Мысалы,
электрондық пошта бағдарламасы өз бетiнше камераны аша алмайды,
себебі бұл оның негізгі функциясы болып табылмайды.
Егер қосымшаға смартфонның пайдаланушы контактілері немесе
орналасқан жерін анықтау сияқты қосымша функцияларын пайдалану
қажет
болса,
онда
бұл
функциялар
2.2-суретте
көрсетілген
«Мүмкіншіліктер» тізімінде болулары тиіс. «Мүмкіншіліктер» тізімі
смартфон функцияларын бақылау механизмдерінің жиынтығы ретінде
пайдаланылады. Жүйе конгтейнерге рұқсат беруі тиіс. Қосымшаны құру
үшін қажетті функциялардың тізімін жасаушы адам өзі көрсетеді.
23
Сурет 2.2 - Windows Phone қосымшасының мүмкіншіліктер тізімі
Қосымшаға қажетті смартфонның барлық мүмкіншіліктері қосымша
беттерінде көрсетіледі, пайдаланушы қажетті мүмкіншіліктерге рұқсат
беруді және оны орнату орнатпауды өзі шешеді.
2.3 Қосымшаның тіршілік кезеңі
Windows Phone қосымшаларының тіршілік кезеңдерінде үш күйі бар.
2.3-суретте бейнеленгендей әр уақыт нүктесінде қосымшаның болуы немесе
қосылуы, қосылмауы, немесе тоқтатылуы мүмкін.
Белсендірілу/Қосымшаны іске қосу.
Қосымша тек іске қосылмай тұрған жағдайда ғана іске қосылады.
Қосымшаны іске қосқанда қосымшаны жүктейтін басқару элементтері
орналастырылады және оқиғаларды өңдейтін тіркеулерді іске асыратын
пайдаланушы интерфейсі инициалданатын экран-заставкасы пайда болады.
Бұл уақыт бес секундтан аспауы қажет, әйтпесе қосымша мүлдемге іске
қосылмайды. Қосымшаны іске асыру барысында жанама іс-әрекеттерді қосу
24
үшін App.xaml.cs. файлында инициалданатын Application_Launching әдісін
толтыру қажет.
Белсендірілу
Үзіліс
Жаңарту
Аяқталу
Сурет 2.3 - Қосымшаның тіршілік кезеңі
Қосымшаны жаңарту.
Қосымшаны тек тоқтатылған жағдайда ғана жаңартуға болады.
Қосымшаны жаңартқанда ол үзіліс режиміне дейін қандай жағдайда болса,
сол қалпына қайтып келеді. Қосымшаны жаңарту кезіндегі басқа
әрекеттерді іске асыру немесе қосымшаның тоқтатылған күйінде сақталған
мәліметтерді жүктеу үшін App.xaml.cs. файлында инициалданатын
Application_Activated әдісін толтыру қажет.
Қосымшаның тоқтатылуы.
Қосымша тек іске асып тұрған жағдайда ғана тоқтатылуы мүмкін. Бұл
жағдай, пайдаланушы басқа қосымшаға ауысқанда немесе құрылғыны
блокқа қойған кезде, немесе мәзірге ауысқан уақытта болуы мүмкін.
Қосымша тоқтатылған жағдайда, ол жадта сақталады, сондықтанда
пайдаланушылар іске қосылып тұрған қосымшалар арасында ауыстырыла
алады. Бірақ, операциялық жүйе жадта бос орынның жетіспеуінен жадты
босату үшін қосымшаны тоқтатуы мүмкін. Егер қосымшаның іске
асырылуы аяқталса онда, ол жадтан түсіріледі және өз жұмысын тоқтатады.
Бұндай жағдайда операциялық жүйе қосымшаны аяқталуы жайлы хабардар
етпейді, сондықтан қосымша тоқтатылған жағдайда барлық мәліметтерді
сақтау
қажет.
Бұны
жасау
үшін
App.xaml.cs
файлындағы
Application_Deactivated әдісін толтыру қажет.
Қосымшаның аяқталуы.
Қосымша тек іске қосылып тұрған жағдайда, немесе қосымшаның
басты бетіндегі кері батырмасын басқан кезде, немесе операциялық жүйе
арқылы тоқтатылған жағдайда ғана аяқталуы мүмкін. Бұны жасау үшін
App.xaml.cs файлындағы Application_Closing әдісін толтыру қажет.
Қосылулы
Қосылмаған
Тоқтатылған