2.2.3.1 «Адал» АӨК сиыр лейкозын серологиялық балау
ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесінде ИДР-ң меңгеру әдісін меңгердім.
Әдістің мәні жануардың қан сарысуында иммунодиффузия реакциясы көмегімен ірі қара малдың онковирусын С түріндегі антигендерге қарсы преципитирлеуші антиденелерін анықтауға негізделген.
Зерттеуді өткізу. Антиген мен бақылау сарысуын жоба сызық бойынша енгізеді. (А) антигенін ортаңғы ұяшыққа енгізеді, 2 диаметралді қарма-қарсы ұяшықтарға бақылау сарысуы (Бс) құйылады. Қалған шеткері ұяшықтарға (1, 2, 3, 4) сыналатын қан сарысуы құйылады. Табақшалардағы гелдің шетіндегі нүкте сыналатын сарысуы бар ұяшықтар нөмерленуін көрсететін болады. Компоненттерді ұяшықтарға енгізу үшін залалсыздандырылған түтікшелерді қолданады. Барлық ұяшық толтырылған соң табақшаларды қақпақтармен жауып, ылғалды камерада 18-ден 270 C-ға дейінгі температурада сақтайды.
Сурет 4 - Вирусология бөлімі боксында СЛ-на ИДР-сын қою
Реакцияны 48-72 сағаттан соң есептейді. Табақшаларды қарарда фокустелген жарық сәулесін табақша түбіне 30-450 бұрышында бағыттап қарайды. Реакцияны преципитаттың бақылау сызығы бойынша бағалайды. Егер ол болмаса қайта орындайды.
Агар геліндегі иммунды диффузия реакциясын қою және бағалау жобасы төмендегі 5-ші кестеде келтірілген.
Кесте - ИДР нәтижесін оқу
Ескерту: 1-теріс реакция беретін сарысу; 2-оң реакция беретін сарысу; 3-әлсіз оң реакция беретің сарысу; 4-екінші приципитация сызығы бар оң реакция беретін сарысу; 5-күрт оң реакция беретін сарысу; 6-өзіндік емес приципитация сызығы бар оң реакция беретің сарысу; 7-өзіндік емес приципитация сызығы бар теріс реакция беретін сарысу; 8-опалесценция аймағы бар теріс реакция беретін сарысу; А - ірі қара мал онковирусының антигені; БС - ірі қара мал онковирусының гликопротеидті антигеніне қарсы бақылау сарысуы
Нәтижелерді өңдеу: Онковирус антигендеріне қарсы өзіндік антиденелер болуы мен титіріне байланысты сарысулар оң, теріс және күмәнді реакция беретіндерге жіктеледі. Оң реакция беретін қан сарысуына: егер антиген мен сыналатын сарысу ұяшықтар арасында приципитация сығызы пайда болып, бақылау сызығымен қосылса, 2-ші жағдай (сызбаны қараңыз); егер сарысулы және антгенді ұяшықтар арасында прициптация сызығы болмаса, алайда бақылау сызығы сыналатын сарысу ұяшығы қасында антиген ұяшығына бағытталған имекті сызық тудырса, 3-ші жағдай. Егер сыналатын сарысу ұяшығына жақын орналасып, сарысуды екінші антигенге қарсы ірі қара малдың С типіндегі онковирусы антиденесі (р24) бар екендігін білдіретін екінші приципитация сызығы пайда болса, 4-ші жағдай. Егер бақылау сызығы сыналатын сарысу ұяшығы жағынан айтарлықтай қысқарса және антигенді ұяшық жағында айқын емес имекті сызық жасаса немесе антигенді ұяшықты өте жақын орналасса, 5-ші жағдай.
Ескерту: егер осындай сарысуды 1:4 не 1:8 қатынасында араластырса айқындалады. Егер өзіндік емес приципитация сызығы пайда болса 6-шы жағдай.
Теріс реакция беретін қан сарысуына: егер приципитацияның бақылау сызығы саналатын сарысу ұяшығына дейін имексіз созылса не аздаған имекті бақылау сарысуына қарай жасап созылса 1-ші жағдай. Егер өзіндік емес приципитация сызығы туындаса, 7-ші жағдай. Осы кезде ол бақылау сызығымен тоғысады. Егер приципитациялаудың бақылау сызығы өзіндік емес приципитациялау сызығы болуына орай нашар көрінетін болса- сарысуды күмәнді реакция беретін деп санайды.
Күмәнді реакция - оң реакция беретін сарысудың теріс реакция беретін ұяшығындағы агар астына құйылуы не теріс реакция беретін сарысудың оң реакциясындағысымен контаминациялануы нәтижесінде туындалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеуді қайта орындайды.
2.3 Экономикалық тиімділікті есептеу
Сиыр лейкозы Адал АӨК -де 1992 жылдан бастап тіркелген. Бұл аурудың таралуы жөнінде материалдар, індеттанулық зерттеу, клинико-гематологиялық тексеру нәтижелері осы шаруашылықта жиналған. Бірақ экономикалық тиімділік тек соңғы 5 жылда есептеліп келеді.
Экономикалық шығын өлген мал санымен, лажсыз сойылған мал, жарамсыздыққа ерте шығару нәтижесінде сүт өнімін толық ала алмау, алған өнім сапасының төмендеуін есептеу арқылы шығарады.
1. Шаруашылықта 5жыл (2002-2007жж.) ішінде лейкоздан 8 сиыр өлген. Қазіргі уақытта 1кг ет бағасы 500теңге. Орта есеппен сиыр 463 кг ет береді. Малдың өліміне байланысты шеккен зиян: 8*500*463=1852000 теңге.
2. Шаруашылықта лейкоз салдарынан 203 сиыр етке өткізілді. Оның 57-ін ветеринарлық-санитарлық тексергенде ішкі мүшелерінде лейкозға тән өзгерістер болған. Малдың орташа салмағы 463 кг (57*463=26391). Патанатомиялық өзгеріспен өткізілген ет салмағы 26391кг. Оның 7% өтелдеуге жіберілді. Лажсыз сойылған малдан шеккен шығын 1847 кг.
3. Шаруашылықта жылына 100 сиырдан 73 бұзау алынады. Осы жылдары 203 сиыр етке өткізілді. Олардан 148 бұзау алуға болар еді. Әр бұзау 1500 теңге тұрады. Малды уақытынан ерте етке өткізу салдарынан алынбай қалған бұзаудан келген шығын: 1500*148=220000 теңге.
5. Бухгалтерлік есеп беру мәліметі бойынша 1 сиырдан жылына 306 кг сүт алады. Әр бұзауға 225 кг сүт беріледі. Етке өткізілген мал саны 203 бас. (3006-225)*203=5645т. Ерте жарамсыздыққа шығару салдарынан шаруашылық 5645т. cүт ала алмаған.
3 ҚОРЫТЫНДЫ
Сиыр лейкозы дамыған сүт бағытындағы шаруашылықта кездесетін аурулар ішінде бірінші орында тұр. Бұл бүкіл дүние жүзінде кең тараған ауру. Лейкоз “Адал” АӨК-де 1992 жылдан бастап тіркелгенін ескерсек, 15 жыл ішінде ауру кең етек жайып бара жатыр. 2004-2006 жж. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижесін талдасақ, басқа обылыстарға қарағанда Еңбекшіқазақ ауданында өршіп тұр. Мысалы, 2004-2006 жылдар аралығында Жамбыл ауданынан 2053 қан тексеріліп, теріс нәтиже алынған. Қарасай ауданынан 2394 қан тексеріліп онда да теріс нәтиже алынған 2004ж. 2004 ж. Іле ауданынан 570 қан сарысуы тексеріліп, 14-і оң нәтиже берді. 2005 ж. 450 қан сарысуы өткізіліп, оның 37 оң нәтиже берді. 2006 ж. 597 қан сарысуы тексеріліп, 58-і оң нәтиже берген. Яғни, 3 жылдың ішінде 1617 мал басы лейкозға тексеріліп, 109-ы (6,7%) оң реакция берген. Талғар ауданында 2004ж. 687 малдың 70-і, 2005ж. 594 малдың 38-і, ал 2006ж. 705 малдың 86-ы лейкозға оң нәтиже берген. 3 жылда 2056 малдың 194-і (9,4%) лейкозға шалдыққан. Қапшағай қаласында 2004ж. 745 малдың 35-і, 2005ж. 694 малдың 7-і, 2006ж. 379 малдың 19-ы оң реакция берген. 3 жылда 1818 бастың 61-і (3,3%) лейкозға оң нәтиже берген. Еңбекшіқазақ ауданынан 2004ж. 1200 бастың 280-і , 2005ж. 1600 бастың 375-і, 2006ж. 2000 бастың 520-ы лейкозға оң нәтиже берген. 3 жыл ішінде 4800 сиыр қан сарысуының 1175-і (24% ) оң нәтиже берген. Барлық Алматы өңірі бойынша 2004ж. 4627 малдың 399-ы (8,6%), 2005ж. 6615 малдың 457-і (6,9%), 2006ж. 4961 малдың 683-і (13%) лейкозға шалдыққан. Сондықтан қазір тиісті шара қолданбаса, басқа да аудандарда кең тарап кету қаупі бар. Себебі мал еш кедергісіз сыртқа сатылуда.
4 ҰСЫНЫС
1. “Адал” АӨК-де сауықтыру шараларының жоспарын жасау.
2. Жылына 2 рет сиырларды жаппай лейкозға серологиялық әдіспен балау жүргізу керек.
3. Сиыр лейкозына оң нәтиже берген малды оқшаулап, сою керек.
5 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Сайдулдин Т. Ветеринариялық індеттану. 2-том Алматы, 1999. - Б.181-189.
2. Васильев Н.Т., Румянцева Н.В. Лейкозы сельскохозяйственных животных. М.: «Колос» 1975. – 380 c.
3. Бурба Г., Валиханов А.Ф., Горбатов В.А. Лейкозы и злокачественные опухоли животных. М.: Агропромиздат, 1988. - 173 c.
4. Miller J.M. Serological detection of bovine leukemia virus infection.- Vet. Microbiol., 1976. - 195.
5. Ressang A.A. et al. Studies on bovine leucosis: Further experience with an enzyme-linked immunosordent assay for detection of antibodies to bovine leucosis virus. – Luxemburg, 1980. – 68 .
6. Конапаткин А.А., Бакулов И.А., Нуйкин Я.В. Эпизоотология и инфекционные болезни сельскохозяйственных животных. М.: Агропромиздат, 1984 - 570 с.
7. Дульцин М.С., Коссирский И.А., Раушенбах М.О. Лейкозы Этиология Патогенез Клиника Лечение. М.: Медицина, 1965.- 432 с.
8. Берзиня Д. Сравнительные клинико- гематологические исследования и ветеринарно-санитарная оценка мяса крупного рогатого скота, больного лейкозом. Рига, 1973. – 520 с.
9. Голубцев Д.Б., Шлянкевич М.А. Современные аспекты вирусной теории происхождения злокачественных новообразований. Л.:Агропромиздат, 1942.- 345 с.
10. Козлов Н.А. Изменения в печени крупного рогатого скота при разных формах лейкоза // Ветеринария, 1968. - 400 с.
11. Лактионов А.М. Этиология лейкозов крупного рогатого скота. // Всесоюзный симпозиум по проблеме лейкозов сельскохозяйственных животных. Харьков, 1972. - 14-15 c.
12. Шиллер Н.Н. Цитологическая диагностика злокачественных новообразований. Атлас. М., Медицина, 1964. - 296 c.
13. Лемеш В.М. Лейкоз крупного рогатого скота - Минск: Ураджай 1978. -190-192 c.
14. Бусол В.А. Эпизоотология лейкозов крупного рогатого скота М.: Агропромиздат, - 190 c.
15. Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией. - Л.: Агропромиздат. 1978. – 276 с.
16. Сюрин В.Н., Фомина Н.В. Частная ветеринарная вирусология. М.: Колос, 1979 - 211с.
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
“Адал” АӨК сүт фермасы болғандықтан, жұмысшылардың жеке басының гигиенасын сақтаудың маңызы зор, себебі сүт арқылы әртүрлі арулар таралуы мүмкін. Сауыншылар және басқа да сүтке қатысы бар адамдар үнемі дене тазалығын сақтауы керек, әсіресе киімдері, қолдары таза болуы керек, және тырнақтарын қысқа алып тастайды.
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитарлық шаралар жиынтығы малшыларды аурулардан сақтандыруды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз ету керек.
Малшылар еңбекті қорғау ережелерімен танысу үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.
Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның негізгі мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кешеннің ішкі тәртібімен таныстыру.
Кезеңді нұсқау мал шаруашылығы үшін айда бір рет жүргізіледі, оған барлық малшылар қатысады.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етілуі тиіс. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік жатады. Алайда “Адал” АӨК басшылары қызеткерлерді арнайы киіммен қамтамасыз етпейді. Сауыншылар үй халатымен, еденнің бетондалғанына қарамастан үйге арналған аяқ киіммен жұмыс істейді. Жұмыс аяқталған соң қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киюі керек. Бірақ, мұндай жағдай қарастырылмаған.
Мал шаруашлығы жұмысшыларын мамандық ауруына шалдығудан сақтау үшін кешенді шаралар жүргізіледі: мал қора-жайында оптимальді микроклимат жасау, тиімді желдеткіш және канализация орнату, жүйелі түрде дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу, ауру малды оқшаулау және емдеу, территорияны көгалдандыру және т.б.
ҚОСЫМША
Достарыңызбен бөлісу: |