ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ атындағы шЫҒЫС қАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК университетІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
ШҚМУ ӘН 001-15
Екінші басылым
көшірме № _________
Өскемен 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ атындағы шЫҒЫС қАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК университетІ
БЕКІТЕМІН
Ректор
_________ Ә.Ө.Қуандықов
«____»____________2015ж
САПА менеджментІ ЖҮЙЕСІ
НҰСҚАУЛЫҚ
|
Екінші басылым
|
ШҚМУ ӘН 001-15
|
Барлық беттер саны: 28
|
Дипломдық жұмысты орындау бойынша
|
Енгізілу күні:
«___»________2015 ж.
Бірінші тексерілу уақыты 2018 ж.
Тексерілу мерзімі 3 жыл
|
Жасалды:
Сапа менеджменті, мониторинг және
болжау бөлімі бастығы
|
Н.Б.Әлімбекова
|
Ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бастығы
|
Б.З.Медеубаева
|
келісілді:
Сапа бойынша басқарма өкілі
|
Б.А.Ердембеков
|
Оқу-әдістемелік жұмысы
жөніндегі проректор
|
А.Б.Мырзағалиева
|
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және бақылау бөлімі бастығы
|
Г.Қ.Жақиянова
|
Мазмұны
1
|
Қолдану саласы............................................................................................
|
4
|
2
|
Нормативтік сілтемелер..............................................................................
|
4
|
3
|
Анықтамалар…………………....................................................................
|
4
|
4
|
Белгілеулер мен қысқартулар....................................................................
|
4
|
5
|
Жалпы ережелер..........................................................................................
|
5
|
6
|
Диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы........................................
|
5
|
7
|
Диплом жұмысының жазылу ережелеріне қойылатын талаптар........................................................................................................
|
7
|
8
|
Өзгертулер....................................................................................................
|
12
|
9
|
Келісу, сақтау және тарату.........................................................................
|
12
|
Қосымша А..........................................................................................................
|
14
|
Қосымша Б..........................................................................................................
|
15
|
Қосымша В..........................................................................................................
|
16
|
Қосымша Г..........................................................................................................
|
18
|
Қосымша Д..........................................................................................................
|
19
|
Қосымша Е..........................................................................................................
|
20
|
Қосымша Ж.........................................................................................................
|
21
|
Қосымша И..........................................................................................................
|
22
|
Қосымша К..........................................................................................................
|
24
|
1 Қолдану саласы
1.1 Осы дипломдық жұмысты дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулық (ары қарай нұсқаулық) диплом жұмыстарын дайындауға қойылатын жалпы талаптарды анықтайды.
1.2 Осы әдістемелік нұсқаулық бойынша барлық жұмыстарды стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі бастығы және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бастығы үйлестіреді.
1.3 Осы әдістемелік нұсқаулық Университеттің ішкі нормативтік құжаты болып табылады және менеджмент жүйесіне тексеру жүргізетін сертификациялық ұйымдардың аудиторлары мен Ректордың рұқсатымен тұтынушы-серіктестерден басқа жақтарға берілмейді.
2 Нормативтік сілтемелер
2.1 Осы Ереже келесі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып жасалды:
2.1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2.1.2 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
2.1.3 Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу» Заңы;
2.1.4 Университеттің жарғысы;
2.1.5 ШҚМУ ҚП 001-12 «Құжаттарды басқару»
2.1.6 ШҚМУ ӘН 01-12 «СМЖ құжаттарын рәсімдеу талаптары»
3 Анықтамалар
3.1 Осы әдістемелік нұсқада нормативтік құжаттарда пайдаланылған терминдер мен анықтамалар қолданылады.
4 Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы;
ҚР БҒМ - Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі;
ШҚМУ - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
СБӨ - Сапа бойынша өкілі;
СД және ҒЖЖ проректоры - Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры;
ОӘЖЖ проректоры - Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры;
СММжББ - Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі;
ҚБЖ - Құрылымдық бөлімшелер жетекшісі;
СМЖ - Сапа менеджмент жүйесі;
ҚҚЕжББ - Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі;
ӘН - Әдістемелік нұсқаулық;
ҚП - Құжаттамалық процедура.
5 Жалпы ережелер
5.1 Осы әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты диплом жұмыстарына қойылатын жалпы талаптарды анықтау болып табылады.
5.2 Диплом жұмысы жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса, жоғары оқу орнында оқушылар оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындайды.
5.3 Диплом жұмысы мынадай мақсатта әзірленеді:
1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;
2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;
3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзыреттілік жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтау.
5.4 Диплом жұмысы белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселелесін, зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды;
5.5 Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
1) ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;
2) зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;
3) нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.
6 Диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы
6.1 Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы.
6.2 Диплом жұмысының көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет (кейбір жағдайларда гуманитарлық мамандықтар бойынша 100 бетке дейін). Қосымшалар диплом жұмысының көрсетілген көлеміне енгізілмейді.
6.3 Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- мұқаба (сыртқы беті) (Қосымша А);
- титул беті (Қосымша Б);
- диплом жұмысының орындалуына тапсырма (Қосымша В);
- мазмұны (Қосымша Г);
- кіріспе (Қосымша Д);
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі (Қосымша Е);
- қосымшалар(Қосымша Ж).
6.4 Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы,
- студенттің тегі және аты-жөні,
- диплом жұмысының тақырыбы,
- жұмыстың түрі-диплом жұмысы,
- мамандықтың атауы және коды,
- қала және жыл.
6.5 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы,
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы,
- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының тақырыбының, атауы,
- мамандықтың атауы және коды,
- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,
- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,
- бір жол төмен «нормабақылаушы» және тегі мен аты жөні,
- қала және жыл көрсетіледі,
6.6 Диплом жұмысының мазмұны беттердің нөмірлері көрсетілген кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, қосымшаларын қамтиды. Мазмұнының беті «2» санымен нөмірленеді.
6.7 Кіріспе бөлім диплом жұмысының өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.
6.8 Диплом жұмысының негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.
Диплом жұмысының негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).
6.9 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.
6.10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді. Әдебиет көздері қолданылу ретімен орналастырылады.
6.11 Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.
6.12 Диплом жұмысындағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының авторы - өз мойнына алады.
7 Диплом жұмысының жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
7.1 Диплом жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-Times New Roman, қалыпты, кегль 14.
Диплом жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.
Мәтін ішінде түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Мәтін мен тақырып арасында екі бос жол қалдырылады.
Абзац, тарау жене тараушалар жол басынан 15 мм шегініп барып жазылады.
7.2 Диплом жұмысының орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.
7.3 Дипломдық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.
7.4 Диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.
7.5 Диплом жұмысын бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.
Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.
7.6 Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.
7.7 Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бірінші әрібін бас, қалғанын кіші әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.
Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
7.8 Диплом жұмысының беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.
7.9 Мұқаба диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмірленуіне қосылмайды.
7.10 Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.
7.11 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.
А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.
7.12 Диплом жұмысының бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.
Мысал
1 Типтік және негізгі мөлшері
1
Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі
.1
1.2
1.3
2 Техникалық талаптар
2
Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі
.1
2.2
2.3
7.13 Диплом жұмысының әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.
Мысал
[Жоғары мектеп өзінің кәсіби қызметінің әлеуметтік, экономикалық, саяси, адами және есепке алатын мамандар даярлауы қажет. Сонымен бірге жоғары білімді мамандар алуан түрлі құралдарды пайдаланып, биік адамгершілік, елжандылық, мемлекет аралық экологиялық саясатты жүргізе алатындай болуы керек.
2.3 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптық көлемі ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор. Ол үшін оқушылардың экологиялық білімді игеруі мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілетіні анықталып отыр.]
7.14 Диплом жұмысының беттері және қосымшасы, диплом жұмысының құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.
7.15 Диплом жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) тікелей бірінші рет ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналасуы керек.
Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.
7.16 Диплом жұмысында орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.
7.17 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс .
7.18 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін (сурет астындағы мәтін). Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1 Банк жүйесінің құрылымы
7.19 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет.
Мысал
Шығыс Қазақстан обылысының атмосфералық ауасына шығарылған ластаушы заттардың шығарындыларының динамикасы келтірілген, одан атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар эмиссиясының шамалы төмендеу беталысы ластаушы заттар эмиссиясының шамалы төмендеу беталысы 5-суретте көрініп тұр.
Сурет 1 Атмосфераға шығарылып отырған ластаушы заттар көлемі
Егер сурет атауы 2 жолдан коп болса, онда ол келесі турде болады:сурет атауының екінші жолы, сурет атының бірінші әріпі астында орналасады
Сурет 1 Атмосфераға шығарылып отырған ластаушы заттар көлемі
мың тонна
7.20 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «Кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.
7.21 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру қарастырылады.
7.22 Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.
7.23 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.
Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.
7.24 Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.
7.25 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
7.26 Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.
7.27 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшері 12 кегель болуына рұқсат беріледі.
Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.
7.28 «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріптен басталып жазылуы және сызылмауы тиіс.
7.29 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материялдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.
7.30 Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріптен басталып жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.
Таблицаларды рәсімдеу үлгісі Қосымша Ж көрсетілген.
7.31 Дипломдық жұмыста формула редактор формул көмегімен жазылады. Ол Times New Roman шрифт, кегль 14 курсив қолдануға болады.
Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.
7.32 Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.
7.33 Диплом жұмысындағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.
7.34 Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.
7.35 Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.
Мысал
Ч.Дарвин «Түрлердің шығуы» деген еңбегінде органикалық дүниенің дамуына байланысты көптеген экологиялық байқауларын келтірген. Дегенмен, ғылымда «Экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол «Экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген «экология» сөзін дәлме-дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым», деген грек сөзінен шыққан. [1, 21б.]
7.36 Дерек көздері туралы мәлімет диплом жұмысының мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
7.37 Қосымшалар осы диплом жұмысының жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.
7.38 Диплом жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
7.39 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.
Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.
7.40 Қосымшалардың диплом жұмысының қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс. Қосымша алфавиттің әріптерімен және бас әріптен жазылады.
Мысал. Қосымша А
(Қосымшада қолданылмайтын әріптер З, Й, О, Ъ, Ы, Ь)
7.41 Мәтін ішіндегі тізбелеу әріптермен, сандармен немесе дефис арқылы бас жолдан басталады.
8 Өзгертулер
8.1 Әдістемелік нұсқаулыққа өзгерістер мен қосымшалар СБӨ рұқсатымен енгізіледі және оның қолы қойылып, өзгеріс туралы хабарлама түрінде құжатталады. Өзгеріс туралы хабарлау парағы белгіленген үлгіге сәйкес хатталады және осы әдістемелік нұсқау бар барлық құрылымдық бөлімшелерге беріледі. Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшалар ҚР ШҚМУ 001-13 талаптарына сәйкес енгізіледі. Сақтауға берілген әдістемелік нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы хабарламаны әзірлеуші бөлімше шығарады. Әдістемелік нұсқаулыққа өзгерістерді ҚБЖ өзгерістерді және қосымшаларды тіркеу парағына белгілей отырып енгізеді;
8.2 Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін СММжББ жауапты;
8.3 Әдістемелік нұсқаулықты тексерулердің мерзімділігін есепке алу парағына міндетті түрде белгілей отырып, ҚБЖ үш жылда кем дегенде бір рет қайта қарайды.
8.4 Әдістемелік нұсқаулыққа өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін мыналар негіз бола алады:
заң күші бар нормативтік-құқықтық актілерге жаңадан енгізілген өзгерістер мен қосымшалар;
ректордың бұйрықтары;
- СБӨ рұқсатымен енгізілген өзгерістердің себебі көрсетілген ҚБЖ қызметтік жазбасы;
8.5 Ұйымның немесе құрылымдық бөлімшенің атауы өзгертілген кезде әдістемелік нұсқау ауыстырылуы керек.
8.6 Ауыстырылған әдістемелік нұсқаулық күшін жоғалтқан жағдайда университеттегі барлық даналар алынып, жаңасымен ауыстырылуы тиіс.
8.7 Ескірген әдістемелік нұсқауды алу және ауыстыруға ҚБЖ және СММжББ жауапты.
8.8 Ескірген ережеге «Жойылды» деген белгі, жою негіздемесі, күні және «Жойылды» деген белгіні қойған тұлғаның қолы қойылып, мұрағатқа жіберіледі. Мұрағаттық құжаттар жұмысқа пайдаланылмайды.
9 Келісу, сақтау және тарату
9.1 Әдістемелік нұсқаулықты Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келісуді ҚБЖ жүзеге асырады.
9.2 Әдістемелік нұсқаулықты ҚБЖ әзірлейді.
Әдістемелік нұсқаулықпен мыналар келіседі:
- СБӨ;
- Сапа бойынша басқарма өкілі;
- ОӘЖ жөніндегі проректоры;
- СММжББ бастығы;
- құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы.
9.3 Әдістемелік нұсқаулықты ректор бекітеді және жойылғанға дейін әрекет етеді.
9.4 Әдістемелік нұсқаулықтың түпнұсқасы құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде сақталады және оның сақталуы үшін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы жауапты болады.
9.5 Құрылымдық бөлімшенің барлық жұмысшыларының әдістемелік нұсқаулықтың мазмұнымен жеке танысуы үшін ҚБЖ, кадрлар бөлімінің бастығы және құқықтық қолдау жауапты.
9.6 Әдістемелік нұсқаулықтың есепке алынған жұмыс даналарын құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі таратады.
9.7 Әдістемелік нұсқаулықтың есепке алынған жұмыс данасының бөлімшеде сақталуы үшін ҚБЖ жауапты.
Қосымша А
Мұқаба әзірлеу нұсқасы
2 см
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
(1 жолақ калдыру)
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Иванов И.И.
3 см
1 см
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»» мамандығы
Өскемен 2015
2,5 см
Қосымша Б
Титул беті нұсқасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
|
«Қорғауға жіберілді»
«___»_______________2015
«Қазақ тілі »
кафедрасы меңгерушісі
______________Е.Е. Енсепова
|
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдер туралы зерттеу жұмысы»
5В011700 – «Қазақ тілі» мамандығы бойынша
Орындаған КК-11-В
тобының студенті
|
И.И. Иванов
|
Ғылыми жетекші
аға оқытушы
«__»_________2015ж
|
П.П. Петров
|
Нормабақылаушы
|
Н.А. Горбаткина
|
«__»_________2015ж
|
|
Өскемен 2015
Қосымша В
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақста мемлекеттік университеті
________________________________________________________ мамандығы
Дипломдық жұмысты орындау үшін берілген
ТАПСЫРМА
Студентке _________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
Жұмыстың тақырыбы __________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
университет бойынша «____»_______2010 ж. № _______ бұйрықпен бекітілген.
Аяқталған жұмысты тапсыру уақыты____________________________________________________________
Жұмысқа берілген бастапқы мәліметтер __________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________Дипломдық жұмыста қарастырылуға тиісті сұрақтар немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны:
__________________________________________________________________
а)_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
б)_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қосымша В жалғасы
в)_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Сызбалық материалдар тізімі __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер __________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыс бойынша жүргізілетін кеңестер, жұмыстың тараулары көрсетілген
тарау кеңесші, кафедра
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма берілген күн ______________________________________________
Кафедра меңгерушісі ____________________ _______________________
Қолы А.Ж.Т.
Жұмыстың жетекшісі _______________ __________________________
Қолы А.Ж.Т.
Тапсырманы орындауға
қабылдаған студент _____________________ _____________________
Қолы А.Ж.Т.
Күні _________
Қосымша Г
Мазмұны
(беттің ортасында бас әріптен жазылады, беттің саны 2 көрсетіледі)
Кіріспе
|
|
4
|
1
|
Экологиялық тәрбие мен білім беру мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері
|
8
|
|
1.1
|
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
|
8
|
|
1.2
|
Экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы
|
17
|
|
1.3
|
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үлгілері
|
21
|
|
2
|
Жаратылыстану пәндері арқылы берілетін экологиялық білім мен тәрбие
|
27
|
|
2.1
|
Жалпы білім беретін мектептердегі жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру
|
27
|
|
2.2
|
Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары
|
35
|
|
2.3
|
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
|
39
|
|
2.4
|
Сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру
|
51
|
|
2.5
|
Тәжірибелік – эксперимент жұмыстарының нәтижелері
|
57
|
|
Қортынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша А Топырақ эрозиясы
Қосымша В Топырақ құрамы
|
61
|
|
63
|
|
65
|
|
66
|
|
2
Қосымша Д
Кіріспе
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, тірі организмдердің генетикалық қорының азаюы, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтардың жинақталып айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Кейбір аймақтарда жағдайлардың ауырлағаны соншалық тежеуге келмейтін апаттар, болашағын пайымдап білуге болмайтын құбылыстар қаупі өсіп келеді. Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде бастан кешіріп отырған экономикалық дағдарысты одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ұшығуына итермелеп отыр.
Қосымша Е
Әдебиеттер тізімі
1. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы : оқу құралы / Ә. Табылдиев. – Алматы : Санат, 2001. – 320 бет.
2. Қoянбаев Ж. Б. Педагогика : университеттер студентттеріне арналған оқу құралы / Ж. Б. Коянбаев, Р. М. Коянбаев. – 3-ші басылым. – Алматы, 2004. – 420 бет.
3. Тоқтаров С. Т. Жылжымалы ойындарды ұйымдастыр : әдістемелік нұсқаулар / С. Т. Тоқтаров, А. Н. Өскембаев, Ж. Қ. Аңғышбаев. – Өскемен : ШҚМУ Баспасы, 2003. – 34 бет.
4. Нұрғалиева Г. Қ. Салыстырмалы педагогика : оқулық = Сравнительная педагогика : учеб. для вузов / Г. Қ. Нұрғалиева, А. Қ. Құсайынов, Қ. С. Мусин. – Алматы : Рауан, 1999. – 176 бет. – Яз рус., каз.
5. Оспанова Б. А. Жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялық прогрестерді дамытудың жалпы тенденциялары / Б. А. Оспанова, Қ. Ә. Жұмағұлова // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Бастауыш мектеп және дене мәдениеті сериясы = Вестник КазНПУ им. Абая. Сер. Начальная школа и физическая культура. – 2008. – №2. – 22-26 бет.
6. Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты / орта және кәсіптік білім институты = Государственное стандарты среднего образования Республики Казахстан. – Алматы : РБК, 1998
7. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік = Казахско-русский, русско –казахский терминологический словарь / ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі. – Алматы : Рауан, 2000. – Т.25 : Педагогика және психология : 5000-нан астам термин = Педагогика и психология : свыше 5000 терминов, 2000. – 288 бет.
8. Ахметжанова К. Қазақ халық қолөнерінің мәдениеттанулық негіздері : философия ғылым. канд. дис... автореф. ... / К. Ахметжанова. – Алматы, 2000. – 27 бет.
Қосымша Ж
Қосымшаның үлгісі
Қосымша А
Кесте 1
Топырақ эрозиясы
(млн.га)
№
|
Зоналар
|
Таралып жатқан аумағы
|
Алып жатқан аумағы
|
Шаруаға пайдалану
|
1
|
Қара топырақты зона
1.сілтісізденген қара топырақ
2. кәдімгі қара топырақ
3.қуаң даланың қара топырағы
|
Слтүстік қазақстан түгелімен,Қостанай,
Ақмола,Павлодар,
Ақтөбе,Батыс Қазақстан
|
25,5
(9,5 %)
|
12,2
|
2
|
Қара қоңыр топырақ
1.қуаң даланың күңгір топырағы
2. қуаң даланың жай қара топырағы
3.шөлейт жердің ашық қара топырағы
|
Орталық Қазақстанның көп бөлігін,Каспий маңы ойпатының солтүстігі,Шығыс Қазақстан облысының жазығы.
|
90,6
(34 %)
|
20
|
Қосымша И
Кесте әзірлеу мысалы
Осыған байланысты экология сабағында топырақ эрозиясы 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1
Топырақ эрозиясы
№
|
Зоналар
|
Таралып жатқан аумағы
|
Алып жатқан аумағы
|
Шаруаға пайдалану
|
1
|
Қара топырақты зона
1.сілтісізденген қара топырақ
2. кәдімгі қара топырақ
3.қуаң даланың қара топырағы
|
Слтүстік қазақстан түгелімен,Қостанай,
Ақмола,Павлодар,
Ақтөбе,Батыс Қазақстан
|
25,5
(9,5 %)
|
12,2
|
2
|
Қара қоңыр топырақ
1.қуаң даланың күңгір топырағы
2. қуаң даланың жай қара топырағы
3.шөлейт жердің ашық қара топырағы
|
Орталық Қазақстанның көп бөлігін,Каспий маңы ойпатының солтүстігі,Шығыс Қазақстан облысының жазығы.
|
90,6
(34 %)
|
20
|
Ескерту кесте топырақ құрамына сәйкес келтірілген
|
Қосымша И жалғасы
Кесте 1
Топырақ эрозиясы
№
|
Зоналар
|
Таралып жатқан аумағы
|
Алып жатқан аумағы
|
Шаруаға пайдалану
|
1
|
Қара топырақты зона
1.сілтісізденген қара топырақ
2. кәдімгі қара топырақ
3.қуаң даланың қара топырағы
|
Слтүстік қазақстан түгелімен,Қостанай,
Ақмола,Павлодар,
Ақтөбе,Батыс Қазақстан
|
25,5
(9,5 %)
|
12,2
|
2
|
Қара қоңыр топырақ
1.қуаң даланың күңгір топырағы
2. қуаң даланың жай қара топырағы
3.шөлейт жердің ашық қара топырағы
|
Орталық Қазақстанның көп бөлігін,Каспий маңы ойпатының солтүстігі,Шығыс Қазақстан облысының жазығы.
|
90,6
(34 %)
|
20
|
....................................................Разрыв страницы...............................................................
1 кестенің жалғасы (келесі беттен басталады)
Қара қоңыр топырақты зона
1.қоңыр топырақ
2.сұр қоңыр топырақ
|
Қазақстанның Оңтүстік бөлігін түгел қамтыған.
|
120 млн.
(44% )
|
36
|
Қосымша К
Тізбелеу мысалы
Нұсқа 1
Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттеріне тоқталайық:
оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыру, яғни, бағдарлама бойынша берілген экологиялық материалдарды тең меңгеруіне көмектесу;
сыныптан тыс экологиялық жұмыстар өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер жасай білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқып пайдалануына мүмкіндік беру;
сыныптан тыс жұмыстар практикалық процесте оқушылардың іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетіндіктен экологиялық білім мен тәрбие беруде оларды табиғатты аялауға, қорғауға, имандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.[1, 51 б.]
Нұсқа 2
Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттеріне тоқталайық:
оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыру, яғни, бағдарлама бойынша берілген экологиялық материалдарды тең меңгеруіне көмектесу;
сыныптан тыс экологиялық жұмыстар өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер жасай білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқып пайдалануына мүмкіндік беру;
сыныптан тыс жұмыстар практикалық процесте оқушылардың іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетіндіктен экологиялық білім мен тәрбие беруде оларды табиғатты аялауға, қорғауға, имандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу. .[1, 51 б.]
Нұсқа 3
Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттеріне тоқталайық:
1. Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыру, яғни, бағдарлама бойынша берілген экологиялық
материалдарды тең меңгеруіне көмектесу:
ашық сабақ;
қосымша;
2. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер жасай білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқып пайдалануына мүмкіндік беру.
3.Сыныптан тыс жұмыстар практикалық процесте оқушылардың іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетіндіктен экологиялық білім мен тәрбие беруде оларды табиғатты аялауға, қорғауға, имандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу. .[1, 51 б.]
Нұсқа 4
Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттеріне тоқталайық:
1) оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыру, яғни, бағдарлама бойынша берілген экологиялық материалдарды тең меңгеруіне көмектесу:
а) ашық сабақ;
б) қосымша;
2) сыныптан тыс экологиялық жұмыстар өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер жасай білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқып пайдалануына мүмкіндік беру.
3) сыныптан тыс жұмыстар практикалық процесте оқушылардың іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетіндіктен экологиялық білім мен тәрбие беруде оларды табиғатты аялауға, қорғауға, имандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.[1, 51 б.]
Танысу парағы
№
|
А.Т.Ә
|
Қызметі
|
Күні
|
Қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
Өзгерту нөмірі
|
Өкімші құжатты (іс жүргізу) енгізу немесе өзгерту туралы нөмірі мен күні
|
Өзгертулер енгізу күні
|
Өзгерту енгізетін қызмет иесінің А.Т.Ә., лауазымы
|
Қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
МЕРЗІМДІ ТЕКСЕРУДІ ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
Тексеру күні
|
Тексеру нәтижесі
|
Тексерушінің А.Т.Ә., лауазымы
|
Қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ШҚМУ ӘН 001-15 «Дипломдық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық».
Екінші басылым. 28 беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |