V. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
5.1 Температураны өлшеу аспаптарын монтаждау кезінде қауіпсіздік техникасы
Техника қауіпсіздігі – жұмыс істеушілерге қауіпті өндірістік факторлардың болдырмауға бағытталған ұйымдық және техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.
Еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
жұмыс орнын аттестациялау жүргізіледі, осы аттестацияның негізінде зауыттың жұмысшыларына (зиянды жұмыстарда істейтіндерге) бекітілген нормаларға сай сүт беріледі;
зауыттың жұмысшылары арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке сақтану құралдарымен қамтамасыз етілген;
әрбір жұмыс орнында аптечкалар бар, зауыт здравпунктінің медициналық қызметкерлер штатына дәрігер-реаниматологтар енгізілді;
реанимациялық жабдықтармен жабдықталған медициналық жедел көмек көрсету машинасы сатып алынды;
технологиялық қондырғылардың операторлары, тасымалданатын газосигнализаторларымен қамтамасыз етілген, олар газ қаупі бар өндірістің ауасының құрамындағы күкіртсутегі мен оттегіні автоматты түрде бақылауға алуды жүзеге асырады.
жоғары температура, жылу сәулеленуі, басқа да қоршаған ортаның қауіпті және зиянды факторлардың ықпалы жағдайында авариядан құтқару және жөндеу жұмыстарын орындауға арналған ТОК-200 жылу шағылдыратын арнайы костюмдер бар. Жоғары концентрациялы газ тәріздес ортаның ықпалы жағдайында авариядан құтқару және жөндеу жұмыстарын орындауға арналған КИХ-4 костюмдер, оның астындағы кеңістікте тыныс алу аппараттарымен бірге комплектте қолданады. Костюм «әскери» жағдайда ылғал, бу, газ өтпейтін саңылаусыз. Оны - 35○С -тен + 40○С пайдаланады. Костюм, ашық жалыннан 10 секунд аралығында қорғай алатын өрт қауіпсіздігі бар, құрамында резеңке бар матадан жасалған.
Адамдарды қорғау отрядының жарақтарының ішінде, керіп кигізілетін құтқару матасы «ВЕНТО» бар, ол өрт, басқа да авариялық жағдайларда пайдаланады.
Монтаждау жұмыстарын жүргізер кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.Сондай-ақ монтаж жұмысын орындайтын жұмысшыларда арнайы киімдер, каска, қолғап және басқа да арнай киімдер болуы керек. Егер монтаждалатын приборлар мен аппратуралар жұмыс үстіндегі қондырғыларда және жұмыс үстіндегі цехтарда болса,онда қауіпсіздік шараларын осы мекемеге қатысты техникалық қауіпсіздік ережелерімен сәйкес орындаған жөн.Мысалы, металлургиялық зауытта, мұнай өндейтін зауыттарда приборлар мен аппаратураларға монтаж жұмысын жүргізу үшін қондырғы бастығынан немесе кезекші оператордан рұқсат сұрау арқылы орындалады.
Эксплотациялық қызмет жасауға және монтаждауға қиын жерлерде автоматтандыру жабдықтарымен приборлар болса, онда жұмыс басталарға дейін қажетті уақытта құрылыстық және тұрмыстық ғимараттар тұрғызылуы керек, жұмыс орын жарылысқа және өртке қауізсіз болуы керек.
Монтаждауға қажетті құрал-жабдықтарды тасымалдаған кезде конструкциялар стандартталынған және нормаланған заттармен бекітілуі керек: резбалары жырылмаған, шлицтері мен қырлары бүлінбеген, резбалық жалғауларды қарсылық танытқанға дейін тарту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |