Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау тапсырмасы тақырыбы : Автоматтандыру үрдісін жүргізетін негізгі құрылғылар



жүктеу 2,05 Mb.
бет14/30
Дата11.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#32348
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
жандос

3.2. Программаланатын контроллерлер
Программаланатын контроллерлер құралдар мен электр энергиясын тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыз ету және автоматтық өндіріс желілерін басқару үшін қолданылады.

20 ғасырдың 70-жылдарының басында арифметикалық нұсқаулардың есте сақтайтын шағын есептеу құрылғысы-программаланатын калькулятор жасалды.

Программаланатын контроллер электр желісімен қоректенеді.Қуатты басқару схемасын 380 В,тіпті одан да жоғары кернеумен қоректендіре алады.ПК-мен бірге алмалы-салмалы модуль-программатор пайдаланылады. ПК құрамындағы интерфейс құрылғылары мен мәліметтерді ендіру-шығару құрылғылары қосалқы модуль ретінде қолданады.АЛҚ орындайтын операциялар микропроцессордың көпшілігінде қосу,алу,ЖӘНЕ,НЕМЕСЕ, ЕМЕС инверсия,оңға ығысу,оң және теріс өсімше.Микропроцессордың негізгі бөлігі-регистрлер.Микропроцессордағы регистр саны мен мақсаты оның архитектурасына байланысты.

Аккумулятор-микропроцессордың деректермен әртүрлі манипуляциясын жүргізетін регистр.Арифметикалық және логикалық операциялардың басым көпшілігі аккумуляторды пайдалану арқылы жүзеге асады.Мысалы аккумулятор орналасқан А және жадта орналасқан В екі сөзді қосқандаС сөз А сөзін алмастырып аккумуляторда орналасады.АЛҚ операциясының орындалу нәтижесі аккумуляторда орналасып ондағы болған мән жойылады.Аккумуляторды пайдаланып операцияның басқа түрі деректерді программалап микропроцессордың бір бөлігіне беру болып табылады.Аккумулятордың қосымша разрядына кейбір арифметикалық операцияларды орындау кезінде пайда болатын биттер жазылады.Мысалы екі 8 биттік сөзді көбейткенде нәтиже \16 биттік сөз\ ұзындықты аккумуляторға орналасады.

Команда санауышы-микропроцессордың негізгі регистрінің бірі.Программа микроЭЕМ жадында сақталатын және қойылған есепті қалай шешетіні жайлы машинаға нұсқау беретін команда екені белгілі.Программа орындалар алдында бірінші командасын көрсететін адреспен команда санауышын толтыру керек.Жадты басқару схемасына адрестік шина бойынша жібереді. Нәтижесінде оның мазмұны көрсетілген адрес бойынша саналады.Одан ары бұл команда микропроцессордың команда регистрідеп аталатын арнаулы регистріне жіберіледі.Команданы жадтан алғаннан кейін микропроцессор автоматты түрде санауыш ішіндегі дерекке қосылады.

Программа командаларының ретінен ауытқу жолымен орындалатын программа бөлігін қосалқы программа дейді.Команда санауышына тікелей қажет адрес жазылады.

8 разрядты микропроцессорлардың көпшілігінде команда санауышының разряд саны 16-ға тең.

Жад адресінің регистрі микро ЭЕМ жадына әрдайым микропроцессор пайдаланатын жад облысының адресін көрсетеді.Жад адресінің регистрінде екілік сан-жад облысының адресі болады.Бұл регистрдің шығысы адрестік шина деп аталып,ол жад облысын таңдау үшін енгізу-шығару портын пайдаланады.

Буферлік регистр уақытша сақтауға арналған.

Күй регистрі программаны орындау процесінде жүзеге асыратын кейбір тексеріс нәтижелерін сақтауға арналады.

Жалпы мақсаттық регистрлер микропроцессор құрамында есте сақтау құрылғысы ретінде пайдаланылатын регистрлер қолданылады. АЛҚ ЖМР ішіндегі адрестер мен деректердің сыртқы магистралына шықпай операция жасай алатындықтан сыртқы жадпен жасалатын операциямен салыстырғанда едәуір тез өтеді.

Стек көрсеткіші.Стек-микропроцессорлардағы жедел жад ұяшығындағы регистрлер жиыны онда деректер немесе адрестер жатады.




5-сурет. Стек көрсеткіші

Мұнда стек жеті регистрден тұрады.Егер стекке айталық А5 сөзі енгізілсе,онда ол жоғарғы регистрге жазылады,ал А1....А4 сөздерінің әрқайсысы төменгі регистрге ығысады.Егер А5 стектен алынса,онда А1...А4 сөздерінің әрқайсысы көршілес жоғары регистрге ығысады.Стекті микропроцессорларда қосалқы программаны пайдалану кезінде қайтару адрестерін сақтау үшін,өңдеу кезінде ішкі регистрдің есте сақтау үшін пайдаланады.Жадта стекті ұйымдастырғанда оған жіберілетін уақытжадқа циклге тең.Стекке оның регистрлер санынан көп сөз жазу керек болса,бірінші сөз жойылып кетеді. Кейбір микропроцессорларда стек регистрі толып кеткенде,керекті сәйкес сөздер жад стегіне жазылады.

Басқару схемалары Микропроцессордағы басқару схемасы оның басқа буындарының қызметінің қажетті ретін сақтап отыруға арналған.Басқару схемасының сигналы бойынша кезекті команда регистрден алынады.

Басқару схемаларының негізгі қызметінің бірі-команда регистріндегі командаларды дешифратормен декодтау. Мұның нәтижесінде осы команданы орындату сигналы берілетін болады.

Үзіліс-микропроцессордың ішкі шинасын пайдалануға байланысты.Басқару схемалары басқа құрылғылардың ішкі шинасымен қашан және қай ретпен пайдалануы туралы шешім қабылдайды.

Шиналық жүйелер.Микропроцессордың сипаттамасына оның сыртқы ортамен-ендіру-шығару құрылғыларымен\ЕШҚ/ және есте сақтау құрылғыларымен\ЕСҚ\байланысын ұйымдастыру әдісі үлкен себебін тигізеді.




6-сурет. Шиналық жүйелер

Адрес пен деректер шиналары бөлек-бөлек болатын микропроцессор бейнеленген.

Мультиплексрлі шиналы микропроцессорда адрес шинада уақыттың қысқа аралығында сақталады,сол себепті шинаға қосылған құрылғыларға адрес регистрі қажет.Адрес пен дерек шиналары бөлек-бөлек болған жағдайда басқару сигналының керегі жоқ.Шина қосылған құрылғыларда адрес регистрінің қажеті болмайды,өйткені микропроцессор кристалына бірден орнатылуы ықтимал.




жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау