«Cырдария» университеті
УЕ-ОӘБ-007/11-2015
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
2-нұсқа
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен
ұйымдастыру туралы ереже
41 беттің 10-беті
5. Теориялық бӛлімде нақты, анық түрде тақырыптың мәнін ашатындай сұрақтарға
жауап бере отырып, қорытынды жасалады.
Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бӛлігінде, орындалған дипломдық
зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын
білдіретін мәліметтер келтіріледі.
Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бӛлігі ережеге сай, бӛлім және бӛлімшелерге
бӛлінеді (бӛлім және параграфтар).
Эксперименттік бӛлім:
Теориялық бӛлімде кӛрсетілген мәселелердің практикада жүзеге асырудың жолдарын
кӛрсете отырып, алдағы уақытта зерттеу нәтижесі бойынша әдістемелер ұсынылады.
Сондай-ақ, ғылыми педагогикалық – психологиялық зерттеу әдістері арқылы педагогикалық
тәжірибе жұмыстары жүргізіледі. Тәжірибені жүргізер алдында күні бұрын тәжірибе
жоспары құрылып, міндеттер бойынша жүзеге асырылады.
*Ескерту:
Диплом жұмысындағы зерттеу мәселесін әдетте екі тарау арқылы баяндайды. (1 –
бӛлім теориялық негіздеуге арналса, 2 – бӛлім тәжірибелік-практикалық мәселеге арналады).
Ал кей жағдайларда зерттеу жұмысының ауқымына, эксперименттің маңыздылығына қарай
ол екі немесе одан да кӛп бӛлімдерден тұруы мүмкін.
Мәтінге
бейнелік материалдар – сызба-кестелер, сурет, иллюстративтік
материалдарды енгізуге болады. Ондай материалдар кӛп болса, жұмыстың соңында
қосымшаларды кӛрсетуге болады.
Есептеу бӛлімі:
Қаржы, есеп және аудит, химия, биология, математика, физика, информатика, есептеу
технологиясы, дизайн мамандықтарына сәйкес орындалған диплом жұмыстарында берілуі
мүмкін.
Негізгі бӛлімдерде анықталған проблемаларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар
дайындалып, сол ұсыныстардың ӛндірістік, экологиялық тиімділігін есептеу арқылы
тиімділігі дәлелденеді.
Қорытынды:
Бұл бӛлімде эксперимент қорытындысы, кіріспеде кӛзделген мақсат, міндеттердің
орындалуы баяндалады. Қорытынды негізінде ұсыныстар жасалып, тиімді әдіс-тәсілдердің
үлгісі беріледі.
Қорытынды келесі негізгі бағыттарға тоқталу керек:
- Ұсынылып отырған жаңалықтың сипатының дәл ашылуы;
- эксперименталды (егер эксперименттер жасалған болса) бақылаулардың қолданылу
мүмкіндіктері мен нәтижелері;
- теориялық нәтижелердің эксперименталды мәліметтермен үйлесу деңгейі және
үйлеспеушілік себептері.
Қорытынды бӛлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша
тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті
бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.
Қорытындының кӛлемі 2-3 бет шамасында.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Диплом жұмысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20-дан кем болмауы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің 30 пайызы гуманитарлық бейінде соңғы 5
жылда, жаратылыстану-техникалық бейінде соңғы 10 жылда шығарылған әдебиеттерден
тұру керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес
рәсімделеді.
«Cырдария» университеті
УЕ-ОӘБ-007/11-2015
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
2-нұсқа
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен
ұйымдастыру туралы ереже
41 беттің 11-беті
Диплом жұмысында пайдаланылған еңбектер номірленіп, толық және белгілі
жүйемен, ретпен орналастырылады және жұмыстың мәтінінде беріледі.
Диплом жұмысында келесі әдебиет кӛздері қолданылуы мүмкін:
ҚР Заңдары, ҚР Президентінің Жолдауы, Үкіметтің ресми құжаттары;
Оқулықтар, оқу құралдары т.б.;
Ғылыми еңбектер, монографиялар, ғылыми мақалалар;
БАҚ материалдары, Интернет желісіндегі ғылыми басылымдар;
Диссертациялар мен авторефераттар;
Архив және мұражай материалдары.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде осы кӛрсетілген барлық тарауларда
пайдаланылған әдебиеттер жалпы бірыңғай реттік номірмен беріледі. Мысалы:
1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында - Алматы: Атамұра, 1999 ж. -293 б.
Ал егер осы әдебиет екінші рет пайдаланылса мәтіннің ішіне [1, 297 б.] немесе [1, 297-
298 бб.] деп кӛрсетіледі.
Газет, журналдарда т.б. сол сияқты мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар
тӛмендегіше кӛрсетіледі: автордың фамилиясы мен аты-жӛні, мақаласының аты, газет немесе
журналдың аты, шыққан жылы, айы, күні немесе номірі.
Мысалы: Мырзахметов М. Ақын мұрасының зерттелуі. // Социалистік Қазақстан,
1971 ж. 29 мамыр.
Егер студент диссертациялық, диплом жұмыстарды пайдаланса, олардың жазылуы
тӛмендегіше болады:
- автордың фамилиясы мен аты-жӛні;
- жұмыстың аты;
- жұмыс қорғалған қаланың аты;
- жұмыстың қорғалған орны (мекеме), жылы;
Мысалы: Бекмырза С. Абайдың ақын шәкірттері Мұхтар Әуезов творчествосында.
(Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін жазылған диссертациялық
жұмыс). - Алматы: М.Әуезов атындағы әдебиет және ӛнер институты, 1998 ж.
Бір автордың әр түрлі томдары сілтеме жасағанда жеке номірмен бӛлек кӛрсетіледі.
Мысалы:
1 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Ӛлеңдер мен поэмалар.
– Алматы: Жазушы, 1977 ж.
2 Құнанбаев Абай. Шығармаларының толық жинағы. Т.2. Қара сӛздері мен аудармалары. –
Алматы: Жазушы, 1986 ж.
Архив немесе кітапхана қоры болса:
42 Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, 1142-қор, 1-тізбе, 795-іс; 11-
16 бб.
Web сайттар пайдаланылса:
Автордың аты-жӛні, еңбектің атауы, web сайттар
Мысалы
43 Бұрханов К.Н. Саяси даму. www.stat.gov.kz
Қосымша:
Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бӛлімде
қамтылмаған материалдар кіргізіледі.
Диплом жұмысында қолданылған бағдарламалар, үлгілер, тестік тапсырмалар,
бейнелік материалдар, сызба-кестелер, сурет, иллюстративті материалдарды енгізуге болады.