«Cырдария» университеті
УЕ-ОӘБ-007/11-2015
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
2-нұсқа
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен
ұйымдастыру туралы ереже
41 беттің 30-беті
9.4
Диплом жұмысы (жобаны) алдын ала қорғаудан ӛту үшін шығарушы кафедраға
тапсырылады.
9.5 Диплом жұмысын (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында
студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуларымен
және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен ӛткізіледі.
Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
9.6 Алдын ала қорғаудан ойдағыдай ӛткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген,
аяқталған диплом жұмысы (жоба) ғылыми констультант пен студенттің қолы қойылып,
ғылыми жетекшіге ұсынылады.
9.7 Ғылыми жетекші диплом жұмысына (жобасына) жазбаша сын-пікір жазады.
Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және
қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.
Диплом жұмысына қойылатын талаптардың барлығы орындалғаннан кейін ғана
студент қорғауға жіберіледі.
Жұмыс толық дайын болғаннан кейін қорғаудан 15-25 кҥндей бҧрын студент
жұмысына қол қойып ғылыми жетекшісіне тапсырады. Ғылыми жетекшісі жұмысты
мақұлдағаннан соң оған қолын қойып, жазбаша пікірмен бірге қорғауға жіберу үшін кафедра
меңгерушісіне береді. Кафедра меңгерушісі материалдарды қарап шығып, соның негізінде
қорғауға жіберу-жібермеу шешімін қабылдайды. Егер ол жұмысты қорғауға жіберуге
болмайды деп шешім қабылдаса, студенттің, жетекшісінің міндетті түрдегі қатысуымен
кафедра мәжілісінде талқыланады. Кафедра мәжілісінің хаттамасы факультет деканының
ұсынуымен жоғары оқу орны басшысына бекітілуге беріледі.
9.8 Мамандар дайындаушы кафедра қорғауға жіберілген жұмыстарды рецензенттерге
қорғаудан он кҥн немесе бір апта бҧрын береді. Рецензент диплом жұмысын А 4.0, 100; А-
3.67, 90-94 «ӛте жақсы», В+, 3.33, 85-89; В, 3.0, 80-84; В-, 2.67, 75-79 «жақсы», С+, 2.33, 70-
74; С, 2.0, 65-69; С-, 1.67, 60-64; D+, 1.33, 55-59; D, 1.0, 50-54; «қанағаттанарлық», F, 0, 0-49
«қанағаттанғысыз» деп бағалап, пікір жазған мерзімін кӛрсетіп, оған қолын қояды. Сонымен
бірге рецензент қызмет істейтін мекеменің мӛрімен рецензияны куәләндіруге міндетті.
Факультет деканы кафедра меңгерушісі мен студентті рецензиямен диплом
жұмысының қорғалуына дейін бес кҥннен кешіктірмей таныстырып, жұмысты қорғау үшін
Мемлекеттік аттестациялық комиссияға жібереді.
10. Жҧмыстың қорғалу тәртібі
Теріліп, түптелген және титулдық бетіне орындаушы студент қолын қойған диплом
жұмысы ғылыми жетекшіге тапсырылады. Жетекші диплом жұмысын кӛріп, қолдағаннан
кейін оның титулдық бетіне ӛзінің қолын қойып, жазбаша пікірін қосып кафедра
меңгерушісіне тапсырады.
Кафедра меңгерушісі осы материалдардың негізінде диплом жұмысын қорғауға
жіберу мәселесін шешеді, ол ӛзінің шешімін жұмыстың титулдық бетіне жазып қолын қояды.
Егерде кафедра меңгерушісі диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп есептесе,
онда бұл мәселе кафедраның мәжілісінде орындаушы студент пен ғылыми жетекшінің
қатысуымен қаралады. Кафедра мәжілісінің хаттамасын факультет деканының ұсынысымен
жоғары оқу орны ректоры бекітеді.
Қорғауға рұқсат етілген диплом жұмысына рецензия (сыртқы не ішкі) алу үшін
жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда, мекемелерде,
мұражайларда жұмыс істеп жүрген білікті мамандарға жіберіледі.
Диплом жұмысын қорғау Мемлекеттік біліктілік комиссиясының ашық мәжілісінде
комиссия мүшелерінің барлығының қатысуымен ӛтеді. Бір диплом жұмысын қорғаудың
ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 50 минуттан аспауы қажет.
«Cырдария» университеті
УЕ-ОӘБ-007/11-2015
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
2-нұсқа
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен
ұйымдастыру туралы ереже
41 беттің 31-беті
Диплом
жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациялық
комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минут уақыт беріледі, интерактивті тақтада
немесе проектор арқылы презентация, слайдттар дайындап, баяндама жасап қорғайды.
Диплом жұмысын қорғауға даярлық барысында студент ӛзінің қорғау кезінде
сӛйлейтін сӛзінің қысқаша мәтінін жазып, пайдаланатын кӛрнекті құралдарын даярлау
міндетті. Диплом жұмысын қорғау барысында студент келесі мәселелерді қарастыруы керек:
тақырыптың ӛзектілігі;
диплом жұмысына негіз болған теориялық және әдістемелік қағидалар;
зерттеу тақырыбына байланысты жүргізілген талдаулардың нәтижелері;
қарастырылып отырған тақырыптың ӛзекті мәселелерін шешуге қатысты алынған
нәтижелердің қорытындылары мен нақты ұсыныстар.
Жұмысты қорғау кезінде студент ӛзі алған нәтижелерге, нақты ұсыныстарға баса
назар аударғаны дұрыс.
Диплом жұмысын қорғау барысында студент ӛзін еркін ұстап, алдын ала даярлаған
кӛрнекті құралдарын (кесте, жоспар, схема, сурет, карта, слайдтар) тиімді пайдалана білгені
жӛн. Кӛрнекті құралдар қарастырып отырған мәселелерді жан-жақты ашу үшін, алынған
нәтижелер мен қорытынды, ұсыныстарды толықтыру үшін керек.
Баяндама біткеннен кейін студентке сұрақтар қойылады, ғылыми жетекшінің
сипаттамасы, пікірі (сыртқы не ішкі) оқылады. Содан кейін студент мемлекеттік емтихан
комиссиясы тӛрағасының, комиссия мүшелерімен қорғауға қатысып отырғандардың
қойылған сұрақтарына, ғылыми жетекшінің сипаттамасында, пікірде айтылған сын
ескертпелерге жауап береді.
Диплом жұмысына А 4.0, 100; А- 3.67, 90-94 «ӛте жақсы», В+, 3.33, 85-89; В, 3.0, 80-
84; В-, 2.67, 75-79 «жақсы», С+, 2.33, 70-74; С, 2.0, 65-69; С-, 1.67, 60-64; D+, 1.33, 55-59; D,
1.0, 50-54; «қанағаттанарлық», F, 0, 0-49 «қанағаттанғысыз» деген бағалар қойылады.
Қорғалған диплом жұмысына баға қою кезінде жұмыстың қалай орындалғаны,
студенттің қорғауы, жетекші мен рецензенттің пікірлері ескеріледі.
Диплом жұмысын қорғаудың қорытындысы сол күні Мемлекеттік біліктілік
комиссиясы отырысының мәжіліс хаттамасы жазылысымен хабарланады.
Диплом жұмыстарын (жобаларды) қорғалғаннан кейін шығарушы кафедра жоғары
оқу орнының архивіне тізбе арқылы, кафедра меңгерушісінің бекітуімен тапсырады.