Дипломдық жұмыстың әдістемесі 2 жшс «Алтын диірмен»



жүктеу 0,54 Mb.
бет2/2
Дата19.02.2018
өлшемі0,54 Mb.
#10122
түріДиплом
1   2

3.7 Нан сипаттамасы

Нан құндылығы – адам организіміне қажетті тағамдық заттардың құндылығымен анықталады. Оларға: ақуыз амин қышқылдары, витаминдер, минералдық заттар, калориясымен адам организімін өзіне үйрете алуы.Сонымен қатар нанның тағамдық қуаттылығына мынандай көрсеткіштер әсерін тигізе алады: сапасы, дәмі иісі, сыртқы түрі.

Көптеген елдерде тұрғындардың нанды тұтыну нормасы әр адамға шаққанда 150-500г. Кейбір халықтар арасында нан ең негізгі тамақтанатын тағам болып табылады. Осыдан да біз нанның тағамдық құндылығымен оның тамақтануда алатынын қарастырайық.

Көміртек. Нанның құрамында 45% көміртек болады. Нанның құрамындағы көміртек негізінен крахмалдан тұрады. Крахмал бұл – күрделі қант (полисахарид), құрамында көптеген жай қантар бар. Амилонетикалық ферменттердің әсерімен жай қантарға ыдырайды. Крахмал қамырды дайындауда суды сақтау,ал нанды пісіргенде суды байланыстыру қасиетімен ерекшеленеді.

Ақуыздар. Нанның бағалылығы оның энергетикалық құндылығымен бітпейді. Адам организіміне қажетті белоктың 9\1 бөлігін нан өнімдері жеткізеді. Белоктың негізгі құндылығы басқа тағамдық заттармен ауыстырылмайды. Организмге келіп түсетін экзогендік аминқышқылдары, адам организіміне қажетті белок синтездейді. Және бірнеше қажетті функцияларды орындайды. Мысалы: энергетикалық тасымалдайтын, энергетикалық реттейтін қызметтерді атқарады. Адам организімінде белоктар қорға қалмайды,сондықтан олар адам организіміне күнде түсіп тұруы қажет. Егер протеин қажетті мөлшерден аз болса, онда зат алмасу процесіне қажет витаминдер мен минералдық заттар болмай қалады.

Нандағы белоктың жалпы құрамы оның ұн сортына байланысты болады. Қара нан құрамында белок аз,ал бірақ бидай ұнынан алынған нанда белок көп болады.

Тамақтағы белоктың физиологиялық және тағамдық құндылығы, ондағы аминқышқылдарының құрамына байланысты. Аминқышқылдары: триптофан, лейцин, фениламин адам организімінде синтезделмейді. Сонымен қатар адам организіміне келіп түсетін аминқышқылдары белок сапасына байланысты.

4- кесте- Белокты құрайтын аминқышқылдары



Қажетті аминқышқылдары

Аминқышқылдарының құрамы(100г)

бидай

қара бидай

Триптофан

Лейцин


Изолейцин

Валин


Треонин

Лизин


Метаоин

Фенеланин



1,24

6,90


4,40

4,33


2,72

2,70


1,27

4,50


1,06

6,08


3,89

4,81


3,19

3,74


1,30

4,50

Витаминдер. Олар тағамда аз мөлшерде болады,организімге аз мөлшерде әсерін тигізеді,зат алмасу процесін реттеп отырады.

Табиғи өнімдегі витаминдер өзіндік қасиетіне қарай 2-ге бөлінеді.Суда еритін (В витаминдерінің көп тобы, С және Р витаминдері) майда еритін (А, Д, Е, К).

Нан организмге В1, В2, және РР витаминдерін жеткізуші қор болып табылады. В1 витаминдері организімде көміртектің алмасуынан қалыптасады. Организмде неғұрлым көміртек көп болса, соғұрлым В1 витаминін қажет етеді.

В2 витамині ағзалардың тыныс алу процесіне қатысады,организмде энергияның бөлінуіне үлесін қосады. Ал РР витаминінемесе неолетин қышқылы организмде биологиялық қышқылдану процесіне өте қажет. Витаминнің пайда болуы, оның ұндағы мөлшерімен анықталады. РР витамині бидай дәнінде 3-4,5 есе көп болады, бір-бірімен салыстырғанда В2 витамині қара бидай дәнінде бірнеше есе көп болады. Тағы бір айта кететін жағдай,төменгі сортты ұннан жасалған нанда витаминдер қөп болады

Минералдық заттар. Тағамда қажетті мөлшерде кальций, фосфор, темір, калий, магний, мыс, йод және тағы басқа қосындылар болуы тиіс. Олар организмдегі көптеген физиологиялық процестерді реттеуші болып табылады. Нан фосфорға, темірге, калийге, магнийге бай. Нанда минералды заттардың болуы ұнның сортына байланысты. Неғұрлым нан сорты төмен болған сайын , нанда минералды заттар көпболады.

Нан және нандық өнімдердегі минералды заттардың мөлшері ұн сортына ғана байланысты емес, сонымен қатар дайын өнімнің ылғалдығына да байланысты болады.

Иісі және түсі. Наның иісі мен түсі қолданылған шикізаттың кұрамы мен қасиетіне,қамырдың ашуына,пісуіне байланысты. Нанның иісі мен түсіне нанды сақтау жағдайлары да әсерін тигізеді. Ашу процесінде қамырдың құрамында этил спирті, органикалық қышқыл, эфирлер жиналады, әрине оларда нанның иісі мен түсіне өз әсерін тигізеді.

Нанның тағамдылық құндылығын арттыру үшін мал өнімдерін, өсімдік өнімдерін қолдануымызға болады. Мысалы: сүт. Тағы да нанның биологиялық кұндылығын жоғарлатудың бір түрі табиғи және синтезделген қоспалар қосу.

Ферменттік препараттар бидай және қара бидайдан жасалған нанның сапасын жоғарлатады. Ферменттік препараттар биохимиялық және микробиологиялық процестерді активтендіреді, қышқыл жиналуды тездетеді, жартылай фабрикат дайындауда уақытты қысқартады.

Химиялық жақсартулар. Оларға: оттек, кальций перекисі жатады.

Нанның тағамдылық құндылығын арттыру үшін қазіргі кезде тағы басқа көптеген заттар қосылады. Нан өндірісінде нанның тағамдық құндылығын арттыру үшін минералдық жасанды химиялық қосылыстар дайындайды.

Бидай мен қара бидайдың беретін ең басты өнімі – ұн . Сондықтан оның тартуға жарамдылығы деп оның шикізат пен (астықпен) энергияны аз жұмсап, көбірек және сапалы ұн беру қабілетін айтады.

Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болуы керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген. Жоғары сапалы астықтан жоғары сапалы өнімдер алынады және одан түскен түсім де көп болады. Сондықтан стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады. Міне сондықтан мемлекет көлемінде астықтың сапасы қатал тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат – стандарт арқылы жүргізіледі.

Стандарт деген сөз ағылшынның «standart» - норма,өлшем деген сөзінен шыққан. Стандарт халық шаруашылығының барлық салаларына бірдей міндетті талап,шарт. Ол барлық астықты өзінің сапасына қарай тиімді пайдаланып,одан барынша көп және жақсы өнімдер алуға арналған. Бұл өте қатал заң. Оны бұзған адам немесе мекеме заң алдында жауап береді. Барлық жерде оны баспаханада басылып шыққан формасында пайдалану керек,яғни көшірмесін пайдалануға болмайды.

Стандарт тауардың сапасын, оны сақтау, өңдеу жөніндегі барлық шарттарды, түсініктерді қарастырады.

Стандартты халық шаруашылығы мен ғылымның ең соңғы жетістіктерін пайдалана отырып жасайды. Оны жоғарғы үкімет органдары бекітеді.

Стандарттар өзара категория және түрлерге бөлінеді. Категорияға мемлекеттік стандарттар, салалық, республикалық, мекемелік және техникалық шарт жатады. Мемлекеттік стандарттар ТМД елдерінің барлық аймақтарында бірдей пайдаланылады, салалық стандарттар тек сол салада, республикалық стандарттар тек республика көлемінде, мекемелік стандарттар сол мекемеде ғана қолданылады,ал техникалық шарттар болса, ол мемлекеттік стандарттардың бір тарамы ретінде, оның кейбір тармағын, әрбір жеке аймақтың жағдайына қарай бөле-бөлек шарттарды қолдануды қарастырады.

Мемлекетте нанның сапасы халық шаруашылығында маңызды орын алады. Халықты жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету – тамақ өнеркәсібі саласының ең басты міндеті. Осы міндетті орындауда мемлекеттің де үлесі өте зор.

Нан сапасы ең бірінші астық түріне, сапасына байланысты. Астық өндірісінде оның сапасы бірінші орынға қойылады. Астықтың сапасы өте күрделі фактор. Ол ауыл шаруашылығында себілген тұқымнан бастап, оны мемлекетке тапсыру, тазалау, өңдеу. Ең ақыры тамақ өнеркәсібінде нан т.б. пісіру процесімен аяқталады. Осы процестерге көптеген адам күші, техника мен аппараттар қатысады.

Нан пісіру тамақ өнеркәсібі қызметінің ең ақырғы сатысы. Барлық дайындалған астықтың 90%-дан астамы нан және басқа да ұннан алынатын тағамдар жасауға пайдаланылады.

Астықтың нан пісіруге жарамдылық қабілеті деп, одан алынған ұнның сортына қарай қамыр илеп, ашытып,нан пісіргенде стандпрттың талаптарына сай келетін, сыртқыпішіні,көлемі жөнінде өте жақсы немесе жақсы деген бағаларға ие бола алатын нан беру қасиетін айтады. Сонымен бірге астықтың нан пісіруге жарамдылық қабілетіне нанның шектен төмен емес қөлемі, формасының дұрыстығы, пішіні, оның қоңыр қызғылт болып көз тартатын түсі, жылтырлығы, борпылдақ, сүйкімді жұмсақ ортасы, оның дәмі мен хош иісі де жатады.

Осы көрсетілген сапалық көрсеткіштер ұнның химиялық құрамына, оның ішінде қамыр ашығанда шығаратын газдардың көлеміне, байланысты болады.Ал бұл қаситтердің өзі ұнның қиыршықтығына, сумен қосылып жақсы көтерілетін қамыр иленуіне байланысты. Ұнның газ шығаратын қасиеті деп, қамырдың ашыған кезіндегі ашытқыда болатын ферментердің көмегімен бөліп шығаратын спирттің бууы мен көмір қышқыл газдың көлемін айтады.

Ұнның күші немесе бөлініп шыққан газдарды ұстап тұру қабілеті деп қамыр ашығанда жайылып кетпей, барлық бөлініп шыққан газдарды ұстап тұрып, қамырдың көлемін барынша үлкейту қасиетін айтады. Ол күш желімшесінің саны мен сапасына,белокты ыдырататын ферментердің активтілігіне байланысты. Егер пайда болатын газдардың көлемі мен қамырдың күші тепе-тең болса, сонда ғана нанның көлемі үлкен болып, ішкі құрлысы ұсақ, жұқа қабырғалы клеткалардан тұратын жібектей үлбіреген жұмсақ массадан тұрады.

Нан маңызының көп болуы, осыған байланысты аз ұннан көбірек қамыр алу мүмкіншілігі, ұнның, оның ішінде маңызының су сіңіргіштігіне байланысты. Бұл жерде ұнға көп су құйып оның көлемін үлкейту деген ұғым қалыптаспау керек. Егер негізін құрайтын белоктар табиғи белок болса, онда олардың су сіңіргіштігі өте үлкен (70%-дейін) болуы мүмкін. Ал өніп кеткен, көгерген,бұзылған астық (50%-дан жоғары) су қосылса,қамыр езіліп кетеді. Одан пісірілген нанның көлемі кішкентай болады. Қысқаша айтқанда қамыр илеуге керекті судың мөлшері оның сапасына байланысты.

Сапалы ұнға судың аз немесе көп қосылуыда кері нәтиже береді. Ол белгілі мөлшерде ғана болуы тиіс. Қазақстанның қуаңшылық аудандарында өсірілген бидайдан алынған ұн көбінесе суды көп қажет етеді. Ғылымда оны ұнның суды сіңіру қабілеті деп атайды. Өндірісте оның орташа су сіңіру қабілеті 53%-ға тең болса, өте күшті ұнның бұл қасиеті 70%-ға дейін жетеді.


3.8 Нан өндіру технологиясы.

Нан – негізгі қоректік өнім. Азық-түліктік өнім ретіндегі нанның ерекшелігі – қалдықсыз желінетіні. Өндіру технологиясын дұрыс қолданғанда нанның бүкіл массасы (100%) жеуге жарамды.

Нан өнімдерін мынадай негізгі топтарға бөледі: бидай ұнынан дайындалған нан; шығымы әр түрлі қара бидай ұнының наны; қара бидай мен бидай ұндарының қоспасынан дайындалған нан.

2-схема. Бидай нанын өндірудің технологиялық процесі


Қамырды дайындау

Шикізатты дайындау (ұнды,суды,ашытқыны тұзды)



Қамырды бөлшектеу

Бөліктерге бөлу


Қамыр илеу

Бөліктерді қалыптау

Ашыту


Қамырды араластырып,

басу


Ашыту

Алғашқы (аралық) жетілдіру

Бөліктерді соңғы қалыптау

Екінші (соңғы)

жетілдіру



Нанды суыту және

сақтау


Пісіру

Ашыту тәсілімен нан пісіруді үш процеске бөледі: қамыр дайындау, оған шикізат дайындау да жатады, қамырды баптау (бөлшектеу) және пісіру.

Негізгі шикізатты дайындау. Қамырдың негізгі компоненттерін (ұн мен су) илегеннен кейін ашуға қажетті температураны (28-320С) қамтамасыз ететіндей қылып дайындайды. Сонымен ұнды төмендегідей тәртіппен дайындайды: +100С +200С температураға дейін жылытады, бақылау елеуіштерінде елейді, магнит аппараттарынан өткізеді және араластырады.

Суға қатаң талаптар: ол ауыз су көрсеткіштеріне және бактериялар мөлшері тиісті талаптарға сәйкес келуі тиіс, өйткені олардың көпшілігі нанды пісіргенде сақталады.

Тұз да азық – түліктік мақсаттағы стандарт талаптарына сай болуға тиіс. Оны алдын-ала ерітеді және алынған ерітіндіні сүзеді. Рецептураға кіретін тұздың мөлшері нанның көптеген сорттары үшін ұн массасының 1,3-1,5% құрайды.

Қамырды дайындау (илеу) екі тәсілмен жүргізіледі: ашытқысыз және ашытқымен.

Бидай нанын пісіру үшін, 100кг ұнды 0,5-2% пішінделген ашытқы, 1-2% тұз, 50-70% су қосады.

Ашытқысыз тәсіл. Рецепт бойынша қамырға барлық құрам бөліктері бір уақытта қосылады. Бәрін араластырып илегеннен кейінқамыр қою болып шығады. Қамыр тығыз болғандықтан және оған рецепт бойынша барлық тұз салынғандықтан, ашытқының дамуы қолайсыз жағдайда болады, сондықтан да ашытқыны көп мөлшерде, әдетте 1,5% қосады. Ашытылу уақыты 3-3,5 сағат.

Ашытқымен ашыту. Қамырды екі бөліп дайындайды, әуелі сұйық ашытқыны, содан кейін ашытқыға басқа құрама бөліктерін араластырып, кәдімгі жұмсақ қамырға айналдырады. Қамырға рецепт бойынша қажетті судың 65-75% және ұнның 40-50% қосады. Ашытқы қамырдың құрамы сұйық болғандықтан, ашытқы екі есе (0,75%) кем қосылады. Қамырға қажетті тұздың барлығын немесе илеу барысында бірте-бірте қосады. Қамырдың ашу уақыты, ашытқысыз тәсілмен салыстырғанда ұзағырақ болады.

Қамырды өңдеу (иін қандыру) ашу кезінде жүргізіледі. Барлық қамырды жақсылап жұмсарту үшін және таза ауамен қанықтыру үшін ашу уақытында бір-екі рет араластырып, басқан жөн. Бұл жағдайда газдың біразы шығады, ал газдың қайтадан тезірек жиналуына ашытқы бөліктерінің біразының аэробтық тыныс алуға көшуі әсер етеді.

Ашыған (жетілген) қамырды, піскеннен кейін белгіленген массадағы өнім алынуы үшін, алдын ала қажетті көлемдегі және салмақтағы кесектерге бөледі. Қамырдың құрылымын жақсарту үшін және келешек бұйымды бір қалыпқа келтіру үшін, кесілген бөліктерді қалыптайды. Қалыпталған қамырдың соңғы ашуы 32-350С температурада жүреді. Бұл уақытта қамыр әрі қарай аши түседі, қалыпталған бөліктің көлемі өсе түседі. Қалыпталған қамыр ұнның қасиетіне, рецепт құрамына, бөліктің массасына, прцестің өту барысына байланысты әрі қарай 25-120минут аралығында ашуын жалғастырады.



Нан пісіру - әртүрлі құрылысты наубайхана камерасында нан дайындаудың соңғы кезеңі. Нанды дөңгелек пішінді және арнаулы қалыпта пісіреді. Пісу процесінде қамыр жеткілікті мықты, тұрақты, пішінді нанға айналады. Нанның түріне байланысты пісіру температурасы 220-2800С болады. Пісіру уақыты нанның салмағы мен ұнның сортына байланысты болады. Ұсақ нандардың пісіру уақыты 8-12 минут, бидай ұнынан жасалған 0,5кг батон 280-2400С-да 15-17 минутта піседі. Массасы 1кг нанды 40-60 минут пісіреді. Қамырдың пісіру барысында, салмағының кемитінін қамырдың кемуі дейді. Бұл қамыр суының және ашу өнімдерінің булануынан болады. Қамырдың кемуі нанның салмағына, түріне және пісіру режиміне байланысты, 6-14% шамасында болады. Нанның кему мөлшері қалыптағы нанға қарағанда дөңгелек пішінді нанда көбірек болады.
3.9 Нан сапасына қойылатын жалпы талаптар

Піскен нан деп қара бидай және бидай ұнына ашытқы қосу арқылы пісіретін өнімді атайды. Ол адам рационының негізгі бөлігін құрайды, сонымен қатарғ көмірсу және өсімдік белогының қоры болып табылады. Нанның тағамдық құндылығы, нанды жасайтын ұнға және қамырдың рецептурасына байланысты.

5 кесте. - Нан және оның түрлерінің химиялық құрамы (%)

Өнім


Су

Белок

Май

Көмірсу

Клетчатка

Күлділігі

Энергетика

лық құндылығы кДж



Бидай ұны наны:

2-ші сорт ұнынан

Жоғарғы сорт ұнынан

1-ші сорт ұнынан

Қара бидай ұнынан

Қара бидай және бидай ұнынан

1-ші сорт бидай ұнынан пісірілген батондар

1-ші сорт бидай ұнынан пісірілген бөлке


41,2


37,8

39,5


47,5
43
37,2
34,3

8,1


7,6

7,6


6,5
6,1
7,9
7,7

1,2


0,6

0,9


1
1,1
1
2,4

24

52,3



49,7

40,1
46,3


51,9
53,4

1,2


0,1

0,2


1,3
0,6
0,2
0,2

2,5


0,3

0,3


2,5
2
1,5
1,6

853


924

949


798
886
991
1067

Пісірілген нанның құрамында ауыспайтын аминқышқылдары лизин, метионин, треонин, триптофан жеткіліксіз. Сондықтан нан пісіру рецептурасының құрамына осы белоктарды жоғарлату үшін сүт, соя, сары су қосады, сонымен қатар ол нанның биологиялық құндылығына әсер етеді.

Нан өнімдерінің есебінен адам ағзасы темір, фосфор, марганецке деген мұқтаждығын қамтамасыз ете алады. Нан құрамында калий, хром, кобальт және басқа да элементтер аз кездеседі. Нанда Е витамині және холин, В6, В9 витамині көп, бірақ та В2, В3 витаминдері аз. В2, В3, РР тобындағы витаминдердің жеткілікті болуы, нанның төменгі сорт ұнынан жасалғанын көрсетеді.

Нанның сіңімділігі оның органолептикалық қасиетіне: сырқы түрі, дәміне, хош иісіне байланысты.

Нан белогының 70-87%, көмірсуының 94-98%, майының 92-95% қорытылады. Ұнның сорты төмен болған сайын осы заттардың қорытылуы да төмен болады.

Нан және нан өнімдерін көп түрлі сортына байланысты келесі топтарға бөлуге болады: ұн түріне қарай қара нан, бидай наны, қара бидай және бидай ұнын қосу арқылы жасалған нан; пісіру әдісіне қарай – формалы және т.б. Нан формасына қарай – батон, булка, плетенка; нан рецептурасына қарай – жай (негізгі шикізатқа 3-6% қант және патока), ал кейбір сортқа май (7% көп емес) және дәмдеуіштер қосады.



Органолептикалық көрсеткіштері. Нан сапасы органолептикалық көрсеткіштері: сыртқы түрі, дәмі және иісі, нан жұмсағының құрамы белгіленген талаптаға сай болу керек.

6- кесте - Жай нанның органолептикалық көрсеткіштері .



Көрсеткіштердің

аталуы


МЕМСТ 984-95 бойынша

мінездеме



Тәжірибе жұмысының нәтижелері

Сыртқы түрі

Формасы


Формалы нан

Нан формасына сәйкес келеді,беткі қабаты көтеріліп піскен болады

Нан формасына сәйкес, беткі қабаты аздап көтеріліп піскен

Нанның жұмсақтық жағдайы,піскендігі

Ұстағанда ылғалды, икемді, жақсы піскен

Жақсы піскен, ылғалды

Қамырдың араласуы

Түйінсіз

Түйіні жоқ

Саңылаулығы

Жетілген,нанның беткі қабатының бөлінуі жіберілмейді

Нанның беткі қабаты бөлінбеген.Саңылаулары жақсы жетілген

Дәмі

Нанға тән, бөгде дәмсіз

Нанға тән дәм

Иісі

Нанға тән,жағымсыз иістерсіз

Жағымсыз иісі жоқ, нанға тән иіс

Нан жұмсағының ақауларына оның үгілгіштігі, жабысқақтығы, нанның дұрыс көтерілмегендігі, арасындағы бос қуыстарының болуы жатады.

Дәмі мен иісінің ақаулары әр түрлі себептерге байланысты болады. Қатты ашып кеткен қамырдан жасалған нанның дәмі тұзсыз болады.

Түсі ақшыл сарыдан қоңырға дейін.



Физикалық-химиялық көрсеткіші. Бұл көрсеткіштерін бағалаған кезде нанның ылғалдығын, қышқылдығын, нанның көтерілгендігін, майдың және қанттың массалық үлесін анықтайды.

Ылғалдылығы. Нанның ылғалдылығы стандарт бойынша: бидай нанында 38-48%, қара бидай нанында 46-51%, қара бидай және бидай нанында 45-50%. Ылғалдылықтың жоғарлауы нанның сіңімділігін, дәмін және сақталу мерзімін төмендетеді. Жоғарғы сорт ұнынан жасалған нанның ылғалдылығы төмен болады.



Қышқылдығы. Бидай ұнынан жасалған қышқылдығы 2,5-7% көп емес болу керек, қара бидай ұнында 12%, қара бидай және бидай нанында 7-11%. Қышқылдық нан және нан өнімдерінің дәміне әсер етеді.

Қауіпсіздік көрсеткіштері. Токсикалық элементтер, микотоксиндер, пестицидтер, радионуклеидтер МТБ нормасына сәйкес болу керек.

Бөтен минералды қоспасы бар, көгерген, мыжылған және т.б. ақаулары бар нан сатылуға жіберілмейді.



3.10 Нан сапасын сараптау

Үлгі алу. Нан және нан-тоқаш өнімдерінің сапасын бақылау үшін үлгіні өнім партиясынан алады.

Органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштерді анықтау үшін үлгіні алдын ала алған үлгіден алады. Оның көлемін келесідей анықтайды: контейнерден, стеллаждан, сөреден, лотоктардан 0,2% барлық партиядан 5 данадан аз емес, ал жеке өнім салмағы 1-3кг көлемде алу керек.

Физикалық-химиялық көрсеткішті анықтау үшін алдын ала алынған үлгіден келесі мөлшерде үлгі алады:


  • 1 дана – таразылап және даналап сатылатын өнім салмағы 400г аспау керек;

  • 2 данадан аз емес – таразылап және даналап сатылатын өнім салмағы 400-ден 200г қосымша.

Өнім сапасын тексергенде бақылау органдары 3 зертханалық үлгі алады. Наубайханаларды тексерген уақытта екеуін қағазға буып-түйіп, жіппен байлап, мөр басып бақылаушы мекеменің зертханасына жібереді. Ал үшіншісін нан шығаратын өндіріс зертханасында тексереді.
3.10.1 Органолептикалық көрсеткіштерін анықтау әдістері.

Нанның органолептикалық көрсеткішін МЕМСТ 5667-65 бойынша анықтайды.

Өнімнің сыртқы түрін жеткілікті жарықта көзбен көру арқылы анықтайды немесе стандартты үлгімен салыстырады.

Нанның жұмсағын көлденең кесіп, саусақпен басу арқылы: піскен нанның жұмсағы құрғақ, ал піспеген нанның жұмсағы дымқыл, шикі болады.

Иісі. Нанның иісін 2-3 рет иіскеу арқылы анықтайды. Нанның иісін стандартпен салыстырады. Нан өнімдерінде өзіне тән иісі болу керек.

Дәмі. Нанның дәмін анықтаған кезде 5 өнімнен қалыңдығы 6-8мм нан кесіп алады да, 3-5 секунд шайнап көреді, содан кейін стандартпен салыстырады.



3.10.2 Физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау әдістері.

Нанның физикалық-химиялық көрсеткіштерін МЕМСТ 21094-75 құрамындағы ылғалдылықтың массалық үлесін және МЕМСТ 5669-96 ұсақ тесіктілігін, МЕМСТ 5670-96 нан өнімдерінің қышқылдығын анықтау, қант және май мөлшерін стандарттары арқылы зерттейді

Нан – тоқаш ылғалдылығы бидай нанының -38-45%, қара бидай нанының 46-52% мөлшеріне сай болу керек. Қышқылдығы бидай наны 2-7%, қара бидай наны 7-12% болады.

Нан ақаулары сапасыз шикізаттарды пайдаланудан, өнімді дайындау технологиясын бұзудан, сақтау режимін бұзудан болады.



Қышқылдығын анықтау әдісі.

Барлық нан өнімдерінің 70г жұмсақ үлгі алынады. Осы үлгіден 25г алып 0,5 л шыны ыдысқа салады. Температурасы 18С-25С дистилденген судың 60-65г қосып үлгіні мұқият езеді. Су мөлшерін 250 мл-ге жеткізеді, тығындап жақсылап шайқап (2 мин), 10 минут бөлме температурасында ұстайды да тағыда 2 минут шайқап 8 минут ұстайды. Құрғақ стаканға сүзіп 50 см3 ертіндісін 2 колбаға (150 см3 сиымдылығы) құйып 2-3 тамшы фенолфталеин қосып калий натрий тотығымен титірлейді. Түсі орнықты өзгермейтін қызғылт түске дейін.

Есептеу.

Қышқылдық Х, келесі формуламен анықталады:



V x Vi x A x K

Х=

10m x V2


Мұндағы: V- калий не натрий тотығының мөлшері, см3;

Viдистилдинген судың мөлшері, см3;

А – үлгіні 100 г айналдыру коэффициенті:

К – тотық ертіндісінің молярлы 0,1 моль/дм3 айналдыру коэффициенті



1

10 - 0,1 моль/дм3 –ты 1,0 моль/дм3 айналдыру коэффициенті:

m- үлгі салмағы;

V2 – тексеруге алынған ерітінді көлемі, см3.

Қатар екі анықтау жүргізіліп арифметикалық орташа саны алынады. Екі анықтаудың айырмашылығы 1% аспауы тиіс. Ылғалдылық 0,5 % дәлдікпен есептеледі, егер 0,25 не одан төмен болса есепке алынбайды, 0,25-0,75 болса 0,5 теңеледі, 0,75 жоғарысы 1,0 ге теңеледі.
Ылғалдылығын анықтау әдісі:

Салмағы 0,2 кг жоғары нан өнімдерінің ылғалдылығын анықтау.

Ортасынан қақ бөлінген нанның біреуінен 1-3 см кесек кесіліп алынады, барлық қоспалардан ажыратып 20 г үлгі алынады. Үлгіні мұқият ұнтақтап 0,01 г дәлдікпен өлшеп 5г екі өлшемді темір ыдысұа салады. Үлгілерді кептіргіш шкафтарда 130°Ста 45 минут кептіреді. Кептірілген үлгілерді 20 минут пен 2 сағат аралығында суытады да өлшейді.

Салмағы 0,2 кг және одан төмен нан өнімдері.

Өнім ортасынан қалыңдығы 3-5 см кесек алынады, барлық қосындылардан айырып жүмсақ жерінен кем дегенде 20г үлгі алады. Егер ылғалдылық қыртысымен бірге оның болатын болса (қарабидай өнімі) өнім төрт бірдей бөлікке бөлінеді. Барлық қосындылардан ажыратылып төрт бөліктен салмағы 50г кем емес үлгі алынады. Ылғалдылық жоғарыда айтылғандай өткізіледі.

Есептеу. Ылғалдылық (В) келесі формуламен есептеледі:

В- М12 х 1 00

М

Мұндағы: М1 – ыдыстың үлгімен кептіруге дейінгі салмағы, г;



М2 - кептірілгеннен кейінгі салмағы, г;

М - үлгінің салмағы, г.


3.11 Нан және нан өнімдерінің саласы

ТМД елдерінің нан өнімдерін өндіретін өнеркәсіптеріндегі нан және нан өнімдерінің саласы МЕСТ,СТ,ТУ,талаптарына сәйкес келуі тиіс. Балдың баға жүйесі: жай қара нан МЕСТ2077-54 фирмалы немесе қалың немесе салмақты, массасы 1,0; 0,5 г,ал салмақпен 3,0 г дейін, ылғалдығы 51,0%, қышқылдығы 2,0%, ұсақ саңыраулары 48%.

Нан өндірісінде өндірілетін өнімдердің әр түрлілігі мынадай негізгі топтарға бөлінеді: нан және бөлішке өнімдері, мүйізделген өнімдер, сухарилар, диеталық нан өнімдері. Дайын өнімдердің сапасын бақылау стандарттарға, ТШ- балдық жүйесінің жағдайына қарай жүргізеді.

Балдың баға беруде нанның органолептикалық сапа көрсеткіштері қарастырылады,яғни формасы, ұсақ саңылаулары, нан жұмсақтығы. Олар 10 балдық шкала бойынша бағаланады (МЕСТ21094-75).

Саңылауларын анықтау (МЕСТ5669-51), қышқылдығын МЕСТ5670-51 екі әдіс бойынша анықтауға болады.Олар: арбитражды және тездетілген болып бөлінеді.

7 кесте - Нан сапасы көрсеткіштері бойынша балды есептеу шкаласы



Көрсеткіштер

Есептелген балдың саны

Балдың баға тараған сорттар тізімі

салмақпен

санымен

Формасы дұрыс, беткі қабығы дөңес, қалыңдығы қысылмаған

2

2

Жоғарғы, І, ІІ сортты ерекше тартылған ұара бидай ұнынан кебексіз ұннан пісірілген жалнаң, формалы нан салмақпен және данаман

Жоғарғы беті жазық (қара бидай ұнынан басқа) сызатсыз, жарақсыз. Қалау жалпақ нандарды тесу рұқсат етіледі. Жоғарғы беткі қабығы жылтыр, біртегіс боялған

4

2

Бидай, қара бидай ұнынан қосындыларымен. Бидай қара ұнынан қосындыларымен алынған.

Нанда сызаттар болса (қыша формалы, еленген жоғарғы сортты ұннан жасалғаннан басқа)

4

2




8 кесте - Нан пісіру өндірісіндегі өнімді теңестіруге арналған көрсеткіштер тізімі



Нан,бөлішке,сдоба,қаттама өнімдері

Өнім құрамы: сыртқы түрі-формасы,беткі қабаты,түсі,дәмі,иісі,жұмсақтық жағдайы,ылғалдығы,қышқыл-дығы.

Таңбалау,буу,

НД бойынша

Этикеттік жазу.

ГОСТ51074-97



Мүізделген,ұнтақталған өнімдер,нан саломкалары,қытырлақ нандар

Өнім құрамы: сыртқы түрі-формасы,беткі қабаты,түсі,иісі,размерлері немесе дана саны,дәмі,нәзіктігі..

Таңбалау,буу,

НД бойынша

Этикеттік жазу.

ГОСТ51074-97



Аунатуға арналған кепкен нанның ұнтағы

Сыртқы түрі,түсі,иісі,тартылған ұнның ірілігі

Таңбалау,буу,

НД бойынша

Этикеттік жазу.

ГОСТ51074-97



Макарондық өнімдер

Өнім құрамы: сыртқы түрі-формасы, иісі, өнімде ақаулардың болуы (қоқымның салмақ үлесі) піскеннен кейінгі өнімнің жағдайы,судың түрі.




3.12 Нан және нан өнімдерінің тағамдық құндылығы

Нан өнімдері көмірсу, белок,минералдық заттар және витаминдерді жеткізуші көзі болып табылады.



9 кесте - Наның химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы



Өнімдердің аталуы

100гөнімдегі химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы

белок

майлар

көмірсулар

энергетикалық құнд.ккал

1

Нан «Жай нан»1 сорт бидай ұнынан,формалы

7,5


2,0


46,1


245,0


2

Нан«Крестьяндық»қара бидай ұнынан,жалпақ

7,5


1,1


50,1


240,0


3

Нан«Денсаулық»бидай ұнынан,1 сорт

8,4


2,4


47,4


245,0


4

Бидай ұнының жоғарғы сортынан жасалған ақ нан,жалпақ

7,9

0,9

52,6


250,0


5

Батон «Ойықты»бидай ұнының жоғарғы сорты

10,3

4,6

71,5

368,0

6

Нан «Арнайы меізбен»қара бидай,бидай ұнының қоспасы

7,5

2,3

51,1


254,0


7

Нан «Бородиндік»


6,3

1,1

45,9


216,0


8

Нан «Олимпиядалық»


7,8

1,7


50,6


250,0


9

Нан «Бодрость»бидай ұнының 1 сортынан

8,2

3,4

45,1


243,0


10

Тоқаш наны «Алтын диірмендік»бидай ұнының жоғарғы сортынан


7,3

4,9

62,8


324,0



3.13 Нан өнімдерінің классификациясы және ассортименттері

Нан өнімдері ассортименті әртүрлі және мыңға жуық .

Ұнның түріне қарай нан әртүрлі болады. Нан дайындау үшін ұнның барлық сорттары қолданылады. Өнімнің құрамына қарай жәй және жақсартылған болып бөлінеді. Жай нанға: ұн, тұз, су, ашытқы қосылады. Ал жақсартылған нанға :қант, май, жұмыртқа, мак, солод т.б. қосылады. Реализациялауға байланысты өнім массалық және даналық деп бөледі.

Нан және нан өнімдерінің ассортименті:

1.Нан «Жай нан»,1 сорт бидай ұнынан,формалы

2.Нан«Крестьяндық»,қара бидай ұнынан,жалпақ

3.Нан«Денсаулық»,бидай ұнынан,1 сорт

4.Бидай ұнының жоғарғы сортынан жасалған ақ нан,жалпақ

5.Батон «Ойықты»,бидай ұнының жоғарғы сорты

6.Нан «Арнайы меізбен»,қара бидай,бидай ұнының қоспасы

7.Нан «Бородиндік»

8.Нан «Олимпиядалық»

9.Нан «Бодрость»,бидай ұнының 1 сортынан

10.Тоқаш наны «Алтын диірмендік»,бидай ұнының жоғарғы сортынан

11.Тоқаш бөлішкесі «Айгүл»,бидай ұнының

жоғарғы сорты

12.Тоқаш бөлішкесі «Бөбек», бидай ұнының 1-сортынан

13.Тоқаш бөлішкесі «Асем»,бидай ұнының

1 сортынан

14.Тоқаш бөлішкесі «Балалық», бидай ұнының жоғарғы сортынан

15.Тоқаш бөлішкесі «Жұлдыз», бидай ұнының жоғарғы сортынан

16.Тоқаш бөлішкесі «Веснушка», бидай ұнының жоғарғы сортынан

17.Тоқаш бөлішкесі «Любительская», бидай ұнының жоғарғы сортынан

18.Тоқаш бөлішкесі «Маковка», бидай ұнының жоғарғы сортынан

19.Тоқаш бөлішкесі «Науырыз», бидай ұнының жоғарғы сортынан

20.Тоқаш бөлішкесі «Сұңқар», бидай ұнының жоғарғы сортынан

21.Тоқаш бөлішкесі «Плюшка», бидай ұнының жоғарғы сортынан

22.Тоқаш бөлішкесі «Светлана», бидай ұнының жоғарғы сортынан

23.«Мүйізделген тәтті нан», бидай ұнының жоғарғы сортынан

24.Хот-догқа арналған бөлішке бидай ұнының жоғарғы сортынан

25.«Мак қосылған тоқаш рулеті», бидай ұнының жоғарғы сортынан

26.Бөлішке өнімі «Мак қосылып өрілген» ,бидай ұнының жоғарғы сортынан

27.Бөлішке өнімі «өрілген»,бидай ұнының жоғарғы сортынан

28. Ұлттық лепешкілер «Дәмді нан», бидай ұнының жоғарғы сортынан

29.«Круассан», бидай ұнының жоғарғы сортынан.



3.14 Нан өнімдерін сертификаттау тәртібі.

Нан өнімдеріне жүргізілетін міндетті сертификаттау 2. 2а. 3. 3а. 4. 4а. 5. 7. 10. 10а схемалары бойынша жүргізіледі. Өнімді қысқа мерзімде сертификаттау 2а. 3а. 4а. 5. 9а. 10.10а. схемалары бойынша жүргізіледі (7-схема арыз берушінің қалауы бойынша қолданылады).

Міндетті сертификаттау инспекциялық бақылауды жүргізу нан өнімдерінің белгілі бір өнім түріне және олардың нормативтік құжатқа сәйкес келуін жүргізеді,дәлелдейді.

Нан және нан өнімдеріне міндетті сертификаттауды жүргізуде қажетті нормативтік құжаттар мен ондағы қауіпсіздік көрсеткіштері және оларды жүргізу жолдары -кестеде көрсетілген.

МЕМСТ 5667-65 «Нан және өнімдері» өнімді қабылдау,үлгі алу әдісі,органолептикалық көрсеткіштерін анықтау әдістері,өнім салмағы туралы ережелер қаралады.

10 Кесте - Нан және нан өнімдерін міндетті сертификаттауға жататын, дәлел-дейтін көрсеткіштер тізімі:



1


2

3

4

5

6

7



Өнімдердің аталуы

Код

ОКП


Код

ТН

ВЭД



Көрсеткіштердің

аталуы


Көрсеткіштердің бекітетін норм.

құжаттары



Сынақ түрін анықтайтын норм.құжат

1

Нан, тоқаш өнімдері

911000

911300


911400

911600


911900

1905




ГОСТ 2077-84

5311-509511-80

9712-619713-95

9903-619831-61

9906-6112582-67

12583-6712584-67

13657-6814121-69

24298-8024557-89

25832-89

26983-8626984-86

26985-8626986-86

26987-8627842-88


















Уытты элементер:
Сынап
Мышьяк

Мыс


Қорғасын

Кадмий


Күміс
Микотоксиндер :

Афлотоксин-В1

Дезоксиниваленол

Засираненол

Т-2 токсин

Пестицидтер

өзгеде

минериалды



қоспалардың

аурулардың

белгілері және

көгеру.


Радионукле-идтер


СанПИН

2.3.2.560-96және басқа да норм.құжаттар, онда ҚР бекіткен заңдары бойынша өнімдерге бекіткен міндетті талаптар көрсетілген





ГОСТ30178-96

(күміс,мыс,қорға-сын,кадмий үнемі)

ГОСТ26927-86(5)

МУ517890(6)ГОСТ26930-86(8)

ГОСТ26931-86(9)

ГОСТ26932-86(10)

ГОСТ26933-86(11)

ГОСТ26934-86(12)

МУ4082-86(14)
Му5177-90(16)
МУ5177-90(16)

МУ3184-84(15)

(19,20)
МУК 2.6.1.

717-98(22)



2

Мүіз-делген

Кепті-рілген

өнім-дер,

нантаяқ-


шалары,

аунатуға


арналған

кепкеннанның

ұнтағы

қытырлақ


нан т.б









Уытты элементер:

сынап,

мышьяк,


мыс,

қорғасын,

кадмий,

күміс.
Микотоксиндер:



афлотоксин

В1,


Дезоксини-

Валенол,


Зеарапенол

Т-2 токсин

Пестицидтер
Өзгеде қосулар,

минериалды

қоспалардың

аурулардың

белгілері және

көгеру.
Нан қорының зиянкестер-

мен ласта-нуы,жұқтыр-уы:(аунатуға арналған кепкен нанның ұнтағы)
Метал-магниттік қоспа:(аунатуға арналған кепкен нанның ұнтағы)
Радионуксидтер


ГОСТ686-83

7128-918494-96

9846-8811270-88

28402-8928891-90

30317-95

30354-96


СанПИН2.3.2560-96 және басқа да норм. құжаттар

Поп.1.


Поп.1.

Поп.1.
ГОСТ5667-65(59)

ГОСТ27558-87(60)

ОСТ151132-77(61)

ГОСТ27559-87(60)

ГОСТ20239-74(57)



Поп.1.



Пайдаланылған әдебиет тізімі


  1. Щепетков Н.Г. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, өңдеу және стандарттау технологиясы»

  2. Хайтмазова Е.Ф. «Практикум по товароведению зерна и продуктов его переработки» Москва ВО «Агропромиздат» 1992г.

  3. Присвятский Л.А., Лесик Б.В., Кудрина В.Н. «Хранение и технология с/х продуктов» Москва ВО «Агропромиздат» 1991г.

  4. Смагулов А.К. «Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау» Алматы, 2005ж.

  5. Филатов В.И. «Агробиологические основы производства, хранения и переработки продукции растениеводства»

  6. Ильенкова С.Д. «Управление качеством», Москва 2004г.

  7. Семенова Е.И. «Управление качеством», Москва 2004г.

  8. Гиссин В.В. «Управление качеством продукции», Ростов на Дону «Феникс» 2002г

  9. МЕМСТ 28620-90 Тоқаш наны «Алтын диірмендік» бидай ұнының жоғарғы сортынан

  10. МЕМСТ 5667-65 «Нан және нан өнімдері»







  11. .






жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау