Дипломдық ЖҰмыстарды орындауғА Әдістемелік нұСҚаулар павлодар Әдістемелік нұсқауларға бекіту парағы



жүктеу 365,63 Kb.
бет3/3
Дата01.12.2017
өлшемі365,63 Kb.
#2650
түріДиплом
1   2   3

БЕКІТЕМІН


ФХТ ж Ж деканы

_______ К.К. Ахметов

"___" __________200_ж.

Құрастырушы: аға оқытушы _______________ Ғ.Қ. Ахмедьянова


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
Дипломдық жұмыстың орындалуына арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

050606 –Химия мамандығының студенттеріне


Химия және химиялық технологиялар кафедрасының
"___"______________200__ж. отырысында ұсынылды, №____ хатттама

Кафедра меңгерушісі ___________ К.Х. Жапаргазинова

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті оқу- әдістемелік кеңесінің "___"____________200___ж. отырысында мақұлданды, №____ хаттама

ОӘК төрайымы ________________ Ұ.Д. Бүркітбаева



1.Дипломдық жұмысты қорғау , жазуға арналған негізгі ержелер
Жалпы талаптар бойынша бітіруші студенттер диплом жұмыстарын орындайды және оларды мемлекеттік оқу жоспарына сәйкес жоғары оқу орынының емтихан комиссиясының алдында қорғайды.

Диплом жұмысының мақсаты:

1) мандық бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларды жүйеге келтіру, бікіту, кеңейту және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік міндеттерді шешуде қолдану;

2) тәжірибелік және ғылыми зертеулерді жасағанда кез келген сұрақтарға жауап беру, біліктілігін дамыту;

3) студентер өздігімен қәзіргі заманға сәйкес өндірістік, ғылыми, техникалық мәдени, және сонымен қатар профессионалдылықты шараларға дайындау:

Дипломдық жұмыс студенттің өзінше мамандығына сәйкес негізгі бір ауқымды тақырыпты зерттеу және зерделеу

Дипломдық жұмыс ғылыми жетекшілігімен орындалады және келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

- ғалымдардың, инженерлердің, менеджерлердің, экономистердің жүргізген тәжірибесі, талдаудауы негізінде зерттеу нәтижелерін, жобалық шешімдерді қортындылау;

- зерттеу жобасы бойынша теориялық қортындылаудың ғылыми негізделуінің болуы;

- нақты ғылыми міндеттерді шешуге қолданылатын ғылыми негіздегі нәтижелердің болуы.

Диплодық жұмыстың ғылыми жеткшілері ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар және ЖОО ғылыми қызметкерлері немесе басқа ұйымдардың мамандығы сәйкес келетін ғылыми зерттеу саласындағы жоғары дәрежелі мамандары тағайындалады

Дипломдық жұмыстың тақырыптары кафедра отырысында қаралады және бекітіледі, содан кейін бұйрық шығаруға тапсырылады.

Жетекшілер студенттердің дипломдық жұмыс жазу барысын ай сайын қадағалап отыруы тиіс, ол ұшін студенттерге тапсырма және айлық кесте беріледі.

Дипломдық жұмыстың тапсырмасы бастапқы материалдардың және әдеьиеттердің тізімінен, студенттер қарастыратын сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер, графиктік материалдар (кесте, диаграммма, сұлба және т,б), дипломдық жұмысты жазуға араналған нақты күнтізбелік кесте тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың тапсырмасын кафедра меңгерушісі бекітеді. Дипломдық жұмыстың тапсырмасы диплом жұмысына тіркеледі.

Күнтізбелік жұмысы орындалу барысына сйкестеп ғылыми жетекшімен келісіліп жасалады.

Сырттай оқитын бөлімде дипломдық жұмыс тақырыбын өнеркәсіптің қажеттілігіне байланысты таңдауға болады.

МАК құрамына мемлекеттік емтихан мүшелері кіре алады. Дипломдық жұмыстарды қорғау кестесі МАК комиссиясының жұмысы басталардан бір ай бұрын оқу-ісі жөніндегі проректормен бекітілдеді. Дипломдық жұмысты қорғау ашық комиссия кеңісінде, кеңес мүшелерінің 2/3 кем емес адам қатысқан жағдайда өткізілдеді.Кестеге сәйкес бір күнде алты студент қорғай алады.

Дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы 1 студентке 30мин. аспауы керек. Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент 10мин. баяндамасын оқиды. Дипломдық жұмысты қорғау нәтижесі сол күні хабарланады.

Дипломдық жұмысты қорғау бойынша баға ғылыми жеткшінің пікірін, рецензенттің бағасын және қорғаудың қортындысын ескере отырып қойылады.

Қорытынды мемлекеттік аттестацияның бағасы мемлекеттік аттестация комиссиясының барлық мүшелірінің пікірін және әріптік балдық рейтингтік жүйе бойынша ұсынылған бағаларды ескере отырып қойылады.

Дипломдық жұмыс 50 балдан төмен деп бағаласа, аттестациялық комиссия мүшелері қайтадан қорғауға жіберу шешімін шығарып мерзімін бекітеді. Коммиссия студентке бұрынғы жұмысын қорғауға немесе жаңа жұмыс таңдауын аңықтайды. Қайта қорғағаған кезде 50 балдан төмен баға алған түлекке мамандық бойынша толық курсты аяқтағаны туралы аңықтама беріледі.

Белгілі себептермен дипломдық жұмысты қорғауға келмеген түлек себебін айғақтайтын қажетті құжаттарын көрсеткен жағдайда білім ұжымы жетекшісінің бұйрығымен белгілі мерзімде қортынды аттестация өтуге рұқсат алады.

Арнайы деңгейдегі дайыындық бағасы және біліктілікті беру шарасы қазақстан Республикасынык білім және ғылым министрлігінің 30 қараша 20007 жыл №595 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасырның әділет министрлігінде 10 желтоқсан 2007 жыл №5035 бұйрығымен тіркелген техникалық және қызмет көрсететін еңбек шарты бойынша біліктілікті беру және мамандарды дайындау дәрежесін қанағаттандыратын ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Барлық оқу пәндерінің 75 пайызын үздік бағамен бітірген қалған пәндерден жақсы бағаға емтихан тапсырған және дипломдық жұмымымен мемлекеттік емтихмнда үздік баға алған студентке үздік диплом беріледі. Қортынды атттестация бойынша комиссия шешімі оқу орнынның мұрағатында сақталады.

Мемлекеттік аттестациялық комссия шешімімен мемлекеттік емтиханды табысты тапсырған және дипломдық жұмысын жақсы қорғаған студентке химия бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Диплом бланкілері арнайы мемлекеттік үлгіде қазақ және орыс толтырылады. Дипломға қосымшаны хаттышы арнайы бағдарламада студенттің оқыған тілінде толтырады. Диплом оқу орнына қарызы жоқ түлектерге беріледі, ол үшін әрбір түлек оқу орнынан шығарылуы туралы бұйрықтан кейін деканатта шығыс парағын толтырады.

2. Дипломдық жұмыстың құрылымы және мазмұны
2.1 Дипломдық жұмыстың мазмұны нақты мамандық бойынша қол жазба түрінде жоғарғы оқу орнын бітіруші студент өз бетімен дайындаған ғылыми- зерттеу жұмысы түрінде жазылады.

2.2 дипломдық жұмыстың көлемі ережеге сәйкес 60-90 бет болуы керек. Қосымша дипломдық жұмыстың негізгі көлеміне кірмейді.

2.3 Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтеріне жатады:

- тысы;


- сыртқы бет;

- дипломдық жұмысты (жоба) орындау бойынша тапсырмалар;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланған әдебиеттер тізімі;

- қосымша.

2.4 Тысында келесі мәліметтер келтіріледі:

- дипломдық жұмыс орындалған ұжымның аты;

- студенттің тегі және аты,

- дипломдық жұмыстың тақырыбы,

- дипломдық жұмыстағы –жұмыс түрі,

- шифр және мамандықтың аты,

- қала, жыл.

2.5 Сыртқы бет дипломдық жұмыстың бірінші беті болып табылады және

жұмысты өңдеу, іздеу үшін қажетті құжаттар мен ақпарат көзі болып

табылады.

Сыртқы бетте келесі мәліметтер келтіріледі:

- дипломдық жұмыс орындалған ұжымның аты;,

- дипломдық жұмыс жасалған кафедра аты;

- шектеулі шриф (қажет болған жағдайда),

- кафедра меңгерушісінің қолы;

- диплом түрі – диплом жұмысы,

- тақырыбы белгіленген диплом жұмысы,

- шифр және мамандық аты,

- сол жақ - «орындаған» сөзі, оң жақта студенттің тегі және аты көрсетіледі,

- төменде «ғылыми жетекші» жазылады және тегі, аты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, т.б. көрсетіледі,

- қала, жыл.

3. Материалды баяндау тәртібі

3.1 Кіріспе

Көрсетілген зерттеу жұмысының актуалды, практикалық мәні, жаңалығын дәлелдеу. (ғылыми кафедралық ұйымда немесе конфренцияда қаралған т.б.), зерттеу тапсырмасы және мақсаты.



3.2 Әдебиеттер шолуы.

Шолу дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты.Ол бірнеше бөлімдерден тұрады. Әдебиеттік шолуда 30 кем емес жарияланған жұмыстар болуы керек. Мәтіндегі сілтеме әдебиеттер тізіміндегі санға сәйкес тік жақшамен, ал әдебиеттер тізімінде олардың атауы және авторлары жазылады. Осы бағыттағы қажетті зерттеулер мен оның зерттелуі туралы жетіспеушілктерді немесе осы сұрақ бойынша бірдей көзқарастар болмауы үшін әртүрлі көзқараста қорытынды жасау керек.



3.3 Эксперименттік бөлім

Эксперименттік бөлімде тәжірибелерді жүргізудің әдістемесі келтіріледі, мысалы, мерзімі көрсетілген нақты материалдар тізімі, алынған сынамалар үлгілері, талдау әдістері, мәліметтерді математикалық өңдеу әдістері.



3.4 Зерттеу нәтижелері

Алынған нәтижелердің практикада қолданылу қарқыны және соңғы кездегі теориялық сұрақтар позициясымен эксперименттік материалдарға (кесте, график, картограмма, диограмма, сурет) критикалық талдау жасау қажет.

Жинақталған материалдың көлеміне және оның жекешелілігне байланысты бір бөлім бірнеше бөлімшелерге бөлінуі мүмкін. Эксперименттік материалды талқылаудың қорытындысында дипломдық жұмыстың авторы статистикалық мәліметтермен дәлелденген нақты дәлелдеулерлді келтіруі керек.

3.5 Зерттеу нәтижелерін экономикалық негіздеу

Диплом жұмысы химия өндірісіне байланысты тақырыпқа орындалған жағдайа зерттеу нәтижелерін экономикалық бағалау қажет болады. Берілген әдістемелік нұсқауда көп қолданылатын әдістер көрстілген:

-химизацияның экономикалық тиімділігі;

- шаруашылық ісін талдау барысында ұжымның жылдық есебін қолдануға ұсыныс жасалады.



3.6 Табиғатты қорғау

ҚР заңдары мен Үкімет Қаулыларын білетіндігін міндетті түрде көрсету.

Бөлімнің негізгі тапсырмасы – экологиялық негіздеу және табиғат құбылыстарын байланыстыратын, қоршаған ортаға, адам және жануарларға зиян еместігін атап өту.

3.7 Еңбекті қорғау.

Зерттеу барысында еңбек және қауіпсіздік техникасын жағдайын мәлімдеу. өткізілетін жұмыс барысына байланысты қауіпсіздік техникасының ережелерін көрсету. Өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы ұйымдастыруға ұсыныс беріледі.



4. Қосымша (қажетті жағдайда)

4.1 Қосымшаға безендіру және қосалқы сипаттағы материалдар енгізу ұсынылады. Қосымшада мыналар көрсетуге болады:

- кесте жәнен үлкен көлемдегі суреттер;

- қосымша есептеулер;

- жұмыста қолданылған стандартты емес құрал –жабдықтың сипаттамасы;

- ЭЕМ шығарылған материалдар;

- технологиялық және қолданбалы сипаттағы өзіндік материалдар мен құжаттар. Барлық қосымшаларға тектес сілтемелер болуы керек;

4.2 Қосымшада мәтінде кездесетін сілтеме тізімі атап көрсетуі қажет.

4.3 Қосымшада міндетті және ақпараттық ұсыныстар болуы керек.Ақпараттық қосымшалар ұсыныстық және аңықтамалық сипатта болуы қажет.

4.4 Әрбір қосымша жаңа парақтан басталады және оның тақырыбтық атауы болады.

4.5 Егер тек бір ғана қосымша болса, онда ол «А» деп белгіленеді.

4.6 Суреттер, кестелер формулалар араб сандарымен нөмірленеді. Мысалы: «….Сурет Н.5…».

4.7 Барлық қосымшалар мазмұнда нөмірленіп аталып көрсетілуі керек.

5. Кесте құру

Сандық материал ережеге сәйкес кесте түрінде жасалынады.

Бас әрптен басталып жазылған кестенің атуы болу керек, ол үшін кестенің бас жағына сол жақтан басталып «Кесте...» сөзі жазылалады. Кестенің тауы қысқа және кестенің мазмұнын толық ашатын болуы керек. Атауының астын сызуға болмайды.

Қосымшада келтірілген кестелр араб сандарымен нөмірленеді. Кестенің нөмірі әрбір бөлімнің шегінде қойылады. Осыған байланысты кесетенің нөмірін көрсеткенде алдымен бөлімнің нөмірін қояды, сосын нүкте қойып кестенің номерін қояды.

Егер мәтінде бір кесте болса, онда номерін «Кесте 1», ал егер ол В қосымшасында болса, онда «Кесте В.1» түрінде көрсету керек.

Кестенің аты және кестенің бөлімдері бас әріппен басталып жазылады, ал кестенің жалғасы кішкентай әріппен басталып жазылады. Кестенің атауының және жалғасының соңына нүкте қойылмайды. Атауын жекешеленеген сандармен көрсетеді.

Кестенің аттарын диагональды сызықтармен бөліп жазуға болмайды.

Кесте оң, сол жағынан және астынан сызықтар арқылы шектеледі. Көлденең және тік сызықтар кестега қосымша сызықтар енгізуге қолайлы, егер ондай сызықтар болмаса кестені пайдалану қиынға түседі.

Егер сызықтар беттен шығып кетсе, онда кестенің бірінші бөліміндегі басы қайталанады. Көп бөлімдері бар кестені бірнеше бөлікке бөледі және оларды бірінен кейін бірін орналастырады. Келесі беттеріне «Жалғасы» деген сөзді жазады., ал бірнеше кестелер болған жағдайда кестенің нөмірі көрсетіледі, мысалы: «Кестенің жалғасы 2.3».

Кестенің жалғасын келесі бетке көшірген жағдайда кестенің атауын тек қана бірінші бетке жазады, ал қалған бөлімдеріне «Жалғасы» деген сөзді жазады, егер бірнеше кесте болса, мысалы: «Кестенің жалғасы 2.7».

Ерен кестенің соңғы бөлімдері сыймаса, онда оны келесі бетке көшіреді және алдыңғы бетінің соңына шектейтін сызықты көрсетпейді. Кестені беттің барлық көлеміне сыйдыруға рұқсат етіледі. Егер кестенің ішінде физикалық мәндердің бірлігі, олардың санына тәуелділігі сияқты сандық мәліметтер келтірілген болса, онда олар кестенің жанына, басына немесе астына жазылады. Кестеге «Өлшем бірліктерін» жазатын жеке бөлім қосылмайды.

Кестенің атауына немесе атауының астына әріптердің түсіндірмесін жазуға болады, мысалы: D - диаметр, H – биіктік, немесе көрсетілген стандарттармен.



6. Формулаларды жазу және өңдеу

ДЖ келтірілген фомулалардың саны берілген мәтіннің толық мазмұнын және нақтылығын көрсететін болуы керек.

Барлық иллюстрациялар (сұлба, кесте, техникалық суреттер, фотографиялық түсірілімдер, осциллограммалар, диаграммалар және т.б.) мәтінде әріптермен аталады және араб сандарымен нөмірленеді.

Әрбір бөлімдегі суреттерге нөмір қойылады. Осы кезде бөлімнің нөмірі және иллюстрацияның реттік нөмірі көрсетіледі және олар арасынан нүкте арқылы бөлінеді, мысалы: «сурет 5.1» (бесінші бөлімнің бірінші суреті); «сурет В.8».

Иллюстрация А4 форматына сыятын болса, мәтін бойынша бірінші сілтемеден кейін орналасады. Егер суреттің мөлшері А4 форматынан үлкен болса, онда оны қосымшаға енгізу қажет.

Суреттерді құжаттарды айналдырмай немесе сағат тілінде айналдырып көретіндей етіп орналастыру қажет.

Иллюстрация түрінде келтірілген сұлбалар және схемалар мемлекеттік стандарттардың конструкторлық құжаттардың біріккен жүйесінің (КҚБЖ) талаптарына сәйкес болуы керек.

Иллюстрацияларды мәтін жазған қағазға, сол форматпен көрсету қажет. Бейненің түсі қара болуы керек. Сондықтан иллюстрациясы бар парақты түссіз мөлдір ақ қағазға шығаруға болмайды.

Қажет болған жағдайда иллюстрациялардың атауы және түсініктеме беретін мәліметтері болуы керек. «Сурет» сөзі және атауы жазылады. Мысалы: «Сурет В.2 – Алгоритм сұлбасы».

Сапалық көрсеткіштерін көрсететін кестелер, координата остері шектелген бағыттармен көрсетілген жазықтықта бейнеленеді. Сондықтан бағыттың оң жағында ординана осі, ал астында абцисса осі орналасады және оларды сәйкес әріптермен белгілейді.

Формулаларды кейінгі және басындағы мәтіндердің арасында бір интервал қалдырып жазады.

Формулаларға кіретін симфолдардың және сандық коэффиценттерінің мәндері формуланың астына жазылады. Әрбір символдың мәнін жаңа жолдан бастап жазады. Формулалардың мағынасын көрсететін мәтіннің алдына «мұндағы» деген сөзді жазады, содан кейін жалғастырады.



Мысалы - әрбір үлгінің тығыздығын р, кг/м3 формуламен есептейді

(1)

мұндағы m – үлгінің массасы, кг;

V – үлгінің көлемі, м3.

Арасында мәтін келтірілмеген, бірінен-кейін бірі жалғасқөан формулалар арасына үтір қойылып жазылады. Формулалардың құрамындағы барлық әріптердің анықтамалық мәндері көрсетілуі керек. Грек, латын алфавиттерімен және сандармен белгіленген формулалар КҚБЖ стандарттарының талаптарына сәйкес жазылады. Санның немесе әріптің биіктігі 2,5 сызықтық шрифтен үлкен болмауы керек. Формулаларды астына түсіру +, -, х,  белгілері арқылы көшіріледі, қажет болған жағдайда қайталанады.

Қосымшада келтірілген формулаларға барлық теориялық құжаттың шегінде тиісті нөмір қойылады. Бір формуланы (1) деп белгілейді.

Мысалы


(1)

Формулалардың нөмірі бөлімнің нөмірімен қойылады. Осындай жағдайда формулалардың нөмірі бөлімнің нөмерімен және формулалардың реттік нөмірімен сәйкес келуі керек және олар бір-бірінен нүкте арқылы бөлінеді, мысалы, 2.10 – екінші бөлімнің оныншы формуласы. Бір параметрдің өлшемі барлық мәтінде бірдей және тұрақты болуы керек.

Формулалардың бірліктерін көрсететін мәндерін формуламен бір қатарға сыйдыруға немесе олардың сан мәндерін көрсететін әріптік түрін бір қатарға келтіруге рұқсат етілмейді.

7. Демонстрациялық беттерді (плакаттарды) өңдеу

Демонстрациялық бет тұрады;

- атауы;


- қажетті бейнелер және жазулар (сурет, сұлба , кесте);

- түсініктеме мәтіні (қажет болған жағдайда);

Демонстрациялық беттің атауы мазмұнына сәйкес қысқа болуы керек. Оны беттің жоғарғы жағының ортасына орналастыру керек. Түсініктемелік мәтін және жазулар 14мм шрифпен жазылы керек.

Түсініктеме мәтіні беттің бос жеріне орналастырады.

Демонстрациялық материал (экономикалық және технологиялық бөлімдер графиктік материалдар өмірқауіпсіздік, эксперименталды бөлімдер), көрнекілік құралдар және 3-5м қашықтықта жақсы көрінуі керек. Бұл үшін әрбір демонстрациялық бетті стандартты форматтағы сызба қағазына шығару қажет: беттін кішкене өлшемі - А3 (297х420 мм), үлкен өлшемі - А1 (594х840 мм).

Кестедегі, сұлбадағы диаграмммадағы элементтер (жазулар, сызықтар, шартты белгілер) КҚБЖ талаптарына сәйкес жазылады.

Демонстрациялық беттегі графикттік белгілердің элементтерін стандартта көрсетілген өлшеміне сәйкес, комиссияға көрінетіндей үлкейтуге болады. Демтнстрациялық беттегі бейнелер түрлі –түсті, сонымн қатар сандық және түсті белгілері түсіндірілген болуға болады.


8. Қорытындылар және ұсыныстар
қортындылар жеке бөлім түрінде көрсітіледі. Ол қысқа және нақты құрастырылған болуы шарт. Қорытындының негізінде негізделген ұсыныстарды өндіріс жағдайларында қолдану немесе өнеркәсіпке енгізуге қажетті ұсыныстарды аңықтауға болады.
9. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қолданылған әдебиеттер тізімі нөмерленіп және бас әріптен басталып жазылады. Тізімге құжаттың мәтінінде көрсетілген сілтемелердің барлығы енеді. Әдебиеттер тізімі альфавиттік қатар бойынша араб сандарымен нөмірленеді және нөмірден кейін нүкте қойылмайды.

Әдебиеттердің тізімі құжат мәтініндегі сілтемелердің реттілігіне сәйкес орналасады.

Әдебиеттерді сілтемеге көрсету, сол әдебиеттің ішіндегі мақаланы немесе мәтінді жазғаннан кейін тік жақшаға беттін нөмері және әдеьиеттің нһмері көрсетіледі. Мысалы; [18, т.1, с.753].

Библиографиялық жазба ГОСТ 7.1-84 и СТП-СК-02-02 (қосымша Д) сәйкес жазылады.

Кітаптар туралы мәліметтерде автордың аты жөні, атауы, басылып шыққан жері, шыққан жылы, баспа орны көрсетіледі.

Автордың тегі атау септігі бойынша жазылады. Егер кітапты бірнеше автор жазған болса, олардың тегі, аты жөні кітапта қалай жазылған болса сол ретпен арасына үтір қою арқылы жазылады. Мысалы: Бакеев М.И. Ерітінділер теориясы.-Караганда: КарМу, 2004

11. Дипломдық жұмысты қорғау

Автордың және еңбекті қорғау бойынша кеңсшінің қолы қойылған, аяқталған дипломдық жұмысты студент жетекшіге ұсынады. Жетекші оны қарағаннан кейін оған жазбаша түрде пікір (студенттің еңбек қорлығы, өз бетінше орындау дәрежесі, зерттеу әдістерін меңгеру туралы) береді.

Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыспен және жетекшінің пікірімен танысып, дипломдық жұмысты қорғауға жіберу туралы мәселені қарастырады. Ол сыртқы бетке қол қойып қорғаудан бір апта бұрын дипломдық жұмысты рецензиялауға жібереді.

Қорғау мемлекеттік емтихан комиссия отырысында өткізіледі (академиялық қарызы бар студенттер қорғауға жіберілмейді). Қорғауға баяндама, демонстрациялық материал (кесте, карта, суреттер т.б.) ұсынылады. Баяндамадан кейін студент қойылған сұрақтарға және рецензенттің ескертуіне жауап береді. Меммлекеттік емтихан комисссиясы баяндаманы және жауаптарды, рецензенттің және ғылыми жетекшінің пікірін тыңдап болып сәйкес шешім шығарады.



12. Антиплагиат

«Антиплагиат» дипломдық жұмыстың көшірілмеуін қамтамасыз ету мақсатында енгізілдеді. Тапсырылған дипломдық жұмыстардың «Антиплагиат» жүйесін тексеру үшін кафедрадағы ОПҚ арнайы адам тағайындалады. Дипломдық жұмысқа студент, нормабақылаушы, ғылыми кеңесші қол қояды, содан кейін ол ғылыми жетекшіге беріледі. Ғылыми жетекші дипломдық жұмысты өзінің жазбаша пікірімен қосып кафедра меңгерушісіне береді. Кафедра меңгерушісі «Антиплагиат» бойынша қорытынды жасай отырып жұмысты қорғауға жіберу немес жібермеу туралы шешім қабылдайды және ол шешімі туралы сыртқы бетке белгі қояды. «Антиплагиат» бойынша тексеруден өтпей қалған жұмысты студентке қайтадан қарау үшін қайтарып береді.



13. Қажетті құжаттар

1. Дипломдық жұмыс.

2. Рецензия.

3. Жетекшінің пікірі.

4. Кафедра меңгерушісінің қорғауға рұқсаты.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С.Торайғырова атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химиялық технология және жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДЖ. 050606. 21-05. ХХ. 10. ПЗ


Тақырыбы_________________________________________________________________


Нормабақылаушы

______________________________

(тегі, аты, жөні, қолы)

________________________________________

(тегі, аты, жөні)
____________ ________________

(қолы) (мерзімі)



Ғылыми жетекші

_______________________________

(қызметі, ғылыми атағы) 8 кегль

_______________________________

(тегі, аты, жөні, қолы)

Кеңесшілер

_____________________________

_____________________________

((тегі, аты, жөні, қолы)


_____________________________

_____________________________

(тегі, аты, жөні, қолы)

_____________________________

_____________________________

(тегі, аты, жөні, қолы)



Студент _______________________________

(тегі, аты, жөні)

_____________________ ___________________

(қолы) (мерзімі) _______________________________

(топ)




Кафедра меңгерушісі __________________________________
20_
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Карагандинский государственный технический университет


Для служебного пользования (при необходимости)

«Допущена к защите»

___________ Заведующей

кафедрой ___________ С.С. Ахметов




ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
На тему: «Разработка экспертной системы для вибродиагностики редукторов горных машин»
по специальности 050704 – «Вычислительная техника и программное обеспечение»


Выполнил И.И. Иванов
Научный руководитель

д.т.н., проф. П.П. Петров


Караганда 2009
жүктеу 365,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау