Бөлініп алынған бактериялардың нитрагеназалық белсенділігі
1 - № 2 дақыл 2 - № 5 дақыл 3- № 1 дақыл
Кейінгі жұмысымызда біз бөлініп алынған № 2 – дақылдың морфологиялық белгілерін зерттеуді жалғастырдық. Себебі морфологиялық қасиеттерді зерттеуден біз бөлініп алынған дақылдың қай туысқа жататындығын және оның микробиологиялық белсенлілігін анықтауға мүмкіндік туады. Эшби қатты қоректі ортасында дақылдың морфологиялық қасиеттін зерттеу барысында, колониялардың көлемі 4 тен -14 мм ге дейін және ол дөнгелек пішінде, колониялар сілемейлі, түсі тоқ-қоңыр түстілігі анықталды. (3.2.1. – сүрет.) Сұйық қоректі ортада таспа түзейді. Бөлініп алынған бактерия клеткасын микроскоппен зерттеу барысында олар таяқша және коккалы формаларда анықталғаны белгілі болды. Ол клеткалар жалғыз және жұпталған болып кездеседі, клеткалардың көлемі 2-4 және 6-8 микрон бойына болғандығын байқадық. Клеткаларды тушпен бояған оларды капсула орап тұрғандығы анықталды.
3.2.1. – сурет. Азотобактер дақылының Петри табақшасында өсуі
Барлық тірі орнанизмдер сияқты микроорганизмдердің өсіп дамуы үшін өсу ортасында олардың өсуін қамтамасыз ететін қоректі заттар жеткілікті болуы керек. Техногенді ластанған топырақта азтобактер дақылының өсу динамикасын анықтау мақсатында сұйықтық ортада ластану деңгейіне байланысты бактерияның өсуін байқадық.
Яғни,бактерияларды өсіру үшын біз Виноградскийдің сұйық қоректік ортасына бактерияларды егіп, олардың өсу динамикасын 6 тәулік бойы 24-26 С0 температура аралығында термостатта бақыланды. Ластану деңгейін Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының нұсқауы бойынша алдық.
ластану деңгейі – экологиялық қауіпті;
ластану деңгейі – жоғары;
ластану деңгейі – орташа;
ластану деңгейі – төмен;
ластану деңгейі – экологиялық қалыпты;
Зерттеу нәтижесінде дақылымыздың саны 4 – ластану деңгейі төмен болған жағдайда жақсы нәтижені көрсетті. Онда бактерия клеткаларының саны 1 мл де 470 млн. ға жеттіп, экологиялық қалыпты жағдайда олардың саны 416 млн. клетка болғандығы анықталды. 3.1.1.- сурет.
3.1.1.- сурет. Аzotobacter SP – 1 дақылының сұйық қоректі ортасында өсу динамикасы
Казіргі кезде аймағымызда топырақтың құнарлығы төмен бола тұрып олар: пестидциттер, инсектециттер, гербициттер және ауыр метал тұздарымен ластанғанығы бізге белгілі. Сол проблемаларға байланысты аймағымыздағы топырақтың биологиялық белсенділігі төмендігіні біз жақсы білеміз. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері (Голландия, Рессей, Канада, Америка) казіргі күнде биологиялық агроөнімдерін өсіріп шығаруды пайдалана тұрып жоғары және сапалы өндіріс жетілдіруде. Биологиялық агроөндірістік бұл ауыл шаруашылық саласында биологиялық препараттарды (микробты тыңайтқыштар, микробты инсектециттер, биологиялық тыңаитқыштар) пайдалану. Бұл әдіс топырақтың құнарлығынмен бірге өнім сапасының жене санының артуына үлкен мүмкідіктер тудырады. Бүгінгі таңда Ресейде микроорганизмдер негізінде бактериялық тыңайтқыштарды істеп шығару жақсы жолға қойылған (Азотовит, Байкал -1, КМУ, ЭМ-1, Бакофосфин) Алынған мәліметтерге қарағанда Ресейде бактериялық тыңайтқыштар бидай, картоп, көк өніс дақылдары т.б. өндірістерде өте жақсы нәтижелерді көрсеткен, яғни бақылау варианттарына қарағанда қосымша өндіріс 15-25 % асып олардың сапасыда, өнімділігі жақсы нәтижелерді көрсеткен.
Біздің зертеу жұмысымыздың нәтижесі көртеткендей азотобактер ластану деңгейі экологиялық қауіпті жағдайдың өзінде өзің белсенділігін жоғалтпайтындғы анықталды.
3.2. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің техногенді ластанған топырақтың биологиялық белсен,ділігне әсері
Төменгі сатыдағы өсімдіктер топырақ түзілу процесінде айтарлықтай қызмет атқарады.Олардың санына қарап топырақтың құнарлылық дәрежесін анықтауға мүмкіндік бар. Осы процесте басты роль атқаратын бактериялардан басқа топырақ микроскоптық саңырауқұлақтарға, қарапайымдарға және балдырларға бай келеді және олар да топырақ құнарлылығын құрауда белсене қатысады.
Техногенді ластанған топырақтағы топырақ микрофлорасысы туралы тұжырымдар әр түрлі және аз зерттелген. Кейбір ғалымдар аз мөлшердегі ауыр метал тұздары топырақтың биологиялық белсенділігіне кері әсерін тигізбейді десе, кейбір зерттеушілер бұл жағдайдың өзінде де топырақтың микробиологиялық процесін тежеледі – деп есептейді.
Қазақстанда техногенді ластанған топырақтағы микробиологиялық процестерді зерттеуге көңіл бөлінгенімен, төменгі сатыдағы өсімдіктердің ластанған топырақтың биологиялық белсенділігіне әсері зерттелмеген.
Сондықтан, біздер төменгі сатыдағы өсімдіктерден суспензия мен штамм алып, олардың топырақтың ластану деңгейі әр түрлі жағдайда оның биологиялық белсенділігіне әсерін зерттедік.
Қалдық сақтау орнының беті ешқандай тұрақтандыру тәсілі жасалмаған. Қалыпты топырақ микроағзаларынан суспензиялар дайындалғанда‚ 1:1000‚ 1:10000‚1:100000 қатынаста сұйылтулар жасалса‚ біздің зерттеуіміздегі сұйылту 1:10 болды. Бұл көрсеткіштердің топырақтың құнарлығының төмендігімен экологиялық жағдайының төмендігін көрсетеді.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер ауыр металдарға сезімтал келгендіктен, өздерінің қатысатын биохимиялық процестердің жүру қарқындылығы да өзгереді. Олар топырақ құрамындағы қоректік заттарды өсімдіктердің сіңіруіне қолайлы жағдайлар жасайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктің таралуы мен белсенділігінің азаюы, өсімдіктердің қоректенуінің бұзылуына және өнімнің сапасы мен құрамына кері әсерін тигізеді.
Экожүйе микрооағзаларсыз өзінің негізгі қасиеті - жүйенің өзін-өзі қолдау қасиетін жояр еді.
“Оңтүстік полиметалл” жабық акционерлік қоғамының қызметінің нә-тижесінде техногенді ластанған биохимиялық аймақ пайда болады. Бұл ай-мақта ауыр металдардың мөлшері шектік рұқсат концентрациядан өте көп мөлшерде жоғары. Көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша “Қарнақ” өндірістік кооперативінің егістік алқаптарындағы және “Құшата”, “Балабүргем” елді мекендеріндегі топырақтар қорғасын және мырыш элементтерімен ластанғаны байқалды. Ауыр металдардың жинақталуы топырақтың токсигендік потенциалын жоғарылатып, оның құнарлылығын төмендететіні белгілі [25]. Осы проблемалардың басқа аймаққа қарағанда жоғары болуы топырақтың микроқұрылымы біркелкі болмай топырақтағы микробиологиялық процестің тежелуінен деп ойлаймыз [26]. Сондықтан, біздің зерттеулерімізде топырақтың ластану дәрежесіне қарай топырақтың биологиялық белсенділігінің өзгеруіне бактериялық суспензия мен штаммның әсерін анықтау мақсатында “Каргалинка” қалдықтарды сақтау қоймасы маңында далалық- зертханалық тәжірибе жұмысын жүргіздік.
3.2.1 – кестеде топырақтың ластану деңгейіне байланысты төменгі сатыдағы өсімдіктің топырақ микрофлорасына әсері бір келкі еместігін байқауға болады.
3.2.1- кесте.Топырақтың ластану деңгейіне байланысты төменгі сатыдағы өсімдіктің топырақ микрофлорасына әсері
Тәжірибе нүсқалары
|
Топырақтың ластану дәңгайі
|
1 гр. топырақта микроағзалардың саны, млн.
|
ЕПА бактерияның жалпы саны
|
Акти-номи-цеттер
|
Ашытқы саңырау құлақтар
|
Споралы бактерия-лар
|
Бақылау (өңделмеген)
|
Жоғары
|
7,6
|
7.3
|
0,23
|
0,019
|
Төмен
|
10,5
|
9,5
|
0,31
|
0,022
|
Жасыл балдыр суспензиясымен өңделген
|
Жоғары
|
8,2
|
7,3
|
0,27
|
0,020
|
Төмен
|
11,4
|
10,8
|
0,35
|
0,038
|
Азотобактер штаммен өңделген
|
Жоғары
|
8,3
|
7,2
|
0,24
|
0,025
|
Төмен
|
11,9
|
10,1
|
0,33
|
0,041
|
Біздің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде техногенді ластанған топырақты суспезия және штаммдармен өңдегенде топырақтың микрофлорасының саны мен биохимиялық белсенділігіне жағымды әсер етілетіндігі байқалды(3.2.1.-кесте).
Топырақтың ластану деңгейі жоғары болсада өңделген нұсқада, бақылауға қарағанда жалпы бактерия саны 7,89%- 9,21% жоғары болды. Ал, актиномицеттер саны бойынша өзгерістер байқалмады. Бактерияның жалпы споралы бактерия саны топырақты азотобактер штаммы мен өңдегенде жоғары болғанымен, актиномицеттер және ашытқы саңырауқұлақтар саны балдырлардың суспензиясымен өңдегенде азотобактер штаммына қарағанда жоғары болды.
ҚОРТЫНДЫ
1.Бөлініп алынған бактериялар арасынан белсенді азот фиксациялаушы қабілетіне ие бактерияларды саралау үшін біз нитрагеназалық белсенділігін анықтадық.
2.Микроорганизмдердің азотфисациялаушы қабілетінің көрсеткіші бұл нитрагеназалық белсенділік болып табылады.
3.Бөлініп алынған бактериялар ішінен басқа дақылдармен салыстырғанда ең белсендісі бұл № 2 - ші дақыл болып шықты
4.Біздің зертеу жұмысымыздың нәтижесі көртеткендей азотобактер ластану деңгейі экологиялық қауіпті жағдайдың өзінде өзің белсенділігін жоғалтпайтындғы анықталды.
5. Техногенді ластанған топырақты суспезия және штаммдармен өңдегенде топырақтың микрофлорасының саны мен биохимиялық белсенділігі жоғарылайды.
6.Топырақтың ластану деңгейі жоғары болсада өңделген нұсқада, бақылауға қарағанда жалпы бактерия саны 7,89%- 9,21% жоғары болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Вилесов Г.И., Давыдова О.Е., Мальцева Н.Н., Дульнев .Г., Волкогон В.В., Черняева И.И. Биологическая фиксация молекулярного азота при использовании аммонийно-карбонатных соединений //Микробиол. ж.- 1997. Т.59. № 4. С.51-59.
Глаголева О.Б., Умаров М.М., Злотников А.К. Нитрогеназная активность ризосферных диазотрофных бактерий в чистых и смешанных культурах //Микробиология.- 1994. Т.63. № 2. С.221-227.
Муромец Е.М., Белавина Н.В., Миронова Т.Н., Каменева С.В. Синтез индолилуксусной кислоты сапрофитной бактерией Agrobacterium radiobacter //Микробиология.- 1997. Т.66. № 4. С.506-513.
Ожиганова Г.У. Эффективность использования бактерий рода Azotobacter для инокуляции семян Amarantus cruentus // Диссертация на соискание ученой степени к. биол. наук, Казань. 1993. 186 с.
Rajaramamohan R. V., Adhya T.K., Patnaik G.K. et al. Potentials of associative nitrogen fixation for sustainable rice cultivation: 15th World Congr. Soil Sci., Acapulco, July, 1994: Trans. Vol. 4b. Commiss. 3. Poster Sess.- Mexico, 1994. P.185.
Sharma R.D., Pareek R.P., Chandra R. Residual effect of phosphate and Rhizobium inoculation in chickpea on succeeding maize and fodder sorghum // J.Indian Soc. Soil Sci. - 1995. V. 43. N4. C.600-603.
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. "Микробиология" Агропромиздат
Мишустин Е.Н. "Микроорганизмы и продуктивность земледелия" Наука 1972 г.
Мишустин Е.Н., Шильникова В.К."Биологическая фиксация азота атмосферы" Наука 1968 г.
Общая биология: Учеб. для 10—11-х классов сред, шк./ Под род. Л. К. Беляева, А.О. Рупинского, 3-е изд. М.: Просвещение, 1993.
Шлегель //Общая микробиология. М.: Мир, 1987.
Kundu B.S., Gaura A.C. Effect of nitrogen fixing and phosphatesolubilising microorganisms as single and Composite inoculants on cotton. // Indian J. Microbiol. № 3. 1980. р. 225-229.
Ahmed A.H., Khan S., Mandal R., Ali F. The influenсe of Azotobacter inoculation on the availability of phosphorus in soil. // Int. J. Trop. № 2. 1988. С. 110-113.
Reddy M. S. Rahe J. E . Bacillus subtilis B-2 and selected onion rhizobacteria in onion seedling rhizospheres effects on seedling growth and indigenous rhizosphere microflora. Soil Biol. and Biochem. № 3. 1989. р. 379-383.
Alagawadi A.P., Gaor A.C. Interaction between Azospirillum brasilense and phosphate solubilizing bacteria and their influence on yield and nutrient uptake of sorghum. // Zbl. Microbiol. № 8. 1988. p. 637-643.
Johansen J.E., Binnerup S.J. Contribution of Cytophaga-like Bacteria to the potential of Turnover of Corbon, Nitrogen, and Phosphorus by Bacteria in the Rhizosphere of Barley (Hordeum vulgare L.) // J. Microbiol Ecology. №3, 2002, P. 298-6-306.
Garg Annntia Bhatnagar S.K., Alok Kalla., Neeru Narula. // J. Bioresour Tehnol. № 1, 2001, P. 173-175.
Hu JY., Ong SL., Ng WJ., Lu F., Fan XJ. A new method for characterizing denitrifying phosphorus removal bacteria by using three different types of electron acceptors. // Water Res. № 12, 2003, P.463-471.
Аристовская Т.В. Большой практикум по микробиологии.: М. Высшая
школа, 1962. – 380 с.
20.Ильин В.Б., Степанова М.Д., Гармаш Г.А. Некоторые аспекты загрязнения среды:тяжелые металлы в системе почва-растениеИзв. СО АН СССР. Сер биол.-1980-Вып. 3. 89-99 с.
21.Гринь А.В.,Ли С.К.,Зырин Н.Г., Обухов А.И.,Платонов Г.В.Поступление тяжелых металлов в растения в зависимости от их содержания в почвах/Миграция загрязняющих веществ в почвах и сопредельных средах/ Тр 2-го Всесоюз. Совещ.-Л, 1980-198-202 с.
22.Чеботарева Н.А.Результаты разроботки методов анализа почв , растений и удобрений/ Сб. науч. Тр/ ЦИНАО-М.: 1983-29-35 с.
23.Волков С.Н. Землеустройство в условиях земельной реформы: экономика, экология, право.-М.:Былина, 1998
24.Добровольский Г.В.,Никитин Е.Д.Экологические функции почвы.-М.:Изд.МГУ, 1986
25.Карпачевский Л.О.Экоглогическое почвоведение.-М.:Изд.МГУ, 1991
26.Кирюшин В.И.Экологические основы почвоведения.-М.:Колос, 1996
27.Кузнецов М.С., Глазунов Г.П. Эрозия и охрана почв.-М.: Изд.МГУ 1996
28.Минеев В.Г.Экологические проблемы агрохимии.-М.: Изд.МГУ 1988
29. Одум М.Ю.Основы экологии/ Пер.с англ-М.:Мир, 1987
30.Орлова Д.С.,Василевский В.Д.Почвенно-экологический мониторинг и охрана почв.-М.:Изд.МГУ 1994
31.Шилов И.А.Экология.-М.:Высшая школа, 1997
32.Ален Р.Как спасти землю/ Пер. с англ.-М.:Мысль, 1983
33.Влияние атмосферного загрязнения на свойство почв/ Под ред.Л.А.Гришиной.-М.:Изд. МГУ,1990
34.Гербициды и почва: Экологические аспекты применения гербицидов/ Под ред. Е.А.Дмитриева.-М.:Изд. МГУ,1990
35.Голубев А.В.Удобряй не разрушая.-Саратов:Приволжское кн. Изд., 1990
36.Минеев В.Г. Биологическое земледелие и минеральные удобрения.- М.:Колос, 1993
37.Минеев В.Г., Ремпе Е.Г. Агрохимия, биология и экология почвы.- М.: Росагропромиздат, 1990
38.Егорова В.Б. Практикум по микробиологии.: М. МГУ, 1976.
39.Доспехов Б.А. Методика полевого опыта.: М. Агропромиздат. 1985. С.
232-239.
Достарыңызбен бөлісу: |