Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Қонақ үйде қызмет көрсету сапасын көтеру»



жүктеу 0,6 Mb.
бет12/25
Дата04.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#31673
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
«Маркетинг ж не коммерция» кафедрасы дипломды Ж мыс

1.4 Қызмет көрсету сапасының моделі
Л. Бери қызмет көрсету сапасына қойылатын басты талаптарды қарастыратын қызмет көрсету сапасының «аралық моделін»1 ойлап тапты (1 – сурет).



1 сурет – Қызмет көрсету сапасының аралық моделі
Бұл модель клиенттердің көрсетілген қызметпен қанағаттанбауының себебі болып табылатын бес алшақтықты сипаттайды:

1. Компания басшылығының тұтынушылық үміт пен оны қабылдаудың арасындағы алшақтығы. Бұл алшақтықтың себебі қонақ үй әкімі тұтынушының қызмет көрсетудің жоғары сапасы деген түсінікке қандай мағынаны салып отырғанын білмеуінде болып отыр. Тұтынушының не нәрседен үміттеніп, не нәрсені талап ететіндігін қызмет көрсету сапасын анықтаудың ең алғашқы және ең негізгі сатыларында білу керек. Бұл сатының тәжірибелік мәні өте зор. Қызмет көрсету дәрежесі тұтынушының ойынан шығуын қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, оның талғамын біліп алған дұрыс. Қызмет көрсетудің сапасының нақты және көрнекі түрде бағаланатындығынан қызмет көрсету аясындағы бірінші алшақтық тауар өндірісіне қарағанда қызмет көрсету аясында маңыздырақ болып табылады. Бұл алшақтықтың пайда болуына мыналар әсер етеді:

  • өткізілген маркетингілік зерттеулердің төменгі тиімділігі;

  • тұтынушы мен қызмет көрсетушінің арасындағы кері байланыстың барабар еместігі;

  • басқарудың күрделенген көпсатылы құрылымы.

  1. Басшылықтың тұтынушы үмітін қабылдауы мен оның қызмет көрсету сапасының егжей-тегжейін ашуда өзгеруі.

Бұл алшақтық моделі тәжірибеде кеңінен таралған. Тұтынушылардың кей үміттері, олардың талғамын дұрыс түсінуде қиындықтардың пайда болуына байланысты, дұрыс бекітіліп, жүзеге асырыла алмайды, сол себепті, қонақ үй басшылығында көрсетілетін қызмет сапасы жөнінде жалпыға бір пікір болмайды. Бұл алшақтық мыналардың әсерінен пайда болады:

  • басшылардың қызмет көрсету сапасы жөніндегі түсінігінің барабар болмауы ;

  • талап етілген қызмет түрінің орындалмау түйсігінің болуы;

  • мәселе сатыларын бір үлгіге салынуының барабар болмауы;

  • мақсаттар жиынтығының болмауы.

Қонақ үй басшылығы қызмет көрсету сапасы жөнінде бір пікірге келуі тиіс және бұл үрдіс олардың басшылық етіп отырған ұжым мүшелерімен барабар қабылдануы керек.

Қажет болған келісімге қол жеткізу үшін әрқашан екі ережені қолданған жөн:



    1. тұтынушының айтқаны әрқашан дұрыс;

    2. егер ол дұрыс болмаса, 1 ережеге орал;

Бұл екі принцип ойландырмай қоймайды. Әрине, тұтынушының пікірі әрқашан дұрыс дегенмен таласуға болар еді, дегенмен, ақырында көрсетілген қызметтің сотшысы сол болмақ.

3. Қызмет көрсету сапасының егжей-тегжейлігі мен ұсынылған қызметтің сапасы арасындағы алшақтық. Бұл алшақтық көптеген факторлармен түсіндіріледі. Кейде басшылар тұтынушы талаптарын дұрыс түсініп, оған көрсетілетін қызмет түрлерінің мазмұнын дұрыс айқындайды да, бірақ іске келгенде, мекеменің ұсынған қызметі тұтынушының ойынан шықпайды. Мұндай жағдай қонақ үй қызметшілерінің аталған қызмет түрін талап етілген дәрежеде көрсете алмауынан немесе көрсеткісі келмеуінен қалыптасады. Бұл жерде қызметшілер мен тұтынушы арасындағы қарым-қатынастың аса маңыздылығын естен шығармау керек. Тіпті қызмет көрсетудің үлгісі болған жағдайда да, қызметшілердің өз функцияларын түсінуінде қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін.

Бұл алшақтықты тудыратын себептерге мыналарды жатқызуға болады:



  • өндірістік рөлдерді бөлудегі көпмағыналалық;

  • рөлдер арасындағы қайшылық;

  • қызметшілердің атқаратын функцияларын дұрыс түсінбеуі;

  • жұмысты орындау технологиясының тиімсіздігі;

  • бақылау мен тексеру жүйесінің қабылданбауы;

  • сапасыз оқыту.

4. Тұтынушыларға көрсетілетін қызмет жөніндегі түсінігін қалыптастырудың сыртқы ақпараттық байланыстары мен қызметті ұсыну арасындағы алшақтық. Бұл алшақтық мекеменің шын мәнінде ұсынатыны мен тұтынушының қызмет сапасы жөніндегі таратылған ақпарат негізіндегі қалыптасқан бейнесі арасында ажырау пайда болған кезде қалыптасады. Ұсынылған қызметтің мәнін жоғарылату немесе төмендету мақсатында мекеме жөніндегі тиянақты барабар ақпарат, жарнамалық әрекет пен қоғамдық байланыс қажет. Тұтынушылардың ойындағыларын БАҚ және басқа коммуникация құралдары арқылы таратылуына жету өте маңызды. Тауар өндіретін машинаға қолданылатын тәсілдер арқылы адам әрекетін бақылау мүмкін болмағандықтан, ақпарат пен жарнама тиімділігін қайта бағалау өте қиын.

Төртінші алшақтықтың пайда болу себептері:



  • қызмет көрсетушілер мен маркетологтар арасында немесе жарнама, сауда агенттері мен қызмет көрсетушілер арасында барабар емес, көлденең байланыс орнату;

  • мүмкіндіктері мен ойындағыларын қайта бағалауға бейімділік.

5. Тұтынушылар ойындағысы мен көрсетілген қызметті қабылдауы арасындағы алшақтық жоғарыда аталған басқа алшақтық түрлерінің біреуі орын алған кезде пайда болады. Қызмет көрсетушілердің тұтынушы талап ететін қызмет сапасын қамтамасыз етулерінің қиындылығы осыдан білінеді.

Аталған модельде екі басты нәрсе ескерілмей қалған, атап айтқанда:



    • Белгілі бір қызмет түріне ықтимал тұтынушылардың тобын анықтау. Көрсетілетін қызметтің айырмалық ерекшеліктерін іздеу аталған алшақтықтардың біреуін де жоя алмайды. Ал тұтынушыларды зерделеу, керісінше, адамдық қатынастарды қалыптастырып, клиент тілектерін түсінудің басты құралы бола алады;

    • Қызмет пен тауар жиі жалпы құндылықтарды тарату жүйесінің элементтері ретінде қарастырылады. Сол себепті, белгілі бір қызметтің ықтимал тұтынушылары тобының қалыптасу жолдарын түсіну бұлтартпайтын қажеттілікке айналды.

Зерттеуші Л.Бери тұтынушылар көрсетілетін қызмет түріне қарамастан, негізінен жай белгілермен пайдаланатынын ескеріп, қызмет көрсету сапасы көрсеткіштерінің тізімін жасады. Бұл белгілерге мыналар жатады:

қолжетерлік: қызметті ыңғайлы жерде, ыңғайлы уақытта, көрсетілу уақытын көп күтпестен, оңай алуға болуы.

коммуникабельділік: көрсетілетін қызмет сипаты клиент тілінде жасалуы және дәл болуы.

жетебілушілік: қызметшілер тобының талап етілетін дағдылар мен білімге ие болуы.

ұқыптылық: қызметшілер тобының жылы шырайлы, сыпайы және қамқоршыл болуы.

сенімшілдік: компания мен оның қызметшілеріне сенім білдіруге болуы, себебі олар расында клиенттердің қандай да болмасын талаптарын қанағаттандыруға тырысады.

дәйектілік: қызмет көрсетудің мұқият түрде және тұрақты дәрежеде жүргізілуі.

қайырымдылық: қызметшілердің ілтипатшыл болуы және мәселені шешу мен клиенттердің талаптарын қанағаттандыру ісіне шығармашылықпен қарайды.

қауіпсіздік: ұсынылатын қызмет түрлерінің ешқандай қауіп-қатер төндірмеуі және оған күмәндануға ешбір себеп бермеуі.

көрнектілік: қызметтің көрнекі компоненттерінің оның сапасын дәл сипаттай алуы.

клиентті білу, түсіну: қызметшілердің клиенттің мұқтаждарын неғұрлым жақсы түсінуге тырысып, олардың әрқайсысына көңіл бөлуі.



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау