2.5 «Риджент Алматы» қонақ үйінің шаруашылық қызметінің талдауы
«Риджент Алматы» қонақ үйінің соңғы үш жылдағы орналастыру құрылымын саралап көрейік (төсек-тәулік) 1 – кестесінде орналастыру тәсіліне байланысты төсек-тәуліктің жалпы саны берілген.
2 кесте – «Риджент Алматы» 2000-2003жж. қонақ үйінің қоныстану құрылымы
"Риджент Алматы" қонақ үйі
|
|
Барлығы
|
Бос қоныстануы
|
|
2003ж.
|
2002ж.
|
2001ж.
|
2000ж.
|
2003ж.
|
2002ж.
|
2001ж.
|
2000ж.
|
Қаңтар
|
2782
|
2811
|
3761
|
3028
|
2579
|
2678
|
3540
|
2891
|
Ақпан
|
3493
|
3888
|
4211
|
3533
|
3382
|
3759
|
4067
|
3454
|
Наурыз
|
4641
|
4908
|
4900
|
4750
|
4450
|
4844
|
4516
|
4540
|
Сәуір
|
3846
|
4805
|
4044
|
5547
|
3634
|
4397
|
3540
|
4710
|
Мамыр
|
5323
|
4833
|
6128
|
5965
|
4942
|
3324
|
3443
|
4139
|
Маусым
|
5974
|
6351
|
6530
|
7486
|
3263
|
3425
|
3192
|
4209
|
Шілде
|
5981
|
6076
|
6618
|
7568
|
3815
|
3416
|
3350
|
4022
|
Тамыз
|
5114
|
6365
|
7731
|
8061
|
2523
|
3380
|
4027
|
3529
|
Қыркүйек
|
6029
|
5587
|
5594
|
6688
|
4595
|
4523
|
4371
|
5115
|
Қазан
|
4967
|
5638
|
5563
|
7470
|
4881
|
5350
|
4819
|
6893
|
Қараша
|
3860
|
3724
|
4862
|
5825
|
3822
|
3625
|
4633
|
5722
|
Желтоқсан
|
3103
|
2972
|
2709
|
4244
|
3062
|
2936
|
2614
|
3973
|
Нәтиже
|
55113
|
57958
|
62651
|
70165
|
44948
|
45657
|
46112
|
53197
|
салмақ %
|
100
|
100
|
100
|
100
|
82
|
79
|
74
|
76
|
түсім-салмақ %
|
100
|
100
|
100
|
100
|
87
|
85
|
81
|
81
|
2 – кестеден көрініп отырғандай, соңғы төрт жылдың ішінде төсек-тәуліктің жалпы саны жыл сайын төмендеп отыр. Мәселен, 2001жылы 2000 жылмен 7085 төсек-тәулікке, ал 2002 жылы бұл мөлшер тағы да 455 төсек-тәулікке азайған. 2003 жылы төсек-тәуліктің саны 709 төсек-тәулікке азайған. Бұл жерде бөлме қорын толтыру пайызының азаю тенденциясы айқын байқалады. Бұл ақпарат туристік ағынның бірте-бірте азайып келетіндігін көрсетеді, себебі облыс аумағындағы шетел туризмі көбіне «ностальгиялық» туризм болып көрінеді. Түсінікті себептерге байланысты облысқа келетін туристер ағыны әлде де азая түсуі мүмкін. Болашақта қаржы жағынан табысты болатын қызметті қамтамасыз ету мақсатында «Риджент Анкара» ААҚ қоғамына тұтынушылардың үнемі өзгеріа отыратын талғамдарына оперативті түрде жауап қайтаратын жүйе жасау қажет. Мұндай жүйе жұмысының негізінде қонақ үй қызмет сапасының деңгейін саралайтын жүйе болуы керек.
«Риджент Алматы» қонақ үйінің SWOT-талдауын өткізейік (7 – сурет):
|
МҮМКІНДІКТЕР
1. Нарықтағы сұраныстың көбеюіне әкелетін іскер белсенділіктің өсуі, туристік ағынның көбеюі.
2. Компанияны ғаламдық резервілеу жүйесіне қосу
|
ҚАУІП
1. Қоршаған ортаның ғаламдық өзгерістеріне байланысты іскер белсенділіктің азаюы
2. Нарыққа агрессивті ойыншы-ның шығып, оның жаңа қонақ үй салуы
|
КҮШТІ ЖАҚТАРЫ
|
МҮМКІНДІКТЕР
|
ҚАУІП
|
1. Барлық үш қонақ үйдің өте оңтайлы орналасуы
2. Қонақ үйдің бөлме қоры, мұндай дәрежәлі қонақ үйлерге қойылатын халықаралық талаптарға жауап береді
3. Алматы қаласындағы кірме туризмін қамтамасыз ететін туроператорлармен тұрақты байланыс.
4. Қайта құру жұмыстарына қажетті болатын жеткілікті қаржылық ресурстарының болуы.
5. Қонақ үйлердің кең танымалдығы.
6. Мекеменің жоғары менеджментінің үлкен тәжірибелі болуы.
7. Құрама экскурсиялық қызметті ұсына алу.
|
1. Басқа қонақ үйлерді (сатып алу менеджменті), оның ішінде жағалаудағыларды да жалға беру арқылы жүйені кеңейту.
2. Қонақ үйлердің біреуінің нарық сегментін толық ауыстыруының мүмкіндігі.
|
1. Ғаламдық жүйе өкілдерімен қарым-қатынас түрлері(жалға беру) жөнінде келіссөз өткізу.
2. Қала ортасында жаңа қонақ үйлерді салудағы бастапқы бөгеулерді көбейту мақсатымен әкімшілік пен баспасөзге ықпал ету.
|
7 – суреттің жалғасы
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ
1. Жеке ойын-сауық мекемелері мен тамақтандыру жүйесінің болмауы
2. Қонақ үйдің жалпы көлемінің бөлме қоры көлемімен арақатысының қанағаттанарлықсыздығы, осының салдарынан бөлме қорының 1 кв.м. көлеміне жұмсалатын тұрақты шығындардың жоғары деңгейі қалыптасады.
3. «Кездесу үйі» атағы.
4. Басқарудың икемсіз ұйымдастырылуы, басқарудың жедел еместігі, тұрақты клиенттермен жұмыс жасай алмау.
5. Қызметкерлердің тұрақсыздығы, дипломдалған мамандардың жетіспеуі.
|
1. Жалға беру уақыты өткеннен кейін жеке кафе, мейрамхана жүйесін құру
2. Қонақ үйдің тұрғын емес көлемдеріндегі жалға беру ақысын ұлғайту.
3. Атақты өзгертуге жұмсалатын қаржының болуы.
4. Басқарудың ішкі реформаларын өткізу мүмкіндігі
|
1. «Көне», «кеңес» қонақ үйінің жағымсыз бедел-бейнесі.
2. Тұтынушылар талғамының өзгерулеріне жедел бейімделе алатын бәсекелестер жағынан бәсекелестіктің күшейтілуі.
|
сурет – «Анкара» қонақ үйінің SWOT талдауы
SWOT – талдаудан 7 – суретте көрініп отырғандай, компанияның ішкі жөндеу мен қайта құру жұмыстарын, сонымен қатар ішкі басқарудың реформаларын өткізуге мүмкіндік беретін, тұрақты қаржылық ресурстары бар. Бірақ, жоғары менеджменттің икемсіз ұйымдастырылуы қонақ үйге тұтынушылар талғамының үнемі өзгеріп отыруларына жедел бейімделуге мүмкіндік бермейді, ал болашақта бұл жағымсыз нәтижелерге әкеліп соғары сөзсіз. Бұл жағдайда тұтынушы талғамдарын анықтау мен қонақ үй қызмет сапасын талдауға бағытталған зерттеулерді жүргізу өзекті болып келеді.
2.6 Тұтынушының қанағаттану индексін анықтау
Тұтынушының қанағаттану дәрежесін индекстеу сапаның түрлі құрамдас бөліктерінің (ағаш компоненттерінің) зерттеу объектісінің сапасы жөніндегі тұтынушының жалпы пікіріне қосар үлесін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Бұл бағалауда жұмыс сапасын құрайтын бөлшектердің маңыздылығын бес баллдық жүйемен және ағаш компоненттері сапасының маңыздылығын азаю дәрежесіне қарай бес баллдық жүйемен бағаланады.
Тұтынушы қанағаттануының индексін анықтау үшін 108 тұтынушыға төмендегілерді бағалауға ұсынылды:
Зерттеуші ұсынған қонақ үй жұмысының 10 құрамдас бөліктерінің маңыздылығын бесбаллдық жүйемен бағалау (7 – кесте);
Бұл құрамдас бөліктердің сапасын бесбаллдық жүйемен бағалау.
3 кесте – Бесбаллдық қызмет көрсету сапасы бөліктерінің маңыздылығын анықтау.
Тұтынушының әрбір ағаш компонентін орындау сапасымен қанағаттану дәрежесі
|
Баға
|
Балл
|
Қанағаттану жөніндегі сұрау нәтижелерін ұсыну тәсілдері
|
Толық қанағаттанбаған
|
Нашар
|
1
|
0
|
Қанағаттанбаған
|
Қанағатсыз
|
2
|
25
|
Бейтарап
|
Қанағаттылық
|
3
|
50
|
Қанағаттанған
|
Жақсы
|
4
|
75
|
Толық қанағаттанған
|
Өте жақсы
|
5
|
100
|
3 – кестесінің I және II бағандарында тұтынушылардың талаптары мен мұқтаждарын қанағаттандыруда қонақ үй қызметінің маңыздылығы жөнінде жүргізілген тұтынушылар сұрауының нәтижелері берілген. Мұнда I бағанда ағаштың әрбір компоненттерінің маңыздылығын көрсететін бағаның орташа мәнін, ал II бағанда осы бағаға сәйкес келетін тұтынушының басқа ұсынылған компоненттермен салыстырғандағы компонент маңыздылығының бағасы көрсетілген.
3 – кестеден көрінетіндей, қонақ үй қызметінің неғұрлым маңызды құрамдас бөліктері қатарында рецепциядағы жылы қабылдау болып табылады, сол себепті барлық сұранылғандар бұл ағаш компонентіне 5 бағасын қойған. Мұның нәтижесінде рецепциядағы жылы қабылдау туралы тұтынушы қойған маңыздылық бағасының орташа мәні де 5 балл болды. Тұтынушы үшін тап сондай маңызды болып ағаш компоненттерінің бөлмедегі тазалық пен мейрамханадағы тамақтандыру дайындығы сияқты сапалары саналады.
Қонақ үй қызметін тұтынушылардың көпшілігі бөлмедегі кондиционердің болуын маңызды деп таппаған. Бұл құрамдас бөлшек ағаш компоненттерінің маңыздылығынан бар болғаны 2,5 балл алды. Дегенмен, тұтынушылардың күзде сұралғанын, ал жазға қарсы кондиционері бар бөлмеге сұраныс арта түсетінін ескеру керек. Сонымен қатар, қонақ үйлерде телематикалық қызмет түрлерін ұсыну өте төмен деңгейде екенін айта кету керек, оған сұралғандардың жартысы 3 бағасын, ал тұтынушылардың үштен бірі 2 бағасын қойды. Тағы байқалған нәрсе, Интернет жүйесіне сапалы қосылу мүмкіндігінің маңыздылығы жылдан жылға артуда. Бұдан қонақ үйлерге аталған бағытты дамыту қажеттілігі айқын көрінеді. Бүгінде «Риджент Алматы» қонақ үйінің жалға беретін кеңсе орындары жоқ, қонақтарына Интернет жүйесіне телефон желісі арқылы қосылу мүмкіндігін береді, ал бұл әрқашан ыңғайлы бола бермейді.
Енді қонақ үйдің географиялық орналасуының маңыздылығына көңіл бөлейік. Сұрау жүргізілген кезде тұтынуылардың көпшілігі ағаш компонентінің маңыздылығы бағанында 5 бағасын қойған. Бұл жерде қонақ үйдің тиімді географиялық орны оның орталықтан шеткері орналасқан бәсекелестеріне қарағанда тұрақты артықшылықты қамтамасыз етуде локомотив орнында болуы қажет. Тұтынушы қанағаттануының дәрежесін индексациялау оның мұқтаждықтары мен талаптарының негізінде жасалған фирманың ұйымдастыру жұмысын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |