Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: информатика пәнін



жүктеу 1,99 Mb.
бет1/2
Дата21.12.2017
өлшемі1,99 Mb.
#5204
түріДиплом
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА және ақпараттық технологиялар ФАКУЛЬТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


ТАҚЫРЫБЫ: ИНФОРМАТИКА пәнін БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Орындаған: Қайсағалиева Ж.

010540-Информатика мамандығы студенті

Ғылыми жетекшісі:

Ғалымжанова М.А.
Жұмыс қорғауға жіберілді____________

Кафедра меңгерушісі ____________



Қойылған күні ____________

Қайтарылған күні ____________

Қорғалған күні ____________

Бағасы ____________


Атырау, 2009 ж.
МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ

3


1. БАСТАУЫШ СЫНЫП оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру НЕГІЗДЕРІ
1.1. Бастауыш сыныпта инпформатиканы оқыту нәтижесінің мәні ...........

6


1.2. Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқыту мазмұны......................

13

1.3. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға қойылатын талаптар.................................................

21


2. БАСТАУЫШ СЫНЫП оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ЖОЛДАРЫ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдерге қойылатын талаптар....................................

31

2.2. Бастауыш сыныпта оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың әдістері мен технологиялары .........................................

38


2.3. Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуға қолданылатын дидактикалық материалдар ............................................................................

44


ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................

58

Пайдаланылған әдебиеттер

60

Қосымша А

61

Қосымша Ә

65


К І Р І С П Е
Ақпараттық қоғам жағдайында өскелең ұрпақтың ақпараттық сауаттылығын дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Бұл қажеттілікті шешу барысында Информатика пәнін қай сыныптан бастап оқыту қажет? деген сауал туындайды. Туындаған сауал барысында біз Қазақстан Республикасыныңі білім беру жүйесін 2005-2010 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – Информатика пәнін 2 сыныптан бастап енгізу болып табылады. Олай болса, Информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап оқытуға байланысты нормативтік құжаттар дайындалып, оқу-әдістемелік кешендері жасақталды. Негізгі мақсаты – оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағытталады. Бұл талаптар Информатика мұғалімдерінің алдына үлкен міндеттер жүктейді. Себебі, әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Білім беру өзінің бағыттарына адам мен қоғамның өзекті мәселелерімен бірге ұзақ мерзімді қажеттіліктерге қарай толықтырулар жасап отыруы керек. Еліміз тәуелсіздік алып дербес мемлекет ретінде дамыған аз уақыт аралығында экономикалық, саяси-әлеуметгік сала қарқынды қадаммен алға озып кетті. Ел экономикасының карқынды дамуы білім саласының жағдайын жақсартуға кең мүмкіндіктер туғызып отыр. Білімді реформалаудың басты міндеті - мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін деген принципін басшылыққа алып оқу-тәрбие барысын материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты орнықтыруға болады.

Білім беру мазмұнының негізгі мақсаты - оның жан-жақты әрі тұтас тұлғаны тәрбиелеудің кұралы ретінде оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілетін дамыту, сөйтіп, өмірдің қай саласында болмасын, еркін және дәлме-дәл, жауаптылықпен ойлау қабілетін сіңіру, әр түрлі жағдайларда жинақы болуға баулу.

Мектепте білім берудің мазмұндық және процессуалдық жақтарын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар: мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді құрылымымен сәйкестендіру; оқушыларды өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу; әрбір жас кезеңінде негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегінде оқу процесін жолға қою; оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.

Білім берудің жаңа мазмұнын біртіндеп қалыптастыру оқу процесіне ақпараттық технологияны енгізу арқылы жүзеге асырылады. Орта білімді ақпараттандыру процесі және сонымен байланысты оқытудын жаңа ақпаратгық технологиясы білім берудің мазмұнына едәуір әсерін тигізеді.

Орта білім беруді акпараттандырудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: орта білім беруді басқару тетіктерін жетілдіру; білім берудің бірыңғай телекоммуникациялық желісін кұру; қашықтан оқытуды ұйымдастыру.

Жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың әлемдік тәжірибесін зерделеу, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу тек 12 жылдық жалпы білім беретін мектептің жағдайында ғана мүмкін болатынын көрсетеді.

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы орта білім берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, оқу жүктемесінің көлемі мен оқу жетістіктерінің деңгейлерін белгілейді, жалпы алғанда еліміздің білім беру жүйесінің, мұғалімнің, оқушының дамуын және өзіндік дамуын, білім беру үрдісінің ұйымдастырылуын, білім беру мазмұнының нормаларын реттейді.

Жалпы орта білім берудің құрылымдық – мазмұндық моделінің негізінде кіші мектеп жасы, орта мектеп жасы, жоғары мектеп жасы сияқты жас кезеңдеріне тән жетекші іс-әрекеттер түрлерінің типологиясы болып табылатын негізгі мазмұны және жеке тұлға дамуын кезеңге бөлу жатыр.

12 жылдық білім беруге жағдайында информатика пәнін оқыту бастауыш оқыту деңгейіне көшіріледі. Сондықтан бастауыш сыныпта информатиканы оқыту мұғалімдерін даярлау бағыттары келтірілген.

Бастауыш сатыда берілген білім - тірек білім. Окытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім-білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіре, дамыта түсуді көздейді. Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыда қарастырылатын мәселелер өрбиді, яғни, үйреншікті тәсілден туындайтын жаңа тәсілдер меңгеріледі. Сондықтан бастауыш класс оқушылары негізгі білімді игеруге толық дайындықпен келуі керек.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі түрде пайдалану мынадай ерекшеліктерді айқындайды:

- оқу-тәрбие үрдісінің қарқынын дамыту;

- оқытудың сапасын арттыру,

- саралап оқытуға көшу;

- оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру;

-оқушылардың компьютерге қызығушылығын, білімге деген ынтасын арттыру.

Аталған мәселелерді ескере отырып, дипломдық жұмысты «Информатика пәнін бастауыш сыныпта оқытуда оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі» тақырыбын таңдадық. Дипломдық жұмыстың мақсаты информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мазмұнын анықтау және бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық мәдениетін арнайы тапсырмалар жүйесі арқылы қалыптастыру.

1-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІНІҢ МӘНІ

Бiз бiлiм беру мазмұнына, мектепке, оқушы мен педагог тұлғасына, олардың өмiрi мен қызметiне деген көзқарастардың түбегейлi өзгерiске ұшырап отырған кезеңiнде өмiр сүрудемiз. Қоғамдағы болып жатқан түрлi бағыттағы өзгерiстер бiлiм беру қызметiне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, жастардың шығармашылық мүмкiндiгiн дамытуды, мұғалiм iс-әрекетiн жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етедi. Әрбiр 10 жыл сайын бiлiм көлемi 2 есе ұлғаяды, техника, технология жедел жаңарады дейдi п.ғ.д. проф. Т.С.Садыков. (12 жылдық бiлiм методологиясы). Қазiргi ақпараттану ғасыры үшiн бұл өте ұзақ мерзiм. Американдық жазушы Р. Киосаки қазiргi кезеңде әрбiр 18 ай сайын бiлiм түгелiмен жаңарады дейдi. Көпшiлiкке белгiлi XXI ғасырға ақпарат ғасыры деген сипаттама берiлген.



XXI ғасыр - өркениет пен адам дамуының ғасыры

  • ақпараттандыру ғасыры

  • iргелi категориялар

  • ақпараттақ капитал

  • адам ғасыры

  • тұлға мәндiлiгi

  • адами капитал

Олай болса бiлiм – адамдық капиталды қалыптастыратын бiрден-бiр құрал. Ал бiлiм беру жүйесi адамның бүкiл өмiр бойғы бiлiктiлiгiн қамтамасыз ету үшiн икемдi, бейiмделгiш болуы тиiс. Оған мынындай факторлар әсер етедi:

  • интеллектiнiң ұдайы өсуi;

  • қоғамның, экономиканың дамуында адам факторының мәнінiң бiрiншi орынға шығуы;

  • әлеуметтiк өмiрдiң және бiлiм берудiң демократиялануы;

  • жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы;

  • бiлiмнiң тез ескiруi;

  • ғылыми ақпарат көлемiнiң шұғыл өзгеруi;

  • жаңа бiлiм салаларының дамуы;

  • жаңа мамандықтардың енгiзiлуi;

  • басқаруды ғылыми негiзде жетiлдiрудiң қажеттiлiгi.

Осы аталған факторлар дәстүрлi бiлiм беру жүйесiн түбегейлi қайта құру мiндетiн талап етiп отыр. Қазiргi бiлiм беру идеясы - әрбiр адамның бүкiл өмiр бойы бiлiм алуына, оны толықтырып, жетiлдiрiп отыруына мүмкiндiк беру. Яғни, педагог бойында диагностикалауға қабiлеттiлiк, зерттеуге даярлық, басқару ғылымын меңгеру, өзiне-өзi бiлiм беруге, өзiн-өзi тәрбиелеуге даярлық, iзгiлiктi бiлiм беру жағдайын жасай алу қасиеттерi болуға тиiс.

Осы тұрғыдан қарасақ бiлiм мәдени-тарихи мағынаға ие болады. Қазiр ғылым салалары бойынша бiлiм беру маңызды емес. Қазiр бiлiм мәдениеттiң бiр саласы деп қарастырылып отыр.





жүктеу 1,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау