3-тарау. Ақша қаражаттарының есебінің аудиті
3.1. Ақша қаражаттарының есебі аудитінің мақсаты мен міндеті.
Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элеменнтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысыын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әр түрлі бүрмалаулар жасырынған.
Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы ммлекеттік, ведомствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Операциялық аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістері арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалдық аудитінінің ерекшетәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.
Ақшалай ағымның төлем мен қозғалысы циклі функционалдық аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі процент есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған және матрицалық тәсілдер, желілік, желілік емес және өсіңкі бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б. кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Операциондық аудитор төлем мен ақша қозғалысы циклін функционалды аудитін өткізгенде мынларды анықтайды:
касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
касса-банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша бақылауды әдістемелік және ереже белгілейтін қамтамасыз етудің бар-жоғы;
бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дүрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?
Кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру, актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
Аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық-ішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қлдау жолға қалай қойылған?
Осыларға сүйене келіп, төменгі кестеде ақша мен олардың баламаларының төлемі мен қозғалыс циклі функционалды аудитін өткізу бағдарламасының ықтимал нұсқаларының бірі келтірілген:
Кесте №2
-
Аудит процедуралары
|
Ақпарат көздері, бағалаудың критерилері мен тәсілдері
|
1.Ақшалай операцияларды атқаратын қызметкерлер құрамын білу
|
Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтімі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері т.б.
|
2.Ақша алу, сақтау және қолдану үшін әдістемелік, нормативті және мате-риалдық базамен қам-тамасыз етуді тексеру
|
Заңнамалық актілердің, стандарт-тардың, нормалардың, ережелер-дің, нүсқаулықтың, құжат бланкі-лерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдамасының бар-жоғы
|
3.Операцияларды құжат-тық рәсімдеу мен ақша басқару жағдайын алдын ала шолудың дұрыстығын тексеру
|
Кірістік және шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы, ақша-лай қаражаттың қозғалысы есебі кітабы, бастапқы құжаттар және т.б.
|
4.Ақша қозғалысы жөнін-дегі операцияларды көрсе-тудің дұрыстығын, толық-тығын, дәлдігін тексеру
|
Төлем тапсырмалары мен талапта-ры, журнал ордерлер, тізімдемелер, сенімхаттар, вексельдер, бланк көшірмелері, чек түбіртектері және т.б.
|
5.Кассаны түгендеу мен кассалық операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және қатаң есептегі бланкілерді тексеру
|
Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істйтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтары, жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассаны түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО-1, КО-2), кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы (КО-4), кассир қабылдаған және берген ақша есебінің кітабы (КО-5), аванс есебі, журнал-ордер 1, 1 тізімдеме, Бас кітабы, 401-403, 411, 421-424 шоттары және т.б.
|
6.Ақшаның сақталуы мен мақсатты пайдалануын тексеру
|
7.Касса-банк операцияла-рын атқару мен есеп сақ-тау шарттарын айқындау үшін тексеру, байқау және тестілеу
|
8.Банк операцияларын, құжаттардың түгелдігі мен анықтығын тексеру
|
9.Ақшаны есептен шыға-ру, кассалық және қаржылық тәртіпті сақ-тауды тексеру
|
10. Инкассо қолданудағы, есеп айырысудың аккреди-тивтік және чектік түр-лерінің, құрылымдық бө-лімшенің ағымдағы басқа шоттарын ашудың дұрыс-тығы мен заңдылығын тексеру
|
Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар, оларға тіркелген; аккредитивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, пошта аударымының түбіртектері, 1 – 3 журнал-ордерлері; 1,2,3 журнал-ордерлеріне тізімдемелер. Қолда-ныстағы заңнамаларға нормативті-анықтама ақпаратының, тізімде-мелік нұсқаулықтар, стандарттар мен ережелердің сәкес келуі
|
11. Жол-жөнекей ақша сомасының шынайылығы, өнімді және басқа іс-әрекетті, жұмысты және көрсетілген қызметті өткі-зуден түскен түсімнің түгелдігін тексеру
|
3 журнал-ордер, 3 журнал-ордерге 1 тізімдеме, 411 «Жолдағы ақша» шоты бойынша Бас кітап, шот-фактуралар, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, қабылдау-тапсыру актілері және басқа бастапқы құжаттар
|
12. Баланс көтсеткіштері-нің Бас кітап мәліметтері-нің сәкестігін тексеру
|
Баланс, 401-403, 411, 421-424, 431-432, 441, 451-452 шоттар бойынша Бас кітап
|
13. Ақша қозғалысының синтетикалық және анали-тикалық есебін жүргізу дұрыстығын тексеру
|
Бас кітап, 1-4 журнал-ордерлер, 1-3 журнал-ордерлердің тізімдемелері, касса кітабы және ақша қозғалысы туралы басқа құжаттар
|
14. Қысқа мерзімді инвестициялар бойынша операциялардың дұрыс-тығын тексеру
|
Акциялар, облигациялар, депозит-тік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варранттар, фьючерстік мәмілелер
|
Ақшалай қаражатпен, әсіресе оның жылжымалы бөлігі – қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар – міндетті тұтастай тексеруді талап етеді. Ықтимал бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану – касса-банк операцияларын бақылаудың маңызды міндеті.
Іс-тәжірибеде кездесетін, жасалу тәсілдері бойынша касса-банк операцияларының атқарылуы мен шот төлемдері процесіндегі қызмет бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар былайша жіктеледі:
Рәсімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражаты тікелей ұрлау.
Банктен, әртүрлі тұлғалар мен ұйымдардан кірістік ордерлер бойынша, басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену.
Кассадағы ақшаны есептен шығару; бір құжатты қайтадан пайдалану; кассалық құжаттар мен есептерде жиынтықты дұрыс есептемеу.
Ақшаны жалған құжаттар бойынша негіссіз есептен шығару сомасын көбейтіп, заңды рәсімделген құжаттардағы жалғандық
Әр түрлі тұлғалар мен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп кету, соның ішінде еңбекақыны, депонентті соманы негіссіз иелену.
Контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысу, бақылаушы-кассалық ақпараттарды қолданбай, жұмыс орындау мен қызмет көрсету.
Мұндай бұрмалаулар мен теріс пайдаланулар кассирді дұрыс іріктемеу,тәжірибесіз және сенімсіз, кассаны жүйелі тексермеу, ішкі бақылаудың нашарлығы және тағы сол сияқты салдарынан болады.
Төлем циклінің функционалды аудитінің күрделі учаскелерінің бірі – кассалық операцияларды тексеру. Ең алдымен кассадағы кассалық операцияларды кім және қалай атқаратынын білу керек. Тексерудің қорытындылары аудитор, бас бухгалтер және кассир қол қоятын акті жасаумен рәсімделеді. Ақшалай қаражаттың немесе ақшалай құжаттың және басқа құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алу керек. Ақшалай қаражаттың көп жетпеуі табылғанда, аудитор кәсіпорын басшысына кассирді тексеру анықталғанша міндеттерінен шеттету туралы мәселе қояды.
Жол-жөнекей ақша есебі аудитінде бухгалтерлік есепте саналатын сомалардың шынайылығын, контрагенттер аударған, алайда тексерілетін кәсіпорынның есеп шотына есепті айда түспеген сомалардың қалайша көрсетілуін тапсыру керек.
Бұрмалаулар мен теріс пайдаланулардың алдын алу үшін мыналар талап етіледі:
банктегі есеп шот бойынша жазбаларды көшірмелерге тіркелген негіздемелермен үнемі салыстыру;
жабдықтаушылармен құжаттарды қарама-қарсы тексеру өткізіп, құжаттарды рәсімдеуге талапты арттыру;
дебиторлармен және кредиторлармен, қызметкерлермен және басқа контрагенттермен есеп айырысуларды қайта тексеруді жүйелі жүргізу.
Төлем циклін аудиторлық тексеру мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сараптау іс-тәжірибесін талдау есептеулерді жүргізудегі типтік бұрмалаулар туралы тұжырым жасауға және олардың ақшасын басқаруды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру үшін кәсіпорын банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыру қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өңделетіндігін, құжаттардың нөмірленетінін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті расталғандығын тексеру керек. Алынған ақпаратты мынадай тәртіппен топтастыруға болады:
Кесте №3
Банк көшірмелері
|
Растайтын құжат
|
Айқындалған айырмашылықтар
|
№,ай-күн,ж.
|
Маз-мұны
|
Сома
|
№,ай-күн,ж.
|
Мазмұны
|
Сома
|
Сома
|
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Сол уақытта қолма-қол емес ақшалай, қаражаттың қозғалысы бойынша операцияларды көрсетудің ұсынылған тәртібінен айырмашылықтарды айқындау қажет. Бұл мақсаттар үшін шығатын мәліметтерді мынадай пішінде көрсетеді:
Кесте №4
-
Опера-циялардың мазмұны
|
Банк көшірмесі
|
Бухгалтердің мөліметтері бойынша
|
Аудитордың мәліметтері бойынша
|
Құжат №
|
Ай-күн,жыл
|
сома
|
Шот-тың Д-ті
|
Шот-тың К-ті
|
Шот-тың Д-ті
|
Шот-тың К-ті
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Тағы бір өрескел қате – ақшаны кәсіпорын кассасына кіріске алмау. Тексеру кезінде аудитор бар ақшаның қозғалысын талдауы, іс жүзінде жасалған төлемді дебиторлық борышты өтеу сомасы мен касса есебіне алынған сома арасындағы айырмашылықты анықтауы керек.
Түсімді банкке тапсырудың мерзімділігін мұқият зерттеп, бақылау және оның әр түрлі қажеттіліктерге шығыс жағдайларын анықтау керек. Бұл мақсаттар үшін мәліметтер жинау мен өңдеуді мынадай кесте көмегімен іске асырады:
Кесте №5
Ай, күні,ж.
|
Ақша қозғалысы
|
Түсу
|
Шығыс
|
Ай, күн, жыл
|
өнім үшін
|
Жұмыс пен көрсетілген қызмет
|
Басқа-лары
|
Бар-лығы
|
Банкке тапсы-рылды
|
Кәсіп-орынның қажеттілігіне
|
Жаб-
дықтау-шыларға
|
Барлығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Тексерудің жеке объектісі – нақты мақсаттарға, сонымен бірге еңбекақы төлеуге, іссапар шығыстарын жабуға, шаруашылық қажеттіліктерге және т.б. чек кітапшасы бойынша банктен алынған ақша қозғалысы .
Тексеруде ақша алу мен істен шығу туралы мәліметтерді салыстыру қажет. Мұндай ақпаратты мынадай кестеде орналастыруға болады
Кесте №6
Есеп-ті кезең
|
Еңбекті өтеу бойынша шығыстар
|
Іссапар шағыстары
|
Шарушылық шығыстары
|
Банк-тен алынды
|
Касса-дан берілді
|
Ауыт-қулар
|
Банк-тен алынды
|
Касса-дан берілді
|
Ауыт-қулар
|
Банк-тен алынды
|
Касса-дан берілді
|
Ауыт-қулар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Кәсіпорынның кассадағы ақшасы қозғалысын анықтап, оларды кіріске және шығысқа алудың уақтылығы мен толықтығын, мынадай кестені тіркеуді қолдана отырып, техникалық және мазмұнды қателерді табу үшін бухгалтерлік есепте операциялардың көрсетілуі дүрыстығын тексеру керек:
Кесте №7
Операциялар мазмұны
|
Кассалық ордер
|
Бухгалтердің мәліметтері бойынша
|
Адитордың мәліметтері бойынша
|
№
|
дата
|
сома
|
Шот Д-ті
|
Шот К-ті
|
Шот Д-ті
|
Шот К-ті
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Кассалық тәртіпті сақтау мен төлем циклі функционалды аудит бағдарламасын түп-түгел орындау үшін тестілеу өткізуге болады. Сұрақтар тізбесін тексеруші аудитор кәсіпорындағы нақтылы жағдай мен көлем циклі функционалды аудиттің қойған мақсаттарына сәйкес қалыптастырады. Тестілеу ішкі бақылаудың жағдайын анықтауға, ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, бухгалтерлік есепте кассалық операцияларды түгел және анық сенімді көрсету үшін талдауға мүмкіндік береді.
Мұндайда төлеу циклі мен ақша басқарудың тиімділігін бағалаудың балдық, индекстік немесе процедуралық тәсілдері қолданылуы мүмкін. Мысалы, бағалаудың балдық тәсілінде «иә» жауабы үшін ақша қозғалысын ұйымдастыру деңгейіне байланысты 1-ден 3 балға дейін қойылады, ал «жоққа» - 0 балл. Субъектінің ақшасын аудару жағдайын тестілеу қорытындыларын жалпы бағалауда қойылған балдар сомасы бойынша: 50 балға дейін өте төмен; 54-65 төмен; 66-80 орта; 81-90 жоғары; 91балдан жоғары өте жоғары.
3.2.Касса операцияларының аудитi
Кассада сақталатын ақша 451 «Ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» және 452 «Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» 45 бөлімшесінің «Кассадағы қолда бар ақшалар» шоттарында ескерілуге тиісті. Осы шоттардың дебитіне кассаға түсетін ақша, ал кредитіне – кассалық есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кірістік және шығыстық кассалық ордерлер негізінде жасалады.
Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы төменгі кестеде ұсынылады:
Кесте №8
-
Аудит процедуралары
|
Ақпарат көздері
|
1. Ақша мен кассадағы басқа құндылықтардың бар-жоғы мен жағдайын түгендеу
|
Касса ревизиясы бойынша комис-сияны тағайындау, кассирді тағайындау туралы кәсіпорын бас-шысының бұйрықтары; кассирмен материялдық жауапкершілік туралы шарт, кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу актілері, 1 тізімдеме, 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.
|
2. Кассалық операциялар-ды құжаттық рәсімдеудің дұрыстығын тексеру
|
Кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме, Бас кітап және т.б.
|
3. Қолма-қол ақшаны кіріске алудың мерзімділі-гі мен толықтығының дұрыстығын тексеру
|
Банк көшірмелері, чек кітапша-лары, заңды және жеке тұлға-лармен шарттар, банк көшірмеле-ріне тіркелген бастапқы құжат-тар кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.
|
4. Ақшаны шығысқа есеп-тен шығарудың дұрыс-тығын тексеру
|
КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5, 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.
|
5. Бухгалтерлік есептегі шоттарда операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру
|
Бастапқы құжаттар, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме, 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б. Анали-тикалықкестені әзірлеу және тұжы-рымдар мен ұсыныстарды негіздеу
|
6. Кассалық операциялар аудитінің қорытындылары бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды әзірлеу
|
Кассаны тексеру актісі, ескертулер, оларды жою жөніндегі ұсыныстар
|
Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілер мыналар:
кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды тексеретін кенеттен болатын ревизияның ксіпорында жолға қойылмауы;
кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;
кассаға ревизияны немқұрайды өткізудің барлығы – ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелген жұмыс жазбаларының болмауы және т.б.
кәсіпорын басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен кәсіпорын басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кірістік және шығыстық құжаттарға қол қою құқығын беру;
кассир ауысқанда кассаға ревизияны сырт көзге ғана өткізу;
штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелсе;
кассирмен толық материялдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;
мұндай процедура ол үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтіндей кассирдің кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы.
Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу; оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру; ақшаны шығыстарға есептен шығарудың дұрыстығын тексеру.
Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды тексергенде келесі әдіснаманы қолдануға болады:
1.Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінеде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс: кәсіпорында басшысының кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұл бұйрық орындала ма? Кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай; тексерілетін кәсіпорынға бір кассир немесе бірнеше кассир қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін кәсіпорында ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымдарға қызмет етумен қоса атқарады ма, кассирді тағайындау туралы бұйрық және кәсіпорын әкімшілігі кассирмен жасасқан материалдық жауапкершілік туралы шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысты ма?
2. Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті: тексеру құрамында кәсіпорынның кассир мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кәсіпорын басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі; кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар тоқтатылады.
3. Кассаны тексеру мүмкін болмағанда немесе бірнеше касса болғанда олардың барлығын аудитор мөрлеп жабады. Кілт кассирде қалады, ал мөр аудиторда болады. Бұл бір кассадағы ақшаның жетіспеушілігін басқа кассадағы бар ақша есебінен орнын жабу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады.
4. Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен соңғы күндегі кассалық операциялар жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша ақша қалдығын шығарады. Барлық кірістік және шығыстық құжаттар касса есебіне кіргізілгені, кассаны түгендеу сәтінде кіріске алынбаған және есептен шықпаған ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыптық бөлігіне кіреді.
5. Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерияға беріледі.
6. Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрде немесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.
7. Мұндай міндетті процедура кассада сақталатын (пошта маркілері, мемлекеттік баж маркілері, вексельдік маркілер, жолақы билеттері, төленген авиабилеттер, төленген, бірақ әлі демалыс үйлеріне, санаторийлерге берілмеген жолдамалар және т.б.) ақшалай құндылықтар мен басқа да құндылықтар бойынша жүргізіледі.
8. Ақша мен құндылықтар екі мәрте саналады: алдымен кассир, сосын комиссияның басқа мүшесі санайды. Аудитордың өзі бұл аудиторлық процедураның дұрыс өтуіне бақылау жасауға тиіс. Ақшалай қаражаттар атаулы құн бойынша ескеріледі.
9. Ақшалай құжаттар аудитінде мыналарды тексеру керек: бұл құжаттар іс жүзінде бар екендігін, билеттер мен жолдамалар кімдерге арналған және қандай қаражат есебі дұрыстығын тексеру қажет. Олардың есебі ақшалай қаражат қозғалысы жөніндегі кітапта жазылуы тиіс. Ақшалай құжаттардың түсуі мен есептен шығарылуы кассалық кірістік және шығыстық кассалық құжаттармен рәсімделуі тиіс. Осылайша, кассир ақша жөніндегі сияқты ақшалай құжаттар қозғалысы бойынша да есеп жасайды және оны бас бухгалтерге тапсырады.
10. Түгендеу жүргізу кезеңінде кассада ішінара төленген тізімдемелері болуы мүмкін. Аудитор бас бухгалтер мен кассирге оларды белгіленген тәртіп бойынша жабуды, оларға кірістік ордер рәсімдеуді және кассирге оны есепке енгізуді ұсынуға тиіс. Егер кассаны тексеру еңбекақы беру кезеңімен тұспа-тұс келсе, тізімдеме бойынша көптеген адамдарға әлі төленбесе, бұл тізімдемелер кассир есебіне кірмеуі мүмкін. Кассалық есепке енбеген, ішінара төленген шығыстық кассалық құжаттар ретінде актіге жазылады. Мұндай жағдайда әрбір төлем ведомосінде еңбекақы қандай реттік нөмір бойынша және оның жалпы сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазба кассирдің, бас бухгалтердің және аудитордың қолдарымен расталады.
11. Тиісті тәртіппен рәсімделмеген кассалық шығыс ордерлері мен ведомостері, сондай-ақ әр түрлі адамдардың қолхаттары ақтаушы құжаттар ретінде есепке алынбайды және кассадағы бар қалдыққа кіргізілмейді. Мұндай құжаттар табылғанда аудитор кассаны тексеру актісінде ақша кімнің өкімімен, қашан, қандай мақсаттарға және қандай сомада берілгенін көрсетумен бұл бұрмалауды атап өтеді. Кассада бар барлық ақша мен басқа құндылықтар осы кәсіпорынға тиесілі деп саналады, өйткені кассада басқа субъектілердің ақшасы мен басқа құндылықтарын сақтауға тыйым салынады.
12. Ақша мен басқа құндылықтарды санау аяқталған соң алынған сома бухгалтерлік есепте жазылып қойылған қалдық жайлы мәліметтермен салыстырылады.
13. Ақшалай қаражатты тексеру жасайтын аудитор бір мезгілде касса бөлмесі ақша сақтауды қамтамасыз ету, техникалық нығайту мен күзет-өрт дабылы құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай болуын тексереді. Мұндайда анықталған бұрмалаулар түгендеу актісінде көрсетіледі.
14. Іс жүзінде ақшаның және олардың баламалары бар болуын тексеру қорытындылары комиссияның барлық мүшелері қол қоятын түгендеу актісімен рәсімделеді. Ол үш данада жасалады: бір данасы кәсіпорын бухгалтериясына беріледі, екіншісі кассирде қалады, үшіншісі аудиторда сақталады. Ай соңында актіде есептелген барлық ақшалай қаражат енімді сақталуда тұр деген кассирдің қолхаты келтіріледі.
15. Кем шығу табылған жағдайда аудитор кассирден кем шығудың пайда болу себептерін жазбаша түсіндірме жазуды сұрайды. Елеулі кем шығу немесе қызметті теріс пайдалану анықталғанда аудитор бұл жайында кәсіпорын басшысын хабардар етеді және кассирді дереу тексеру аяқталғанша қызметтен босату және істі тергеу органдарына беруді ұсынады.
Ақша жалған құжатсыз тікелей ұрлау ісі кассаны тексергенде кассадағы барды түгендеу жолымен анықталады. Кейде ол шын мәнінде кассир, не болмаса басқа лауазымды қызмет адамы жасаған ысырапты жасыратын лауазымды қызмет адамының қолхатымен бүркемеленеді. Сондай-ақ, қылмыстың ең қарапайым түрі болып саналатын қаражаттықымқырудың бүркемеленбегендері де болуы мүмкін. Ақшаның кем шығуы бөгде адамдардың кассаны бұзу арқылы ақшаны ысырап қылу мен ұрлауы салдарынан ғана болмауы мүмкін, ол басқа заңсыз операцияларды уақытша заңсыз қарызға ала тұрумен де байланысты болуы ықтимал. Мұндай бұрмалаулар мен қызметті теріс пайдаланулар кассирді дұрыс таңдамау, кассаны жүйелі түрде тексермеу және ішкі бақылаудың нашарлығының салдары болып табылады.
Ақшаны касса бойынша кіріске алмау алынған соманы тікелей шығыстарға есептен шығармаумен немесе кірістік операцияларды жасырумен байланысты. Есеп шоттан алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары өте жиі кездеседі.
Аудитор банктен чек бойынша аалынған ақшаны кіріске алудың толықтығы мен уақыттылығын чек түбіртектерінде жазылған ұқсас сомамен, банк көшірмелерімен және кірістік кассалық ордерлермен салыстыру жолымен тексеруі тиіс. Кейбір аудиторлар банктен алынған қолма-қол ақшаны кіріске алудың түгелдігін тек қана түбіртектері бойынша тексергенде қате жібереді. Мұны сондай-ақ банк көшірмелері бойынша да жасау қажет. Егер көшірмелерде тазартып өшіру, түзеу іздері бар болса, сондай-ақ қалдықтар айырмасында банктен ағымдағы немесе есеп шоттан көшірмелер алып, тексерілетін кәсіпорынның бухгалтериясындағы жазбаларды көшірме мәліметтерін салыстыру керек. Қатаң есептегі құжат деп саналатын банктегі шоттан көшірме мұқият бақылауды талап етеді. Сондықтан есеп көшірме мазмұнына байланысты болатын кассир мен басқа тұлғаларға көшірме алуды сеніп тапсыруға болмайды. Кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес кәсіпорында қолма-қол ақшаны қабылдау, кәсіпорын басшысының жазба өкімімен бұған уәкілетті адам мен бухгалтер қол қойған кірістік кассалық ордерлер бойынша ғана жасалады.
Көрсетілген қызметтіөтеу, борыштың орнын жабу, материалдарға, пәтер ақысын төлеу және т.с.с. тәртібімен кірістік кассалық ордерлер бойынша алынған ақшаны кіріске алмау қызметкерлердің және басқа адамдарды өтелмеген берешегін талдау мен тексеру арқылы ашылады. Есеп шотардағы төленген соманы иемдену нәтижесінде ешқандай берешекті мойындамайтын тұлғалардың өтелмеген берешек сомасы қалуы мүмкін. Мұндай адамдар мен есепті жүйелі түрде салыстыру мен олардан бұл жайлы сұрау оңды нәтижелер бере алады. Сондай-ақ, кірістік құжаттарды тіркеуді тексеру мен тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру да есептерді бақылаудың ықпалды тәсілі болып табылады. Кірістік ордер бойынша алынған ақшаны иемденудің жеңілдететін жағдайлар тұрғысынан алғанда, кассалық одерлерді төлеушінің қолына төленгенге дейін тіркеудің болмауы немесе толық еместігін, уақытылы салыстырмау мен борышты өндірмеу екендігін баса айту қажет. Белгілі бір нөмір берілетін кассалық одерлерді тіркеу журналында кірістік және шығыстық одерлерді дұрыс тіркеу, бухгалтерияға төленбеген кірістік одерлерді қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және қызметті теріс пайдалануды болдырмайды.
Басқа кәсіпорындардан алынға ақшаны иемдену болдырмау, ең алдымен, барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу ісін талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл ережені бұрмалау қызметті теріс пайдалануды туындатады.
Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуге тиісті. Сонымен бірге, едәуір сомадағы қолма-қол ақша алған немесе салған кәсіпорындармен есептесулерді салыстырған жөн.
Басқа кәсіпорындардан ақшалай сома алуға арналған сенімхаттарды тіркеуді және сенімхаттарды іс жүзінде қолдануды тексеру де қызметті теріс пайдаланудың бір жолы болып саналады.
Ақша мен шығыстарды есептен шығару жөніндегі кассалық операциялар мүмкіндігінше тексерілуге жататын барлық кезең ішіндегі кассалық есептерге тіркелетін құжаттар бойынша тексеріледі. Тексеруде кассалық операциялар бойынша есептік құжатаманың мынадай пішіндері қолданылады: КО-1 «Кірістік ордер», КО-2 «Шығыстық кассалық ордер», КО-3 және КО-3а «Кірістік және шығыстық құжаттарды тіркеу журналы» пішіндері. Ақша қабылдау мен берудің ордерсіз рәсімделетін құжаттары, КО-4 «Кассалық кітап», КО-5 «Кассир қабылдаған және берген ақша кітабы» пішіндері, есептік регистрлер қолданылады.
Мұндайда кассалық құжаттарды рәсімдеуге назар аударылады: әрбір құжатты алушылардың қолхаттары бар ма, құжаттар – кірістік – «Алынды» мөртабанымен, шығыстық – «Төленді» мөртабанымен, ай-күні, жылы көрсетіліп, жабыла ма, оларды тазартып өшіру мен түзету іздері жоқ па? Тексеру іс-тәжірибесі көптеген кәсіпорындарда кассалық құжаттар сапасыз жасалатынын, көбіне кірістік және шығыстық құжаттарда кассаға ақша салған немесе кассадан ақша алған жауапты адамдардың қойылған қолдары және басқа да міндетті деректемелердің жоқ екендігін көрсетеді. Мұндай құжаттардың күші жоқ деп, ал олар бойынша операциялар – негізсіз деп саналады. Егер мұндай жәйттар анықтаса, аудитор шұғыл шаралар қолдану мақсатымен кәсіпорын басшысын және бас бухгалтерді бұл жайында хабардар етуге тиіс.
Тексерудің келесі кезеңінде мыналарды анықтау керек: бұл ұйымда кірістік және шығыстық ордерлерді тіркеу журналы белгіленген түрде жүргізіле ме, барлық кассалық құжаттар журналда тіркелген бе, кассалық ордерлерде қалдырылып кеткен нөмірлер жоқ па, ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуы жөніндегі операциялардың барлығы нөмірленуге, жіппен қайымдалуға, сургучты мөрмен басылуға тиісті парақтар саны кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтердің қойылған қолдарымен куәландыруға тиісті кассалық кітапта жазылған ба? Кассир жұмыскүні соңында сол күнгі операциялардың жиынтығын кассалық кітапта есептеуге және келесі күнге ақша қалдығын шығаруы тиіс. Ол кассалық кітаптағы жазуларды екі парақта бір мезетте көшірме қағаз арқылы жүргізуге тиіс. Кітаптың бір парағы жыртылмалы, оны кассир күн соңында басқа барлық кірістік және шығыстық операциялар бойынша санақ ретінде тапсыруы тиіс.
3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті.
Ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді. Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес кәсіпорындар өзінің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік, жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен, шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап-тілекпен байланысты туындайды. Кәсіпорындар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.
Банктік операциялар аудитінің бағдарламасы төменгі кестеде көрсетілген:
Кесте №9
-
Аудит процедуралары
|
Ақпарат көздері
|
1
|
2
|
1. Кәсіпорынның банктегі есептік, ағымдағы, валюталық және басқа да шоттар бар екендігін айқындау
|
Тестілеу материалдары
|
2. Банктегі ақша шоттарын-дағы операциялардың заңды-лығын, анықтығын және шаруашылық мақсатқа сәйкес-тілігін тексеру
|
Заңды және жеке тұлғалармен шарттар, үкім қағазы және талап арыздар
|
3. Шотқа түскен ақшаны кіріске алудың дұрыстығын, уақтылығын және толықтығын тексеру
|
Банктің ақшалай-есептік құжаттары тіркелген көшір-мелері, 2 журнал-ордер, 2 журнал-ордерге №2 тізімде-ме, Бас кітап, баланс және т.б.
|
4. Ұсынылған шоттарға тө-ленген қаржының дұрысты-ғын, толықтығын және сәйкестігін тексеру
|
Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар
|
5. Бюджетке салық және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер аударудың уақтылығын тексеру
|
Төлем тасырмалары мен талаптары
|
6. Банктен алынған және кассаға кіріске алынған, сондай-ақ оларды мақсатты пайдалануын тексеру
|
Кірістік ордерлер, кассалық құжаттарды және т.с.с. тіркеу журналы
|
7. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және әр түрлі кредиторлармен, соның ішінде банкпен несиелер бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың мерзімін өткізіп алу себептерін анықтау
|
Өтемділік коэффициенттері, қаржылық тұрақтылықты есептеулер, шот-фактуралар, 1 – 3 журнал-ордерлер және оларға тізімдемелер
|
8. Кәсіпорындармен әрбір қолма-қол ақшасыз есетесу бойынша шарттық өзара қарым-қатынастардың сәйкестігін тексеру
|
Контрагенттермен шарттар, төлем тапсырмалары, банк көшірмелері, анықтамалық-нормативті ақпарат
|
9. Құжаттар мен жазбаларда көретілген ақшаның бар екендігі мен қозғалысы туралы мәліметтердің сәйкестігін тексеру
|
Бастапқы құжаттар, журнал-ордерлер, чек кітапшалары, Бас кітап
|
10. Банк операциялары бойынша шот корреспонден-цияларының дұрыстығын тексеру
|
Бухгалтерлік есепке алу шоттарының анықтамасы және корреспонденциясы
|
Ағымдағы шоттағы операциялардың аудитінде келесі жағдаяттарға назар аудару қажет:
Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі.
Соманың банк көшірмелері бойынша, оларға тіркелген бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкестігі.
Көшірмелерге тіркелген бастапқы құжаттарда банк мөртабанының бар болуы; жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама-қарсы тексеру өткізіледі.
Банкке тапсырылған қолма-қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың кәсіпорнының ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы.
Ақшалай қаражатты акцептелген төлем тапсырмаларымен байланыстың пошта бөлімшесі арқылы аударудың дәйектілігі, сондай-ақ аударым алушылардың тізбеде көрсетілген пошталық мекен-жайының анықтығы.
Теңгені конвертациялауға байланысты операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығы.
Бухгалтерлік өткізбе желілердің банктік операциялар бойынша дұрыстығын, бұл операциялар бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе? Бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығынына есептен шығару операцияларына ерекше көңіл бөлу керек.
Банк көшірмелерінің және парақтық нөмірленуі мен шоттағы қаражат қалдығын ауыстыру бойынша анықталатын құжаттардың толық сенімділігі. Банктің бұрынғы көшірмесіндегі кезең соңының қаражат қалдығы шот бойынша келесі көшірмедегі кезең басының қаражат қалдығына тең болуы тиіс. Егер банк тізімдемесінде ескерілмеген түзетулер мен тазартып өшірулер табылса, банк мекемесінде ыңғайласпа тексеріс өткізу керек.
Банк көшірмелерін тексеру банк құжаттарының мәнділігі бойынша зерттеп білумен үйлесуі тиіс. Сонымен бірге аудитор мыналарды анықтаы керек: заңсыз банктік операциялар жасала ма, мысалы, тексерілетін кәсіпорынмен ешқандай шарттық қатынастары жоқ, басқа кәсіпорынның борышын өтеу немесе басқа кәсіпорынның тауарсыз есеп айырысулар бойынша төлеу; кіріске алынған және төленген материалдық құндылықтардың түгелдігі мен уақтылығы; несие немесе қарыз алуға, сондай-ақ қаржылық жағдай мен қаржыландыру көзі тұрғысынан қарыз алуға ұсынылған құжаттардың анықтылығы; қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктен алынған чек кітапшалары есепте дұрыс көрсетілген бе және заңды қолданыла ма; олар есеп беретін адамдарға қолхат арқылы беріле ме, есеп беретін адамдар чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасай ма, айналымдар мен сальдо есеп беретін адамдардың арнайы шоттар бойынша айналымдар мен сальдо есебіне сәкесе ме.
Аудитор жабдықтаушыға борышты өтеу үшін ақша аударудың қаншалықты нақтылығы мен негіздігін тексеруге тиісті. Кәсіпорындар, мәселен, сауда кәсіпорнына сатып алынған азық-түлік тауарларына ақша аударуды мүмкін, ал шын мәнінде қоймаға түспеген немесе құжатта көрсетілген ассортименттен басқасы түскен оқиғалар болады. Кәсіпорындар орындалмаған құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстары үшін, сондай-ақ делдалдарды «құтқару» мақсатымен жеткізіп берілмеген техника үшін ақша аударатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан банктегі ақшалай қаржат шоттары бойынша операциялар ревизиясында қарама-қарсы тексерулер, әсіресе, біртектес операциялар бойынша өзара байланысқан бастапқы құжаттарды мұқият тексеріп өткізу талап етіледі.
Валюталық шоттағы операциялар аудитінде төменде келтірілген ерекше жағдайлармен сұрақтарға мұқият көңіл бөлу және анықтау керек:
Валюталық шот ашылған банк мекемесін.
Банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкес келе ме?
Сыртқы экономикалық істердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі.
Валюталық шотты ашқаны үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы.
Валютаны сату мен сатып алу операцияларын есепте көрсетудің дәлдігі.
Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көрсетудің дұрыстығы.
Бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың жүйелілігі. Банк көшірмесіндегі жазбалардың 2 журнал-ордер мен Бас кітап жазбаларына сәйкестігі.
Резидент болып саналатын ұйым-экспортерлердің валюталық түсімін уәкілетті банктегі валюталық транзиттік шоттарға қосудың толықтығы мен уақтылығы.
Экспортерлерде ҚР Ұлттық банкінің рұқсатынсыз ашылған шетелдік банктегі есептерінің бар болу фактісінің тексеруі.
Экспортерлердің өзіндік валюталық түсімін қолданудың дұрыстығы, шетелдік валютаға алынған қолма-қол шетелдік валюта мен материалдық құндылықтың сақталуы.
Түсетін тауарлардың сату бағасы мәміледе қарастырылған құнға негізделіп, кәсіпорындағы кіріске алу, кеден төлемі, көлік шығыстары мен сатып алу, тасымалдау жөніндегі басқа шығындар ай-күн, жылындағы импорт бойынша кәсіпорынның тауар сатып алу кезіндегі талаптарын орындау.
Тауар алмастыру операцияларын жасағанда, қаржылық нәтижелерді анықтау мен өткізудің есебі жүктің кеден декларациясында көрсетілген ай-күн, жылға және мәміледе қарастырылған құн бойынша жасалуын.
Салық салу мақсаты үшін түсім мәміле сәтінде қолданылатын өнімнің нарықтық бағаларына сүйеніп, есептелген деңгейден төмен болмауын қадағалау және т.б.
Аудитор банктегі: 421 «Аккредитивтердегі ақша», 422 «Чек кітапшаларындаға ақша», 423 «Карт-шоттардағы ақша», 424 «Банктердегі басқа да шоттардағы ақша» 42 бөлімшесінің «Банктердегі аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша қаражаттары» арнайы шоттардағы ақша есебін ұйымдастырудың дұрыстығын тексеруге ерекше назар аударғаны жөн.
Сонымен қатар аудитор мыналарды тексеруі қажет:
а) егер есеп айырысудың бұл формасы шартпен белгіленсе және жабдықтаушы сатып алушыны есептесудің есеп айырысудың аккредитивті түрін қолданудың дұрыстығы мен заңдылығына көзін жеткізсе. Әрбір аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есептесуге арналған. Ол пошта немесе телефон бойынша ашылады. Аккредитивтің іс-әрекет ету мерзімін тараптар келісім-шартта белгілейді. Аккредитивтен қолма-қол ақшамен төлеуге қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған;
ә) мекен-тұрағы бойынша дара балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшенің ағымдағы шот ашуының заңдылығы мен дұрыстығы. Ағымдағы шоттарды есеп шот ашуға мүмкіндік беретін белгілері жоқ кәсіпорындар: өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің өндірістік бірліктеріне; олардың мекен-тұрғынынан тыс жерлерге орналасқан; кәсіпорынның шаруашылық есептегі басқа бөлімшелеріне ашылады;
б) дара балансқа бөлінген құрылымдық бөлімшелерден баланстар мен басқа қажетті құжаттар ұсынылған ба?
в) дара балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшелер шығынын негізгі өндірістің шығыстары немесе айналым шығындары құрамына енгізудің негізділігі;
г) банктен алынған депозиттік сертификаттардың бар болуын;
ғ) бухгалтерлік өткізбе желілердің жасалу дұрыстығын, сонымен қатар 421 – 424 шоттардағы «Банктердегі аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша қаражаттары» 42 бөлімшесінің, 3 журнал-ордері жазбаларында және Бас кітапта ескерілетін операциялар бойынша банк көшірмелеріндегі жазбалардың сәйкестігі.
Егер арнайы шотта шетелдік валюта есепке алынса, онда олар жөніндегі операциялар валюталық шот жөніндегі тәртіппен атқарылады.
Аудитор жол-жөнекей ұлттық және шетелдік валютадағы қаражаттың кәсіпорынның ағымдағы шотына немесе басқа шотқа есепке қосу үшін банк кассасына, жинақ кассасына немесе пошта бөлімшесінің кассасына салынған, бірақ белгілеуі бойынша әлі есепке алынбаған ақшалай соманың қозғалысы туралы ақпаратты оқып-білу керек. 411 «Жолдағы ақша» шоты бойынша есепке алу үшін банк мекемесінің, пошта бөлімшесінің түбіртектері, банк инкассаторларына тапсыруға арналған ілеспе тізімдеме көшірмелері негіз болып саналады.
Жолдағы ақша аудитімен бухгалтерлік есепте 411 «Жолдағы ақша» шотында есептелетін соманың шынайылығын, сондай-ақ бухгалтерлік өткізбе желі құрудың дұрыстығын және бастапқы құжаттардың 3 журнал-ордерде және Бас кітапта осы шот жөніндегі жазбалардың сәйкестігін тексеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |