Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Ақша қаражаттары есебі мен аудиті Студент: 4 курс сыртқы бөлім


-тарау Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру



жүктеу 349 Kb.
бет3/6
Дата19.01.2022
өлшемі349 Kb.
#33458
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Дипломды Ж мыс та ырыбы А ша аражаттары есебі мен аудиті Студ

2-тарау Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру .
2.1.Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі.

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса опера-цияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

Кассадағы операциялар есебі 45-«Кассадағы қолма-қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

451-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» және 452-« Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоттарында жүргізіледі.

«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері №2 қосымша бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен №3 қосымша немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордер-леріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жеклеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оның кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.

Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі №4 қосымша бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша бертін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаржаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.

Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.

Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында №5 қосымша жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан юасталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртыл-майтын бөлігінің сыртқы жағынан көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.

Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. «Соның ішінде жалақыға» деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.

Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөнінде құжаттың нөмірі, коррес-понденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғында қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 451-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесеесеп регистрлеріне көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың , яғни 451 шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Кассаға ақша кірістелген кезде 451-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттелінеді:

441-«Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;

333-«Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі» қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;

701-«Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс» шоты материалдар,жұмыстар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезде.

Кассадан ақша берілген кезде 451-шоты кредиттелінеді және мына төмендегі шоттар дебеттелінеді:

681-« Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесу» шоты – кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;

333-«Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі» шоты – кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;

441-«Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты – кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің сомасына.

Валютамен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452-«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» шотын ашады.Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында каражаттарсомалары шетел валюталарымен және теңгеге айнал-дырылған түрінде көрсетіледі.

Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлердің жүргізілуі мүмкін.

Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттелінеді де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

431-«Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» валюта шотынан валюта түскен кезде;

301-«Алынуға арналған есептеулер» шоты – кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;

725-«Бағам айырмашылығынан аланатын кіріс» шоты – тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;

333-«Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі» шоты – есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

Валюта кассасынан валюта берген кезде – 452-шот кредит-телінеді және мына төмендегі шоттар дебеттелінеді:

333-«Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі» шоты – есебіне берілген шетел валютасының сомасына;

431-«Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» шоты – валюта шотына өткізілген валюта сомасына;

844-«Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар» шоты – тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәти-жесінде болған бағам айырмашылықтарының сомасына;

Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі. Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түскен түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша каражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орнала-сады. №1034 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.

ТЖБКМ көмегімен есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып-сату келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қуаттайды.

ТЖБКМ сатылып алынғанда оны тіркеуден өткізу үшін салық органына арыз жіберіледі. Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну қажет: арыз, заңды тұлғаның мемлемкеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі , БКМ паспорты; қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғандығын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.

Ақша операциялық кассаға түскен кезде 451-«Операциялық кассадағы қолма-қол ақша» аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:

701-«Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кіріс» шоттары және басқа да шоттар – кассаға алынған түсімнің сомасына;

301-«Алынуға арналған есептеулер» шоты – сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің кассаға алынған сомаға.

Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде – 451 шоты дебеттеледі де, ал 451 шоттың «Операциялық кассадағы қолма-қол ақша» аралық шоты кредиттеледі.


2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі.

Банкі шоттары теңгеменде, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезже, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауда және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады.Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты; клиенттің салық есбіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты; аудандықеңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.

Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.

Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.

Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады.Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін элекрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банктегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады.

Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; Қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 441-«Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шотында жұргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.

Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің «көшірме үшін» мөрінің таңбасымен расталынады.

Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелген құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні көрсетілген календарлық штемпелі қойылу тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қолқою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.

Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 441-«Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шоты кредитінен 334-«Өзге де дебиторлық берешек» шотының дебетіне есптен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 441-шоттың дебеті және 687-«Өзгелер» шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Банк шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.

Заңды тұлға – шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезінде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.

Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иеінің банкідегі есепшот жабылғандағы туралы хабарлама жасауы тиіс.

Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде – шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы керек.

Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс табады:

441-«Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

451-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты – кассадан акеліп түскен түсім және депоненттелген еңбек ақы сомасы;

301-«Алынуға арналған есептеулер» шоты – сатылған өнім, жұмыс пен қызмет төлемақысына;

661-«Таурлық-материалдық қорларды бергені үшін алынған аванстар», 662-«Жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін алынған аванстар», «Алынған өзге де аванстар» шоттары – сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына.

441-«Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі;

671-«Төлеуге шоттар» шоты – алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлемақысына;

451-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты – еңбек ақыға, іс-сапарларға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;

141-«Еншілес ұйымдарға инвестициялар», 142-«Тәуелді ұйымдарға инвестициялар»,143-«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар» – шоттары кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың сомасына;

401-«Акциялар», 402-«Облигациялар». 403-«Өзге де қаржылық инвестициялар» шоттары – сатылып алынған акциялар , облигациялар, банктердегі депозитшоттарына салынған салымдарына;

351-«Тауарлы-материалдық қорларды жеткізгені үшін берілген аванстар», 352-«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар» шоттары - жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген аванс сомаларына;

601-«Банктердің қарыздары», 602-«Банктен тыс мекемелердің қарыздары» шоттары – есеп айырысу шотынан өтелген банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;

641-« Еншілес ұйымдарға берешек», 642-« Тәуелді ұйымдарға берешек», 643-« Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берешек» шоттары – еншілес және тәуелді серіктестерге есеп айырысу шотынан қарыздарды өтеуге;

633-«Қосылған құн салығы», 639-«Өзге де салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер» шоттары – салық бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;

651-«Кепілдікті міндеттемелер» - жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша қарыз сомасын төлегенде;

631-«Төленетін корпорациялық табыс салығы» - бюджетке корпоротивтік табыс салығын төлегенде.
2.3.Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі.

Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер арсындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салық пен кеден заңдарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.

Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы №115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі» негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар ұшін валюталық шоттар ашады.

Заңды тұлғалар – резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 «Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы» Нұсқауда қарастырылған болатын.

Заңды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.

Заңды тұлға-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген құжаттарды тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Ұлттық банкіде тіркелгені жөнінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда заңды тұлға-резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.

Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша ақпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.

Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.

24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және 31 наурыз 2001 жылғы №88 ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген «Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларын тіркеудің Ережелеріне» сәйкес қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін қарастыратын капитал қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу және ұйымдастырудың тәртібі сол аталған қаулымен белгіленген.

Капитал қозғалысымен байланысты Қазақстан Республикасының келіп түсетін 100 мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес басқа валюталық операцияларынан түсекен қаражаттар міндетті түрде тіркеуге жатады:


  • резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге алынған несиелер, лизингіні де қоса алғанда;

  • резидент еместердің төлем ретінде интеллектуалды меншік объктісін толық әрі айрықша құнын берген жағдайда;

  • резидент еместердің экспорттық-импорттық мәмілелеріне сәйкес алған несиелері;

  • резидент еместердің төлем ретінде қозғалмайтын мүлікке қатысты мүліктік құқын берген жағдайда.

Бұл операцияларды тіркеу дегеніміз, ондағы тиесілі келісім-шарттарды тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім-шарттардың тіркелген тәртібі бойынша нақты қражат қозғалысы туралы тоқсан сайын мәлімет беріп отыру болып табылады. Заңды тұлға-резидент өзінің келісім-шартын тікеген орны бойынша тіркелген келісім-шарттың әрекет етуі кезінде болған барлық өзгерістері мен қосымшалары туралы хабарлап отыруға міндетті.

Капитал қозғалысына байланысты қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін қарастыратын валюталық операциялардың түрлері тәртіп бекітілген келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: 120 күннен астам мерзімге несиелер алу; 120 күннен астам мерзімге жасалынған экспорттық-импорттық мәмілелерге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру; инвестициялар;мүліктік және қозғалмайтын мүліктерге қатысты басқа да құқықтарға төленетін аударымдар болған жағдайда жүзеге асады.

Заңды тұлғалар – резидент еместермен шетел валютасында есеп айырысулар олардың есеп шоттарындағы қолында бар валюталық қаражаттарының шегінде қолма қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады. Валюталық қаражаттардың шығу тегі жариялы болуы және келесі көздерден заңды түрде алынуы тиіс: экспорттық валюталық түсім; жарғылық капиталға төленетін жарналар; резидент еместерге жәрдем беру; өкілетті банктерден, шетелдік банктерден, қаржылық мекемелерден және басқа шетелдік заңды тұлғалардан алынатын несиелер, сондай-ақ жеке тұлғалар-резидент еместер берген қарыздар; өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі саудада теңгеге сатып алынған валюта.

Заңды тұлға резиденттерінің банк шоттарында шетелдік валютасында қолма қол ақшасынан резиденттік емес еңбеккерлеріне жалақы төлеу үшін қызмет бабы бойынша еңбеккерлердің шетелдік іс-сапарларға шығуына байланысты кеткен шығыстарын жабуға алынуы мүмкін. Осы қаражатты алу үшін заңды тұлға резиденттері өкілетті банкісіне тиісті дәрежеде рәсімделген құжатты ұсынады.

Өкілеті банктер мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып-сату арқылы екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықтаған бағамдық деңгейін алуға құқылы.

Резидент – заңды тұлғалар ішкі валюталық нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында банкіден алған несие бойынша міндеттемелерін орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма қол ақшасыз тәртіппен беріледі.

Валюта шоты бойынша жасалынатын оепрациялар мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді;


  • банк мөрімен және кассирдің, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады;

  • қолма қол валютаны беру Тапсырмамен рәсімделеді. Банк куәландырған тапсырманың көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады;

  • шетелдердегі бенефициарға валюта қаражаттарын аудару « Аударға берілетін өтінішті» жазу арқылы рәсімделеді;

Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 431-« Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» және 432-«Шетелдегі валюталық шоттағы ақша» - шоттарында жүргізіледі.

Аталған және басқа да құжаттарың негізінде банк валюталық шотының бет есебіне тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.

Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.

Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операцилары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.

Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.

Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндеті жүктелген өкілеттіктеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.

Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылаудың агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.

Шетел валютасын сатып алу. Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.

Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда сатып алынған күннен бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.

Заңды тұлға-резиденттердің ішкі валюталық саудада сатып алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есепшотына қосылған күннен бастап, отыз күннің ішінде өкілеттік банкке аударылуы тиіс.

Заңды тұлға – резидент толықтай немесе жартылай сатып алған шетел валютасын отыз күннің мерзімі өткенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валюталық саудада міндетті түрде сатылады.

Заңды тұлға-резиденттерге валюталық операциялар бойынша көрсетілген банктік қызмет түрлеріне банктер арқылы тараптардың келісімі бойынша ұлттық немесе шетел валютасы түрінде төлемақы алады.

Теңгемен алынған несиелерді, сондай-ақ олар бойынша пайыздар мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен орнын жабуға тыйым салынады.

Тауарлар экспорты төлем, сондай-ақ несие немесе инвестиция ретінде заңды тұлғалар-резиденттер арқылы алынған болса, онда ол осы резиденттің 24 наурыз 1997 жылғы №130 шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметін лицензиялау тәртібі туралы Ережеге сәйкес өкілетті банкілер арқылы төлем жасалынады.

Заңды тұлға – резиденттердің пайдасына тарту, қайырымдылық-жәрдем жасау, қайырымдылық жарналар және басқа да түсімдер ретіндегі шетел валютасы олардың өкілетті банкілері арқылы төленеді.

Өкілетті банкілерден шетел валютасын сатып алған кезде келесі шоттар коррепонденциясы қарастырылады.

431 және 432 шоттарының дебеті келесі шоттардың кредитімен коррепонденцияланады:

452-«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма қол ақша» - валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасына;

301-«Алынуға арналған есептеулер» шоты – тиелген өнім. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төленетін валюталық қаржы келіп түсті;

725-«Бағам айырмашылығынан аланатын кіріс» шоты – шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының өсуінің нәтижесінде пайда болған оң бағам айырмашылығының сомасына.

431 және 432 шоттарының кредиті келесідей шоттардың дебетімен коррепонденцияланады:

452-«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма қол ақша» - валюталық шоттан валюталық кассаға алынған валютаның сомасына;

671-«Төлеуге шоттар» - жеткізілген материялдық қорлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет үшін шетелдік фирмалардың инвойсы төленді;

844-«Бағам айырмасы бойынша шығыстар» - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының төмендеуінің нәтижесінде пайда болған теріс бағам айырмашылығының сомасына.


2.4.Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу.

Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 «Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша» деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

421-«Аккредитивтердегі ақша» шоты. Бұл шота аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив – клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивт көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:

жабылатын; қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік болып бөлінеді.

Жабылатын аккредитивті ашқпн кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен лдын-ала келіспей-ақ жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенфициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

Қайтпайтын аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

Трансферабельдік аккредитив – бұл бенфициардың өзінен басқа бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

Аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің шарттарында көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлық шарттарының орындалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.

Бенефициар банкісі аккредитив бойынша қаржының дұрыс пайдалануын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде ақша төллейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдық ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.

Егер аккредитивтің шарттарында уәкілетті сатып алушының келісімі көзделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігі тексеріледі.

Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды қабылдап алар кезде шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы-көлік құжаттарының нөмірі, тауарды байланыс мекемелері арқылы жөнелткен жағдайда почта квитанциясының нөмірі, қабылдау, қабылдау-өткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе шот-тізбесін төлеуге беруге болмайды.

Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің үш данасы ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретінде пайдаланылады, үшінші данасы шот-тізбесінің қабылданғанын білдіретін қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік құжаттарының қаттамасымен және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін банк-эмитентке жіберіледі.

Аккредитивті қолма қол ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді.

Егер аккредитивтің шарттарымен уәкілетті сатып алушының акцепті көзделген болса, онда аталған тұлғалар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жоқ болған жағдайда өз қолының үлгісін; іс-сапар куәлігі немесе аккредитив ашқан ұйым берген сенімхат ұсынуға міндетті.

Аккредитив есебінен төлеу үшін, акцептелінген шоттар тізбесінде немесе тауарлы-көлік құжаттарында өкілеттік берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.

Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкте пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитив тің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кеітіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым банктің қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады.

Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 601 «Банктердің қарыздары» шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 441 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар кредиттеледі де, 421 «Аккредитивтердегі ақша» шоты дебеттеледі.

Жабдықтаушылар шотын төлеу 421 шотың кредиті бойынша және 671 «Төлеуге шоттар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 441,431,432,601 шоттарының дебеттерінде және 421 шоттың кредитінде көрсетіледі.

Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 821 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеледі де, 441 шоты кредиттеледі.

422 «Чек кітаапшаларындағы ақша» шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға толтырған клиенттің өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

Чек кітапшасы бойынша депоненттелген сомасы берілген кезде 422 шот дебеттеліп, 431,432,441,601 шоттары кредиттеледі.

Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға және басқа тұлғаларға беру кезінде 334 «Өзге де дебиторлық берешек» шотының, «Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін тұлғалар» деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 687 «Өзгелер» шотының «Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу» деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 687 шоты дебеттеліп, 422 шоты кредиттеледі.

423 «Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша» шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

424 «Банктердегі өзге де шоттардағы ақша» шотының субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражатары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.



жүктеу 349 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау