Кодексте жұмыс уақыты түрлері мен ұзақтызы анықталған. Жұмыс уақыты қалыпты, қысқартылған және толық емес болады.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жұмыс беруші әрбір қызметкердің нақты істеген жұмыс уақытының есебінен жүргізугі міндетті.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы мынадай уақытқа қысқартылады:
аптасына 16 сағатқа – он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;
аптасына 5 сағатқа – I және II топтағы мүгедек қызметкерлер үшін;
аптасына 4 сағатқа – он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;
аптасына 4 сағатқа және одан артыққа – Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті), жұмыстарды атқаратын қызметкерлер үшін.
Қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмысқа орналасқан кезде, сондай-ақ жүкті әйелдердің, он төрт жасқа дейінгі баласы бар (он алты жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата-аналарының (қамқоршысының, қорғаншысының) біреуінің, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасындағы науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтынадамның өтініші бойынша толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.
Жұмыс уақытының барынша ұзақтығы 36 сағаттық жұмыс аптасы кезінде – 8 сағаттан, ал 30 сағаттық және одан да аз жұмыс аптасы кезінде – 6 сағаттан асыруға болмайды.
Түнгі уақыттағы жұмысқа 22 сағаттан таңғы 6 сағатқа дейінгі уақыт жатады. Жұмыстың ұзақтығы түнгі уақытта бір сағатқа азайтылады.
Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс негізіндегі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен Қазақстан Республикасының барлық уақытына белгіленеді [15] .
Ең төменгі жалақы мөлшеріне қосымша төлем мен үстем ақылар, сыйлық ақылар мен басқа да марапаттау төлемдері, сондай-ақ қалыптыдан ауытқушы жағдайларындағы жұмыстары үшін, ерекше климаттық жағдайлардағы және радиоактивтік ластану, экологиялық апат аумақтарындағы жұмыстары үшін төлемдер, өзге де өтемдік және әлеуметтік төлемдер енгізілмейді [16].
Ең төменгі күнкөріс көлемі жағынан бір адамға қажетті ең төменгі тұтыны қоржынына тең ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі күнкөрісті есептеу тәртібі және оның көлемі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленеді.
Қазіргі уақытта кәсіпорында жалақының қорын мемлекеттік реттеу ретінде әлеуметтік салық орын алады. Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, ерекше кәсіпорындар, заңгерлер төлейді.
ҚР жаңа Салық кодексіне сәйкес оның мөлшері 26%-дан 22% дейін төмендеді. бірақта Президенттің ҚР үкіміндегі жолдауында 1.07.2001жылы қосылған салығы 20-дан 16%, ал әлеуметтік салық 21%-ға төмендеді. бұл адал жалақы беруге жол береді және ҚҚС мөлшерін төмендету отандық тауар өндірушілерге өз табыстарын айналмалы құралдарға бағыттауға ұсынады. Жеке кәсіпкерлер салықты 3 айлық есеп көрсеткіші плюс жұмысшының 2 айлық есеп көрсеткішімен анықталады. Мұнда салық салу объектісі ретінде жұмыс берушінің шығындары, ол табыстың әр түрімен төленеді, төменгілерді есептемегенде:
-Жұмысшылардың зейнетақы қорына төленетін төлемі;
-Кәсіби оқу үшін мемлекеттік бюджеттен төлеу;
-Екі қабат әйелдерге төленетін әлеуметтік ақы
-Іс-сапарға төленетін компенсация
-Вахталық жұмыста тұрмыс жайды жалға алуға кеткен шығын
-Дәрігерлік қызмет үшін материалды көмек.
Мүгедектер жұмыс істейтін арнайы ұйымдарда мүгедектер үшін әлеуметтік салық төлейді.
Еңбек ақы төлеудің тарифтік жүйесі өзіне: тарифтік ставкаларды (айлық ақы), тарифтік торды, тарифтік коэффициентті қосады. Орындалатын жұмыстардың күрделілігі оларды тарифтеу негізінде айқындалады. Жұмыстарды тарифтеу және қызметкерлердің тарифтік разрядтарды тағайындау жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біртұтас тарифтік-біліктілік анықтамалығын, басшылық қызметтің, мамандардың және қызметкерлердің біртұтас біліктілік анықтамалығын ескере отырып жүргізіледі. Аталған анықтамалар мен оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте бекітіледі.
Еңбек кодексімен көзделген орташа жалақының мөлшерін айқындаудың барлық жағдайлар үшін оны есептеудің бірыңғай тәртібі белгіленеді. Орташа жалақыны есептеу үшін осы төлем көздеріне қарамастан тиісті ұйымда қолданылатын төлем түрлерінің көзделген барлық жүйелері ескеріледі. Жұмыстың кез-келген режимінде қызметкердің орташа жалақысын есептеу оған нақты есептелген жалақыдан және төлеу алдындағы 12 айда нақты істелген жұмыс уақытынан туындап жүргізіледі [17].
Орташа күндізгі жалақысы демалыстарын және пайдаланбаған демалысы үшін өтем төлеу үшін соңғы 3 күнтізбелік айды есептелген жалақы сомасын 3-ке және 29,6-ға (күнтізбелік күннің орташа айлық саны) бөлу жолымен есептелінеді. Кодекспен көзделген жағдайларда жұмыс күндері берілетін демалыстарына төлеуге арналған, сондай-ақ пайдалынбаған демалыстарына төлеуге арналған орташа күндік жалақысы есептелген жалақы сомасын күнтізбелік алты жұмыс күндік апта бойынша жұмыс күндерінің санына бөлу жолымен айқындалады. Осы бөлімде еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздерімен айқын таныстық. Екінші тарауда еңбек ақының Қазақстан Республикасындағы деңгейі мен серпініне талдау жүргіземіз, сонымен бірге «Арыстан» ЖШС –де еңбек ақыны ұйымдастыруды қарастырамыз.
2 «АРЫСТАН» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау
Еңбек ақы өмір сүрудің басты кепілденген қайнар көзі болып табылуда. Ол 2005 жылы табыстың 71% құрады. Жалпы ақшалай түсімдердің 11,4%-ын әлеуметтік трансфеттер құрайды, сатулардың барлық түрінен түскен табыс-11,1%. Басқа да ақшалай түсімдер көздерінен -6,5%. Осы үшін еңбек ақының динамикасын терең талдау қажет [18].
Қазіргі уақытта еңбек ақы белгілеудің барлық жүйесі іс жүзінде бөлек алып қаралған жұмыс берушінің іс жүргізуінде болып табылады. Осыған байланысты еңбек ақы жөніндегі процестер стихиялық мінездемеге ие болуда, ал жалақы жұмыс күші бағасы ретіндегі өзінің негізгі қызметін атқаруды қайта-қайта өндіру, ынталандыру және реттеу.
«Маңыздылығы, күрделілігі жоғары еңбек орташа қоғамдық еңбекпен салыстырғанда күрделі еңбек күшінің пайда болуы, оның құрылуы көп шығындары керек ететіндігі, осыған орай, оның бағасы да қарапайым еңбекке қарағанда жоғары болады. Егер осы күштің бағасы жоғары болса, онда ол жоғары еңбекпен түсіндіріледі және бірдей уақыт аралығында іске асады». Жоғарыдағы жазылғанды ескеріп, еңбек ақы өзгешеліктерінің салдарына күрделі және қарапайым еңбектен басқа жұмыстың өндірістік-техникалық жағдайларын және табиғи-климаттық, экономикалық жағдайларды жаиқызу керек. Қарастырылған факторларға байланысты еңбек ақының өзгешеліктерінің ғылыми дәлелдеріне байланысты бірдей еңбекке сәйкес ақы төлеу қағидасының іске асқанын айтуға болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеудің сәйкестігін талдау керектігі туындайды, соның ішінде, республиканың салалары мен аймақтарында.
Мемлекеттің жалақыны аймақтық деңгейде реттеу саясаты территориялық айырмашылықтар мен аймақтық коэффициенттерді белгілеуді анықтаудан тұратыны белгілі, ол негізгі жалақыны толықтырып, әділетті еңбек ақы қағидасын қамтамасыз етеді. Ал жұмыс берушілер мен жұмысшылар рөлі, олар әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде жалақы проблемаларын шешу үшін оларды территориялық өзгешеліктерін біріктіруде жатыр.
Салалық аспектіде еңбек ақы өзгешелігінің талдауы тағы да республикада еңбек ақы көлемінің өзгешеліктерінің тенденциясының күшеюін көрсетеді. Бұны біз 2 кестеден көре аламыз.
- кесте - ҚР-ның экономика салалары бойынша орташа айлық жалақы
(тенге)
Экономикалық қызмет түрлері:
|
2003ж.
|
2004ж.
|
2005ж.
|
2004ж %
2003 ж-ға
|
2005 ж %
2004 ж-ға
|
Орман және балық шаруашылығы
|
9567
|
11978
|
17720
|
125,2
|
147,9
|
Өнеркәсіп
|
29585
|
33465
|
46786
|
113,1
|
139,8
|
Тау-кен өндірісі
|
45594
|
54305
|
66992
|
119,1
|
123,3
|
Өңдеуші өндіріс
|
24823
|
30234
|
36780
|
121,7
|
121,6
|
Электр қуат, газ, су өндіру және қайта бөлу
|
233369
|
26889
|
32099
|
115,0
|
119,3
|
Көлік және байланыс
|
34140
|
41637
|
48663
|
121,9
|
116,8
|
Қаржылық қызмет
|
55207
|
64532
|
70784
|
116,8
|
109,6
|
Білім беру
|
14406
|
17964
|
23434
|
124,6
|
130,4
|
Жылжымайтын мүліктер жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсету
|
36624
|
40628
|
57580
|
110,9
|
141,7
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер
|
12112
|
15195
|
21204
|
125,4
|
139,5
|
Басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер
|
24175
|
29510
|
48982
|
122,06
|
162,9
|
Мемлекеттік басқару
|
18045
|
26031
|
32323
|
144,2
|
124,1
|
Қонақ үйлер мен мейрамханалар
|
40012
|
44905
|
51770
|
110,2
|
115,2
|
Құрылыс
|
34470
|
38622
|
55342
|
112,0
|
143,2
|
*ҚР-ның статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде
Жоғарыдағы мәліметтерге қарап Қазақстан Республикасында ең төменгі орташа еңбек ақы орман және балық шаруашылығы саласында. Бірақ бұған қарамастан жылдан жылға еңбек ақы көлемі өсіп келе жатыр. Мысалы, 2003 жылы мемлекеттік басқару саласында еңбек ақы 18045 тенге болса, 2005 жылы бұл 32 323 теңгеге жетті. Яғни бұл өте жақсы.
2005 жылы бір жұмысшыға шаққанда орташа айлық еңбек ақы 35 367 тенгеге тең болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,4 %-ға жоғарылады, яғни нақты көріністе – 15,3%-ға жоғарылады. 3 – сурет - Экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа номиналды жалақы
Жалданбалы жұмысшылардың еңбек ақысының жоғарылауы экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша анықталады.Ауыл шаруашылық жұмысшылаындың еңбек ақысы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 47,9 %-ға артты, өнеркәсіп жұмысшылардның-39,8 %-ға, қаржылық қызмет жұмысшыларының – 23,4%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет жұмысшыларының – 39,5%-ға артты [19].
2005 жылы жалақының жоғарғы деңгейі қаржылық ортада жұмыс істейтін жұмыскерлерде – 70784 тенге немесе елдегі орташадан екі есе үлкен, тау-кен өнеркәсібінде 66992 тенге немесе 1,9% есе, көлік және байланыста 48363 тенге.
- кесте - 2003-2005 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша орташа айлық жалақы
(тенге)
Көрсеткіштер
|
2003 ж.
|
2004ж.
|
2005ж.
|
2004ж % 2003 ж-ға
|
2005ж % 2004 ж-ға
|
Қазақстан
|
17303
|
20323
|
23128
|
117,4
|
113,8
|
Ақмола облысы
|
10170
|
12332
|
14954
|
121,2
|
121,2
|
Ақтөбе облысы
|
18125
|
21078
|
23848
|
116,2
|
113,1
|
Алматы аблысы
|
11683
|
14278
|
15933
|
122,2
|
111,5
|
Атырау облысы
|
35484
|
41570
|
48338
|
117,1
|
116,2
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
16832
|
18816
|
20099
|
111,7
|
106,8
|
Жамбыл облысы
|
10750
|
13437
|
19779
|
124,9
|
147,1
|
Батыс Қазақстан облысы
|
20124
|
27122
|
29876
|
134,7
|
110,1
|
Қарағанды облысы
|
16222
|
18032
|
19962
|
111,1
|
110,7
|
Қызыл-Орда облысы
|
12727
|
14176
|
19928
|
111,3
|
140,5
|
Қостанай облысы
|
14160
|
17046
|
16803
|
120,3
|
98,5
|
Маңғыстау облысы
|
36325
|
38847
|
44369
|
106,9
|
114,2
|
Павлодар облысы
|
17631
|
19695
|
21801
|
111,7
|
110,6
|
Солт. қазақстан облысы
|
11823
|
13780
|
15245
|
116,5
|
110,6
|
Оңт. Қазақстан облысы
|
11542
|
13635
|
15309
|
118,1
|
112,2
|
Астана қаласы
|
22717
|
27658
|
33002
|
121,7
|
119,3
|
Алматы қаласы
|
23386
|
28396
|
32622
|
121,4
|
114,8
|
«ҚР-дағы еңбек және халықтың жұмыс бастылығы» ҚР-ның статистикасы жөніндегі Агенттігі
2005 жылдағы еңбек ақының жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалған (44369). Еңбек ақы төлеу бойынша айтарлықтай бөлінетін Атырау облысы (48338 тенге) және Астана, Алматы қалалары (33002 теңге және 32622 теңге). Еңбек ақының төмен деңгейі аймақтарға Ақмола облысы (14954 теңге) және Алматы облысы (15933теңге) жатады. Бұл көрсеткіштерді біз жоғарғы кестеден байқадық.
4 - сурет - 2003-2005 жылдар аралығындағы аймақтар бойынша орташа номиналды жалақы
Меншік формасына қарай жалақы көлемінің айтарлықтай өзгешіліктері Қазақстанда қандай да бір жалақы рыногінің және бірегей еңбекті бағалау жүйесінің жоқтығын дәлелдейді. Осының салдары жұмысшылардың шетелдік компанияларға кетуімен және мемлекеттің халықтық табысына бақылаудың жоқтығымен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |