Дипломдық жұмыс Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану Дайындаған: Жетекшісі



жүктеу 1,07 Mb.
бет2/4
Дата05.02.2018
өлшемі1,07 Mb.
#8802
түріДиплом
1   2   3   4

Материалды емес





Жер

Ғимараттар

Құрылыстар

Таратқыш құрылғылар

Машина және құрал-жабдықтар

Тасымалдау құралдары

Инструмент, инвентарь

Көп жылдық отырғызулар

Балық көбейту және т.б.

Геологиялық барлау жұмыстары, компьютерлі-программалық қамтамасыз ету, көркем шығарма түпнұсқасы (кітаптар, кино, суреттер, музыка және т.б.).

Ғылымға сыйымды технологиялар.


1 сурет- Кәсіпорынның негізгі қорлары


Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

1. Жерсубъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.

2. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.

3. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).

Мүкаммалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.

4. Өткізгіш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).

5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мүкаммалар объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:

- күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).

- күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, эксковаторлар, грейдерлер).

- өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер).

- есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).

- басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).

6. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы). Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.

7. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.

8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмыс столы, шкафтар, және т.б.

9. Шаруашылық инвентарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (үстелдер, шкафтар және клемдер).

10. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі шарбақтар және т.б.).

11. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).

12. Басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және т.б 4.

Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету 6.

Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.

Негізгі қорлардың жағдайы және оларды пайдалану – талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.

Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.

Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға берілгендер болып бөлінеді.

Қозғалыстағы – пайдаланудағы негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар).

Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі қорларды ауыстыруға арналған.

Тоқтатылған негізгі қорлар кәсіпорынның немесе бөлек цехтардың уақытша қолданысынсын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар.

Жеке меншіктегі сол кәсіпорынға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға алынған басқа бір кәсіпорыннан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.

Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.



2 сурет - Негізгі қорлардың әр саладағы үлесі


Негізгі өндірістік қорлардың түрлі құрылымы әр саладағы өнеркәсіп кәсіпорындарында бірдей емес. Мысалға, ғимараттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар – жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар – электроэнергетикада (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарында (45%) 6.

Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.



1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі
Қазіргі нарық жағдайында ұдайы өндіріс тұсында жүріп жатқан саясат аса маңызды мәнге ие, өйткені негізгі құралдардың сапалық және сандық жағдайына жауап береді.

Бұл саясат тек макро деңгейде ғана емес, сонымен қатар микро деңгейде де қолданылу керек. Ұдайы өндіріс саясатының негізгі мақсаты – макро деңгейде шаруашылық субьектілерге ұдайы өндіріс, жаңа техникамен мүліктену, реконструкциялар, өндірісті техникалық қайтақаруландыру, ұдайы өндірістің жай және кеңейтілген түрлеріне қолайлы жағдай жасау. Бұл міндеттердің барлығы да амортизациялық, салықтық, инвестициялық саясаттармен жүзеге асырылады.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – жаңа құралдарды мүліктену, реконструкциялар, техникалық қайтақаруландыру, модернизация және капиталды жөндеулер жолымен оларды үздіксіз жаңарту үрдісі.

Ұдайы өндірістің екі нысаны бар:

- жай ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары амортизацияның есебімен сәйкестенгенеді;

- кеңетілген ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары амортизация есебінің сомасынан жоғары болған кезде.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің басты мақсаты – кәсіпорында негізгі қорларды сапалық және сандық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі үрдісінде келесі міндеттер шешіледі:

- әр түрлі жағдайларға байланысты істеп шыққан негізгі қорларды қалпына келтіру;

- өндірістің көлемін ұлғайту мақсатында негізгі қорларды көбейту;

- негізгі қорлардың түрлі технологиялық, жастық құрылымдарын жетілдіру немесе өндірістің техникалық жағдайын көтеру.

Негізгі қорлардың ұдайы өндіріс үрдісі түрлі көздер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың өндірісі үшін негізгі құралдар келесі арналар бойынша келуі мүмкін:


  • кәсіпорынның жарғылық капиталы ретінде;

  • капиталды салымдар нәтижесінде;

  • міндетсіз беру нәтижесінде;

  • аренда ретінде.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі сандық жағынан жыл бойы негізгі қорлардың балансында толық бастпқы құны бойынша мына формуламен көрінеді:

Фк = Фн + Фв – Фл (1)

Мұндағы, Фк - негізгі құралдардың жыл соңындағы құны;

Фн - негізгі құралдардың жыл басындағы құны;

Фв - негізгі құралдардың жыл бойына қозғалстағы негізгі құралдардың құны;

Фл - негізгі құралдардың жыл бойына жою құны 3.

Модернизация (жаңғырту) – бұл жаңа құрал-жабдықтардың қатарына дейін негізгі құралдардың ТЭК-ін жақсарту және моральды тозуды азайту мақсатында техникалық жетілдіру болып табылады. Жаңарту дәрежесіне байланысты модернизация бөлікті және кешенді (түбірлі қайтажасау) деп екіге бөледі. Әдісі мен шартына байланысты модернизацияны типтік және мақсаттық деп бөледі.

Типтік модернизация – бұл сериялық құрылыста топтық біртипті өзгерістер;

Мақсаттық модернизация – нақты өндірістің қажеттілігіне байланысты жетілдіру.

Модернизацияның шарты үнемдеу немесе қосымша түсімдердің өткізілуі мына формуламен анықтауға болады:

С = П = (C1 – C2) V2 , (2)

мұндағы, С - өнімнің өзіндік құнын азайту;

П – қосымша түсім;

С12-өткізілген модернизациядан кейінгі және алдыңғы өнімнің 1 данасына кеткен өзіндік құны;

V2 - модернизациядан кейінгі өнімнің шығару көлемі.

СМ СССР-ң 22 қазан 1990 ж. № 1072 қаулысымен «СССР-ң халық шаруашылығының негізгі құралдарын толық қалпына келтіретін амортизациялық төлемдердің бірдей нормаларын еңгізді. Олар 1 қаңтардың 1991 ж барлық кәсіпорындар басқару және иелік нысандарына қарамай өнімнің өзіндік құнына негізгі құрал жөндеу шығындарын өтеуге міндетті болды.

Әрбір кәсіпорын жөндеуге кеткен шығындарының бірқалыптылығын сақтау үшін жөндеу қорын (резервтік) құруға құқылы.

Өндірістік емес негізгі қорлар жөндеу және қалпында ұстау шығындары кәсіпорынның таза түсімінен, яғни салықтан кейінгі түсім арқылы жүзеге асырылады 6.

Негізгі өндірістік қорларға кеткен жөндеу шығындары оның табиғи тозу дәрежесіне, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу деңгейіне, машиналар мен құрал-жабдықтармен қызмет ететін персоналдардың біліктілігіне айтарлықтай байланысты болады. Сондытан да әрбір кәсіпорындарда құрал-жабдықтардың шамадан тыс табиғи және моральдық тозулар болдырмауға тырысу керек. Егер кәсіпорында негізгі құралдардың активті бөлігінде тозу біршама болған жағдайларда (40 %-тен жоғары), мұнда құрал-жабдықтарды жұмысқа қабілетті жағдай ұстау үшін қуатты жөндеу бөлімшелерін жасау қажет. Бұл жағдайда жөндеушілер саны бүкіл жұмысшылар санының 60 пайызын құрауы мүмкін. Бұл әсіресе тау-кен кәсіпорындарға мінездес келеді. Көптеген жағдайларда бұл кәсіпорындарда жөндеу шығындары айтарлықтай көп және олар шығындарды азайту жолдары көп, олардың негізгілерін қарастырайық.

Біріншіден, кәсіпорында жоспарлы көрсетуші жөндеулер (ЖКЖ) уақытылы және сапалы өтуі керек, яғни бұл аварияларды кемітіп, жабдықтардың тоқтауларын, капиталды және орта жөндеулерді азайтуға көмектеседі.

Екіншіден, капиталды жөндеуге кіріспес бұрын экономикалық жоспарда мұқият талдау жасап, капиталды жөндеу жасау немесе жаңа техника сатып алу тиімділігін анықтау керек.

Негізінен 2-шісі күрделі жөндеулерді жүргізу экономикалық жағынан тиімді.

Көп жағдайда күрделі жөндеу моральді тозуды жоймайды, сондықтан да күрделі жөндеумен бірге модернизацияны бірге өткізу экономикалық мақсатта дұрыс саналады. Дегенмен, мұнда да санау жүргізіп, күрделі жөндеу модернизациямен бірге немесе жаңа техникамен мүліктену тиімділігін алдымен тапқан жөн.

Үшінші жағдайда кәсіпорынға тікелей қатысты бөлшектерді, әсіресе өткір дефицит кезінде қалпына келтіру.

Тозған бөлшектерді қалпына келтіру мүмкіндік береді:

- уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу және кейбір запас бөліктердің дифицитін жою;

- жөндеу шығындарын азайту, өйткені бөлшектерді қалпына келтіру, ережеге сәйкес жаңа техниканы мүліктену немесе қайта жасалған бөліктерден әлдеқайда тиімді;

- кәсіпорынға жеткізілетін запас бөлшектердің тасымалдау шығындарын азайту.

Тозған бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық көзқарас жақтан пайдалы, егер:

жаңа бөлшектер салыстырымында

в + Ен Кв) Y =< ( Ц + Зтр) (3)

Жаңа бөлшектерді өзіңнің қаражатымен жасаған салыстырымында

в + Ен Кв) Y =< ( Cизг + Eн Kизг) (4)

Мұндағы,


Св – бөлшектерді қалпына келтіру өзіндік құны;

Ен – күрделі салымдардың тиімді мөлшерлік коэффициенті;

Кв–тозған бөлшекті қалпына келтіру үшін арнайы құралдармен мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.

Ү – жаңа бөлшекпен қалпына келтірілген бөлшектердің арасындағы қызмет ету мерзімін есептейтін коэффициенті;

Зтр – бөлшектерді жасап шығарушыдан кәсіпорынға жеткізу тасымалдау шығындары;

Сизг - өзіндік күштермен жаңа бөлшектерді жасап шығаруға кеткен өзіндік құн;

Кизг – тозған бөлшектерді қалпына келтіру үшін қажетті құралдармен мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.

Тәжірибе көрсеткендей орта және әсіресе ірі кәсіпорындарда тозған бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық тиімді болып саналады. Жөндеу шығындарын азайтудың басқа да жолдары көп. Бірақ, минималды шығындар өз қорларының активті активін уақытылы жаңартып отыратын, моральді және табиғи тозудың шамадан тыс болдырмай, амортизацияның жедел түрін пайдаланатын, кәсіпорындар жөндеу шығындарын көп есе азайта алады 19.



жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау