ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, кәсіпорынның қызметін айқындайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өнімнің өзіндік құны белгілі бір өнім өлшемін өндірудің және сатудың кәсіпорынға қаншаға түсетінін көрсетеді. Ол ақшалай және натуралды-заттай есептеледі. Өнімнің өзіндік құнына өндіріс үрдісінде жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары, жұмыс күшінің құндары және қосымша қосылатын шығындар кіреді. Капиталистік елдерде өзіндік құн деген категория жоқ, оның орнына экономикалық шығын деген категорияны қолданады. Экономикалық шығынға өнімнің өзіндік құны, сонымен бірге несиеге пайыз төлемі, арендалық төлем және минималды кәсіпкерлік пайда қосылады. Бұл зиянсыз жұмыс істеуге кепіл болады, сондықтан өзіндік құнды есептеудің орнына экономикалық шығынды есептеген жөн болады.
Өндірілген өнімді сатудан түскен қаржының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады, ал қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады. Өндіріс тәсілінің негізгі экономикалық санатының бірі бола отырып, өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтайтын неғұрлым толық көрсеткіш болып саналады. [7]
Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты цехтық (бригадалық), фабрика-зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді. Өзіндік құн жасақталуына қарай жоспарлы, болжамды және нақтылы болып бөлінеді.
Сонымен қатар, өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың соммасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы. Шығындарды өнім бірлігіне жатқызуына қарай тікелей және жанама шығындар деп бөледі, ал экономикалық мазмұнына қарай калькуляциялық статьялары негізгі шығындар және қосымша шығындар деп бөлінеді. Өнім көлемінің өсуіне байланысты өндірістік шығындар пропорционалды, яғни шартты-ауыспалы және пропорционалды емес, яғни шартты-тұрақты болып бөлінеді.
Ағымдағы шығындарға нормативті және сметалық калькуляция жасалады, біріншісі нормалық шығындар негізінде, ал екіншісі жаңадан игерілетін өнімге қолданылады. Сонымен қатар, жоспарлы калькуляция - нормалы шығындардың қосындысы, ол жоспарлы шығындар мен жоспарлы пайданы байланыстырады.
Өнімнің өзіндік құнының экономикада маңызы зор, ол баға жасақтаудың базасы. Өзіндік құн неғұрлым төмен болса, пайда деңгейі соғұрлым жоғары болады. [19]
Өзіндік құнға жолдама жасағанда, оған кеткен шығындарға мұқият талдау жасау, өндірісті дәл ұйымдастыру, техниканы және технологияны, материалдар мен шикізаттарды және тағы басқа материалдық ресурстардың барлық резервтерін табу, сөйтіп өнімсіз еңбек шығындарын анықтау және алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың өзіндік құнды азайту жөніндегі тәжірибелерін үйрену қажет.
Қорытындылап айтатын болсақ, өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес, өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Егер материалдық ресурстардың бағасына, еңбек ресурсына шығындар өзгермейтін болса, ол уақытта өнімді көбейту тек қана өнімнің өзіндік құнын азайту арқылы іске асады. Ал техникалық ұйымдастыру шараларын іске асыру жоспарын жасақтау, ішкі өндірістік резервтерді пайдалану мүмкіндіктерін талдау қорытындысына сүйеніп жасауды талап етеді.
Өзіндік құнды кемітудің ең басты көздері – еңбек ресурстары мен материалдық ресурстарды тиімді пайдалану. Ол еңбек өнімділігін арттырады немесе бір уақыт бірлігіне өнім шығару артады, ал екінші қайнар көзі – материалдық шығындарды азайту. Сонымен қатар, өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
Өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
Өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
Басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
Технологиялық үрдістерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, тағы басқа.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірісінің тиімділігін арттыру материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты.
Өнімнің қор сиымдылығы мен материал сиымдылығы басты экономикалық категорияларға жатады. Өнімнің материал сиымдылығы өндіріс үрдісінде материалдық шығындарды тиімді пайдалану деңгейін көрсетеді. Неғұрлым жаңа техника мен технология пайдаланылса, оны қолданатын жұмысшылар жоғары дәрежелі маман болса, соғұрлым тауардың материал сиымдылығы кемиді, ол кеміген сайын оның өзіндік құны да кемиді. Өнімнің материал сиымдылығы өндірістік қорға ықпалын тигізеді. Неғұрлым материал сиымдылығы аз болса, соғұрлым материалдық қорға шығын аз керек болады.
Материалдық ресурстарды үнемдеуде материалдық шығынды нормалау үлкен рөл атқарады. Барлық экономикалық болжам-есептер нормативті көрсеткіштерге байланысты болады. Егер материалдық шығындар нормативі технико-экономикалық жан-жақты негізделген болса, онда материалдық шығын азаяды, ал пайдалану тиімділігі артады. Материалдық ресурстарды үнемдеу жолдары әрбір фактор бойынша бөлек есептеліп, қорытынды жасауды талап етеді.
Резервтерді анықтау үшін нақтылы көрсеткіштерді нормативті (жоспарлы) көрсеткіштермен салыстыру қажет. Ол үшін калькуляциялық статьялардың жоспарлы, нақтылы көрсеткіштерін салыстырып, қорытындыларын жеке-жеке талдап, материалдық шығындарды азайту көздерін, нақтылы шараларды белгілеу керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. – Алматы: Жеті жарғы, 2005.
Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2006 жылғы 1 наурыз. – Егемен Қазақстан, 2 наурыз 2006.
Қазақстанның бәсеке қабілеттілігі, экономиканың бәсеке қабілеттілігі, ұлттың бәсеке қабілеттілігі: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2004.
Назарбаев Н. Ә. Жаңа заман – жаңа экономика. – Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан, 2004.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары: ҚР Президентінің бұйрығымен бекітілген, 2001 жылғы 4 желтоқсан, № 735. - Астана, 2001.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды - инновациялық даму стратегиясы. – ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы, № 30, 2002.
Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: Экономика, 2003.
Волков О. И. редак. Экономика предприятия. – Москва: Инфра-М, 1998.
Палий В.Ф. Основы калькулирования. - М.: Финансы и статистика, 2004.
Горфинкель В. Я., Швандар В. А. редак. Экономика предприятия. – Москва: Юнити, 2001.
Сергеев И. В. Экономика предприятия. – Москва: Финансы и статистика, 1997.
Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001.
Шим Джей, Сигел Джоэл. Методы управления стоимостью и анализ затрат. Пер. с англ. М.: Филин, 2002.
Балашов В. Можно ли управлять себестоимостью? // Азия: экономика и жизнь.-2000, №45.
Брызгалин А.В., Берник В.Р. Себестоимость и проценты за пользование кредитом. // Бухгалтерский учет.-2003, №6, с.31-34.
Насырова М. Р., Токсанбай С. Р., Кулпыбаев С. К., Гуляева С. П. Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық. – Алматы: 2003.
Сергеева О.А. Учет затрат на производство и калькулирование продукции себестоимости продукции, работ и услуг.//Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №4, апрель, 2003 г.
Джумагазина А.К. Учет и аудит затрат и калькулирование себестоимости молочной продукции. Автореферат дис. К.э.н. 08.00.12., Алматы, 2000.
Бисенғазиев М. Б., Хамитов А. Ш. Кәсіпкерлік негіздері. – Орал, 2001.
Горбашко Е.А. Конкурентоспособность промышленной продукции: Учебное пособие /Миннауки, высш. Школа техн. политики РФ. С.-Пб. Ун-т экономики и финансов, - Санкт-Петербург. – 1998.
Методические рекомендации к стандарту бухгалтерского учета 7 «Учет товарно-материальных запасов» в части формирования состава и классификации затрат, включаемых в себестоимость продукции (работ, услуг). - Бюллетень бухгалтера, 2003, № 30, с.2.
Бланк И.А. Управление прибылью. Киев, «Ника-Центр», 1998.
Брызгалин А.В., Берник В.Р., Головкин А.Н. Профессиональный комментарий к Положению о составе затрат по производству и реализации продукции (работ, услуг), включаемых в себестоимость продукции (работ, услуг) и о порядке формирования финансовых результатов, учитываемых при налогообложении прибыли. - Екатеринбург, 2001.
Ворст, Ревентлоу. Экономика фирмы.- М: Высшая школа, 2003.
Герике Р. Контроллинг на предприятии. Берлин: АБУ-консальт ГмбХ, 1998.
Давид Миддлтон. Бухгалтерский учет и принятие финансовых решений. – М: ЮНИТИ, 2003.
Денисова И.П. Управление издержками и ценообразование. Учебное пособие. - М., 2002.
Друри К. Введение в управленческий учет. - М., 2001.
Друри К. Учет затрат методом стандарт-костс. Пер. с англ.- М: «Аудит», 1998.
Пунин Е.И. Альтернатива затратному синдрому: промышленность, цены, внешнеэкономические отношения. (Вопросы теории и практики). - М.: Издательство АО «Консалтбанкир», 2002.
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. - Алматы, 1998.
Справочник директора предприятия. Под ред. Лапусты М.Г. - М.: Инфра-М, 1999.
Стоун Д., Хитчинг К. Бухгалтерский учет и финансовый анализ. - М.: Бизнес, 2003.
Шмален. Основы и проблемы экономики предприятия. М., 2001.
Васин Ф.П. К вопросу о классификации затрат на производство // Бухгалтерский учет.-2002, №4, с.52-53.
Кеулимжаев К.К., Сулеева С.Е. Учет и распределение накладных расходов в промышленности. // Бюллетень бухгалтера, 2003, № 21, с.7.
Макарьева В.И. О составе затрат.// Налоговый вестник. - М., 2004, №4.
Николаева С.А. Формирование себестоимости в современных условиях. // Бухгалтерский учет.-2004, №11.
Радостовец В.К. Учет затрат на производство продукции, работ и услуг по генеральному плану счетов бухгалтерского учета. // Бюллетень бухгалтера, 1997, № 33, с.8.
Мацкевичюс И.С. Организация бухгалтерского учета в странах-членах СЭВ - М.: - Финансы и статистика, 2003.
Окрепилов М., Ежкин Л. Реструктуризация – путь повышения конкурентоспособности производства // Экономист - 2002, №10.
Ряполов А.Ф. Инновационная стратегия предприятия. Методология и практика.- М.: Изд-во стандартов, 2003.
Стуков С.А. Учет и контроль себестоимости промышленной продукции в европейских странах- членах СЭФ - Калинин: - КГУ, 2003.
Герчикова И.Н. Маркетинг и международное коммерческое дело. М: Внешторгиздат, 2000.
«Адал» АҚ кәсіпорнының 2004-2005 жылдарға арналған есептік көрсеткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: |