23
Айқастырылған қосылыстарда созатын немесе сығатын күштердің
центрден тыс әсерінен 𝑀 = 𝐹𝜎 июші момент пайда болады (5 Сурет, а), бұл
осы қосылыстардың айтарлықтай кемшілігі болып табылады.
Таврлық қосылыстар. Пісірілетін элементтер өзара перпендикуляр
жазықтықтарда орналасады. Қосылыс түйістіру немесе бұрыштық шовтар
арқылы орындалады. Пісіру қосылыстарының жұмысқа қабілеттілігінің
негізгі критериі беріктік болып табылады. Беріктікке есептеу кернеу,
пісірілген қосылыстың ұзындығы және қимасы бойынша бірқалыпты
Түйістіріп қосу. Шовтарды есептеу (2 Сурет) шовтың қалыңдалуын
ескермеген жағдайда, қосылатын бөлшектердің қимасында созылуға немесе
сығылуға жүргізіледі.
Созылу кезіндегі шовтың беріктік шарты:
,
𝜎
.
Мұндағы:
созатын күш;
шовтың
қалыңдығы
(бөлшектің
қалыңдығы
қабылданады);
шовтың ұзындығы;
және
шовтың есептелетін және мүмкін болатын
керенулері (кесте27.1).
24
3 Әдістемелік бөлім
3.1 Колледжде диалогтық оқыту арқылы электр пісірушілерді
дайындаудың ерекшелігі
Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қос
бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттелуде.
Шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім берудің жаңа мемлекеттік
стандарттарын жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуалдық жүйені
кәсіптік білім беру үдерісіне енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары
қарастырылуда.
Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік қарым-
қатынасқа қатысушылар мемлекет, өндіріс, техникалық және кәсіптік оқу
орны болып табылады. Техникалық және кәсіптік білім берудің әлемдік
тәжірибесінде әлеуметтік серіктестікті жүзеге асырудың тиімді жолы
ретінде Германияның қос бағытты білім беру – дуалдық жүйесі кеңінен
қанат жаюда.
Дуалды оқыту жүйесі оқытудың барлық кезеңінде кәсіпорында
өндірістік оқыту мен оқу орнында теориялық оқытуды біріктіреді. Бәсекеге
қабілетті мамандар даярлау білім мен ғылымның және өндірістің тығыз
байланысымен негізделеді. Осы үштік одақтың бірлігі ғана нарық талабына
жауап беретін маман дайындау механизмдерін жүзеге асыра алады.
Ендігі кезекте, дуалды оқыту тікелей қатысым әрекетімен жүзеге
асатынын ескерсек, колледж студенттері бұл оқу үдерісінің ерекшелігіне
үйренбегенін еске сала кеткен жөн. Себебі, тек тапсырма алып үйреніп
қалған студенттер әңгімелесе отырып үйрену және қажетті білім дағдыларын
игеру жүйесін жатсынып, қабылдай алмай жатады. Бұл ретте, дәстүрлі
жүйемен оқыту кезінде диалог әдісін қолданудың маңызы зор. Себебі қарым-
қатынас (диалог) арқылы жүргізілген оқытудың түрі кәсіптік білім беру
барысында студентті жаңа деңгейге жеткізетін құрал болып табылады.
Мысалы, электр пісіруші мамандығында білім алып жатқан студентті диалог
арқылы оқытуда төмендегі сабақ жоспарын қолдануға болады:
3.2 Қаптамалы металды электродтармен қолмен доғалы пісіру
тақырыбындағы сабақ жоспары
Пәні: Пісіру ісі
Сабақ тақырыбы: Қаптамалы металды электродтармен қолмен доғалы
пісіру
Сабақтың типі: аралас сабақ
Оқыту технологиясы: диалог арқылы оқыту
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға қаптамалы металды
электродтармен қолмен доғалы пісіру жайлы білімдерін қалыптастыру.
25
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Пәнге қызығушылықты арттыру,
сөйлеу тілдерін дамыту.
Сабақтың ұзақтығы: 2 сағат (90 мин)
Пән аралық байланыс: Материалтану, еңбек қорғау
Сабактың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатысын,
дайындығын тексеру (2 мин);
Өткен тақырыпты қайталау: Балқытып пісіруге арналған нәрлендіру
көздеріне қойылатын технологиялық талаптар (15-20 мин)
Тапсырма 1. Тақырып аясындағы технологиялық талаптарды сұрау.
Тапсырма 2. Металдардағы тотығу процессін түсіндіріңіз. «Металл
және химиялық реакция» тақырыбында кестеге сәйкес диалог құрыңыз:
ДИАЛОГ
Металл:
деді.
Химиялық реакция:
деді.
Металл:
деді.
Химиялық реакция:
деді.
Металл:
деді.
Химиялық реакция:
деді.
ІІ. Жаңа материалды меңгеру (30-35 мин)
1. Тірек конспектісін слайд арқылы жазу
Слайд материалдары:
Пісіру доғасының пайда болуы және оны ұстау үшін, электрод пен
пісіру бұйымына пісіру тоғы қорек көздерінен тұрақты немесе айнымалы тоқ
беріледі. Доға электродтың металды өзегін, оның қаптамасын және негізгі
металды балқытады. Балқыған электродтың металды өзегі қожбен қорғалған
жеке тамшылар түрінде пісіру ваннасына өтеді. Пісіру ваннасында электрод
металы бұйымның балқыған металымен (негізгі металмен) араласады, ал
балқыған қож оның бетіне қалқып шығады. Негізгі металдың балқыған
тереңдігі балқу тереңдігі деп аталады. Ол пісіру ережесіне (пісіру тоғының
күші мен электрод диаметріне), пісірудің кеңістіктегі қалпына,бұйымның
бетімен доғаны жылжыту жылдамдығына, пісіру жалғасының құрылымына,
пісіру жиектерін ӛңдеудің мөлшері мен түріне т.с.с. байланысты.
Доғаны жағудың алдында электрод маркасына, пісірудің кеңістік
қалпына және пісіру жалғастарың түріне байланысты пісіру тоғының күшін
т. б. қою керек. Доғаны екі әдіспен жағуға болады. Бірінші әдісте электродты
бұйымның бетіне тигенше тігінен жақындатады және тез жоғары доғаның
қажетті ұзындығына дейін тартады. Екіншісінде – электродты металл бетіне