Дипломдық жұмыс кәсіби-техникалық коллеждер мен лицейлерде



жүктеу 2,24 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата27.12.2019
өлшемі2,24 Mb.
#25084
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

13 

 

сөзден,  кітaптaн,  көрнекіліктен,  тәжірибелік  жұмыстaрдaн  білім  aлaды. 



Осыны  ескеріп  20-30  жылдaрдa  Н.М.Верзилин,  Е.Я.  Голaнт  сөздік, 

тәжірибелік,  көрнекілік  әдістерін  ұсынaды.  Қaзір  компьютерлік  жүйелер 

aрқылы білім aлу мүмкіндігі бaр. 

М.A.Дaнилов  (1899-1973),  Б.П.Есипов  (1899-1967)  дидaктикaлық 

мaқсaтқa  жету  үшін  қолдaнылaтын  әдістерді  топтaстырды.  Олaр:  білім  aлу, 

іскерлік  және  дaғдылaрды  қaлыптaстыру,  білімді  қолдaну,  шығaрмaшылық 

іс-әрекет,  бекіту,  білім,  іскерлік,  дaғдылaрды  тексеру.  Aтaлғaн  aвторлaрдың 

пікірлері  бойыншa  оқыту  әдісі  –  дидaктикaлық  мaқсaтқa  жету  үшін 

оқушылaрдың  іс-әрекетін  реттеп,  ұйымдaстыру  тәсілдері.  Бұл  сaрaлaудa 

әдістер оқытудың aлдындa тұрғaн міндеттермен сәйкестендірілген. 

И.Я.Лернер,  М.Н.Скaткин  оқыту  әдістерін  оқушылaрдың  тaнымдық 

жұмыстaрының  түріне  қaрaй  топтaстырғaн.  Aвторлaр  бaлaлaрғa  aқыл-ой 

жұмысының, өз бетімен білім aлудың жолдaрын көрсетеді.  

Бейнелі  сурет  әдісі  оқылып  жатқан  объектінің  қабылдау  және  түсіну 

студенттің сол объекті қабысып біріккендей, біртұтас бөлінбегендей әсер күй 

туғызады.  Нәтижесінде  студентте  гүлдің,  ағаштың,  бұлттың,  жердің  немесе 

бүкіл ғарыштық бейнелі суреті пайда болады. Адамға танылатын объектінің 

тұтас  бейнесін  бере  және  құра  білу  өте  маңызды  болғандықтан,  студент  

табиғаттың  немесе  бүкіл  негізгі  терминдердің  көмегімен  табиғаттың  іргелі 

негіздерін,  олардың  арасындағы  байланыстарды  көрсету  ұсынылады. 

Осындай  жұмыс  кезінде  әр  студент  әр  түрлі  ауқымды  ойлап,  ғылымның  әр 

саласына  өз  білімдерін  қатыстырып  қана  қоймайды,  бейнеленетін 

шындықтың мәнісін біледі және сезінеді де. Мұндай тапсырманы жылына 2-

3  рет  ұсына  отырып,  студент  әлеміндегі  өзгерістерді  бағалауға,  оқыту 

процесінде қажетті түзетулерді енгізуге болады.  



 Агглютинация әдісі. Студенттерге шындыққа жанаспайтын сапаларды, 

қасиеттерді жалғастыру, мысалы, ыстық қарда, күз шыңын, жоқтың көлемін, 

тәтті  тұзды,  қара  түсті,  әлсіздіктің  күшін,  жүгіріп  жүрген  ағашты,  ұшып 

жүрген  аюды,  мияулап  жүрген  итті  бейнелеу  ұсынылады.  «Мимен 

шабуылдау»  (С.А.Осборн).  Әдістің  басты  мақсаты  –  ойлау  инерциясынан 

және  стереотиптердің  талқылауынан  қатысушыларды  босату  нәтижесіндегі 

идеялардың  мүмкіндігінше  көпшілігін  жинау.  «Шабуыл»  дайындықтан 

басталады – дайындау жөніндегі сұрақтарға тез жауап табу. Содан кейін тағы 

да қойылған мақсат нақтыланады, қарастыру барысы ескеріледі, сонан соң  – 

старт.  


Әркім  өз  идеясын  айтып,  толықтырып,  нақтыландыруына  болады. 

Топтарға  айтылып  жатқан  идеяларды  қағазға  түсіріп  отыру  мақсатымен, 

эксперт  қойылады.  «Шабуыл»  10-15  минутқа  созылады.  «Шабуыл»  үшін 

дәстүрлі  емес  шешімдер  талап  ететін  сұрақтар  ұсынылады.  Мысалы, 

катушкаға  оратылған  мыс  сымның  ұзындығын,  оны  шешпей  қалай  анықтау 

керек?  Компассыз,  танымайтын  планетада  магниттік  өріс  бар  ма,  жоқ  па, 

мұны  қалай  анықтауға  болады?  Қосымша  жарық  түсірмей,  су  астындағы 

заттарды көру тәсілі ұсыныңдар. 




14 

 

Жұмыс  келесі  топтарда  өткізіледі:  идеяның  генерациясы,  идея 



бағасының  және  проблемалық  жағдайдың  талдауы,  қарама-қарсылық 

идеясының генерациясы. Идея генерациясының кезеңінде сынның қандайына 

болса  да  тыйым  салынады.  Репликалар,  әзілдер,  еркін  түрдегі  жағдай  қалай 

болса  да  мадақталады.  Содан  топтағы  алынған  идеялар  жүйеленеді,  жалпы 

принциптері  мен  ықпалдары  бойынша  біріктіріледі.  Әрі  қарай  таңдап 

алынған  идеяларды  жүзеге  асыруға  барлық  мүмкін  болатын  кедергілер 

қарастырылады.  Жасалған  сыни  ескертулер  бағаланады.  Аяғында  сыни 

ескертулерге және қарама-қарсы идеяларға түспеген идеялар алынады.  



Морфологиялық  жәшік  әдісі  немесе  көп  өлшемдік  матрица  әдісі 

(Ф.Цвики).  Жаңа,  кездейсоқ  және  ерекше  идеяларды  белгілі  және  белгісіз 

элементтердің  әр түрлі комбинацияларын құру арқылы табу. Элементтердің 

әр  түрлі  комбинацияларынан  алынатын  белгілер  мен  байланыстардың 

талдауы  проблемаларды  анықтаумен  қатар  жаңа  идеяларды  іздестіруде  де 

қолданылады. 



Инверсия  әдісі  немесе  үндеу  әдісі.  Стереотипті  тәсілдер  нәтижесіз 

болған жағдайда шешімнің принципті қарама-қарсы баламасы қолданылады. 

Мысалы,  бұйымның  беріктігіне  оның  салмағын  ұлғайту  арқылы  қол 

жеткізуге  тырысады,  ал  тиімдісі  –  жазық  бұйым  дайындау,  яғни  қарама-

қарсы  шешім  болып  табылады.  Немесе  объекті  сырттай  зерттеледі,  ал 

проблеманы шешу оны іштей қарастыру арқылы жүргізіледі. 



Қызметті  ұйымдастыру  түріндегі  әдістер  топтарға  біріктірілген 

жекелеген әдістердің жеткілікті саны түрінде беріледі. 



Студенттің  мақсаттану  әдістері:  оқытушының  ұсынғандарынан 

студент  мақсат  таңдауы;  балалар  құрған  мақсаттарды  классификациялау 

және  одан  әрі  жіктеу;  студент  мақсаттарын  шынайылық,  жемістілік 

тұрғысынан талқылау; студент берілген алгоритмдердің көмегімен мақсаттар 

құруы;  студент    білім  беру  мақсаттары  мен  міндеттерінің  жеке 

таксономияларын  құру;  рефлексияның  нәтижелері  негізінде  мақсаттарды 

қалыптастыру. 

Студенттің  жоспарлау  әдістері.  Студент  өздерінің  білім  алу 

қызметінің  белгілі  бір  уақытта  аралығына  –  сабақ,  күн,  апта  немесе 

тақырыпқа,  бөлімге,  шығармашылық  жұмысқа  –  жоспарлау  ұсынылады. 

Жоспар  ауызша  немесе  жазбаша,  қарапайым  немесе  күрделі  болуы  мүмкін, 

ең бастысы ол оқушының өз мақсаттарын жүзеге асырудағы негізгі кезеңдері 

мен  қызмет  түрлерін  белгілеу  керек.  Жұмыс  барысында  жоспар  өзгеруі 

мүмкін,  толықтырылады  немесе  алмастырылады;  оқушы  өзгерістерді 

тіркейді,  олардың  себептерін  ашады,  ал  жұмыстың  соңында  жоспарлаудың 

рефлексиясын жүзеге асырады. 

Студенттің  білім алу бағдарламасын  жасау әдістері. Жекелей білім 

беру бағдарламасын жасау студенттерден әдістер кешенін  – өз оқу пәндерін  

ойша елестетуді; қызметті басты мақсаттары мен бағыттарын ұстануды; олар 

әр  алуан  болған  жағдайда  өз  бетінше  анықтау  әдісі  арқылы  оқылатын 

сұрақтар  мен  тақырыптарды  таңдауды;  жоспарлау  әдісін;  өз  мақсаттарына 



жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау