Дипломдық жұмыс жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қолданыла отырып орындалған


Азаматтардың меншік құқығының субъектілері



жүктеу 0,84 Mb.
бет3/3
Дата25.11.2017
өлшемі0,84 Mb.
#1300
түріДиплом
1   2   3

2.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері

Ортақ меншік құқығы. Мүлік тек бір ғана адамға ғана емес, екі немесе одан да көп адамдарға тиесілі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бір материалдық объектіге қатысты бірнеше субъектінің ортақ меншік құқығы пайда болуы мүмкін. Азаматтық Кодекстің 290-бабының мазмұнынан көрініп тұрғандай, ортақ меншік құқығындағы мүлік немесе бірнеше кооператавтік және қоғамдық ұйымдарға тиесілі болады. Мысалы: бірігіп салынған аурухана; мемлекетке және бір не бірнеше өндірістік кооперативтер мен қоғамдық ұйымдарға тиесілі объект; балық консервілеу зауыты; екі немеме одан да көп азаматтардың ортақ меншігі болып табылатын тұрғын үй.

Заңда азаматтар мен ұйымдардың ортақ меншігі көзделген. Мұндай меншіктін пайда болуының жекелеген түрлері де кездеседі. Мысалы, сыйлағанда, заң бойынша мүрагерлікке қалдырғанда, мемлекетке мүлікті өсиетпен қалдырғанда, АК-тің 209-баптың талаптарынан көрініп тұрғандай, ортақ меншік екі немесе көп адамның меншігіне бөлуге болмайтын мүліктер түскенде туындайды.

Ортақ меншіктің екі түрі бар: үлестік және бірлескен. Ортақ үлестік меншік меншік иесінің әрқайсысының үлесін анықтаумен сипатталады. Мысалы, ортақ үйдің нақты бөлігі немесе мұра және т.б. Ортақ үлестік меншіктің қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің, меншікті бөлудің, жеке шығарып берудің тәртібі және т.б. осы интитутқа қатысты т.б. мәселелер АК-тің 210-218-баптарында мазмұндалған. Ортақ біріккен меншікте үлесте анықталмайды да, бөлектенбейді. Барлық қатысушылар біртұтас мүлікті пайдаланып, оған өкімдерін жүргізеді (мысалы, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі).

Ортақ меншік мұралаудың немесе белгілі бір ортақ еңбекті сіңірудің және зат құрауға ортақ жабыдқтар жұмсаудың, күш біріктірген жұмыстын нәтижесіндегі мектептердің, ауруханаладың құрылыстары және т.б. нәтижесінде туындауы мүмкін. Заң бойынша азаматтар өздерінің жеке тұрмыстық мұқтаждықтарын өтеу үшін өзара шарт жасасуы (мысалы, тұрғын үйдің құрылысын бірлесіп салу) мүмкін. Өзінің біріккен іс-әрекетімен ұйымдар ортақ шаруашылық мақсатына жету үшін ортақ меншік құрайды: бірлесіп құрылыс салып, пайдалану немесе мемлекеттік кооперативтік мекемені, иә болмаса, кәсіпорындарды салып, пайдалану, әр түрлі құрылыстарды, жолдарды және т.б. тұрғызып жасау.

2.3 Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері
Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері деп виндикациялық және негаторлық талаптардан тұратын заттық-құқықтық тәсіл мойындалады.

Виндикациялық тәсіл дегеніміз - бөтен заңсыз иеліктегі мүлікті меншік иесінің талап етуі туралы арызы. Бұл арыз меншік иесінің иелену құқығы жоғалған жағдайда қайта қалпына келтіруге бағытталады. Виндикациялық талап меншік иесі иелену құқығын өз затына, шыныда да жоғалтқан жағдайда, егер де ол зат бөтен адамның иелігінде заңсыз тұрса, тектес заттардың жалпы бөлігінен жекелеген белгілері бойынша ажыратуға болатын болса талап етілуі мүмкін.

Виндикациялық талап заңсыз иеге, мысалы, оны ұрлап алу жолымен жасаған адамға қойылады. Бұл жағдайда затты тартып алып меншік иесі бөтен адамның иелігінен өз затын талап етуге құқылы болғандықтан, оған қайтарып беру керек.

Шексіз виндикация құқығы барлық заттарға, құнды заттарға байланысты жүре береді.

Мемлекеттік мүліктер, сондай-ақ кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың мүліктері және басқа да мүліктер иелері өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Мұндай талапты қоя отырып, мемлекеттік ұйымдар, заңды тұлғалар жедел басқарудағы өз құқықтарын қорғап қана қоймайды, мүлкі мемлекетке берілген меншік иесінің құқығы да қорғалады.

Негаторлық талап дегеніміз - құқық бүзушылық иелену құқығынан ажыратуға байланысты бэлмаса да, бұзылған меншік құқығын қалпына келтіру. Бұл талап жағдайында меншік иесі затты иелену құқығын жоғалтпайды. Алайда, үшінші бір адамдардың кінәсынан пайдалану және өкілдік жүргізу құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін бөгетер пайда болады: мысалы, заңға қарсы тұлға меншік иесінің үйін иеленіп алады, соның салдарынан меншік иесі өз мүлкін пайдалану құқығынан аластатылады.

Заң меншік иесі болып табылмайтын, бірақ заң немесе шарт күшін мүлікке ие болтаны (АК, 256-бап) адамға, мысалы, тасымалдаушы, сақтаушы, кепілдік ұстаушы, жалдаушы және т.б. адамға қорғану құралдарын береді.
2.4 Меншік құқығының тоқтатылуы

Қазіргі Азаматтық кодекстің бүрынғысынан бір ерекшелігі, 1.4-тараудағы "Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы" деген арнайы тарау енгізілуі болып табылады. Азаматтық кодекстің 249-бабы меншік құқығын тоқтатудың негізгі үлгі тізімін ұсынады: меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады.

Меншік құқығын тоқтатудың аталған негіздерінде меншік құқығынан бас тартуды ерекше бөліп қараған жөн (АК-тің 250-бабы). Меншік құқығынан бас тарту болған жағдайда мына бір жағдайды есте ұстау керек, яғни меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Айталық, азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі жер учаскесіне меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бұл жер учаскесіне қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шектейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құқықтарын (басқа жаққа кету, учаскені ұзақ уақыт бойы пайдаланбау және т.б.) бас тартатындығын дәлелдейтіндей іс-әрекет жасаған жағдайда, бұл учаске иесіз мүлік ретінде есепке алынады.

Иесіз мүлік ретінде есепке алынған күнен бастап бір жыл өткен соң мұндай жер учаскесі жергілікті атқару органының талап етуі бойынша сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылады ("Жер туралы" Заңының 74-бабы, 2-тармақ).

Заң меншік иесінен мүлікті ықтиярынсыз алуға байланысты қатынастарды бүге-шігесіне дейін реттейді. Меншік құқығын алып қою үшін:

а) негіз заңда қарастырылған болуы керек;

б) соттың шешімі болуы міндетті.

Азаматтық кодекстің 249-бабы 1-тармағы меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу қатынасы енгізілген. Мұндай өндіріп алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, тек сот шешімімен жүзеге асады (АК-тің 251-бабы, 1-тармағы), бірақ бұл норма диспозитивті болып келеді. Ақы өндіріп алынатын мүлікке меншік иесінің меншік құқығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құқығы көшетін адамның алып қойылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.

Мүлікті меншік иесінен ықтиярынсыз алып қою заң құжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын жағдайда жүзеге асады (АК-тің 249-бабы, 2-тармағы). Егер заң құжаттарымен жол берілетін негіздер бойынша заң құжаттарына сәйкес адамның өзіне тиесілі бола алмайтын мүлік оның меншігінде болып шықса, бұл мүмліктің меншік иесі, егер заң құжаттарында өзге мерзімдер белгіленбесе, осы мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен айыруға тиіс. Егер меншік иесі мүлікті көрсетілген мерзімде иеліктен айырмаса, ол сот шешімімен иеліктен ықтиярынсыз айрылуға тиіс, бұл орайда меншік иесіне мүлікті иеліктен айыру жөніндегі шығындары шегеріліп, оның құны өтеледі.

Мұндай тәртіп мынадай жағдайға да қатысты, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның меншігінде заң құжаттарымен жол берілген негіздер бойынша сатып алуға арнайы рұқсат қажет болып шықса, ал меншік иесі оны беруден бас тартса, бұл зат осы меншік иесіне тиесілі бола алмайтын мүлік үшін белгіленген тәртіп бойынша иеліктен айырылуға тиіс (АК-тің 252-бабы, 2-тармағы).

Ықтиярсыз алып қою негіздеріне реквизициялау да жатады. Реквизициялау дегеніміз дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімі бойынша заң құжаттарында белгеленген тәртіп пен жағдайларға меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы болып табылады. Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің құны өтелген бағаны оның сот тәртібімен даулауына болады. Сондай-ақ мүлкі реквизицияланған адам реквизия жүргізуге байланысты жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлікті өзіне қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы екендігін ерекше атап өткен жөн (АК-тің 253-бабы, 3-тармағы).

Тәркілеу заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алуы мүмкін екендігін білдіреді (АК-тің 254-бабы). Тәрілеу тәркіленетін барлық мүліктің бәріне қолданады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 51-бабында оған мынадай тұжырымдама берілген, мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.

Мүлікті ықтиярсыз ақысыз сот шешімімен мемлекет меншігіне алып қою мынадай жағдайларда жүзеге асады: егер мәміле қылмыстық мақсатқа бағытталып, екі тарапта да жұмысқа ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі сот шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге тиіс (АК-тің 157-бабы, 4-тармағы). Аталған жағдайда кінәлі жақ алғанынан немесе аларынан айырылады, сондай-ақ келісімде көзделген мүлікті пайдаланудан да құр қалады.

Жерді және басқа табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 255-бабына сәйкес мемлекеттік органның меншік иесінен мүлікті алып қоюға тікелей бағытталмаған іиешіміне, соның ішінде меншік иесіне тиесілі үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар мен өсімдіктер бар жер учаскесін алып қою туралы шешіміне байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының заң құжаттарымен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана меншік иесіне құны тең мүлік беріп және өзге де келтірілген залалдарын өтей отырып, немесе меншік құқығының тоқтатылуынан келтірілген залалдардың толық көлемінде өтей отырып, тоқтатылуына жол беріледі. Меншік иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шеіммен келіспеген жағдайда оны дау сот тәртібімен шеілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеудің барлық мәселелері де шешіледі.

Жер учаскесін алып қоюға қала салу мен жер орналастыру құжаттарында тағайындалған, бекітілген тәртіпке сәйкес қала мен елді мекен салуға арналған бас жоспар мен аумақты шектеу сызбасы негіз болады.

Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңына орай дер учаскесін мемлекеттік қажеттер үшін сатып алу тәртібі қарастырылған. Сатып алу туралы шешімді құзыретті атқарушы орган қабылдайды және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіп бойынша тіркеуге жатады. Жер учаскесінің меншік иесіне немесе мемлекеттік немесе жер пайдаланушы сатып алу туралы шешім қабылдаған орган жер учаскесі сатып алынардан кемінде бір жыл бұрын жазбаша түрде хабардар етуге тиіс. Меншік иесі немесе жер пайдаланушы осындай хабар алған күннен бастап бір жыл өткенге дейін жер учаскесін сатып алуға меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісімімен ғана жол беріледі ("Жер туралы" Заңның 67-бабы).

Мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алынатын жер учаскесі үшін ақы төлеу (сатып алу бағасы), оның мерзімі және басқа да шарттары меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісуімен беліленеді. Сатып алу бағасын белгілеу кезінде оған жер учаскесінің немесе оны иелену құқықтарының және ондағы жылжымайтын мүліктің нарықтық құны, сондай-ақ үшінші тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты олар шеккен шығынды қоса алғанда, жер учаскесінен айырылуына байланысты меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген барлық шығындар енгізіледі ("Жер туралы" Заңының 69-бабы).

Меншік иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шешіммен келіспеген жағдайда оны дау сот тәртібімен шешілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Дау қарау кезінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеудің барлық мәселелері же шешіледі.

Сот мүлікті алып қою мәселесін меншік иесіне құны тең мүлік беріп өзге де келтірілген залалдарын өтей отырып немесе меншік құқығының тоқтатылуынан келтірілген залалдарын толық көлемінде өтей отырып тоқтату арқылы жүзеге асырады (АК-тің 255-бабы, 1-тармағы).

Жер учаскесін алып қоюға қаралатын талап бір жыл өткен соң, бірақ меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға хабарлама жіберілген сәттен бастап екі жылдан кешіктірменй қойылуға тиіс ("Жер туралы" Заңның 70-бабы).

Дауды шешу кезінде меншік иесіне келтірілген залалды қалпына келтіру мәселесі де қаралады.

Осы баптың ережелері мемлекеттік органның мүлік орналасқан тау баурайларын, су айдыны учаскелерін және басқа да учаскелерді алып қою туралы шешіміне байланысты тиісінше қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы тоқтатылған кезде қолданылады (АК-тің 255-бабы, 3-тармығы).

Күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу оны меншік иесінің күтіп ұстамай, оның мәнін жоғалту жағдайына жол берген кезде жүзеге асады (АК-тің 256-бабы). Заң бұл объктілердің айрықша бағалы екевдігін және оның аса бағалы екендігін әрі мемлекетпен қорғалатынын заңдастырады. Бұл объектілер сот шешімімен сатып алу немесе жария саудаға сатып алу арқылы алынуы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 249-бабының 3,4-тармақтарына сәйкес меншік құқығының тоқтатылуы тізіміне жекешелендіру мен мемлекет иелігіне алу көзделген. Жекешелендіру дегеніміз — мемлекет мүлкін жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдің заңды тұлғаларына сату болып табылады, ол меншік иесі мемлекеттің еркімен, арнайы заңмен айқындалған іс-әрекет шеңберінде жүзеге асады ("Жекшелендіру туралы" Президент Жарлығының 1-бабы).

Мемлекет иелігіне алу дегеніміз — азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі мүліктерді мемлекет қарауына айналдыру болып табылады. Мұндай үрдіс заң құжаттары негізінде жүзеге асады әрі Қазақстан Республикасы меншік құжаттарын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған ретте, осы құжаттарды қабылдау нәтижесінде меншік иесіне келтірілген залалдарды меншік иесіне Қазақстан Республикасы толық көлемінде өтейді (АК-тің 266-бабы).

Азаматгық кодекс мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүліну қаупі тәрізде меншік құқығын тоқтатуды және оның басқа біреуге ауыспайтындығын да реттейді. Оған мүлікті тұтынуға байланысты мәселелер де жатады (мысалы, құрал-жабдықтардың тозуы, азық-түліктің бүлінуі және т.б.). затың жойылуы әдетте біреудің кінәсінен емес, аяқ астынан болатын жағдайларда, төтеп бергізбейтін күштерге байланысты орын алады, ондайда оның нәтижесіне ешкім де жауап бермейді. Ал мүліктің кездейсоқ жойылуына меншік иесі жауапты болады (АК-тің 190-бабы).

Затты құртып жіберу меншік иесінің еркімен де, еркінен тыс болуы да мүмкін. Мысалы, мұндай жағдай табиғат күшінің әсерінен немесе бөтеннің мүлкін жойған субъектілердің теріс қылығынан орын алады делік. Оның соңғы жағдайында меншік иесі келтерелген мүлік залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы, ал егер мүлік сақтандырылып қойылса және апат гәтижесінде жойылса, онда шығынды сақтандырушы өтейді.

Меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқықтарын тоқтату Азаматтық кодекстің 249-2547 баптарындағы меншік құқығын тоқтату ережелері арқылы жүзеге асады, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншік иесінің мүлік иесімен жасасқан шартында белгіленген тәртіп бойынша меншік иесінің шешімімен тоқтатылады (АК-тің 258-бабы).

Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуының негіздері дегеніміз - нақты адамның нақты затқа байланысты меншік құқығын алуын немесе жоғалтуын заңды түрде байланыстыратын заңды фактілер.

Меншік құқығының пайда болуының (иеленуінің) екі тәсілі бар: бастапқы және туынды.

Бастапқы тәсіл кезінде (негізінде) мүлікке деген меншік құқығы бірінші рет пайда болады: мүлік бұрын ешкімге тиесілі емес, оның бұрыңғы иесі жоқ. Меншік құқығының мұндай тәсіліне, мысалы, иесіз заттың мемлекетке өтуі (АК, 242-бап), жеміс өнімдерін алуы (214-бап), иесі белгісіз қазынаның (көмбені) алуы (247-бап), мемлекеттің мүлікті реквизициялауы, тәркілеуі (253-254-баптар) және т.б. жатады.

Туынды тәсіл (негіз) дегеніміз - мүліктің бір адамнан екінші адамға өтуі нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алудың тәсілі. Мұнда әрқашанда құқықты иеленушілік болады. Мысалы, бұрынғы меншік иесі мен сатып алушының еркі бойынша сатып алу-сату, қарыз беру, айырбастау, сыйға тарту және т.б. шарттардың нәтижесінде болатын тәсіл.

Алушының меншік құқығы пайда болу сәтінің маңызды құқықтық мәні бар. 235-бап бойынша затты алушының, еиленушінің меншік құқығы (ал мемлекеттік ұйымдарда - жедел басқару құқығы) шарт бойынша, егер заңда немесе шартта басқаша жағдай көзделмесе, затты берген сәттен бастап пайда болады.

Иеленушіге затты беру өткізу деп мойындалады. Мысалы, иеленушіге көлік ұйымдарының жеткізуі үшін тапсыруы және жеткізу міндеттемесінсіз бөлектенген заттарды иеленушіге почта арқылы тапсыру әрекеттері де нақ осындай.

Сөйтіп, затты өткізген, берген сәттен бастап иеленушінің оған деген меншік құқығы пайда болады. Мысалы, адам ақшасын төлеп дүкеннен костюм сатып алады, алған сәттен бастап бұл костюм оның меншігіне айналады. Алайда, тараптардың келісімі бойынша жекелеген жағдайда меншік құқығы шарты ресімдеген, яғни жасаған сәттен бастап пайда болуы мүмкін. Заңда, осындай-ақ мұндай құқықтың пайда болуындағы ерекше жағдайлар да көзделген (227-бап).

Меншік құқығының пайда болуының мәнін меншік иесі меншік құқығын алумен иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүлінуі қауіпі де жаңа иесіне бір мезгілде көшеді. (190-бап). Бұл жағдайда тараптардың ешқайсысы да кінәлы емес болып табылатын мүліктің жойылуы туралы болып отыр. Егер иеліктен айырушы адам заттарды өткізуді кешіктіре берсе немесе иеленуші қабылдап алуды кешіктірген тараптың жауапкершілігі өтеді (АК, 190-бап, 2-тармақ). Мысалы, жеткізіп берушінің қоймасында тұрған тауарға (өрттен) кездейсоқ жойылу қауіпі төнсе, онда өртке дейін жеткізіп берушіге дер кезінде рұқсат қағазын бермегендіктен жауапкершілік алушыға жүктеледі.

Меншік иесінің еркіне қатысты және қатыссыз меншік құқығының тоқтатылуының әр түрлі негіздердері бар. Біріншіге, мысалы, сатып алу-сатудағы жағдайлар жатады.

Меншік құқығының тоқтатылуы меншік иесіне еркіне қатыссыз жағдайлардан тууы мүмкін. Мысалы, мүлікті тәркілегенде, оны табиғат апаты құтқарғанда және т.б.



Қорытынды

Егер Қазақстан экономикасын бүгінгі әлемдік қауымдастықтағы қазіргі үлгімен егжей-тегжеймен салыстырсақ, онда маңызды айырмашылықтың бірі өндіріс құрал-жабдықтарын жеке иемденетін адамдар тобының аз екендігіне көз жеткіземіз. Сондықтанда экономикалық реформа бағлармасында мемлекеттік меншікті бірте-бірте азаматтар қолына көшіретін кең көлемді жекешелендіру ерекше орын алады. Бірақ бұл мәселені жедел шешуге тырысқан алғашқы талпыныс аса күрделі кедергілерге тап болады. Материалдық байлықты бөлудегі советтік тенгермешілік принципі бұл жағдайда тиімсіз болып шықты, себебі барлық адамды бірдей жекешіл және шаруашылық иесі етіп шығару мүмкін емес. Мәселе мынада, жекеменшік иесі болу, яғни беріле жұмыс істеу басқару, өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету, өз бостандығымен тәуекел ету деген сөз. Сөз жоқ, көпшілік адамдардың меншік иесі болуға өндіріс нәтижесі үшін жауапты болуға, өз қаражатын жұмсауға, жағдайы мен тыныштығын тәрк етуге мүмкіндігі жоқ, тіпті ондай болада алмайды. Қазақстан Республиканының жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шаруашылықтын нарықтық жүйесіне ену сәтінде адамдардын барлығына бірдей жағдай жасауды көздейді. Ал ілкімділік саласында мамандық түрін немесе жалдамалы еңбекті қалау адамның жеке басының ісі болмақ. Осылайша, қоғам еркін ілкімділік, кәсіпкерлік жүйесінің ережелері мен басты тетіктерін игере отырып, бірте-бірте нарықтық жүйеге енді.

Қазақстанның 10 жыл тәуелсіз дамуының басты нәтижелері: этносаралық үйлесімпділік және саяси тұрақтылық, рухани келісім, бейбітшілік, экономикалық өсу, ұлттық мүдде негізінде ішкі және сыртқы қауіпсіздікті одан әрі нығайту, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қарқынды жүргізу, тәуелсіз елдің демократиялық саяси жүйесін қалыптастыру. Осындай қырулар жұмыстың барысында кейбір қателіктер мен кемшіліктер болса да, негізгі стратегиялық бағытымыздың дұрыстығына әбден көзіміз жетті.

XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік дамуда жаһандану процесі басталып, тез қарқын алды. Дамыған елдер үстемдік жүргізу әрекеттеріне қарай (АҚШ және оның ең жақын әріптестері), географиялық орналасуына қарай (Батыс Еуропадағы мемлекеттер Шығыс Азия елдері), көмірсутегі шикізатын шығару мүмкіндігіне қарай (ОПЕК елдері) топтасып алып, ықпал жүргізу аймақтары үшін тауар шығару елдері үшін нағыз талас басталды.

Жаһанданудың басты бір талабы қандай да болсын бір қауымдастықтың құрамына кіру қажеттігі болып қалды.

Осындай жағдайда Қазақстан өзінің дербес дамуын жаһандану процесімен үлестіруге мәжбүр болады. Былай алып қарағанда, еліміздің өз еркімен өркенденуіне барлық мүмкіндіктер бар сияқты. Қазба байлығымыз жеткілікті, шетелдік инвестициялармен бірге жаңа технологиялар да келіп жатыр, ойлы да байыпты саясаттың арқасында кадрлар даярлау ісі де оңалып қалды. Елбасы Нүрсұлтан Назарбаевтың көргендікпен айтып жүргеніндей, жаһандану жағдайындабай елдердің жүлдызы жанады. Олай болса, ата-бабаларымыз бізге мүра ретінде қалдырған жердің қойнауындағы байлық, егер дұрыс пайдалана білсек, ұтымды саудалай алсақ, еліміздің өркендеуіне негіз, халқымыздың әлауқаты артуына азық бола алады. Алайда сол байлықтарымызды өндіру де оны өнімді айналдыру да сыртқа шығарып сату да Қазақстанның әлемдегі талай-талай елдермен ықпалдастықта болуын, интеграцияға түсуін талап етеді. Бұл тұрғыда Нұрсұлтан Әбішұлы Академиясының сессиясында жан-жақты айтып берді.

Ендігі міндет Азияның барысы болуға ұмтылған мемлекеттің даналық пен өкілеттікті, айбат шегу мен икемділікті қатар алып жүруінде болса керек. Мұндайда жақсы мағынасындағы мемлекеттік шамшылдық та, ақылды тәуекел де қажет. Осы айтылғандарды ой сарабына салып көрсек, республика Президентінің Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қауымдастықты, Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан және Тәжікстан кіретін Еуразиялық экономикалық қауымдастықты дамытуға, Шанхай ынтымақтастық ұйымын Қазақстан үшін барынша тиімді пайдалануға жанын сала әрекет етіп жүргенін түсінуге болатындай. Бүгінде Қазақстан Ішкі дербес дамуын жалғастыра отырып, дүниежүзінің барлық бұрышынан өзіне әріптестер іздеуде. Бұл тұрғыдағы әрекеттердің де нәтижесіз емес екенін көзіміз көріп жүр.

Еліміздің осындай ұмтылыстары оны қоғамдық дамудың барысында мынандай мәселелерге байланысты басқа елдермен, әлемдік қауымдастықпен ықпалдасуға итермелейді.

-дүниежүзілік термоядролық соғыс қауіпін сейілту, экстремизмге, халқаралық терроризмге қарсы пәрменді күресу және планетадағы әлем халықтарының өзара түсінік мен жалпы адамзатгық ынтымақ негізіндегі бейбіт қатар өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызды:

- адамзаттық өркениеттің айнала қоршаған табиғатқа жүргізген парықсыз өктемдігінен туындаған әлемдік экологиялық дағдарысты еңсеру:

- жаһандану әлемдік ауқымдану жағдайында түркі халықтарының оның ішінде қазақ халқының өзіндік мәдениетін, тілін, әдеп-ғұрпын, дінін, ұлттық сипатын сақтау және дамыту;

- дамыған және дамушы мемлекеттер арасындағы алшақтықты, батыстың индустриялды елдері мен басым көпшілігі аштық пен қайыршылық, сауатсыздық күйін кешіп отырған Азия, Африка, Латын Америкасы елдері арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өсіп бара жатқан алшақтығын азайту:

- маңызды табиғи байлықтарға, азық-түлікке, шикізат пен энергия көздеріне бақылау жасау:

- бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің жағымсыз зардаптарын болжай білу және оның жетістіктерін адамзат мүддесі үшін тиімді пайдалана білу.

Көріп отырғанымыздай, адамзат ХХІ ғасыр шегінде планетаның барша мемлекеттері мен тіл тауып, жұмыла кіріскенде ғана шеше алатын қоғам дамуынын аса маңызды жаһандық мәселелеріне маңдай тіреп отыр. Мемлекетаралық күштерді үлестіріп отыру мақсатында халықаралық ұйымдар құрылу үстінде. Қазақстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру жөніндегі бастамасы да осындай мақсаттан туындаған анық.

Егер бүгінгі заманның жаһандық мәселелері тоғысын мұқият сараласақ, олардың бір-бірімен іштей байланысып жатқандығына көз жеткізу мүмкін емес. Мұның өзі әрқайсысын басқалармен бірге кешенді қарастырғанда ғана толық шешуге болады. Мәселен, дамушы елдердегі көптеген мәселелер кедейліктен туындап отыр, яши екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары адам басына шаққандағы ұлттық табыс деңгейі тұрғысынан дамыған және дамушы елдер арасындағы айырмашылық елеулі болса, қазір бұл айырмашылық тіпті өсіп кетті.

XXI ғасырда ғылыми жаңалықтар мен зерттеулердің мәні өлшеусіз өсетін болып отыр. Мұның өзі республика зиялылары мен ғылымдарынан жаңа технологиялар мен техникаларды талдап жасауға барынша ден қойып, оларды ел илігіне қызмет еткізуді, Қазақстанның Ресей және Қытай сияқты ұлы көршілерімен тарихи тағдырластығының, Орта Азиядағы елдермен туыстық тамырластығының дәнекерлерін тауып солардың негізінде бүгінгі ынтымақтастықтың қажеттігін ғылыми негіздеуге талап етеді.

Қазақстан дербес дамуды үйренді, сол жолмен нақ жүріп келеді. Енді жаһандану жағдайында өзі соған кіріге отырып , оның серпінділігін сезінуші жақ қана емес, сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеруі керек.



БИБЛИОГРАФИЯ

НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 1998ж)

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі 27 желтоқсан 1994ж

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі . Ерекше бөлім 1 шілде 1999ж

4. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 13 шілде 1999ж

5. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 2005ж.

6. Қазақстан Республикасьшың "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңы. 31 наурыз І998ж.

7. Қазақстан Республикасының "Астық туралы" Заңы 19 қаңтар 2001ж.

8. Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңы 19 маусым 1997ж.

9. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар " Шаруашылық серіктестіктер туралы" Жарлығы. 2 мамыр 2005ж.

10. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Жарлығы. 17 сәуір 1997ж.

11. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлығы 19 маусым 1995ж.

12. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Өндірістік кооператив туралы" Жарлығы 5 қазан 1995 ж.

13. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы " Заңы 21 қаңтар 1997ж.

14. Қазақстан Республикасының " Шаруа (фермер ) қожалықтары туралы" 31 наурыз 1998 ж.

15. Қазақстан Республикасының "Ауылшаруашылық серіктестіктер және олардың ассоциациялар туралы" Заңы 25 желтоқсан 2000 ж.



АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕР

1. Авилов Г.Е. Хозяйственные товарищества и общества в Гражданском кодексе России/ В кн. ГРажданскийкодекс России. Проблемы, теория, практика: Сборник памяти С.А. Хохлова/ Отв. Редактор А.Л.Маковский; Исследовательксий центр частного права.-М.,1998.с.177.

2. Аскназий С.И.Об основаниях правовых отношений между государственными социалистическими организациями. Ученные записки Ленинградского юридического института. Вып. 4.Л., 1947.

3. Басин Ю.Г Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика :Учеб. Пособие. Изд, 2. испр. и доп. - Алматы: ВШП "Әділет", 2000. с.3.

4. Байделдинов Д. Экологическое законодательство РК. Алматы 1995г.

5. Бектұрғанов Ә. Қазақстан Республикасының жер қатынастары. Алматы 1997ж.

6. Бектурғанов Ә. Жерге меншік құқығы. Алматы. Фемида, 1997 ж.

7. Боголюбов С.А. Земельное право. Москва 1997г.

8. Гражданское право. В 2-х томах. Учебник под ред. Е.А. Суханова.- М: "БЕК", 1994 г.

9. Гражданское право, В 2-х томах. Учебник под ред. Е.А. Суханова.- М:, Изд. 2 перераб. и доп. "БЕК "1998г.

10. Гражданское право. Учебник часть I. Под ред. А.П. Сергеева , Ю.К Толстого. М. проспект 1997г.

11. Есімқұлов С.Т. "Жерді қалай пайдаланған жөн" ."Заң" газеті 1997ж.

12. Н.А.Назарбаев Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев/ Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстан.

13. Назарбаев Н.А. Послание народу Казахстана 30 сентября 1998 г. О положении в стране и основных направлениях внутренней и внешней политики: демократизация общества, экономическая и политическая реформа в новом столетии //Казахстанская правда, 1998г 1 октября

14. Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы . Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. 2005ж. 18 ақпан

15. Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы .Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. 2006ж. 1 наурыз.

16. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық/ Ерекше бөлім, оқулық, I-бөлім/. Алматы, 2005ж.

17. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқь қ/ Ерекше бөлім, оқулық, II-бөлім/. Алматы, 2005ж. 18.Жайлин Г.А. Ащеулов А.Т. Гражданско-правовая ответственность за вред, причиненный преступлениям против личности. Алматы . изд. КазГЮУ, 2000г.

19. Ынтымаков С.А. Азаматтық құқық/Жалпы бөлім, практикум, I- бөлім/Алматы, 2004ж.

20. Белякова М.А. Гражданская правовая ответственность за причинение вреда. Теория и практика. 1986г.

21. Грибанов В.ГІ. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанностей. М. 2000 г.

22. Бризиский А.В. О возмещение ущерба гражданам. М. 1995 г.

23. Толеугалиев Ғ. ҚР азаматтық құкығы. І-том. Алматы 2001ж.

24.Сергеев А.П. Гражданское право. Санкт-Петербург. 1996 г.

25.Суханов Е.А. Гражданское право. М. 1998 г.

26. Стамкулов Ә, Бектурғанов А."Жерге меншік құқығының кейбір мәселелері". Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің хабаршысы. 1995ж № 3.

27. Стамкулов Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Алматы "Жеті Жарғы" 1995 ж.

Аннотация
"Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу" атты дипломдық жұмысы меншік құқығы және азаматтық меншік құқығы деген екі тараудан тұрады.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.

Меншік туралы айтылғанда еңбектің өнімдерінінің тиісті нысандарын иеленуді шартты түрде дәйектейтін өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы болады.

Бұл дипломдық жұмыста қазіргі заманның өзекті мәселелеріне талдау жасалынып және Қазақстан Республикасының жеке меншікті құқықтық реттеу заңдарын негізге алып дайындаған.





жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау