Дипломдық жұмыс Гректің классикалық дәуірінің мәдениеті Ғылыми жетекші тарих ғылымының кандидаты



жүктеу 0,6 Mb.
бет2/4
Дата25.11.2017
өлшемі0,6 Mb.
#1492
түріДиплом
1   2   3   4

Грек театры
Ежелгі грек мәдениетінің тамаша құбылыстарының бірі грек театры болып табылады. Ой ауыл шаруашылығы мен шаруалардың қамқоры – Дионис құдайдың құрметіне арналған мереке кездеріндегі халық әндері мен билерінің негізінде туды. Дионис құдайдың күрметіне арналған мереке көздеріндегі халық әндері мен билерінің негізінде туды. Дионис құдай табиғаттың өндірғіш қүштерінің құдай еді. Оған табынушылық – ежелгі Грецияның табиғи жағдайларына байланысты негізінен жүзім өсіру болған ауыл шаруашылығы мен жұмыстарының қиындығы мен қуаныштарын бейнелейтің еді. Жұзім сабақтары гүлдеген көктем айында көктемгі Дионис мерекесі, қүзде жүзім жинау басталғанда – күзгі Дионис меркесі тойланды, бұл мерекеде адамдар жанадан дайындалған шарап ішіп, ән салатын, би билейтің болган.

Дионистін құрметіне діни әндерді дифирамбаларды орындаушылар жеке терісің киетін, « Трагедия», яғни « текелер әні», /трагос – грекше теке «оде» ән/ осыдан шаққан. Дифирамбалардан гректердің трагедиясы шықты.

Дионис құрметіне айтылған бірқатар әндер қүлкілі болды, бұлардан комедия шықты.

Бұл әндер корифей деп аталатын бастауышысы бар хормен орындалатын. Тындаушылар шағын төбешіктің айналсына орналасатын, ортада корифей хормен бірге ән салатын.

Театр алғаш ағаштан жасалды. Театр ойындары осылай тұған. Актерлер ойын көрсететің орын скена, яғни шатырша деген сөз негізінде сцена деп аталды.

Грек театрлары 20-25 мың адамға арналатын. Осыған орай театр орындары кезінде ерекше техника қолданылатын. Әйел рольдерін де еркектер ойнатын. Әрбір әртісі жұрттың бәрі көріп, ести алуы үшін олар өздерінің биік етіп көрсететің арнайы етік котури киетің. Әрбір актер маска киетін, әр рольге арналған жеке ерекше маскалар болатын. Масканың ауызына дыбыс қүшейтетің рупор бекітілетін. Ежелгі грек театрларының акустикасы тамаша да ғажап болды. Сахнада жерге тиын түсіп кетсе де, оның дыбысы өте үлкен театрдың ең артқы орнында отырғандарға да естілетің.

Ежелгі Грецияда театр ойындары жайғана көніл көтеретің нәрсе емес, әр азамат міндетті түрде қатысүға тиісті қасиетті нәрсе деп саналды. Театр тәрбие мектебі болды, онда қойылатың пьессаларда моральдың саясат пен идеологияның ән кокейтесті мәселелері талданатын.

Театр ойындары жыл сайын үлкен мерекелерде бірнеше рет қойлып, қатарынан бірнеше қүндерге созылатын.


Әдебиет
Бүкіл ежелгі грек мәдениеті сияқты трагедиялардың негізіне мифология алынды. Классика дәуірінде мифология полистік идеологияны бейнеледі және таратты. Ақындар өз трагедияларына сол кездегі грек қоғамын толғандыратын идеяларды арқау етті. Бұл ежелгі Грецияда трагедиялардың әйгелі болуын қамтамасыз етті және оны сол дәуірдің жанды да жарқын деректемесіне айналдырды.

Б.з. дейнгі УІ – У ғасырда Афинада тек грек әдебиетінің ғана емес, дүние жүзі әдебиетінің де классиктері болып табылатын гректердің аса көрнекті трагедиялық ақындары өмір сүрді. Олардың ішіндегі бұрынрақ өмір сүргені Эсхил /б.з.д. 525-456 ж.ж./ еді, оны « трагедияның атасы» деп әділ атады. Ол тираниямен күрес және кұл иеленушіліқ демократияның гүлденген дәуірінде өмір сүрді және грек – парсы соғыстарына қатысты. Эсхил трагедиялары - өз образдарының ғаламат күшімен және азаматтық идеяларымен тамаша. Олардың кейбіреулері ғана бізге дейнге жетті. Эсхилдің ен атақты трагедиясы – « Бұғауланған Прометей», трагедияда б.з. дейнгі УІ – ғасырдың аяғында Афинада қүлатылған тиранияға деген қарсылық көрініс тапты. Мифологиялық тақырыптағы трагедиялардан басқа Эсхил « Парсылар» атты тамаша патриоттық трагедия жазды, ол грек – парсы соғыстарындағы гректердің жеңісің және Персияның жеңілуін бейнелейді. Бұл трагедияда Эсхилдың өзі қатысқан Саламин шайқасы да көрініс тапты. Эсхилдің тағы мәнгілі « Орестея», «Данамды», «Прометей» сияқты шығармалары да бар.

Афинаның гүлденген дәуірінің тағы бір тамаша трагедиялық ақыны Софокл / б.з. бұрынғы 496-406 ж.ж./. Софокл көп трагедия жазды, олардың жеткені – жетеу. Софокл « Антигона», «Филоклет», «Эдип патша» арқылы драма жанрын қалыптастырды.

Софокл адамның творчестволық енбегін жырлайды. Бірақ, сонымен бірге Софокл адамның өміріне үстемдігін жұргізетін тағдыр идеясына назар аударады. Софоклдың аса көрнекті трагедиясы – « Эдип патша». Бұл трагедия адамның тағдыр алдындағы дәрменсіздігі жөнінде идея әсірісе айқын көрінеді және сонымен тағдырға қарсы наразылық бейнеленеді.

Бұл трагедиядан басқа Софокл тағы бір қатар аса көрнекті трагедиялар жазды, олардың ішінде « Электра» көзге түседі.


Жоғарғы Классика /450-410 жылдар б.з.б./
Б.з. бұрынғы 5 ғасырдың екінші жартысы – барлық өнер түрлерінің өркендеу кезі және классиканың эстетикалық идеяларының едәуір дәрежеде гармониялық жүзеге асуының кезені деп есептелінеді.

Греция полистері арасындағы манызды орынды Афины алды, онда Периклдің басқаруімен мәдени, саяси, экономикалық дамуының алтын ғасырының жүріп жатыр.




Мүсіні
Перикл кезінде аса ерекше ғасыр ансамблі – Афины акрополі салынды. Тағы сол сияқты б.з. бұрынғы 5 ғасырдың 3-ші жартысында мәрмәрлі ғимараттар: Парфенон, Пропилси, Ники Аптерос храмы салынды.

Соның ішінде Парфенон ғимаратың қарастырайық. Ғимарат құрылысы б.з. бұрынғы 447 жылдан бастап 438 жылға дейін тоғыз жылға созылған. Парфенон жоспары жағынан аумағы 70/31 м, қырық алты колоннамен қоршалған дорлық периптер, Парфенонды әсемдеуге колонналардың ар жағынан ғимарат қабырғасың бойлай жалпақ баскур болып өтетін иониқалық фриз пайдаланды.

Парфенонды тұтас шалып қарай алатын бірден – бір нукте, оны жасаушылардың есептегеніндей, солтүстік – батыс бұрышында Парфенонды салуда адам жаңарының кору ерекшеліктері ескерілген. Парфенонның бұрыштағы колонналары мейлінше қомақты әрі көрші колонналарға жанай салынған. Ғимарат іші қабырға арқылы аумағы әр түрлі екі бөлікке бөлінген. Бас бөлмеде – целлада – Афина – Парфеностың / Бибі – Афинаның/ мүсіні тұрған. Тәнірияның он екі метрліқ пішіні бедерлі өрнек пен айшылықталған аласа тұтырға орнатылған. Парфенон сияқты, осы кезенде ассимметриялы ғимарат Эрехтейон салынды / б.з.б. 421-406 ж.ж./.

Мүсіндеу өнері
Осы кезенде мүсін өнерінің де тамаша шығармалары өмірге келді. Соның бірі – грек классикалық мүсін өнерінің бірегей озық туындысы, тәнір қызы Афина бейнесі. Кейпкер найзаға сүйеніп, қалын ой үстінде түр, басында жауынгерліқ коринфтік дулыға. Шығармада классикалық өнердің зор жеңісі, сүретшінің архаика өнері шарттылығынан құтылған тәуелсіз талпынысы жақсы сезіледі. Бірақ та бедерлеу әдісіне көне заманның, дәлірек айтсақ, Мысыр өнерінің әдіс – тәсілінің нышаны білінеді. Оны Мысыр өнеріндегі, сәулетші Хемрдің бейнесімен осы Афина бейнесінің арасындағы үқсастығы сезуге болады. Афина қаласының қамқөрші – жебеушісі әрі ақыл мен парасат құдайы, қыз бейнесінде, әйелге тән нәзіктікпен қоса терен ойлы, зерделі жауынгер, басшының кейпі жанақталып сандалған. Сонымен бірге сүретші, данышпан адамның сабырлы да салмақты мінезін, жан дүниесінің доп басып, асқан шеберлікпен кескіндей білген.

Осындай толымды туындының бірі – ізгілік пен нәзіктіктің махабаттың құдайы саналатын – Афродитанның кейпі кескінделген бедерлеме жұмыс, бұл жұмыс «Афродитаның тууы» деп аталады / б.з.д. 470-460 жылдар/. Тууындыда енді ғана теңіз толқынынан жаратылған ақыл – парасатты сүлу қыздың келбеті әсем бейнеленген.

Б.з. дейінгі У – ғасырдың 2-ші жартысында Грек өнері дамуының жаңа кезені басталды. Мүсіншілердің көптеген ізденістерінің арқасында адам денесін реалистік шыншыл бейнелеу тәсілдерін, пішін қимылының табиғи көркемдік мүмкіндіктерің терен игеру өріс алды. Сол кезенде Грек мүсінінің ен үздік шығармасы, құдай – Посейдонның сан бейнесі өмірге келді. Бұл мүсін қаладан құылып сандалған, қүйма өнерінің ғажайып үлгісінің бірі. Мүсінде теңіз тәнірінің сан денесі мен айбынды кейпі, үш ашалы қурзісін темірдей қайратты қолымен семеп тұрған қимылы аса бір шеберлік еттері, дене мүсіншілерінің ара қатынасы керемет дәлдікпен сүлу да салтанатты бейнеленген.

Біздің эрамызға дейінгі У ғасырда бірнеше әйгілі мүсінші сәулетшілер өмірге келді. Солардың бірі әйгелі мүсінші әрі сәулетші Фидий болды. Ол алғаш өзінің Афина мүсінімен әйгеленді. Афина акрополі үшін жасаған осы мүсін гректердің парсы шапкыншыларына жеңген кұрметіне тұрғызылған. Мұнда жеңімпаз Афина асқақ та тәқаппар, сусты да айбарлы, мүсінде сүретші халықтың мойымас қайрат – кейпін таба білген және оны қорген халық солай қабылдады да. Бір өкініштісі: осы 7 метрлік алып та әсем мүсін біздің заманымызға жетпеді. ХУІІ ғасырда оны Константинопольде соқыр сенімдегі крест таққан сарбаз – серілер жойып жіберді.

Осыдан кейін мүсінші найзағай тәнірі Зевсті салады. 13 метрлік тәнір бейнесі қоладан әр түрлі асыл тас, металдармен көркемделді. Сол дененің қолы мен басы, киімсіз ашық денесі піл сүйегінен, қөзі асыл тастардан, ал сүлығы мен шабатасы алтыннан киюластырылды. Бірақ ұлы мүсінші Фидийдің бұл жұмысы да сақталмады, оны такуа христиан дін басылары құртып жіберді.

Зевс мүсінің жасап, атақ – данққа бөлінген Фидий Афинаға қайтып оралады. Осы туста Афинаны ақылды да тәжіребелі әскери басшы Перикл басқаратың. Ол дарынды, қабілетті Фидийге Афина акроплін жаңартып салұға үсыныс жасады. Оның бұл үсынысың қабыл алған Фидий акропль қысқа мерзімі ішінде жасап бітіреді. Афина акроплі өзінің тұтастығымен, жарасымды әдемілігімен қайран қалдырды. Көптеген мүсіндермен әсемделген ақ мәрмәрлі сәулеттік ансамбль Грек сәулет өнерінің қорымы еді. Афина акроплін салу барысында негізгі басқарушы Фидийден басқа көптеген сәулетшілер қызмет істеп, оның әр бөлігін салұға көмек көрсетті. Осынау оңдаған сәулет кешен сәулетші Мнесики / 437-432 жылдары/ тұрғызды. Ал жеңіс құдайы Ника храмын сәулетші Калликрат /427-421 жылдары/ жобалады. Афина акроплінің негізгі ғибадатханасы – Парфенонды сәулетшілер Гектинд пен Калликрат салды.

Осы көркіне көз тоймас сәулет өнерінің бірегей туындысы болып табылатын Парфенонды құрылысшылар он жыл бойы тұрғызды / 447 – 438 жылдары/. Гибадатхананың жалпы аумағы 70/31 м. болды, құрылыс 46 бағанамен қоршалған дорлық қанаттардан тұрады. Колонналардың өзінің биіктігі 10,5 метрге жеткен.

Акропольдің негізгі ғимараты Парфенонның орталық бөлмесінде жеңімпаз Афинаға орнатылған ескерткіші бар, оны мүсіндеген Фидий болды. Зәулім, 12 метрлік мүсін піл сүйегі мен алтыннан апталып сомдалды. Оған 1200 кг алтын кеткен екен. Осындай қайталанбас мүсіндерді өмірге әкелген Зангар, білімді сәулетші Фидий өмірінің соның тар қапаста өткізді. Оны коре алмаған кастастары жан досы – қала басшысы Периклге шағыстырып араларына от жақты. Содан өмірінің аяғына дейін аяқталмай, түрмеде көз жұмды.

Атақты Фидийден кейін грек жерінде шебер мүсінші – Мирон мен Поликлет өмір сүрді. 2 мүсіншіде қаламен жұмыс істеді. Олардың жылдар бойы сомдаған талай мүсіндері бізге жетпеді, тек бірен – сараны ғана белгілі. Сондай мүсінің бірі Мирон сомдаған «Диск лақтырушы» енбегі. Мұнда мүсінші атлеттік жарыс жеңімпазын мадақтап көрсетеді. Мүсінші атлет бейнесі арқылы адамның бір сәттегі кауырт қимылын, сол кездегі адам мінез – қулқын, қуатын тамаша ашып, көрсеткен. Адамның қимыл – қозғалысын шынайы, нанымды бейнелей проблемасы Миронды баураса, екінші мүсінші – Поликлетті адам сүлулығының таңғажайып сырлары қызықтырды.

Поликлет заманының ұлы мүсінші, әрі ірі теоретик – сүретшісі болды. Ол сүрет салудың көптеген әдіс – тәсілдерің, бұрын ашылмаған тын әдістемелік заңдылықтарды тауып, терен зерттеген адам. Әсіресе адам сәйкестіктерін, оның анатомиялық құрылысын жете зерттеп, көптеген құнды енбектер, әдістемелік негізге сүйеніп сандаған мүсіндер қалдырды. Ол алғаш рет «Канон» атты әдістемелік оқулық жазды және әйгілі «Дорифор» мүсінің өмірге келтірді.

Поликлет 480 ж. шамасында түған творчествосы 460-41 жж. гүлденді, Б.з. бұрынғы У – ғасырдың аяғында дүние салды. Ертедегі жазушылар мәліметтеріне қарағанда, Поликлет мүсінші Агелад тын шәкірті болған. Мүсіндерін көбінесе қоладан сомдаған, атлет жігіттер мүсіндеріне шебер немесе дене сүлылығы мен азаматтық ерлік мұраттарың бейнелеген. Бұл мұрат Поликлет тұнғыш рет орнықтырған адам тұлғасы пропорцияларының ерекше жүйесінен көрініс тапты. Шебер алтын мен піл суйегінен алып діни мүсіндерді сомдаумен де айналысты. Поликлеттін « Амазонка» атты енбегі Фидий Кресилай мен Фрадмон қатысқан бәйгеде біріншә орын алды. Аңызға қарағанда, бұл мүсіншілердің өздері Поликлет сомдаған мүсінді ен үздігі деп мойындаған. Оның шәкірттері мен мұрагерлері көп болған. Ұлы шебер шығармаларынан біздің заманымызға атлет Киниск / Британия музейі/, «Дорифор» /Неаполь, ұлттық музей/, «Жаралы амазонка» / Берлин/ және басына жемелек тағып жатқан жігіт «Диадумен» / Афины, ұлттық музей/ мүсіндерінің римдік мәрмәр көшірмелері жеткен. Поликлет дененің барша мушелерінің мөлшері мен олардың өзара қатынасына математикалық тұрғыдан дәл есептеді. Өлшем бірлігіне ол адамның бойын алды. Боймен салыстырғанда адамның басы дененің жетіден бір бөлігін, бет пен қолдың басы /алақан/ оннан бір бөлігін, табан алтыдан бір бөлігін құрайды.

« Көркем шығармалардың табысты болуы, деп пайымдады шебер – көптеген сандардың қатынасынаң шығады, сонымен қатар кез келген үсақ – туйек оны бұзып жібере алады».

Поликлет атлет азамат тұралы өз мұратын найзагер жігіттің б.з. бұрынғы 450-440 жылдар шамасында қүйылған қола мүсінінде жүзеге асырды. Алып денелі жаланаш атлет « Дорифор» /Найзагер/ сабырлы да сымбатты қалпында бейнеленген. Ол қолына үстаған найзасын сол иығымен сумеп, мойның сәл бұрып, алысты шола қарайды. Жігіт жаңа ғана алға бір қадам басып тоқтай қалған сияқты. Денесінің бүкіл салмағын оң аяғына салған. Архаикалық мүсіндердің өзін - өзі шектеген, шартты қимылсыздығынан мүсінші дене мүшелерінің жете ойластырған тендіқ жүйесін жасау жолымен арыла алған: сәл көтерілген он жақ боксеге – төмендеген шығу сәйкес келеді, керісінше, сылқ түскен сол жақ боқсеге – сәл көтерілген иык сәйкес. Сөйтіп, мүсінші атлет кейпіне табиғи еркіндік пен өмірлік шыңайылық береді. Шебер мықты дененің ғажайып бұлшық етін: қолдың қайратты білеушілерін, кеуде мен қарынның шыңныққан, бұлтиған бұлшықтарын мықты мойын мен атлеттін шымыр шыныққан аяқтарын қалада таң қаларлық тұлғасынан ұстамды күш-қуаттын лебі еседі. Сұлұ бет әлпетінін шыңқ етпес сабырынан ер жүректік, рухы айқындық пен ерлікке әзір түрғандық сезіледі. Поликлет мүсінде өз заманының мұратын –жан-жақты жетілген саламат, сом тұлғаны аса айқын сипаттаған. Ол үшін адам сұлылығы саналы дүниедегі асылдық өлшеміне айналып кеикен. Шебер өз қаласына қызмет ету үшін әр адам кемелденуге тиіс деген ой тастайды.

«Дорифордың» жиыны мінсіз кемелдігі оны гректердің көз алдында адам сұлұлығының қайталанбас үлгісіне айналдырды. Бұл мүсіннің көшірмелері Ежелгі Элладаның көптеген қалаларында, жігіттер гимнастикалық жаттығұлар жасайтын орындарда тұратын. Қазірге дейін «Дорифор» дүние жүзілік өнерде адам баласының бірі болып отыр.


Сүрет өнері
Сүрет өнерінде аса үлкен жетістіктерге жеткен Аполлодор болды. Оны «көлеңке шебері» деп атаған. Ол жаңа техниканы, тұқымның ішіндегі сары уызды қолданып, бояу жасады. Пелопоннеск соғысы жылдарында Аполлодор техникасын тағы 3 шебер: Гераклейден келген Зевксис, Парфасий Эфесский және Кифн аралынан келген Тимант қолданды.

Тағы сол сияқты даңқты сүретшілердің бірі Тасос аралынан шыққан Полигной (б.э. бұрынғы 5-ғасырдың ортасы) Полигноттың тарихи және мифтік тақырыптағы сүреттері мүсінді фронтондар мен рельефтер тақырыбына өте жақын («Амазонкалармен гректердің шайқасы», «Марафон кезіндегі соғыс» және т.б.). Орындалу мінездемесі бойынша сүрет композициялары, кұмырадаға жазбалар сүреттермен үқсас келген. Сүретші негізін төрт түрлі бояуды: ақ, сары, қызыл және қара. Қалдырып кеткен жазбаларға қарағанда помегнот композицияларындағы бояу, тек бояу мінезде болған, бірақ сүрет немесе ерекшелікте болған.

Көп уақыт бойы сүретшілер фреска техниқасын қолданған, бірақ, тағы клебиі және балауыз бояуларын да қолданған.
Грециядағы философия
Архаиқалық кезеннің өзінде көрініс тапқан табиғаты және адамдар қызметін бақылаудың нәтижелерің талдап қорытуға үмтылу классикалық жәуірде философиялық – эстетикалық ойдын гүлденуіне әкеліп жеткізді. Грек философияның ғылым ретінде пайда болу процесі кезінде – ақ басталған материализм мен идеализм арасындағы күрес оның тез және тамаша дамуына ықпал етті.

Стихиялық материалистер білімі одан әрі дами түсті. Мысалы: Периклдің досы Анаксагор өзінен бұрынғылар түтас алғандағы материяның табиғаты жөніндегі стихиялық материалистер қорытындыларын дамыта отырып, оның құрылысына назар аударды. Ол барлық денелер ән майда бөлшектердің тиісті сапаларын бойына жинаған: ауа - ән майда ағаш бөлшектерінен, металл – тиісті металл бөлшектерінен, металл – тиісті металл бөлшектерінен, ет – ен майда ет бөлшектерінен, т.с.с. құралған деп үйретті.

Ежелгі грек материалистік философияның шының – Абдерадан шыққан Демокриттың / б.з. дейінгі 460 – 370 жылдар/ бүкіл әлем кеністігі, соның ішінде біздің жер да барлық заттар да, адамдар да, жануарлар да заттық жағынан бір келкі, бірақ түрі мен көлемі әр түрлі аса майда бөлшектерден атомдардан тұратыны жөнінде ілімі болды. Демокриттің ілімі бойынша атом – мәнгілік және бөлшектелмейтін материяның одан әрі бөліне алма – алмайтын ен майда бөлшегі болып табылады. Демокрит әлемде тек жаңа мәнгі қозғалыстағы атомдар мен бос кеністік қана бар деп санады. Өз қозғалысы кезінде атомдар бір – бірімен қақтығысып, әр түрлі үйлесім тауып, дүниедегі, сан килы заттарды құрайды. Бұл заттар Демокриттін пікірінше олардың құрап тұрған атомдар бөлшектеліп кеткенше өмір сүреді. Демокриттін атомдық теориясының ғылым мен философияның содан кейінгі үлкен, прогрессивті ықпалы болды. Демокрит тұнғыш рет қозғалыс – материяның ен әуелгі қасиеті екендігі жөніндегі қағиданы айқын тұжырымдады. Оның ілімі механикалық материализм болып табылады.

Архайкалық кезендегі және классикалық кезеннің бірінші жартысындағы философтар табиғатты, әлем кеністігін материалистік немесе идеалистік тұрғыдан танып білуге және зерттеуге басты назар аударды. Бірақ білімнің жинақталуы және қоғамдық қатынастардың құрделенуі барысында ежелгі грек философтары алдында жаңа проблемалар туындап отырды:

« Индивидуализм мен субъективизмнің осе туруі бірінші кезекке космостың емес, адамның проблемаларын қоюды, мәнгі қозғалыстағы және байсалды скульптуралық бейнеленуін емес, адамның субъективті терен табиғатына, оның психологиясына, оның кешікпей – ақ өзіндіқ мәнге ие болуға және тіпті анархизмге талпынған сезім – куйлеріне бойлап енуді талап етті». Бұл проблемалар б.з. дейнгі У – ғасырдың 2-ші жартысында өмірге философтардың жаңа типін және философиядағы бірқатар жаңа бағыттарды алып келді, бұл бағыт өкілдері софистер, басқаша айт қанда, даналар деген жалпы атқа ие болды.

Б.з. дейнгі У – ғасырдағы Грециядағы, әсіресе Афины мен демократиялық өзге полистердегі, қоғамдық және саяси жағдайлар тындаушылар мен әнгімеле сушіден өз аитқандарына сендіре алатын шешендік өнерді менгеруді талап етті. Ел аралап жүрген даналық мұғалімдері – софистер осы өнерлер мен білімдерді үйренгісі келгендерді ақыл алып оқытатың еді. Олардың білімі субъективистік және анархистік ілімі еді. Өздерінің қызмет барысында софистер өз білімдерінің дұрыстығын жөнінде, олардың ақиқаттығын тексеріп білуге болама, жоқпа, осы жөнінде сүрақ қоюға тиісті болды. Осындай сүрақ софист философтардың табысы дей керек. Алайда шындықтын критерийі жөніндегі сүраққа олар жауап бере алмады.

Алдынғы буын софистердің көрнекті өкілдерінің бірі – Протагор болды. Ол « барлық заттардың өлшемі – адам», басқаша айтқанда өз қасиеттері жоқ, ол қасиеттер олардың бойында адамға қатынастарына қарай, пайда болады деп үйретті. Протагор қара да, ақ та жақсы да, жаман да жоқ, заттар мен құбылыстарды бағалағанда бұл қасиеттердің бәрін оларға адамның өзі береді деп үйретті. Софистердің заттардың мәнің түсіндіоуге осындай субъективті тұрғыдан келуі олардың философиясының одан әрі дамуына ғана емес, практикалық қызметтеріне де ықпал етті. Сөздерді әр түрлі әдістерімен құбылтып пайдалану арқылы олар бірі – біріне мүлде қарама – қарсы, бір – біріне жоққа шығаратын пікірлердің әрқайсысың мейлінше дұрыс екенің дәлелдеп бере алатын. Софистердің білімінің негізінде объективті шындықтың болатынына сенбеушілік жататын.

Софистер арасынан шығып, бірақ олардан басқа жолға түскен көрнекті философ Сократты да /б.з. дейнгі 471-399 жылдар/ одан, ақыл – ой проблемасы толғандырды. Сократ бүкіл өмір бойына бірде – бір шығарма жазбағанына қарамастан, оның философиясы көпшілікке кенінен тарады және оның шәкірттері көп болды. Сократ мектептерде сабақ бермеді, лекциялар оқымады, Афинадағы адам жиңалатын базарды, афинылықтардың қыдыратың сүйікті орны Пропилеяны және басқа да жерлерді аралап, өз шәкірттерімен әнгімелесіп тұрды. Сократтын шәкірттері көп болды. Олар тек аристократтар мен байлар ғана емес еді, олардың ішінде қарапайым адамдар да болды.

Ақиқаттың критерийін іздеуде Сократ софистерден ілгері кетті. Ол дәл метод табұға талпынды, Сократтың пікірінше адам ен алдымен өзің - өзі тануға тырысқаны жөн, Сократ өзің - өзі тануға кіріскен адамға өзінің афоризм түрінде шығарған: « Менің білетінім, өзімнің ешнәрсе білмейтінім» деген қағидасың басшылыққа алуды ұсынды. Ойшылды бұл қағида алдын ала кесіп – пішуден, теріс пікірден сақтандырды. Ақиқатты танып білу – ойлатан және әрекет жасай алатын рухани тіршілік иесі ретінде өзіне мухият талдау жасаудан басталуға тиіс. Сократтың пікірінше, ойшыл адам өзінің рухани аппаратының механизміне талдау жасауды аяқтаған сон өмір проблемасын дұрыс шеше алады, объективті тұрде өмір сүретін рухтың мәнің түсуне алады, басқаша айтқанда объективті ақиқатты біледі. Ойшыл адам осыдан сон осы ақиқатқа мүмкіндігінше неғұрлым көбірек дамдардың көздерін жеткізуге тиіс.

Сократ Афинада, мүсіншінің отбасында дүниеге келген. Бұл дүниедегі дәм – түзы таусылар шақта данағай карт ә Жастарды рухани аздырды» деген жаламен сотқа тартылып, өлім жазасына кесілді. Түрмеден қашып шығуға мүмкіндігі болса да, аққа құдай жоқ деп, қашып – пысып, буқпантайлап өмір сүріді өзіне ар санайды. Ақырда Афина билеушілері өған у ішкізіп өлтіреді.

Сократтың өз тұстары мен шәкірттерінің айтүы бойнша донағай қарт үйде отырып жазғаннаң гөрі, сыртқа шығып, ел аралап, көпшілік арасында сүхбат құруға, пікір таластырұға, ой жарыстыруға қуштар екен. Әнгіме – дүкенді көбіне сүрақ – жауап түрінде жүргізгенді, диалогқа құрғанды жақсы көріпті. Ол өз тындармандары алдында ежелгі натур – философияны дейексіз деп тауып, адам санасын айтүға, ой өрісін қенейтүге көп көніл бөлген. Сөйтіп, әнгімелесу, сүхбаттасу, сүрақ беру, сүраққа жауап қайтару арқылы ақиқатқа жетудің жолың ашқан. Мұның өзі Сократтың философияда диалектиканың негізін салушы ғұламалар денгейіне көтерді. Әрі былайға жұрт оны ұғымды философияның зерттеу объектісі ету арқылы ежелгі грек философияның дамуына елейлі ықпал еткен ұлы ойшыл ретінде бағалады.

Ұлы ойшыл, ғұлама Сократ әсіресе даңалық, игілік, ізгілік, адамгершілік, әділеттілік сияқты ұғымдарды талдап, талқылауға жете мән берген кісі сондықтан этика саласында қатан рационализм бағытын ұстанған философ ізгілік пен білімді пара – пар қойып, жақсылықтын не екенің білетін кісі жамандыққа қарай аттап баспайды деп есептейді. Демек, білімді дана кісілер ғана мейрімді, рақымшыл бола алады, ал қиянат жасауын білместікпен, істін ақыры қайырлы болатынына көзі жетпегендіктен жасайды, деп ой қорытады. Саясатқа келгенде ғұлама әділетсіздікке негізделген басқару тәсілдерінің бәрін монархияны, тиранияны, аристократияны, плутократияны түгелдей қатал сынға алды. Тіпті Афинадағы демократияның кейбір нышандарына да күдікпен қарайды. Алайда ұлы ойшыл әділетке негізделген мемлекеттін қажеттігін мойындайды. Яғни оның саяси қөзқарасы мемлекет билігі « игі жақсылардың», екінші сөзбен айтқанда, ақыл ойы түзу алысты болжап, ертенің қөре билетін, басқару өнеріне жетік, халықты аздырып – тоздырмайтың іскер де беделді қайраткерлердің қолында болу керек деген тұжырымға негізделеді.

Сократ қүлдықты елдегі нақты тарихи өмірмен байланыстырмайды экономикалық категория ретінде қарастырмайды. Ол бұл категорияға моралдық жағынан келіп, жақсылықты білмейсін беқулсын, жүрегінде мейрімділік шуағы жоқ па – кулсын, әділеттін ауылынан шалғай қондын ба – күлсын деп санайды. Аристотельдің айтуынша, Сократ индикциялық дефинициялық тәсілдерді қолдана отырып ақиқатты анық таныған. Ал ғұламаның өзі оны « майевтика» деп атаған.

Шегелеп айтар болсақ, филисофия тарихындағы Сократ қолданған, философия, із – диалог арқылы ақиқатты табу. Бір ғажабы ол « айтым бітті, кестім – үзілді» принципінен бас тартып, догматизмді мойындамаған данышпан. Өзіне дейінгі ойшылдардың көпшілігі өздерінің бұрынғы бір кездегі жасаған тұжырымдары мен қағидаларынан танбай, қайталай беретін болса, Сократ бұл таптаурыннан мүлде қиғаш кетіп, тыннан соқпақ тартады. Сондықтан ол әнгіме – дүкен үстінде туындаған керегар қозқарас атаулының қай – қайсысы болсын, жылы жауып қоя салмайды, оппонентімен дауласады, таласады, тағы бір соны ойлар туындадатын сұрақтар қояды. Осы тұрғадан келгенде ол өзін бәрін білетін данышпанмын деп есептемейді. Яғгни Сократ қарапайым сұхбатшы. Осы қарапайымдылығының арқасында ол « сүттен ақ», «сүдан таза», « адал жаң, байтарап, ойшыл, шынайы шындықты бәрінен жоғары қоятын жаны сұлу ұлы ғулама данышпан философ ретінде сан ұрпақтын санасына уялады. Философия тарихында қалған Сократ мәні де, болашақ үрпақты да шынайы шындықтың ауылына қарай бастай бермек.



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау