7.3. Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар
Кәсіпорын айналасында ені 50 м-ден кем емес санитарлық қорғаныс аймағы болуы қажет. Осы аймаққа ағаштармен, бұталармен көгаладндыру керек, бұл ауаны оттегімен байытуға, көмірқышқыл газының жұтылуына, ауаның шаңнан тазартылуына, шудың төмендеуіне және микроклиматты реттеуге мүмкіндік береді.
Атмосфералық ауаның тазалығын нормалық шегінде ұстап тұру үшін автопаркте ауа-алмастыру және технологиялық тастандыларды алдын-ала тазалап, содан соң ғана оларды атмосфераға сейілтеді. Атмосфераға тасталанынатын зиянды заттардың шектік мүмкін концентрациясы мөлшері МЕСТ 17.2.3.02-78 талаптарына сәйкес болуы қажет. Осы кезде атмосфераның жерге жақын қабатындағы зиянды заттардың концентрациясы шектік мүмкін мәннен аспауы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету станциясында бензинді қозғалтқышы бар автомобильдердің пайдаланылған газдарындағы СО мен СН мөлшері бойынша экологиялық бақылаудан өткізеді. Осы мақсатта газоанализаторлар кеңінен қолданылады. Автомобильдердің тасталынатын зиянды заттардың мөлшерін комплекстік бағалау үшін автомобильдің нақты қозғалыс жағдайын ұқсататын жүрістік циклдер жасалған. Дизелбдік қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарының зияндылығы олардың түтінділігі бойынша анықталады.
Санитарлық нормалар мен өндірістік бөлмелердегі ауаның құрамын зиянды заттардың мешікті-мүмкін концентрациясы (ПДК) тағайындалған. Мысалы, акролейн, бензин, көміртегі және азот тотықтарының 30 минут ішінде шектік мүмкін концентрациясы мүмкіндігінше 0.2, 100, 20, 5, 300 мг/м3 құрайды. Осы техникалық талаптар орындалу үшін ТҚК мен жөндеу аймағының құйылып-сорылатын вентиляциямен қамтамасыз ету қажет. Бір автомобильді жуу кезінде ағын суларға 5-10 г май мен жанар-май, 10-15 г ұсақ бөлшектер түседі. Мұнай өнімдерінің ағын сулармен бірге табиғи су бөгендеріне түспеуі үшін жуу орындарын лай тұндырғыштарын және май мен бензин ұстағыштармен жабдықтайды. Бұдан басқа, автомобильдердің жууы кезінде суды қайта қолдану жолы қарастырылады, топырақтың беткі қабатына ластанған суларды жібермейтін іс-шаралар жүргізіледі.
Кезінде атмосфераға тасталатын зиянды заттардың көп мөлшері болған жағдайда технологиялық процесстің жетілдіру деңгейінен және жоғары технологиялық жабдықтардың қолдану дәрежесіне байланысты болады. Сондықтан да зиянды заттардың тасталуын төмендету бағыттарының бірі технологиясы және ұйымдастырылуын жетілдіру, экологиялық қауіпсіз және қалдықсыз технологияны қолдану болып табылады.
Зиянды заттардың атмосфераға тасталуын сүзгіш элементтермен жабдықталған жергілікті вентиляцияны орнату есебінен төмендетуге болады.
Жұмыс орындарының майлау материалдарымен ластануын майлау үшін арнайы құралдар қолданумен, қалдық майларды арнай ыдыстарға құю арқылы төмендетуге болады.
8. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
8.1.Күрделі салымдарды есептеу
Қосынды күрделі салымдар [2]:
К = Соб + Сдм + Стр + Сстр (8.1)
мұндағы Соб – сатып алынатын жабдықтың құны, тенге;
Сдм – жабдықты орнатуға кететін шығындар, тенге (жабдықтың
құнынан 5-15% алынады);
Стр – жабдықты тасымалдауға жұмсалатын шығындар
(жабдықтың құнынан 5% алынады), тенге;
Сстр – құрылыстық жұмыстардың құны, тенге.
Құрылыстық жұмыстар жобамен қарастырылмаған, сондықтан олардың құны нөлге тең. Жобаланған стендтің құны шамамен 22500 теңгені құрайды.
Жабдықты сатып алуға, жет.кізуге және орнатуға жұмсалатын күрделі салымдарды арнайы смета (кесте 8.1.) бойынша анықтаймыз.
Кесте 8.1
Жабдықтың атауы
|
Са-ны
|
Бір жабдық құны, тенге
|
Жалпы құны,
тенге
|
Сдм,
тенге
|
Стр,
тенге
|
1. Тежеу барабандарын жонуға арналған стенд
|
2
|
22500
|
45000
|
4500
|
2250
|
2. Қайрау станогы
|
1
|
21750
|
21750
|
2175
|
1090
|
3. Фрезер станогы
|
1
|
34500
|
34500
|
3450
|
1725
|
4. Тежеу барабандарын тегістеуге арналған құрал
|
1
|
12000
|
12000
|
1200
|
600
|
5. Тегістейтін станок
|
1
|
21750
|
21750
|
2175
|
1090
|
6. Токарлы станок
|
1
|
34500
|
34500
|
3450
|
1725
|
7. Бұрғылау станогы
|
1
|
35000
|
35000
|
3500
|
1750
|
8. Гидравликалық пресс
|
1
|
14100
|
14100
|
1410
|
705
|
9. Технологиялық құрал-сайман
|
–
|
30000
|
30000
|
–
|
1500
|
10. Ұйымдастыру құралдары
|
–
|
15000
|
15000
|
1500
|
750
|
Барлығы:
|
-
|
241100
|
263600
|
23360
|
13185
|
К=263600+23360+13185=300145 тенге.
8.2. Жұмыстардың өзіндік құнын есептеу
8.2.1. Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы
Негізгі еңбек ақы қоры [2]:
З0 = Сч × Рт × Фт × Кпд, (8.2)
мұндағы Сч – орташа тарифтік ставка , тенге;
Фт – жұмыс уақытының жылдық қоры, сағ;
Рт – учаскедегі жұмысшылардың саны;
Кпд = 1,1 – премия мен қосымша ақыны ескеретін коэффициент.
З0 = 105 × 4 × 2070 × 1,1 = 956340 тенге
Қосымша еңбек ақы қорын келесі өрнекпен анықтайды [2]:
Здп = З0 × Пдп /100, (8.3)
мұндағы Пдп – қосымша еңбекақы пайызы (АТК мәліметтері бойынша 7%).
Здп = 956340 × 7 /100 = 66943,8 тенге.
Әлеуметтік салық бойынша еңбекақыға қосымша сома:
НЗ = Зобщ. × 0,26 , (8.4)
мұндағы Зобщ. – еңбекақының жылдық қоры, тенге.
Зобщ. = З0 + Здп. (8.5)
Зобщ = 956340 + 66943,8 = 1023283,8 тенге,
НЗ = 1023283,8× 0,26 = 266053,8 тенге.
1 жұмысшының айлық орташа еңбекақысы:
Зм = , (8.6)
Зм = = 26861,2 тенге.
Достарыңызбен бөлісу: |