Диплом жобалау 5В073100 мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулықтар



жүктеу 353,44 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.01.2020
өлшемі353,44 Kb.
#25874
түріДиплом


 

 



  

 

  

  



  

  

  



  

 

 



  

 

ДИПЛОМ ЖОБАЛАУ 

  

 

5В073100 мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулықтар 



 

  

  



  

  

  



  

  

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Алматы 2014 ж. 



Еңбек және қоршаған ортаны 

қорғау кафедрасы 

 

Коммерциялық емес 

акционерлік қоғам 

 

 

АЛМАТЫ  

ЭНЕРГЕТИКА  

ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС 

УНИВЕРСИТЕТІ 



 

 



ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Н.Г. Приходько, Ж.М. Айтбаева, А.Ж. Амренова. 

Диплом жобалау. 5В073100 мамандығының студенттері үшін әдістемелік 

нұсқаулықтар. – Алматы: АЭжБУ, 2014. – 22 б. 

  

 Бұл әдістемелік нұсқау 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір 



тіршілік  қауіпсіздігі»  мамандығы  үшін  диплом  жобаны  әзірлеуге  және  оны 

қорғауға  даярлау,  студенттерге  ұсыну  және  негізгі  талаптарын  көрсетуге 

арналған. 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



  

  

Пікір беруші: аға оқытушы Б.К. Курпенов   



  

  

  



  

  

  



  

 

 



 

 

   



 «Алматы  энергетика  және  байланыс  университеті»  коммерциялық  емес 

акционерлік қоғамының 2014 ж. жоспары бойынша басылған. 

 

   


 

 

 



 

 

 



© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2014 ж. 


 

 



Кіріспе  

 

Осы  5В073100  –  «Қоршаған  ортаны  қорғау  және  өмір  тіршілік 



қауіпсіздігі»  мамандығы  бойынша  дипломдық  жұмысты  орындауға  арналған 

әдістемелік нұсқау мамандық бойынша бакалаврларды даярлау деңгейін және 

мазмұнын  азайтуға  кәсіби  жоғарғы  оқудың  Мемлекеттік  оқыту  стандарттың 

талаптарына сәйкес құрастырылған.  

Осы  жағдай  диплом  жобаның  ресiмдеуiнiң  ережелерiне  және 

құрылымына, көлеміне жалпы талап орнатады.  

Әдістемелік  нұсқаудың  негізгі  мақсаты  студенттерді  уақытында 

келесілермен таныстыру болып табылады: 

-    диплом жобасының тақырыбымен;  

-  дипломдық  жобаға  ұсынылатын  талаптардың  сипатымен  уақытылы 

таныстыру;  

-  дипломдық  жоба  жұмысы  бойынша  реттілік,  диплом  жасаушының 

жұмысына жобалауды енгізуге мүмкіндік береді, және диплом жобасының әр 

бөліміндегі  мазмұны  мен  көлеміне,  оларды  орындау  әдістемесіне, 

түсіндірмелі жазбаны және диплом жобасының сызбақтық бөлімін мәзірлеуге 

қойылатын  жалпыға  міндетті  нақты  талап  шектерінде  белсенділігін 

максималды  көрсету  арқылы  дипломдық  жоба  тақырыбын  шығармашылық 

түрде жасауға ынталандырады.    

Дипломдық  жобаны  және  оның  тақырыбын  жасау  диплом  алдындағы 

машықтанудың  базасы  болып  табылатын  немесе  бітіруші  жұмыс  істейтін 

мекеменің (ұйым) нақты материалымен базалануы қажет.  

Дипломдық  жоба  маманның  дайындығын  және  теориялық  пен 

тәжірибелік  есептерді  шешу  дайындығын  көрсетеді.  Жұмыста  белгілі 

академиялық немесе нақты тақырыптың зерттелуі сипатталады, сол жұмысқа 

осы немесе басқа да ұйымдардың қызығушылығы болуы қажет.  

Дипломдық  жобаның  авторы  жұмыста  қабылданған  шешімдер  мен 

барлық берілгендердің дұрыстығына жауап береді.  

Дипломдық  жобаны  орындау  және  қорғау  кезінде  студент  келесілерді 

көрсетуі қажет: 

-  таңдалған  тақырып  бойынша  берік  теориялық  білім  және  теориялық 

материалдың мәселелелік шығарылуы; 

-  мекеме  және  ұйымның  әдебиеттік  материалдарын  зерттеу,  жүйелеу 

және  жалпылау,  тәжірибелік  есептерді  шешу,  ұсыныстар  мен  қорытынды 

жасау білу; 

-  сараптама  және  есептерді  жүргізуге  дағдылану,  қазіргі  заманғы 

есептеуіш техниканы үйрену және талдау жүргізу; 

-  таңдаған  мамандығы  бойынша  тереңдетілген  теориялық  және 

тәжірибелік білімін, нақты есептерді шешу кезінде оларды қолдана алады. 

Дипломдық жобаға жалпы талаптар: 

- мақсатты 

бағыттылық

- тұрғызудың айқындылығы; 



- материалды шығарудың логикалық реті; 


 

 



- сұрақтарды зерттеу тереңдігі және олардың шығу айқындығы; 

- жобалық шешімдердің нақты аргументациясы; 

- формулалар қысқартылған және нақты; 

- қорытындылардың дәлелдігі және ұсыныстардың негіздемесі; 

- мәзірлеудің ұқыптылығы. 

 

1 Жалпы жағдай 



  

Дипломдық  жоба  5В073100  -  «Қоршаған  ортаны  қорғау  және  өмір 

тіршілік  қауіпсіздігі»  мамандығы  бойынша  олардың  дайындық  деңгейін, 

инженерлік – техникалық, экономикалық, ұйымдастырулық, басқарулық және 

басқа  да  есептерді  өздігінен  шешуді  бағалауға  мүмкіндік  беретін    оқу 

үдерісінің,  аттестацияның  соңғы  сатысы  болып  табылады.  Дипломдық  жоба 

орындау кезінде студент өздігінен, алған білімінің барлық кешенін пайдалана 

отырып, ғылыми-техникалық есептерді шешу және құрастыруды білуі қажет. 

Осы  сатыда  бітірушінің  зерттеулік  жұмысқа  қабілеттілігі  байқалады  және 

нақты инженерлік және ғылыми техникалық есептерді шешу кезінде алынған 

білімдерін  қолдану  және  ғылыми  әдебиетпен,  рефератты  журналдармен, 

интернетте 

ақпараттарды 

іздеу 


жұмыстары 

бағаланады, 

өзінің 

шығармашылық  қабілетін  көрсетуге  мүмкіндігі  бар:    ойлап  табушылығы, 



өзіндік  ойлауы  және  ұйымдастырулығы.  Сонымен  қатар  студент  жұмыстың 

сапасына  жеке  жауапты  және  дипломдық  жобаны  көрсетілген  мерзімде 

дайындау және қорғау.   

Дипломдық жобаның мақсаты:  

1)  жүйелендіру,  мамандығы  бойынша  теориялық  білімін  және 

тәжірибелік  дағдысын  бекіту  және  кеңейту,  оларды  нақты  ғылыми, 

техникалық,  экономикалық  және  өндірістік  есептерді  шешу  кезінде  қолдана 

алуы; 


2)  өзіндік  жұмысты  жүргізудің  дағдысын  дамыту  және  жасалатын 

сұрақтар  мен  мәселелерді  шешу  кезіндегі  ғылыми  зерттеудің  және 

сараптаудың әдісін меңгеру; 

3)  қазіргі  өндіріс,  ғылым,  техника,  мәдениет  шартында  студенттің 

өзіндік жұмысқа дайындығын және оның кәсіби компетенциясын анықтау. 

Дипломдық  жобаның  есебі  «Қоршаған  ортаға  мекемелердің  әсерін 

бағалау», 

«Булы 


газдарды 

инвентаризациялау», 

«Шекті-рұқсатты 

шығындардың  эмиссия  нормативтерін  жобалау»,  «Жұмыс  орындарын 

аттестациялау», «Мекеме тұрақтылығын жобалау» және т.б. жобаларды жасау 

үшін дағдыларды дамыту.  

Жобалаудың  (зерттеудің)    мақсаты  мен  міндеттерінен  басқа, 

тапсырмаларда  жобалаудың  (зерттеудің)  орындалуының  экономикалық 

тиімділік сұрақтарының бейнесінің көрінісі табылуы қажет. 

Дипломдық жоба бойынша жұмыс атқару үдерісі кезінде бітіруші өзінің 

қойылған мемлекеттік оқыту стандарттарымен, инженердің кәсіби қызметінің 

талаптарын орындауға машықтық және теориялық дайындығын көрсете алуы 

қажет. 



 

 



Дипломдық  жоба  кәсіби  білікті  бағдарлама  бойынша  оқуын  аяқтаған 

және  оқу  жоспарында  қарастырылған  барлық  аттестациялық  сынақтан  өткен 

студент жіберіледі.  

Студенттер  не  диплодмық  жобаны,  не  дипломдық    жұмысты  орындай 

алады.  

Дипломдық  жоба  –  бұл  студентпен  белгілі  инженерлік  мәселені,  түрлі 

бағдардағы телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді жобалау, жаңғырту, 

жетілдіру  және  жасаудың  заманауи  талаптарына  жауап  беретін    теориялық 

шешулер. Дипломдық жоба теориялық және тәжірибелік зерттеулер, жобалық 

құрастырушылық  жасалымдарды  жүргізумен  орындалады.  Ол  кестелер  және 

түсіндірме жазбалар түрінде мәзірленеді. 

Дипломдық  жұмысты  орындауға  ғылыми-зерттеу  жұмысына  қабілеті 

бар  студенттер жіберіледі.  Жеке форма  бойынша оқыған студенттер  ережеге 

сай,  дипломдық  жұмысты  орындайды.  Бұл  жағдай  басқа  студенттерге  де 

дипломдық  жұмысты  орындауға  мүмкіндік  береді.  Техникалық  жоғары  оқу 

орындарындағы  дипломдық  жұмыстың  орындалуы  бітіруші  кафедра 

меңгерушісінің ұсынысы бойынша ректор рұқсатымен жіберіледі.   

Дипломдық  жобадан  айырмашылығы  бар  дипломдық  жұмыстың 

ерекшелігі  фундаменталды  немесе  ізденісті  ғылыми  зерттеу  аймағынан 

есептерді шешу болып табылады және теориялық бөлімі кеңейтілген болады. 

Дипломдық  жұмыс  ғылыми-техникалық  сипатқа  ие  болуы  қажет  және 

мамандығы  бойынша  қандай  да  бір  өзекті  ғылыми  мәселенің  теориялық 

немесе  сараптамалық  зерттемесі  болуы  қажет.  Оған  зерттеу  тақырыбы 

бойынша  ақпараттық  ізденіс,  теориялық  және  тәжірибелік  бөлімдер,  зерттеу 

нәтижелерінің салыстырмалы талдамалары және қорытынды жатады. Жұмыс 

нәтижесі  мәтін  бөлімінде  сызбақтармен,  кестелермен,  сызбалармен, 

сұлбалармен және т.б. рәсімделеді.  

Толығымен дипломдық жұмыс бойынша ұсыныстар дипломдық жобаға 

арналған сияқты болады.  

Бакалаврдың  бітіруші  біліктілік  жұмысы  (дипломдық  жоба  немесе 

дипломдық  жұмыс)  өзімен  5В073100  -  «Қоршаған  ортаны  қорғау  және  өмір 

тіршілік  қауіпсіздігі»  мамандығы  бойынша  дайындықтың  ерекшеліктерін 

анықтаушы  актуалды  тапсырмаларды  шешумен  байланысты,  бітірілген 

ғылыми  –  зерттеулік,  жобалық  немесе  технологиялық  жасалымды  ұсынуы 

қажет.  

 

2 Дипломдық жобаның тақырыбы 



 

Дипломдық жобаның тақырыптары өзекті, қазіргі жағдайға және ғылым 

мен техниканың даму болашағына сәйкес болуы керек және ДЖ орындалатын 

бөлімдер  үшін  теориялық  немесе  машықтық  қызығушылық  білдіретін, 

өндірістің  ерекшелігін  есепке  алатын,  жоғарыда  ұсынылғандарға,  студенттің 

мамандық бағытына және өзінің мазмұны бойынша талаптарға жауапты. 

Дипломдық  жобаға  арналған  тақырыптар  негізінен  студенттердің 

өндірістік машықтануда орындаған жұмыс бағытымен сәйкес келуі қажет.  




 

 



Мүмкін  болатын  бітіруші  білікті  жұмыстардың  тақырыптары  жоғары 

оқу  орындарымен  беріледі.  Дипломдық  жобаның  тақырыптары  мекеме  және 

ұйым,  бітіруші  және  басқа  да  кафедралардың  оқытушылары  арқылы 

дайындалады.  Студент  бітіруші  білікті  жұмысын  негізгі  түсіндірмелері  және 

оны жасаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, өзінің тақырыбын ұсынуына 

болады.  

Дипломдық  жұмыстың  тақырыптары  жеке,  сонымен  қатар  кешенді 

болуы  да  мүмкін.  Кешенді  тақырыптар  ауқымды  мәселелерді  қамтиды  және 

оған  осы  мәселелермен  байланысты  бірнеше  жеке  тақырыптар  кіреді.  ДЖ 

едәуір нақты формасы ауызша жобалануы, оның тақырыбы  алғашқыда пәндік 

жобада,  ары  қарай  тақырыпты  кеңейте  және  тереңдете  отырып,  дипломдық 

жобада жасалады.  

Ұсынылатын  дипломдық  жоба  жетекшілер  мен  тақырыптарының 

тізімдері  кафедра  отырысында  бекітіледі  және  алдын-ала  кафедра  стендіне 

ілінеді.  

Ұсынылған  тізімдерден  студенттің  тақырыптарды  таңдауға  құқы  бар. 

Студент бітіруші білікті жұмысын негізгі түсіндірмелері және оны жасаудың 

маңыздылығын  түсіндіре  отырып,  өзінің  тақырыбын  ұсынуына  болады. 

Өндірістен  үзіліссіз  оқитын  және  жұмыс  істейтін  студенттер  өндірісте 

жобаланатын  немесе  шешімі  жоқ  мәселелерді  ала  отырып,  тақырыптарын 

таңдағаны дұрыс.  

Студент жоба тақырыбын диплом алдындағы машықтандудың алдында 

алады және  жетекшісімен бірлесе ДЖ тапсырманы  дайындайды.  Тақырыпты 

таңдағаннан  және  жетекшісімен  кеңескеннен  кейін  студент  кафедра 

меңгерушісінің атына өтініш жазады және оны кафедраға өткізеді.  

ДЖ  тақырыптарын  бекіту  кафедра  меңгерушісімен  немесе  диплом 

алдынғы  машығына  жауапты  оқытушысымен  жекеше  тәртіпте,  кафедра 

кеңесінде  нақты  тақырыпты  бекітілуімен  жүзеге  асырылады.  Студентке  ДЖ 

тақырыбы мен жетекшісін бекіту студенттің өтініші негізінде университеттің 

бұйрығымен  бекітіледі.  Диплом  алдындағы  машықтанудан  кейін  ДЖ 

тақырыбын өзгерту мүмкін, жетекші немесе кеңесшіні ауыстыру жағдайында, 

өзгерту  туралы  шешім  кафедра  отырысында  мамандыққа  жауапты  адам 

арқылы  енгізіледі  және  кафедра  шешімімен  және  университет  ректорының 

бұйрығымен бекітіледі.    

Студент жетекшісі қойған мерзімде өзінің жұмысы туралы әрқашан есеп 

беріп отыруы қажет.  

Қорғауға  ұсынылған  ДЖ  атауы  тапсырмадағы  бекітілген  тақырыппен 

сәйкесті болуы қажет.   

 

2.1  Дипломдық  жобалауға  арналған  техникалық  тапсырманы  беру 

мен мазмұнының тәртібі 

 

ДЖ  арналған  техникалық  тапсырма  (ТТ)  ДЖ  жетекшісімен  диплом 



алдындағы  машықтану  аяқталуға  бір  апта  қалғанда  беріледі.  Экономикалық 

бөлім  бойынша  диплом  жасаушы  және  жетекшімен  келісілген  және  бітіруші 




 

 



кафедрасымен бекітілген тапсырма ДЖ регламенттейтін жалғыз құжат болып 

табылады. Техникалық тапсырманы бекіту диплом алдындағы машықтанудың 

есебін  өткізу  кезінде  бірге  беріледі.  ТТ  өзгерту  тек  кафедра  меңгерушісінің 

рұқсатымен болады.  

 

Диплом  жобасына  берілетін  техникалық  тапсырма  ДЖ  мазмұнын 

анықтайтын негізгі құжат болып табылады.  

ДЖ тапсырма келесідей талаптарға жауап беруі керек.  

 

Жобаға  берілетін  бастапқы  берілгендер  орындалатын  ДЖ  негізгі 

сипатымен белгіленуін қамтуы қажет.  

Жобаның  мазмұнына  жалпы  тапсырманы  орындау  кезінде  шешілетін 

барлық сұрақтардың сипаттамасы кіреді: 

-  шолу  бөліміне  жобаның  шолу-рефератты  бөлімі  бойынша  тапсырма 

жатады  (ұқсас  жұмыстарға  шолу,  ДЖ  тақырыбына  қойылған  мәселені 

шешудің мүмкін болатын әдістері мен құралдары); 

-  есепті-құрылмалық  және  теориялық  бөлімдеріне  ДЖ  теориялық 

бөліміндегі тапсырмалар жатады: пайдаланатын есептің әдістерін таңдау және 

түсіндіру,  есептеуге  арналған  қолданылатын  қолданбалы  бағдарламалардың 

пакеттері,  қоршаған  ортаға  мекеменің  әсерін  бағалау,  өнеркәсіпті 

мекемелердің санитарлы-қорғау аймағының есебі және т.б.; 

сараптамалық бөлімде ДЖ тәжірибелік бөліміне қатысты тапсырмалар 

бөліктері  бар:  әртүрлі  ластану  көздерінен  түсетін  зиянды  заттардың 

шығуының  есебі,  өнеркәсіптік  қауіп  есебі,  өнеркәсіптік  мекеме  және 

тұрғылықты жерлердегі суды тұтыну және суды жеткізу.  

Жоба тақырыбы бойынша негізгі әдебиетте берілген тақырып бойынша 

жетекшімен ұсынылатын негізгі әдебиеттің бірнеше позициясы болуы қажет.  

Жобаның  есептік  материалында  ДЖ  нәтижесі  ретінде  МАК-да 

ұсынылатын  материалдар  тізімі  кіреді.  Бұл  түсіндірмелі  хат  және  сызбақтық 

материалдар тізімі (міндетті сұлбалардың атауы және олардың А1 форматтағы 

саны көрсетіледі) ДЖ материалды нәтижесі кіреді.      

Тапсырма  соңында  міндетті  түрде  ДЖ  жетекшісінің  және  диплом 

жасаушының қолдары болуы тиіс.  

Кешенді ДЖ орындау бір ғылыми жетекші жетекшілігімен орындалады. 

Кешенді  жобада  әр  диплом  жасаушыға  жеке  берілетін  ТТ  жеке  негізін 

құрайтын  сұрақтар  болуы  қажет.  Алынған  ТТ  сәйкес  студент  өзінің  жеке 

тапсырмасы бар түсіндірмелі хатты толтырады.  

Кешенді  ДЖ  тақырыбы  бойынша  қорғау  кезіндегі  баяндама  мен 

түсіндірмелі хаттың маңыздылығы сол тақырыппен байланысты болуы керек 

және оның мазмұнын толықтай ашуы қажет. Кешенді жобаны қорғау кезінде 

студенттерге  сұлбалардың  бір  бөлігін  қолдануға  болады.  Сонымен  қатар 

жобаның авторлары ұсынылған шешімдерді толығымен түсінулері қажет.  

 



 

 



3 Дипломдық жобаның көлемі мен мазмұны  

   

Дипломдық жобаның құрамына:  

 түсіндірмелі  хат  –  сараптамалы  бөлімді  қосқандағы  ДЖ  тақырыбы 



бойынша студенттің орындалған жұмысы туралы ғылыми-техникалық есеп; 

 сызбақты  материал  –  сұлбалар,  сызбақтар,  бағдарлама  алгоритмдері 



және т.б.; 

 қосымша – ДЖ қатысы бар қосымша мәліметтер. 



  

3.1 Түсіндірмелі хат 

   

Түсіндірмелі хат ДЖ қорғау кезінде студенттің ұсынатын негізгі құжаты 

болып  табылады.  Хатта  жобаны  орындау  кезінде  алынған  жұмыс  сатылары 

мен  нәтижелері  жазылады.  Ол  жерде  қысқаша  және  нақты  түрде  жобаның 

негізгі  шығармашылық  ойын  жеткізу  керек,  зерттеу  әдісін,  қабылданған 

есептеу  әдістерін  және  сол  есептің  өзін,  сонымен  қатар  жүргізілген 

тәжірибелерді,  олардың  талдамаларын  және  қорытындыны  сипаттау  керек. 

Хатта  тәжірибенің  әртүрлі  нұсқаларын  техника-экономикалық  салыстыруды 

келтіру  қажет.  Егер  ДЖ  үлкен  ұжым  жасаған  жұмыстың  бөлінбейтін  бөлігі 

болса,  түсіндірмелі  хатта  жалпы  жұмыстағы  диплом  жасаушының  жеке 

қатысы нақты көрінуі қажет.  

Қазіргі кезде негізінен түсіндірмелі хаттың мәтіні қандай да бір мәтіндік 

редакторларда  басылады  және  принтерде  шығарылады.  Түсіндірмелі  хатты 

машинамен жазылған түрінде ұсынуға рұқсат. Сонымен қатар оңай оқылатын 

қолмен жазылған материалды да ұсынуға болады. 

Ұсынылған  жұмыстың  мағынасын  түсіну  үшін  қағидалық  мәні  жоқ 

мәліметтердің  көп  мөлшері  болған  жағдайда  (тестілеу  және  талқылау 

мәліметтері,  қолдануға  арналған  нұсқаулар,  бағдарламаның  бастапқы 

мәтіндер және т.б.), олар қосымшалар ретінде мәзірленеді. 

Студенттердің  кең  таралған  қателіктері  хаттың  бөлімдерінде 

ұсынылатын  материалдардың  сипаттамалары.  Қолданылатын  жабдықтар  мен 

технологиялық  үдерістердің  құрамалары  мен  функционалды  түйіндеріне 

техникалық  сипаттама  келтіру  қажет  емес.  Диплом  жасаушы  жабдықтың 

техникалық  сипаттамасынан  жобаға  тікелей  қатысы  бар  сипатын  алады. 

Түсіндірмелі  хат  талап  етілген  тапсырма  бойынша  жұмыс  орындалғаннан 

кейін  жазылады.  Бірақ  түсіндірмелі  хаттың  сипаты  жұмыстың  қалай 

жасалғандығы,  әртүрлі  нұсқалардың  шешімдерінің  сипаттамасы,  таңдалған 

шешімдерді негіздемесі туралы.   

Толығымен  есептік-түсіндірмелі  хаттың  көлемі  (иллюстрациясыз, 

кестелерсіз,  сұлбаларсыз,  сызбақтарсыз,  қосымшаларсыз)    бір  жағынан 

басылған А4 (өлшемі 210х297) пішінде 80-100 парақ болуы керек.  

Сипаттамады  түрдегі  материалдар  ДЖ  түсіндірмелі  хатының  жалпы 

көлемінен 20% аспауы қажет.  

Түсіндірмелі хаттағы ұсынылатын материалдардың рәсімделуі мен реті 

негізінен [1] сәйкес болуы қажет. 



 

 



Түсіндірмелі  хаттың  материалдарын  4-5  бөлімге  бөлуді  ұсынады. 

Бөлімдердің  құрамы  дипломдық  жобаның  бағытталуынан  тәуелді  болады. 

Жоба  мазмұнының  әртүрлі  болуымен  сәйкес  түсіндірмелі  хаттағы  олардың 

тәртібі  диплом  жасаушыға  байланысты  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Бірақ 

материалды қоюдың келесідей тәртібі ұсынылады.  

Түсіндірмелі хатта келесідей бөлімдер болады: 

 мұқаба бет; 



 дипломдық жобаға тапсырма (В қосымшасы); 

 аңдатпа (көлемі 500 – 600 белгі); 



 мазмұны – әр беттік белгілеумен; 

  кіріспе (түсіндірмелі хаттың жалпы көлемінен 2-3%); 



 аналитикалық шолу және мақсатты қоя білу; 

 орындалған жұмыстың негізгі мазмұнын ашатын негізгі бөлім; 



  техника-экономикалық  негіз  келтірілетін  экономикалық  бөлім, 

сұрақтар– 10%; 

 орындалған жұмыс бойынша қорытынды; 



 қолданылған әдебиеттер тізімі; 

 негізгі  бөлімге  кірмейтін  алгоритм  түріндегі  қосымшалар,  кестелер, 



құрылымдық сұлбалар. 

  

Аңдатпа 



Жобаның  аңдатпасында  (көлемі  1  бетке  дейін)  түсіндірмелі  хаттың 

бөлімдерінің мазмұны қысқаша баяндалады.    

 

Кіріспе 


Кіріспеде шешілетін ғылыми-техникалық мәселелердің қазіргі жағдайы, 

тақырыпты  жасау  үшін  негіздеме  және  бастапқы  берілгендер,  зерттеулік 

жұмысты  жүргізу  қажеттілігіне  негіздеме,  жобаның  жобаланатын  ғылыми-

техникалық  деңгейі,  зерттелетін  жұмыстың  метрологиялық  қамтамасыз  етуі 

туралы мәліметтер болуы қажет.  

Кіріспеде  сонымен  қатар,  жұмыс  тақырыбының  өзектілігі,  оның 

мақсаты,  зерттелетін  нысан  мен  құрал,  арнайы  әдебиеттегі  практикалық 

құндылық және өңдеу дәрежесі және диссертацияны жазған кездегі автордың 

қолданған  методикалық  аппараты  болуы  керек.  Кіріспе  қысқаша 

диссертацияның бөлімдерінен тұрады.  

Кіріспе  дипломдық  жобаның  негізгі  мақсаты  болып  табылатын  толық 

формулалармен  аяқталады.  Кіріспе  қысқа,  бірнеше  беттен,    жобаның  жалпы 

көлемін алғанда 2-3% аспауы қажет. 

 

Аналитикалық шолу және мақсаттың қойылуы. 



Осы  бөлім  жүзеге  асырылып  жатқан  мәселелердің  негізгі  аспектілерін 

ашуға бағытталған. Бұл бөлім мазмұны бойынша негізгі болып саналады және 

ол аналитикалық сипатқа ие болады. Бөлімде қаралған мәселелер бойынша әр 

жүргізілген  зерттеулердің  нәтижелерінің  сараптамасы  болуы  қажет.  Бөлімді 




 

10 


 

дайындау  кезінде  талдаманың  әртүрлі  әдістерін  қолданған  жөн,  сонымен 

қатар ақпаратты өңдеудің арнайы компьютердің бағдарламасын да қолдануға 

болады.  Бөлім  материалдары  дипломдық  жобада  қарастырылатын  мәселе 

бойынша  нақтылығын,  қорытынды  мен  ұсыныстардың  толықтығы  мен 

негіздемесін, бағалауға мүмкіндік беруі қажет.  



 

3.2 Негізгі бөлімі 

 

Жұмыстың  негізгі  бөлімі  параграфтарға  бөлінген  екі  немесе  үш 

бөлімнен  тұрады.  Жеке  бөлімдердің  мазмұны  кіріспеде  айтылған  есептерге 

жауапты болуы қажет және ары қарай жұмыс тақырыбын ашу керек. Әр бөлім 

қорытындымен аяқталады.   

Негізгі бөлімде: 

1)  Зерттеудің бағыты және оның түсінігі, есептерді шешу әдістері және 

олардың  салыстырмалы  бағалануы,  жұмысты  жүргізудегі  таңдалған  жалпы 

әдістеменің сипаттамасы. 

2) 


Сипатты  анықтаманы  және  теориялық  зерттеудің  мазмұнын 

қосқандағы  теориялық  және  тәжірибелік  зерттеулердің  үдерістері,  зерттеу 

әдістері,  есептеу  әдістері,  тәжірибелік  жұмыстарды  жүргізудің  қажеттілігіне 

негіздеме, жасалған нысаналардың әсер етуі, олардың сипаттамалары болады.  

3) 

Жұмыстың  келешек  бағыты  бойынша  ұсыныстар  мен  зерттеу 



нәтижелерінің  бағалануы  мен  жалпыламасы,  алынған  нәтижелерді  растаушы 

бағалар  және  олардың  шетелдік  және  отандық  жұмыстар  тәріздік 

нәтижелермен салыстыру. 

4)  Әр бір тарау мен бөлімдер бойынша қысқаша қорытынды. 

  

3.3 Дипломдық жобаны ұйымдастыру және орындау  

  

Студент жұмысымен жетекшілік ету үшін дипломдық жобаға (жұмысқа) 

профессорлік  –  оқытушылық  құрам  қатарынан  жетекші  тағайындалады 

немесе  шақырылады  (шығарушы  кафедра  тапсырысы  бойынша),  ережеге 

сәйкес,  профессорлар,  доценттер,  университеттің  басқа  және  шығарушы 

кафедраларының  білікті  мамандары,  кәсіпорындарда  жұмыс  атқаратын, 

ғылыми – зерттеулік және жобалау ұйымдарында, сәйкес саладағы мамандар 

болады.  Дипломдық  жоба  университет  үшін  сырттай  мекемелерде 

орындалатын  жағдайларда,  жетекші  ретінде  сол  мекеменің  мамандары 

тағайындалады.  Дипломдық  жоба  бөлек  бөлімдері  бойынша  дипломдық 

консультанттар  (экономикадан,  қауіпсіздік  және  экологиядан),  яғни  сәйкес 

білім  саласындағы  мамандар  тағайындалады.  Көрсетілген  кеңесшілердің  қол 

таңбасы  түсіндірме  жазбаның  титул  парағында  және  сызбақтық  қағаздардың 

сәйкес  негізгі  жазба  қатарларында  қойылуы  қажет.  Сонымен  қатар,  әрбір 

кеңесші тек өз саласына жататын мәліметтерге қол қояды.  

Диплом  жазушы  максимум  дербестік  көрсете  алуы  қажет.  Жобаны 

(жұмысты)  орындау  сапасы  және  қабылданған  шешімдерге  жауапкершілік 

өзінде болады.  




 

11 


 

Дипломдық  жобаны  жетекшілік  етудің  негізгі  түрі  болып  жекеше 

консультация  саналады.  Осы  жағдайда  жетекші  диплом  жазушыны  оқу 

дисциплиналарының  бағдарламалары  шегінен  шығатын  жағдайларда  және 

студентке қол жетімді әдебиетте жеткіліксіз бейнеленуін алғандағы сұрақтар 

бойынша  түбегейлі  консультация  жүргізеді,  онымен  диплом  жазушы  да 

инженерлік  дағды,  сынамалық  және  теоретикалық  зерттеулерде  шешім  және 

қойылымдарды шығармашылық ынталығы мен дербестігін дамытады.  

Жеке  консультация  үрдісі  кезінде  оқытушы  ДЖ  бойынша  студент 

жұмысының күнтізбелі жоспарының орындалу қадамын тексереді, жұмыстың 

орындалған  бөлігін  қарайды,  ескертулер  жасап,  оның  назарын  жеткіліксіз 

толық  қарастырылмаған  сұрақтарға  аударады.  Қажет  жағдайларда  жетекші 

диплом жазушыны консультацияға шақырады.  

Жетекшімен ДЖ бөлімдерін алғашқы жазылған түрінде дайын болуына 

байланысты тексереді. Осы жағдайда тапсырманың барлық сұрақтары ДЖ-да 

өзінің  бейнеленуін  тапқандығына  қатаң  қателіктер  кетпегендігіне  және 

орындалу  мерзімінің  созылмауына  көңіл  аударады;  түсіндірме  жазбасында 

оқу  мәліметтерінің,  оның  көлемін  артық  ұлғайтатын  және  ғылыми  деңгейін 

төмендететін,  жалпыға  белгілі  сұрақтары  көрсетілмегендігін  назар  аударады. 

Жетекші жетіспеушіліктерді көрсетеді және оларды жою бойынша ұсыныстар 

береді,  бірақ  диплом  жазушы  орнына  қателерді  түзету  мен  жобаны 

редактірлемейді.  ДЖ  жетекшісі  барлық  мәліметтерді  тексереді  және  қол 

қояды.  Кафедра  меңгерушісі  өңдеудің  жалпы  дәрежесін  және  оның 

тапсырмаға сәйкестігін қадағалай, дипломдық жобаны бекітеді.  

Дипломдық жоба (жұмыс) жетекшісі жауапты: 

 таңдалынған жоба (жұмыс) тақырыбының машықтық құндылығы мен 



өзектілігін; 

 жобалауға  арналған  барлық  тапсырма  сұрақтарын  нақты  және  дәл 



құрастыру, бекітілген тақырыптың мамандық бағытына дәл сәйкестігі;  

 әдебиет және ғылыми-техникалық мәліметтер жөніндегі мәліметтердің 



болуы;  

 есептеуді электрондық есептеуші машинасын, автоматталған жобалау 



жүйесін  және  географиялық  ақпараттық  жүйесін  қолданумен  бағдарламалық 

және  техникалық  қамтамасыздандыру,  тәжірибе  құруды  қамтамасыз  ететін, 

кафедра зертханасының материалды-техникалық қамтылуы. 

ДЖ  жетекшісі  оның  барлық  бөлімдері  мен  бөліктеріне  көлем  орнатуы 

қажет.  

Студент-диплом  жазушы  ДЖ  жетекшісімен  бірге  дипломдық  жоба 

(жұмыс) тақырыбы бойынша тапсырма, жұмыстың нақты күнтүзбелік кестесін 

құрастырулары  қажет,  студент  жобаны  (жұмысты)  орындаудың  бекітілген 

мерзімдерін сақтауға, оның мазмұнының саласына және мәзірлеуіне жауапты 

болады.   

Тапсырма  жасау  кезінде  кафедра  ұсынысын,  Мемлекеттік  аттестация 

комиссиясының (МАК) ұсынысы мен ескертулерін және диплом жазушының 

өзінің  ұсыныстары  мен  алдыңғы  қорғаулар  нәтижелері  бойынша  факультет 



 

12 


 

кеңестерін  есепке  алу  қажет.  Дипломдық  жоба  (жұмыс)  орындауға  арналған 

тапсырма  кафедра  меңгерушісінен  бекітіледі.  (Тапсырма  үлгісі  А  және  Б 

қосымшаларында).  

Дипломдық  жоба  жетекшісі  студенттің  дипломдық  жұмысы  бойынша 

жұмысын  үйлестіреді,  күнтізбелік  кесте  орындалуын  және  жұмысын 

бақылауды жүзеге асырады.  

Дипломдық  жобалау  дипломдық  жобаны  немесе  дипломдық  жұмысты 

қорғаумен аяқталады.  

  

3.4 Дипломдық жобалар мен жұмыстарды қорғауын ұйымдастыру  

 

Дипломдық  жоба  (жұмыс)  қорғау  диплом  жобалаудың  шешуші  кезеңі 

болып саналады. 

Кафедра меңгерушісі мен МАК хатшысының ортақ құрылғы ДЖ қорғау 

кестесі,  МАК-тың  бірінші  мәжілісіне  дейін  2  апта  бұрын,  кафедра 

хабарландыру тақтасына ілінуі қажет.  

Бітірілген  және  мәзірленген  түсіндірме  жазба  және  жұмыстың  сызбақ 

бөлігі  ДЖ  жетекшісіне  ТЗ-да  көрсетілген  мерзімде  көрсетілуі  қажет. 

Түсіндірме  жазба  сызбақтық  бөліммен  және  жетекші  пікірімен  бірге  пікір 

берушіге жіберіледі [1]. 

Жоба  (жұмыс)  жетекшісі  кафедра  қызметкерлері  мен  оқытушыларды 

шақыру алдын ала қорғау ұйымдастырылады. Алдын ала қорғаудың мақсаты 

жобаның  қорғау  техникасын,  баяндама  мазмұнын  дәлдеу  және  көбірек 

сипатты сұрақтарды құрастыруын өңдеу болып табылады.  

Қорғауға 1-2 күн қалғанда студент МАК хатшысына келесі мәліметтерді 

көрсетуі тиіс:  

 жетекшімен, 



диплом  жазушымен,  пікір  берушімен,  кафедра 

меңгерушісімен және қажетті кеңесшімен қол қойылған түсіндірме жазбасын; 

 дипломдық жоба жетекшісінің пікірі (Д қосымшасы); 



 дипломдық жобаға рецензияны (Г қосымшасы); 

  жетекші  мен  дипломдық  жазушының  қолы  қойылған  ДЖ  қорғауға 



сызбақ мәліметтері болуы керек. 

МАК  хатшысының  диплом  жазушыларды  қабылдау  кестесі  кафедра 

стендіне МАК-тың бірінші мәжілісіне дейінгі 5-7 күн бұрын ілінеді. 

Кафедра меңгерушісі дипломдық жобаны (жұмысты) қарастырады және 

оның қорғауға жіберілу мәселесін шешеді. Кафедра меңгерушісінің оң шешімі 

кезінде  жобаға  (жұмысқа)  қол  қояды.  Жобаның  (жұмыстың)  қорғауға 

жіберілуінің кері шешімі қабылданғанда жоба (жұмыс) жетекшісі мен студент     

-  диплом  жазушының  міндетті  қатысуымен,  ол  кафедра  мәжілісіне 

шығарылады.  

Дипломдық  жобаны  (жұмысты)  қорғау  келесі  тізімде  жүзеге 

асырылады: 

  МАК  төрағасымен  дипломдық  жоба  (жұмыс)  қорғауының,  оның 



тақырыбын көрсетуі, жетекші мен рецензент тегі хабарлауы; 


 

13 


 

  МАК  хатшысымен  ұсынылған  дипломдық  құжаттың  мазмұны  мен 



оның талаптарға сай екендігі айтылады; 

 дипломдық  жоба  (жұмыс)  авторының  баяндама, дипломдық  жобаның 



(жұмыстың) негізгі жағдайын және маңызын диплом жазушының баяндауы; 

 қатысушылар мен МАК мүшелерінің сұрақтарына жауап; 



 жетекші пікірін жариялау; 

 дипломдық жобаға рецензияны жариялау;  



 рецензент ескертулеріне диплом жазушы жауабы; 

 қорғауда отырған басқа тұлғалар мен жетекшілердің сөз айтуы; 



 дипломдық жоба (жұмыс) авторының қорытынды сөз айтуы.  

Баяндаманы  даярлау  кезінде  12-15  минут  ішінде  жұмыстың  негізгі 

мазмұнын  айту  керектігін,  оның  өзектілігін,  диплом  жазушымен  дербес 

алынған нәтижелердің маңыздығын негіздеуін ескеру қажет. Диплом жазушы 

өзінің пәнді білуімен жұмыс нәтижесімен қатар өзінің инженерлік даярлығын 

көрсете алуы қажет. 

Баяндаманың мысалдық жоспары: 

 тақырып таңдау негізі және оның өзектілігі; 



 жұмыс мақсаты мен шартын құру; 

 бастапқы мәліметтер (техникалық шарттар); 



 есепті шешуге жалпы көзқарас және оның негізі; 

 барлық дербес есептерді шешу әдістері; 



 өңдеудің негізгі техникалық сипаттамалары және нәтижелері; 

 жобаны (жұмысты) аяқтау кезіндегі өңдеу жағдайы; 



 ғылыми және зертханалық нәтижелері; 

 еңдіру болашағы; 



 өңдеудің экономикалық көрсеткіштері; 

 экология және еңбек қорғауға арналған бөлімнің мазмұны; 



 берілген бағыттағы жұмыстың келешектегі болашағы; 

 жұмыс бойынша қорытынды. 



Сұрақтарды  МАК  мүшелері  де,  және  қорғауда  отырған  басқа  тұлғалар 

да қоя алады. Ұсынылған сұрақтарға жауап қисынды, қойылған сұрақ маңызы 

бойынша  қатаң  және  әр  қайысысын  екі  минуттан  артық  уақытты  алмауы 

қажет. 


Қорытынды  сөз  сөйлеуде,  2-3  минут  ішінде,  жетекші  мен  рецензент 

ескертулерін  және  де  қорғау  кезіндегі  ескертулерді  талдауы  мүмкін.  Егер 

студент  оған  айтылған  ескертулер  әділетті  деп  ойласа,  олармен  келісуі 

мүмкін. 


МАК жабық мәжілісте дипломдық жобаның деңгейі мен сапасы жөнінде 

талқылау және шешім шығарылуы, жобаны (жұмысты) белгілеуі, бар ғылыми 

және  машықтық  құндылығын,  және  оларды  ендіруге  ұсынуы  қажет.  МАК, 

ұсынылған баяндаманы, түсіндірме жазбаны, сызбақтық бөлімді және де басқа 

құжаттарды тыңдап және талқылап, дипломдық жоба қорғауының бағаларын 

және  студентке  5В073100  –  «Қоршаған  ортаны  қорғау  және  өмір  тіршілік 




 

14 


 

қауіпсіздігі»  мамандығы  бойынша  бакалавр  біліктігін  тағайындауы  жөнінде 

шешім шығарып, оған диплом беруі қажет.  

Дипломдық  жоба  бағасын  төрт  балдық  жүйе  бойынша  МАК 

мүшелерінің 

әр 


қайысысымен  шығарылады 

(өте 


жақсы,  жақсы, 

қанағаттандырарлық және қанағаттанғысыз). 

Қорытынды баға МАК мүшелерінің жабық мәжілісінде сайлау бойынша 

анықталады. Дауыстардың тең саны кезінде МАК төрағасының пікірі шешуші 

болады. 

Дипломдық  жобаны  (жұмысты)  қорғау  нәтижесін  бітірушілерге  ашық 

түрде, олардың рәсімдеулерінен кейінгі сол күнде жариялайды. 

Студент,  қорғау  кезінде  қанағаттанғысыз  баға  алған  кезде,  олардың 

Мемлекеттік  аттестациялық  комиссия  жұмысының  келесі  кезеңіне  дейін  бір 

жыл ішінде дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау мүмкіндігі бар.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

15 


 

А қосымшасы  

  

 Студент өтінішінің үлгісі 



  

 

ЕжҚОҚ кафедрасының меңгерушісіне 



_______________________(аты-жөні) 

(оқу тобының №)  тобының  студенті 

_______________________(аты-жөні) 

 

  



 

ӨТІНІШ 


 

  

Дипломдық 



жобамның 

тақырыбы 

етіп 

«____________________ 



____________________________________________»  бекітуіңізді  өтінемін. 

______________________жетекшім  ретінде  белгілеуіңізді  өтінемін  (ғылыми  

дәрежесі, атағы, жұмыс орны, аты-жөні).

 

  



 

(Студент қолы)____________________________     (Тегі) 

(Күні) 

Келісті:_____________________________________(Тегі) 



(Дипломдық жоба жетекшісінің қолы)   

       (ғылыми  дәрежесі, атағы, жұмыс орны) 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

16 


 

Б қосымшасы (міндетті) 

Диплом жобасының титул бетінің үлгісі 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ   БІЛІМ  ЖӘНЕ   ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

                                    

Коммерциялық   емес    акционерлік   қоғамы 

      

АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА  ЖӘНЕ  БАЙЛАНЫС  УНИВЕРСИТЕТІ   



 

Еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы 

                                                                            

         «ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ» 

                                        Кафедра меңгерушісі____________________________ 

                                                   

(

аты-жөні, ғылыми  дәрежесі, атағы



)

 

                                        __________ «____» ________________201___ж. 



                                                                          (қолы) 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА 

 

Тақырыбы: ___________________________________________________ 

_____________________________________________________________ 

___________________________________________мамандығы бойынша 

Орындаған   __________________________________________________ 

                                                       

(аты-жөні)                                                    (тобы) 

Жетекші _____________________________________________________ 

                                            

(

аты-жөні, ғылыми  дәрежесі, атағы



Кеңесшілер: 

 

Экономикалық бөлім бойынша:__________________________________ 



                                                                    

(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні) 

                                            _________ «____» _______________201___ж. 

                                                                                     (қолы) 

Өмір тіршілігі қауіпсіздігі бойынша:  

_____________________________________________________________ 

                                             

(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні) 

                                            _________ «____» _______________201___ж. 

                                                                                   (қолы) 

Есептеу техникасын қолдану бойынша: 

_____________________________________________________________ 

                                             

(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні) 

                                            _________ «____» _______________201___ж. 

                                                                                    (қолы) 

 

Мөлшер бақылаушы: 



          _____________________________________________________________ 

                                                       

(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні) 

                                            _________ «____» _______________201___ж. 

                                                                                  (қолы) 

 

Пікір жазушы:________________________________________________ 



                                                       

(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні) 

                                            _________ «____» _______________201___ж. 

                                                                                       (қолы) 

Алматы 201__ 

 



 

17 


 

В қосымшасы (міндетті) 

Дипломдық жұмысқа арналған тапсырма үлгісі 

  

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ   БІЛІМ  ЖӘНЕ   ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 



 

                                        

Коммерциялық   емес    акционерлік   қоғамы 

      

АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА  ЖӘНЕ  БАЙЛАНЫС  УНИВЕРСИТЕТІ  

               

 

 

_____________________________________________________________  



факультеті 

___________________________________________________    мамандығы 

_____________________________________________________ кафедрасы                                                                                                                                                          

 

 

 



жобаны    орындауға   берілген 

 

ТАПСЫРМА 

 

       


Студент____________________________________________________________ 

(аты - жөні) 

Жоба тақырыбы   ____________________________________________________ 

___________________________________________________________________ 

ректордың   « ___ »  _____________№____ бұйрығы    бойынша    бекітілген. 

 

Аяқталған    жұмысты    тапсыру   мерзімі:  «____»______________20___ ж. 



   

Жобаға      бастапқы    деректер  (талап      етілетін      жоба      нәтижелерінің  

параметрлері және нысанның  бастапқы  деректері) 

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________ 

    


Диплом    жобасында әзірленуі    тиіс    сұрақтар   тізімі    немесе    диплом 

жобасының   қысқаша   мазмұны: 

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________ 

 



 

18 


 

В қосымшасының жалғасы 

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________ 

Сызба      материалдарының  (міндетті      түрде      дайындалатын      сызуларды  

көрсету) тізімі  

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________ 

 

Негізгі   ұсынылатын  әдебиеттер 



___________________________________________________________________ 

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________ 

 

Жоба  бойынша   бөлімшелерге   қатысты  белгіленген  кеңесшілер 



 

Бөлімшелер 

Кеңесші 

Мерзімі 


Қолы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

19 


 

В қосымшасының жалғасы 

диплом     жобасын    дайындау 

 

К Е С Т Е С І 



 

№ 

р/с 



Тарау 

 

аттары, 



әзірленетін  

сұрақтардың тізімі 

Жетекшіге  

ұсыну мерзімдері 

Ескерту 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Тапсырманың берілген уақыты  «______»__________________20___ж. 



 

Кафедра меңгерушісі  ______________________________________________ 

 

 

     



 

           

(қолы) 

      

    (аты-жөні, ғылыми  дәрежесі, атағы) 

Жоба жетекшісі           __________ ____________________________________

 

 



 

 

         



(қолы)

                   

(аты-жөні, ғылыми  дәрежесі, атағы)



 

Орындалатын тапсырманы  

қабылдаған    студент         _________   _________________________________

 

 



 

 

          



                        

(қолы) 


 

 

       

(аты -жөні)

 



 

20 


 

Г қосымшасы 

  

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі  



 

Әдебиеттер тізімі 

 

1. Бугай Н. В. , Шкляров М.И. Неразрушающий контроль металла тепло-



энергетических установок. - М.: Энергия, 2012. - 223 с. 

2.  Стенин  В.  Я.  Применение  линейных  интегральных  схем  аналоговых 

устройств: Учебное пособие. – М.: Изд - во МИФИ, 2009. – 120 с. 

3. Дубровин Б.Н. Своё место в жизни //Радио. – 2013. - №10.- С.7-11. 

4. Витенберг И. М. Методы повышения производительности диалоговых 

вычислительных машин //Аналого - цифровая вычислительная техника. - М. : 

Наука, 2013. - С. 48-52. 

5. Справочник химика. -4-е изд., перераб. - М.: Химия, 2013.- т. 1-4. 

6.  Алиева  С.А.  Разработка  и  исследование  математических  моделей 

интеллектуальных  сетей  связи:  Дисс.  канд.  техн.  наук:  05.03.01.  –  Алматы, 

2006. 

7. Телекоммуникационные системы: Компьютерный учебник/Сост.: К.С. 



Аманжанова  и  др.  –  Электронное  издание.  –  Алматы:  Рауан  Софт,  2001.  -  2 

CD-ROM+книга.-128с. 

8. Сайт http://www.aipet.kz/student/sillabus/index.htm 

 

  

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

21 


 

Мазмұны 

  

Кіріспе 



1 Жалпы жағдай  

2 Дипломдық жобаның тақырыбы  



2.1  Дипломдық  жобалауға  арналған  техникалық  тапсырманы  беру  мен 

мазмұнының тәртібі 

 



3 Дипломдық жобаның көлемі мен мазмұны 

3.1 Түсіндірмелі хат  



3.2 Негізгі бөлім  

10 

3.3 Дипломдық жобаны ұйымдастыру және орындау   



10 

3.4 Дипломдық жобалар мен жұмыстарды қорғауын ұйымдастыру  

12 

А қосымшасы. Студент өтінішінің үлгісі  



15 

Б қосымшасы. Диплом жобасының титул бетінің үлгісі 

16 

В қосымшасы. Дипломдық жұмысқа арналған тапсырма үлгісі 



17 

Г қосымшасы. Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі 

20 

  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

  



  

 

 




 

22 


 

  2014 ж. жиын жоспары, реті 62 



  

  

 

 



 

Приходько Николай Георгиевич 

Айтбаева Жанаргуль Матжановна 

Амренова Айгуль Жанузаковна 

  

  

 



 

 

 



 

ДИПЛОМ ЖОБАЛАУ 

 

5В073100 мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулықтар 



  

  

  



  

  

 



Редактор Қ.С. Телғожаева  

Стандарттау маманы бойынша Н.Қ. Молдабекова 

 

 

 



 

 

Теруге берілді ___.___.___. 



Таралымы  50 дана 

Көлемі 1,4 есеп баспа таб. 

Пішіні 60х84  

№1 баспаналық қағаз 

Тапсырыс __. Бағасы 700 тг. 

 

  



  

  

 



 

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» 



коммерциялық емес акционерлік қоғамының 

көшірмелі-көбейткіш бюросы 



050013, Алматы, А.Байтұрсынұлы көшесі, 126 

жүктеу 353,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау