Диплом жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/2
Дата01.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#6352
түріДиплом
1   2

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректоры

____________Н.Э. Пфейфер

«____»______________ 20__ж.


050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған

диплом жұмысына

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бағдарлама МЖБС КР 3.08.312– 2006 және МЖБС КР 5.03.016-2009 «Жоғары оқу орындарда диплом жұмысын (жобасын) орындау ережелері. Негізгі қағидалар» Мемлекеттік жалпыбілімдік білім стандарты негізінде құрастырылған.

Құрастырушылар:доцент,э.ғ.к________________Шамрай И.Н.

Есеп және аудит кафедрасы
Кафедра мәжілісінде ұсынылды «___» _____________20__ ж, хаттама № ___

Кафедра меңгерушісі ____________________ И.Н. Шамрай «___»______________ 20__ж.


Қаржы-экономикалық факультетінің ОӘК мақұлданды

«___»______________ 20__ж., хаттама №____


ОӘК төрағасы_________________ Л.А. Сидорова «___»______________ 20__ж.
КЕЛІСІЛГЕН:

ҚЭФ деканы ____________Т.Я. Эрназаров «_____»_________20 ж.
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОПЖжӘҚБ бастығы____________А.А.Варакута «_____»________20 ж.


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«_____»______________20__ж, хаттама №____


1 Жалпы қағидалар
Бұл әдістемелік нұскау студенттердің диплом жүмысын жазу үшін ережелер мен ұсынылымдар ретінде қолданылады. Сондай-ақ ол жұмысты орындау барысындағы студенттердің міндетін, оларға қойылатын талаптарды және диплом жұмысын қорғаудың тәртібін аңықтайды.

Диплом жұмыстары тақырыптарының бүгінгі күн талаптарына сай актуалды болуын және оның орындалу сапасының жоғары ғылыми деңгейлігін қамтамасыз ету, осы әдістемелік нұсқаудың алдына қойған мақсататы болып табылады. Сонымен қатар студенттердің аудит пен экономикалық таладаудың принциптері мен мақсаттарына және бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес есепті ұйымдастыруда нақты тәжірибелік ұсынылымдар жасай отырып диплом жұмысын орындауына көмектесу әдістемелік нұсқаудың негізгі, басты мақсаты болып саналады.

Мамандық пәндері бойынша курстық жұмыстарды орындау және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша баяндамалар жазу, диплом жұмысының сапалы орындалып және уақтылы тапсырылуы үшін қабілеттілікті қалыптастыру, яғни дайындық кезеңі болып табылады. Сонымен бірге бұл аталған жұмыстар студенттің диплом жүмысын орындауы барысында зерттелген объектінің материялдары негізінде өз ойын білдіре алу қабілетіне, негізгі мәселелерді айқындауға және корытындыларды және ұсынылымдарды қалыптастыра білуге мүмкіндік береді.

Диплом жұмысы студенттің өзбетілік жұмысы. Сондықтан да тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтарға өзінің көзқарасымен жауап қайтару, әртүрлі пікірлерді жан-жақты ашып көрсету және өзінің осыған қатынасын қалыптастыра білу студенттің міндеттіне жатады.

Бухгалтерлік есеп, аудит және шаруашылық ісөәрекетін талдау бойынша жазылатын диплом жұмысы жоғарғы оқу орнында 050508 «Есеп және аудит» мамандығында оқитын студенттерді оқытудың ең соңғы кезеңі болып табылады.

Диплом жұмысын жазудың мақсаттарына мыналар жатқызылады:



  • мамандық бойынша алған теориялық білімдерін толықтыру, арттыру, сондай-ақ осы білімдерін шаруашылық субъектінің қызметін басқарушылық және қаржылық талдауда, аудиторлық тексеруде және есепті ұйымдастыру барысында нақты тапсырмаларды шешуде қолдану;

  • өзбетілік жүмысты жүргізу қабілеттілігін арттыру және диплом жұмысын орындау барысында қарастырылатын сұрақтар мен мәселелерді шешуде қажетті зерттеу әдістемелерін игеру;

  • нарықтық экономика жағдайында студенттің өзбетілік жұмысқа дайындығын айқындау.

Дипломдық жұмыс қандай да бір нақты субъектінің өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінің материалдары негізінде орындалуы тиіс. Әдетте, бұл ақпарат студенттің диплом алдындағы тәжирібе немесе жұмыс істеген шаруашылық іс жүргізетін субъекті туралы мәліметтер.

Егер диплом жұмысындағы авторының берген ұсыныстары субъектінің қызметіне экономикалық жағынан тиімді болып табылса немесе маңызды басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік берсе, онда бұл диплом жұмысы орындалуы жағынан сапалы болып есептеледі.

Диплом жұмысын жазу барысында студент өзінің таңдаған тақырыбы бойынша сұрақтарды зерттеу үшін: субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі жоспарын, үкіметтің есеп, калькуляциялау, аудит, салықсалу және есеп беру бойынша нормативті-құқықтық актілерін, ғылыми еңбектермен оқу әдебиеттеріндегі және кезеңдік басылымдардағы сұрақтарға берілген жауаптардың мазмұнын, қаржы - шаруашылық қызметін тексеру материалдарын (ревизия актілерін, аудиторлық қорытындыларды, салық инспекциясының тексеру актілерін және т.б.), нақты кәсіпорынның жылдық қаржылық есебін қарастырады.

Диплом жұмысын орындалуы келесі кезеңдерден тұрады:



  • тақырыпты таңдау;

  • жұмыс жоспарын құрастыру, оны жетекшімен және кафедра меңгерушісімен бекіту;

  • әдебиеттер іріктеу, зерттеу обьектісі бойынша негізгі ақпаратты жинақтау;

  • мәселе бойынша әдебиетті зерттеу және «Зерттелінген сұрақтың теориялық аспектілері» бірінші бөлімін жазу, бірінші сызбаның нұсқасын дайындау;

  • зерттеу обьектісі туралы негізгі ақпаратты талдау және жүйеге келтіру;

  • кәсіпорынның сипаттамасын, оның іс - әрекетін талдау, зерттеу тақырыбы өрісіндегі есептік саясатын ашып көрсететін екінші бөлімді жазу, екінші және үшінші сызбаның нұсқасын дайындау;

  • диплом жұмысының зерттеу тақырыбы бойынша аудит немесе талдауы бар үшінші бөлімді жасау, төртінші және бесінші сызбалардың үлгісін дайындау;

  • жетекшінің ескертулер бойынша бөлімдерді жетілдіру;

  • диплом жұмысын аяқтау және рәсімдеу;

  • диплом жұмысын қорғау үшін графикалық бөлімін дайындау;

  • диплом жұмысының жетекшінің сын – пікірін жазу;

  • кафедраға диплом жұмысын ұсыну;

  • диплом жұмысының рецензиясы (рецензенттерге ақы төлеу құжаттарсыз, жеке куәлігінің көшірмесі, зейнетақы келісім шартсыз, ӘИК және СТН – сіз кафедраға рецензия қабылданбайды);

  • диплом жұмысының нәтижелерін енгізу мүмкіндіктеріне кәсіпорыннан іс – пікірін алу;

  • МАК диплом жұмысын қорғау.


2 Диплом жүмысының тақырыбына қойылатын талаптар

Жоғары оқу орнындағы бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы диплом жұмыстары тақырыптарының тізімін жыл сайын өңдеп және оларды жүйелі түрде жаңартып отырады. Бухгалтерлік есептің әдістемесі мен үйымдастырьшуына, аудитор-лық тексеруге, шаруашылықтың қаржылық қызметін талдауға қатысты, ең актуалды сұрақтар тақырыптар тізіміне енеді.

Студент берілген тақырыптар ішінен бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша жоғары оқу орнында алған білімін және қабілетін толықтай пайдалана отырып, мәнділігі жағынан өзін қызықтыратын, оны орындау барысында ынтасын арттыратын кез-келгенін тақырыпты таңдауына құқылы. Сондай-ақ студенттің ғылыми жетекшісімен келісе отырып алдын-ала мақсатын және жоспарын аңықтап алған тақырыбын таңдауына құқысы бар. Егер студенттің таңдаған тақырыбы кафедра бекіткен диплом жұмысы тақырыптарының тізіміне сәйкес келсе, онда ол студенттің атына бекітіліп беріледі.

Бірақ та екі немесе одан да артық студенттердің бір шаруашылық субъектінің материалдары негізінде бірдей тақырыпқа диплом жұмысын жазуларына рұқсат етілмейді.

Студенттің атына таңдаған диплом жұмысы тақырыбының бекітілуі, оның өз атынан кафедра меңгерушісіне жазған өтініші негізінде жүзеге асады (А қосымшада өтініштің үлгісі көрсетілген). Осы аталған өтініштер негізінде кафедра, студенттердің атына тақырыптарды бекіту туралы және ғылыми жетекшілерді тағайындау туралы бұйрықтың жобасын дайындайды және оқу - әдістемелік бөліміне бұйрық шығаруға жібереді.

Диплом жұмысының тақырыбын бекіту туралы бұйрық шыққан соң студент, диплом жұмысының жоспарын құрады және оны ғылыми жетекшісіне тапсырады. Диплом жұмысының жетекшісі қажет болған жағдайда студентпен бірге жоспарға түзетулер еңгізеді. Практика аяқталғаннан кейін екі аптадан кешікпей жоспарды кафедра меңгерушісіне бекітуге береді. Жоспар бекітілген соң оның бір данасы кафедрада қалдырылады да, ал екінші данасы диплом жұмысын орындаушыға беріледі. Бөлек тақырыптар бойынша үлгі жоспарлар Б қосымшасында қөрсетілген.


3 Диплом жұмыстың жазылу барысына қойылатын талаптар

Тағайындалған ғылыми жетекші диплом жұмысының жазылу барысында тікелей басшылық жасап және оның тұрақты түрде орындалуы мен дайындалуын бақылап отырады. Диплом жазушы студент ғылыми жетекшісіне диплом жұмысының орындалуы барысы туралы белгіленген уақыт аралығында есеп беріп отырады.

Ғылыми жетекші диплом жазушыға диплом жұмысының мазмүны бойынша және жұмысты сапалы орындау (оформление) туралы кеңес береді. Сондай - ақ кафедра отырысында диплом жұмысының жазылу барысы туралы кафедра мүшелері алдында ақпарат беріп отыруы тиіс.

Диплом жұмысы мазмұнының негізгі болып, тандалынып алынған тақырыпты зерттеу бойынша сұрақтардарды оқып білудің нәтижесі саналынады. Жалпы материалдар қысқаша баяндалып жақсы редакцияланған және жеңіл оқылатындай болуы қажет. Сөздердің және атаулардың қысқартылуына жол берілмейді.

Кез келген диплом жұмысы үшін міндетті болып табылатын құжаттар, регистрлер және диаграммалар қосымшада көрсету қажет. Жұмыстың мәтінінде қажет жағдайда олардың бөліктері көрсетілуі мүмкін. Сандық мәліметтер кесте арқылы көрініс табуы керек.

Диплом жұмысының барлық тараулары және бөлімдері



Кіріспеде тақырыпты таңдауы, оның ғылыми және тэжірибе жағынан көкейтестісі, диплом жұмысының мақсаттары және міндеттері, зерттеудің пәні, ақпарат көздері дәлелденеді. Осында қазіргі жағдайдағы бухгалтерлік есеп және аудиттің мәні көрсетіледі (3-5 бет).

Диплом жұмысының бірінші бөлімі зерттелінетін тақырыптың теориялық және ғылыми негіздерінің қазіргі жағдайы ашып көрсетіледі (20-25 бет).

Диплом жұмысының бірінші бөлімі шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінің бір бөлімін, яғни диплом жұмысы тақырыбының ұйымдастырылуын зерттеу нәтижелерін баяндаудан тұрады. Мысалы: негізгі құралдардың есебі, материалды емес активтердің есебі, тауарлы - материалдық қорлардың есебі, еңбеқ ақы есебі, дайын өнімнің есебі және т.б. Сондай-ақ, осы бөлімде зерттелінетін есеп бөлімінің аудитінің теориялық аспектілері және мазмұны көрсетіледі.

Екінші бөлімі зерттеу объектісінің қаржы-шаруагылық іс-әрекетін талдаудан, оның есептік саясатын бейнелеуден тұрады. Талданатын мерзім үшін субъектінің қатар екі күнтізбелік жылдағы мәліметтерінің алынуы дұрыс болып табылады. Бұл бөлімнің соңында жүргізілген талдаудың нәтижесі қорытындыланып, субъекті үшін тиімді болып табылатын ұсыныстар берілуі керек.

Диплом жұмысының үшінші бөлімінде әдетте таңдаған есеп учаскесінің аудиті немесе талдауына арналған. Мұнда келесі сұрақтар қарастырылған: ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі; аудит бағдарламасы; маңыздылығы бойынша аудиторлық процедуралар, аналитикалық процедуралар және табылған кемшіліктер мен оларды жою туралы ұсыныстар бойынша аудиторлық есепті рәсімдеу.



Қорытынды бөлім, жұмыста көрініс тапқан корытындылар мен ұсыныстардың жинақталған және бір - бірімен байланысты көрінісінен құралуы тиіс. Бұл бөлім мәні жағынан диплом жұмысын жазу үшін материалдары пайдаланылған субъектінің алдағы уақыттарда жоғары тиімділікке қол жеткізуі үшін бухгалтерлік есепті, аудитты, сондай-ақ басқарушылық және қаржылық талдауды ұйымдастырып жүргізуі үшін студенттің ұсынған нақты тұжырымдамалары мен ұсыныстарынан қысқаша баяндалады. Сонымен қатар қорытынды бөлімде студенттің диплом жұмысын қорғау кезінде Мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында айтатын «Базалық кәсіпорынға ұсыныстар» жазылуы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі «Қорытынды» бөлімнен кейін тіркеліп жазылады. Онда дипломдық жұмысты жазу үшін пайдаланылған барлық көздердің тізімі көрсетіледі. Оларды мәтінде айтуы бойынша келтіру қажет.

Пайдалынған әдебиеттер тізімінен кейін диплом жұмысын жазушының қолы қойылып және орындалған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіледі.

Диплом жұмысына тіркелетін қосымша оның міндетті бөліктерінің бірі болып табылады. Қосымшалардың құрамына мыналар жатқызылады:


  • Жұмыс барысында пайдаланылған алғашқы есеп құжаттары, қорытынды мәліметтері және жиынтық көрсеткіштері бар есеп регистрлері;

  • шаруашылық субъектінің жылдық қорытынды есеп формалары, өндірістік технологиясын мінездейтін схемалар мен диаграммалар.

4 Диплом жұмысын безендендіру

Диплом жұмысы №1-05/516 29.12.2002 ж. Іске енгізілген және бекітілген СТП-СК-03-02 сәйкес рәсімделу қажет.

Диплом жұмысына:


  • титулдық бет (МАК хатшысымен беріледі);

  • жұмысты орындауға тапсырма (МАК хатшысымен беріледі);

  • қазақ, шетел,орыс тілдеріндегі аңдатпа;

  • мазмұны;

  • шартты белгілердің тізімі;

  • кіріспе;

  • үш бөлімнен тұратын негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • қолданылған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар кіреді.

Мазмұның құрастырғанда бөлімдер, қосымшалар аттары беріледі және олардың басталатын беттерінің нөмері көрсетіледі.

Текстік құжаттардыжәне графикалық бөлімін орындау және рәсімдеу ережелерін «Текстік құжаттарына жалпы талаптар» қараңыз.

МАК отырысынан 10 күнінен кешікпей студент ғылыми жетекшісі қол қойған диплом жұмысын кафедраға нормобақылауға, кафедра меңгерущісі бекіту үшін тапсырылады және рецензияға жіберіледі.
5 Диплом жұмысын қорғауға ұсыну талаптары

Диплом жұмысы басқа жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен, шаруашылық субъектінің мамандарымен және ғылыми мекелермен рецензияланады. Диплом жұмысының сапасына баға беру, яғни оны негізгі тексеру рецензиялау болып табылады. Сондықтан рецензия жазушы мынаны көрсетуі тиіс:



  • тақырыптың актуалдығын;

  • жұмыстың жақсы жақтарын, кемшіліктерін және пікір таластыратын мәселелерін;

  • ұсыныстар мен қорытындылардың дұрыстығы және олардың дәлелділігі;

  • зерттеу жүргізілген субъекті үшін диплом жұмысының бағалығы (қажетгілігі, пайдалығы), жұмысты орындалу сапасы;

  • студенттің жоғары оқу орнында алған теориялық білімін тәжірибеде, яғни мәселелерді шешуде қолдана алуы;

  • жұмыстың жалпы бағасы (үздік, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз).

Рецензияның соңында рецензия жазушы өз қолын қояды. Онда рецензия жазушының жұмыс істейтін жері, лауазымы және рецензия жазған уақыт (күні, айы, жылы) жазылады. Диплом жұмысы мен рецензияны қоса, рецензия жазушы кафедраға тапсырады. Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының (МАК) мәжілісіне дейін, ғылыми жетекші және студент рецензия мазмұнымен танысады.
6 Диплом жұмысын қорғау тәртібі

Диплом жұмысы Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының (МАК) мәжілісінде көпшілік алдында қорғалады. Студенттің диплом жұмысын қорғайтын күні және уақыты кафедра меңгерушісімен анықталады. Диплом жазушы қорғалатын күнге баяндаманың тезистерін, иллюстрациялық материалдарды - кестелер, схемалар, диаграммалар және тағыда басқаларды дайындауы керек. Баяндаманың тезисін жөне иллюстрациялық материалдарды диплом жазушы ғылыми жетекшінің көмегімен дайьшдауы керек.

Мемлекеттік аттестациялық комиссияға келесідей құжаттар көрсетіледі:


  • диплом жұмысы;

  • оқу жоспары бойынша белгіленген пәндерден емтихандар мен сынақтардың толық тапсырылғандығы туралы мәліметтер;

  • диплом жұмысына ғылыми жетекшінің берген пікірі;

  • рецензия;

  • диплом жұмысындағы берілген ұсыныстарды еңгізу мүмкіндіктері туралы кәсіпорынның пікірі немесе зерттелінген тақырыпта кәсіпорын қызығушылығы (мүмкіндігі барысынша).

Өзінің баяндамасында диплом жазушы (10-12 минуттің) диплом жұмысының мақсатың сипаттайды, оның маңызды бейнелейді, онда берілген ұсыныстарды дәлеледейді.

Комиссия мүшелері диплом тақырыбына қатысты сұрақтар қояды. МАК хатшысы пікір мен рецензияны оқиды.

Студент қойылған сұрақтарға және рецензенттің сыңды жауап береді.

МАК жабық отырыста диплом жұмысын бағалайды. әр бір диплом жұмысы бойынша комиссияның шешімдері хаттамамен рәсәмделеді. Диплом жұмысының қорғау қортындылары МАК төрағасымен жарияланады.

А Қосымшасы
Есеп, қаржы және ақпараттық жүйелер кафедрасының менгерушісі

э.ғ.к., доцент Шамрай И.Н.

БЕА-41 тобының студенті

А.Р. Ахметовадан

Өтініш
Сізден, маған диплом жұмысын «(«Қазақстан алюминии» АҚ үлгісінде) Тауар-материалдық қорларының есебі және аудиті» тақырыбына жазуыма рұқсат етуңізді және ғылыми жетекші етіп Ли Р.С. аға оқутышыны бекітуңізді сұраймын.

өтініш жазылған күні, студентің өз қолы

күні, жетекшінің қолы
Б қосымшасы

Жеке тақырыптардан диплом жұмыстарының үлгі жоспарлары

Тақырыбы: « Корпорациялық табыс салығы бойынша есеп айырысулар есебі («АТО» ЖШС үлгісінде)
Кіріспе

1 Заңды тұлғалардың табыстарының салықсалудың теолриялық аспектілері

1.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуының және реформалауының кезеңдері

1.2 Заңды тұлғалар табыстарының салық салудың мәні, принциптері және атқаратын қызметі

1.3 Заңды тұлғалар табыстарының салық салудың шетел тәжірибесі

2 Заңды тұлғалар табыстарының салық салудың механизмі (АТО ЖШС үлгісінде)

2.1 Кәсіпорын іс-әрекетінің сипаттамасы, оның есептік және салық саясаты

2.2 Корпорациялық табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі

2.3 Заңды тұлғалардан корпорациялық табыс салығы бойынша есеп беру

3 ҚР заңды тұлғалар табыстарының салық салу жүйесін жетілдіру бағыттары

3.1 Салық жүйесінің тиімді үлгісін құрастыру

3.2 Салықтық жоспарлау салық жүктемесін азайтудың ең тиімді тәсілі ретінде

Қорытынды

Пайджаланған әдебиеттер тізімі

А қосымшасы Коорпорациялық табыс салығы бойынша декларация

Б қосымшасы Коорпорациялық табыс салығы бойынша декларациясына қосымшалар

В қосымшасы Қаржылық есепнама

Г қосымшасы Табыстар мен шығыстар туралы есебін корпорациялық табыс салығы бойынша декларациясымен салыстырып тексеру

Д қосымшасы графикалық бөлім

Тақырыбы: « «Горводоканал» АҚ үлгісінде еңбек ақының есебі және талдауы»


Кіріспе

1 Қазіргі жағдайда еңбек және оның төлем ақысын ұйымдастыру

1.1 Қазіргі кезде қолданылатын төлем ақының жүйелері және формалары

1.2 Қазіргі кәсіпорындардағы басқару жүйесіндегі еңбек есебі мен талдауының мәні және міндеттері

1.3 Еңбектің шетел тәжірибесі: еңбекті басқарудың жапондық үлгісі

2 Еңбек және төлем ақыны «Горводоканал» АҚ үлгісінде ұйымдастыру

2.1 Кәсіпорын іс-әрекетінің сипаттамасы және оның есептік саясаты

2.2 Төлем ақы бойынша операцияларды құжаттармен рәсімдеу

2.3 Төлем ақы есебінің синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру

3 Кәсіпорын еңбек ресурстарын қолдануды талдау

3.1 Еңбек ақы қорын пайдаланудың талдауы

3.2 Кәсіпорынды еңбек ресірстарымен қамтамасыз ету және жұмыс уақытын пайдаланудың талдауы

3.3 Еңбек ақы есебін және еңбек ақы қорын пайдалануын жетілдіру бойынша ұсыныстар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

А қосымшасы №Т-1 нысаны «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық»

Б қосымшасы №Т-2 нысаны «Жеке карточка»

В қосымшасы №Т-12 нысаны «Жұмыс уақытын есептеу табелі»

Г қосымшасы есеп-төлем ведомосі

Д қосымшасы - №10 журнал-ордеріне ведомость

Е қосымшасы графикалық бөлім

Тақырыбы: «Тауарөматериалдық қорларының есебі (ЕЭК АҚ үлгісінде)


Кіріспе

1 ТМҚ есебі және аудитінің теориялық аспектілері

1.1 Кәсіпорын басқарудағы ТМҚ мәні және мазмұны

1.2 Материалдар есебінің міндеттері және қазіргі кәсіпорындардағы ТМҚ аудитінің кезеңдері

1.3 ТМҚ Халықаралық қаржылық есеп стандарттарындағы көрінісі

2 АО «ЕЭК» ТМҚ есебі

2.1 Кәсіпорын іс-әрекетінің сипаттамасы және оның тауар-материалдық қорлар жөніндегі есептік саясаты

2.2 Материалдардың бастапқы, аналитикалық және синтетикалық есебі

2.3 ТМҚ түгендеу және оның қортындыларын бухгалтерлік есепте көрсету

2.4 Материалдар есебі процессін автоматтандыру

3 Тауар-материалдық қорлар аудиті

3.1 ТМҚ облысындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау және аудит бағдарламасын әзірлеу

3.2 ТМҚ тексерудің аудиторлық процедуралары

3.3 ТМҚ тиімді пайдаланудің талдауы және аудит қортындыларын рәсімдеу

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

А қосымшасы Аналитикалық есебінің құжаттары

Б қосымшасы Ішкі жылжуына ќ±жат

В қосымшасы Сапанын сертификаты

Г қосымшасы Айналым ведомосі

Д қосымшасы Құжаттарды тапсыру реестрі

Е қосымшасы Графикалық бөлімі


Тақырыбы: «Өнім өндіруге кеткен шығындар есебі мен аудиті және өзіндік құның калькуляциялау («Казхром» ТҰК АФЗ АҚ үлгісінде)
Кіріспе

1 Басқару есебі шығындарды тиімді басқару жүйесі ретінде

1.1 Шығындарды басқару механизмі және мазмұны

1.2 Шығындар есебі мен аудитінің мәні және мазмұны

1.3 Шығындар есебі Халықаралық қаржылық есеп стандарттарындағы көрінісі

2 Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құның калькуляциялау («Казхром» ТҰК АФЗ АҚ үлгісінде)

2.1 Кәсіпорын іс-әрекетінің сипаттамасы және оның шығындар жөніндегі есептік саясаты

2.2 Шығындардың аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру

2.3 Өнімнің өзіндік құның калькуляциялаудың ерекшеліктері

3 Өндірістік шығындар есебінің аудиті

3.1 Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау және аудит бағдарламасын әзірлеу

3.2 Өндірістік шығындар есебінің аудиті бойынша процедуралар

3.3 Ааудит қортындыларын рәсімдеу және шығындарды басқару механизхмін жетілдеру бойынша ұсыныстарды әзірлеу

Қортынды


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

А қосымшасы Өндірістік циклдің сатылары

Б қосымшасы Ферроқорыптылардың өзіндік құның калькуляциялау

В қосымшасы Хромның бір тоннасын акалькуляциялау

Г қосымшасы графикалық бөлімі

Жеке тақырыптардан диплом жұмыстарының үлгі жоспарлары


Тақырып: Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқару («ААМ-АТИ» құрылыс компания үлгісінде)

Кіріспе
1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың мәні және маңызы басқару шешімдерді қабылдау құралдардың бірі

1.1 Қазіргі уақыттағы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы

1.2 Қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштердің теориялық аспектілер

1.3 Қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалауда төлеу қабілеттілігінің және өтімділігінің рөлі

2 «ААМ-АТИ» құрылыс компаниясының қаржылық тұрақтылығын талдау

2.1 Компанияның сипаттамасы

2.2 Қаржылық есепнамасының активтерді және олардың қалыптасу көздерін талдау

2.3 Балансінің төлеу қабілеттілігін және өтімділігін талдау

2.4 Компанияның банкротқа ұшырау мүмкіндігін (.......) талдау

3 «ААМ-АТИ» құрылыс компаниясының қаржылық жағдайының тұрақтылығын көтеру жолдары

3.1 Компанияның тұрақтылығын көтерудің қаржылық механизімі

3.2 Компанияда менеджменттін жетілдіру

Қорытынды

Қолданған көздерінің тізімі

А қосымшасы. 2001-2003 жылдардың қаржылық есепнамасы

Б қосымшасы. «ААМ-АТИ» ҚК-ның ұйымдастыру құрылымы

В қосымшасы. Графикалық бөлім


Тақырып: Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттің табыс бөлімін қалыптасуында Павлодар облысының салықтардың және терімдердің рөлі


Кіріспе

1 Бюджеттік тетігі экономиканы басқарудың негізгі құралдардың бірі

1.1 Әкімшілік-шекаралық құрылымдардың экономикалық және әлеуметтік дамуында жергілікті бюджеттің рөлі

1.2 Жергілікті бюджеттін қалыптасуында салық түсімдердің маңызы

1.3 Жергілікті бюджеттің табыс бөлімін қалыптасуының шетелдік тәжірибесі

2 Салық түсімдер және терімдер түріндегі жергілікті бюджеттің табыс бөлімінің қалыптасуының ерекшеліктері (Павлодар облыс үлгісінде)

2.1 Жергілікті бюджеттің салықтардың және терімдердің есептеу мен төлеу тәртібі

2.2 Павлодар облыс үлгісінде жергілікті бюджеттің табыс бөлімінің салық түсімдердің және терімдердің қалыптасуын талдау

3 Жергілікті бюджеттің табыс бөлімінің қалыптасуында салық түсімдердің және терімдердің механизімін жетілдіру

3.1 Салық потенциал және салық жинау көрсеткіштер негізінде салық түсімдерді жоспарлау жүйелері

3.2 Жергілікті бюджеттің табыс бөліміне салық түсімдерді көбейту өрісінде Салық қызметтің іс-әрекетін жетілдіру

3.3 Салық мәдениеттің қалыптасуы бюджетке түсімдердің көбейту құбылыстың бірі

Қорытынды

Қолданған көздерінің тізімі

А қосымшасы. 2001-2003 жылдардың Павлодар облысы бойынша бюджеттің барлық деңгейге салықтар мен төлемдер соммалар туралы мәліметтер

Б қосымшасы. Графикалық бөлім


Тақырып: Павлодар қаласының бюджетті орындаудың қазнашылық тетігі (білім беру шығындар үлгісінде)


Кіріспе

1 Мемлекеттік қаржыны басқаруда қазнашылық мекемелердің рөлі

1.1 Бюджет - қаржы жүйесінің орталық бөлімшесі

1.2 қазақстан Республикасында қазнашылық жүйенің тұру және даму кезені

1.3 Дүниенің дамыған елдерде қазнашылық жүйенін қызмет ету ерекшеліктері

2 Павлодар қаласының бюджетті орындаудың қазнашылық тетігі (білім беру шығындар үлгісінде)

2.1 Павлодар қаласының бюджеттің щығын бөлімін қалыптасу ерекшеліктері

2.2 Білім беру шығындардың қаржыландыруды ұйымдастыру

2.3 Білім беру шығындардың қаржыландыруды талдау

3 Мемелекеттік жүйе басқармасын және бюджет қаржылырын жұмсаудық бақылауын жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстан Республикасында қазыашылық жүйесін жетілдіру

3.2 Қазыналық жүйесін орындауды және мемлекеттік бюджеттің қаржыларын бақылауды жетілдіру мен нәтижесін көтеру

3.3 Білім беруді қаржыландыру тетігін жетілдіру

Қорытынды

Қолданған көздерінің тізімі

А қосымшасы. 2003 жылдың Павлодар қаласының бюджеті (қажетті)

Б қосымшасы. №251-0027-5 бюджеттік шешім (анықтамалы)

В қосымшасы. Қызмет көрсету келісімі (анықтамалы)

Г қосымшасы. Графикалық бөлім

Тақырып: Коммерциялық банкінің несие портфелін басқару барысын жетілдіру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ПОФ үлгісінде)


Кіріспе

1 Коммерциялық банкінің несие қызметінің мәні және экономикалық негізі

1.1 Ақшаларды жинақтау және қайта бөлу процессінде банкілердің мәні, функциялары мен рөлі

1.2 Несиелендіру – коммерциялық банкінің табыстардың негізгі көзі

1.3 несие портфелін басқарудың жалмыәдістемелік негіздері

2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ПОФ-нің несие портфелін басқару

2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және ҚР-ның банкілік жүйесінде оның рейтингі

2.2 «Қазақстанның Халық Банк» АҚ ПОФ-нің несие портфелін басқару тәжірибесі

2.3 «Қазақстанның Халық Банк» АҚ ПОФ-нің несие портфелін талдау

2.4 Несие портфелінің табыстылығына несие тәуекелінің әсерін бағалау

2.5 Несие портфелін бөлуді аңыктауда стратегиялық көрсеткіштерін қолдану

3 «Қазақстанның Халық Банк» АҚ ПОФ-нің несие портфелін басқарудың жетілдіру әдістері

3.1 Портфельді бөлудің негізгі қамтамасыз ету тәсілдері

3.2 портфельдің өтімділігін колдауға секьюритизациясын колдану

3.3 Ұзақ мерзімді несиелендіру банкілік және өнеркәсіптік капиталдардың интеграция әдісінің бірі

Қорытынды

Қолданған көздерінің тізімі

А қосымшасы. Банк-несиеалушылардың қаржылық жағдайына минималдық талаптары

Б қосымшасы. Несие портфелін жіктеу және оған қаражаттарды қалыптасу

В қосымшасы. Несие циклі



Г қосымшасы. Графикалық бөлім
жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау