Диплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару»



жүктеу 1,7 Mb.
бет2/7
Дата03.03.2018
өлшемі1,7 Mb.
#11024
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

1.2 Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде.

Нарық қатынастарының қазіргі кезеңінде отандық фирмалардың көріп отырған қаржы тапшылықтарына қарамай-ақ, нарықтағы орындарын бекітуге, өз бизнесіне тұрақты нысан беруге деген талпынысын байқаймыз. Бұл шиеленіскен бәсеке жағдайында өміршеңдікке ұмтылуды қажет ететін уақыт талабы.

Дағдарыстық жағдайлар көптеген себептердің әсерінен пайда болады. Олардың ішінде, табиғат апаттарын, экологиялық , қаржы, азаматтық немесе құқықтық дағдарыстар атап айтылып жүр. Бұл тізімді ары қарай жалғастыруға болады, бірақ шет елдердегі, айрықша, біздің елдегі дағдарыстардың басты себебі-қанағаттанарлықсыз менеджмент. Қазіргі қазақстандық жағдайлар мамандарға дағдарыстардың түрлерін тәжірибеде зерттеуге мүмкіндік туғызады. Әр дағдарыстың өзіндік ерекшелігі бар болғандықтан, олармен күресудің бірдей жолы жоқ. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде дағдарыстарға дайын болу жағдайында қолданылатын іс-шаралардың қалыптасқан жүйесі бар. Ол жоспарлау құралдарының көмегімен жүзеге асады. Болуы мүмкін дағдарыстық құбылыстарды жоспарлау- сын сәтінде жасалатын қадамдардың механикалық бір ізділігін алдын ала анықтау және ұйымға тез әрі тиімді әрекет жасау үрдісін қамтиды.

Шарықғаған бәсекелестік жағдайында, нарықта өз орнын табу үшін уақыт талабы отандық экономикалық кызметте келесідей шешімдерде дұрыс жауап іздеуді талап етеді:

шаруашылық механизмдерінің қызмет етуінің өзгеруі;

басқару шешімдерін қабылдау шарттарының өзгеруі;

жаңа жағдайлардағы кәсіпорынның стратегиясын жасау және жүзеге асыру;

басқарудың жаңа мүмкіндіктерін белсенді пайдалану;

шаруашылық жүргізуде барлық заңды әдістерді пайдалану.

Осы жағдайда дағдарысқа қарсы басқарудың концепциясын анықтап алу маңызды болып табылады. Осы мәселе бойынша зерттеулері бар көптеген авторлардың пікірі бойынша, дағдарысқа қарсы шараларды нарықта қызмет етуші кәсіпорынның қаржылық нәтижелері өте нашар болған жағдайда ғана пайдалану қажет. Бұл - теріс көзқарас, себебі басты мақсат дағдарыстың алдын-алу болғандықтан, біздің ойымызша, дағдарысқа қарсы басқаруда ең бастысы -қаржылық киындықтар тұрақты, күнделікті сипат алмайтын жағдайларды қамтамасыз ету.

Экономикалық әдебиеттерде дағдарысқа қарсы басқарудың көптеген анықтамалары бар.

Кейбір авторлар дағдарысқа қарсы басқарудың "нақты бір борышқор кәсіпорында қолданатын дағдарысқа қарсы нысандар мен әдістердің жиынтығы" деп түсінеді. Дағдарысқа қарсы басқару микроэкономикалық категория болып табылады және кәсіпорынның жойылуы мен қайта жандануы кезіндегі өндірістік қатынастарды қамтиды.

Ресейлік экономист- ғалым Э.А.Уткин дағдарысқа қарсы басқару дегенде, ресейлік кәсіпорынның нарықтық қызметінде мүмкін қиыншылықтардың болмауына, оның өз жеке қаржыларына негізделген, кеңейтілген, ұдайы өндіріске,

тұрақтылыққа бағытталған басқаруды түсінеді.

Профессор Э.М.Коротков былай жазады: "дағдарысқа қарсы басқару -дағдарысты алдын-ала көре білуге көзделген басқару, оның белгілерін, залалдарын азайту шаралары талдап, оны ары қарай дамуға пайдалану".

Келесі авторлар тобы дағдарысқа қарсы менеджментті қазіргі менеджменттің барлық әлеуетін пайдаланып, бизнестегі қолайсыз жағдайларды жою немесе алдын-алуға бағытталған кешенді,жүйелі басқару деп қарастырады. Олардың пікірінше, кәсіпорында арнайы бағдарлама жасалып, жүзеге асырылуы қажет, бағдарлама уақытша қиындықтарды жойып, өзіндік ресурстарды пайдалана отырып, нарықтық позицияны сақтауы қажет.

Батыс Еуропалық экономистер дағдарысқа қарсы басқару деп, "негізгі мәселе нарықта өз орнын сақтап қалу болатын, кәсіпорын қызметіне қауіп төндіретін жағдайдан өтуге қажетті кызметті" айтады. Бұл қызмет келесі түрде сипатталады: "кәсіпорынға қауіп төндіретін жағдайдан өту үшін қажетгі әдістер мен тәсілдерді интенсивті қолдануды арттыру".

Бірақ та, Хаберландтың ойынша, барлық назар жедел, қысқа мерзімді мәселелерге, қатал және тез шешуші шаралармен байланысты мәселелерге ауады. Дағдарыстың еркін және оңтайлы жақтарын атап өткісі келетін авторлар, дағдарысқа қарсы басқаруды керісінше, "жақындап келе жатқан қиын кезеңді алдын-ала біліп, даму бағытын өзгертуге мүмкіндік береді деп анықтайды".

Қазақстандық экономист-ғалымдар дағдарысқа қарсы басқаруды -кәсіпорындағы базистік, өзгермелі шамаларды сақтап қалуға бағытталған шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру деп анықтайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда қалыптасқан кейбір көзқарастарға сәйкес, дағдарысқа қарсы басқару банкроттығының функциясы немесе міндетті қосымшасы болып табылады.

Көптеген елдердегі нарықтык экономиканың қалыптасуы мен даму тарихы, оның қызмет ету үрдісінің бірқалыпсыздығын, өнім өндіру мен өткізу көлемінің ауытқуын, өндірістің төмен құлдырауларын ашып көрсетеді. Бүл - дағдарыстық жай деп қарастырылып, жалпы заңдылық болып табылады. Осы айтылған зандылық кәсіпорынның өміршеңдік циклімен тығыз байланысты.

Отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың зерттеулерін қорытындылай келе, біз "кәсіпорынның экономикалық кауіпсіздігін камтамасыз ету" түсінігіне дағдарысқа қарсы тұрғысынан тоқталуды үйғардық.

Біздің көзқарасымыз бойынша, " Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету-кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданылып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлеуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтарды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа карсы басқару іс-шараларының жиынтығы".

Осы тұрғыдан алғанда, дағдарысқа қарсы басқару экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде, дағдарыс жағдайында ғана емес, кәсіпорын қызметінің даму жағдайында да қолданылатын шаралар ретінде көрінеді.

Экономикалык қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайында уақытша қиыншылықтан өту үшін беріліп, нақты жасалған еңбек ынталандырылады, сәйкесінше, сыйақының жаңа түрлері мен басқарудың жаңа стильдері пайда болады.

Дағдарысты қабылдаудың екі концепциясы бар:


  1. Дағдарысқа деген қатынас - қолда барды сақтап қалуға бағытталған.
    Мұнда дағдарыс кауіп және тосқауыл деп қабылданып, қатысушы
    тұлғалар немесе ұжым үшін тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі болады.
    Осының нәтижесінде, жауапты тұлғалар дағдарысты теріс қабылдап,
    дағдарысқа дейінгі қалыпқа жету шараларын жүзеге асырады.

  2. Дағдарысқа деген қатынас - жаңашылдыққа бағытталған. Бұл
    жағдайда дағдарыс кәсіпорынның эволюциялық даму үрдісіндегі
    жаңартуға деген қажеттілік деп қарастырады. Мұнда дағдарыс,
    белгілі бір иррационалдық немесе дұрыс емес жасалған мақсаттар,
    ережелерден тазартудың әдісі болып табылады. Осының нәтижесінде,
    дағдарысты туғызған, бұрынғы жағдайды өзгертуге әкелген талаптар
    ұтымды шешіммен қарастырылады. Мұнда негізге дағдарыспен күрес
    емес, өзіндік құрылымды жаңа қатынастарға сәйкес өзгерту алынады.

Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету төмендегі белгілермен сипатталады: экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мақсаты кез келген экономикалық, саяси және әлеуметтік құбылуларда нарықта тұрақты бекіну және компанияның тұрақты қаржыларын қамтамасыз ету. Сәйкесінше ол әрі жоспарлы және жан-жақты міндеттерді шеше алуы керек; оның шеңберінде кәсіпорынның (тек уақытша қаржы қиындықтарын ғана емес) ағымдағы міндеттерін шешуге, ерекше жағдайларға сай келетін басқару құралдары қолданылады; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәні -жағдайларға байланысты әр түрлі іс-әрекеттерді ескеретін, сыртқы ортада болған шамалы өзгерістерге жедел немесе пәрменді әсер ету үшін, алдын-ала дайындалған басқару шешімдерінің балама нұсқалары; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізінде - кәсіпорынның іс-әрекетінің барлық салалары мен бөлімшелерінде үнемі және тізбектей жаңашылдықтар енгізу үрдісі; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпорын қандай қиын шаруашылық жағдайға тап болмасын, бұл қиындықтардан кәсіпорынды ең аз шығындармен шығара алатын , қаржылық және басқару механизмдерін іске қосуға негізделеді.

Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару механизмі келесі негізгі элементтерден тұруы мүмкін:



  1. Қаржы жағдайының диагностикасы;

  2. Кәсіпорынның бизнесін бағалау;

  3. Маркетинг;

  4. Ұйымдастырушы - өндірістік менеджмент;

  5. Персоналды басқару;

  6. Қаржылық менеджмент;

  7. Инвестициялық саясат;

  8. Дағдарысқа карсы бизнес-жоспарлау;

  9. Бизнесреинжиниринг үрдісі;

  10. Кәсіпорынның таратылуын ұйымдастыру.

Кәсіпорындағы экономикалық кауіпсіздікті қамтамасыз ету оның құрылған мезетінен басталады. Дәл осы мезетте кәсіпкерлік қызметті жүргізуші, таңдалған миссиялы фмрманың қызмет ету үрдісі барысында, мүмкін болатын потенциалды

мүмкіндіктер мен қауіп-катерлерді анықтайтын факторларды тереңінен зерттеу және болашақ фирманың бағытын, яғни қызмет саласын бір жағынан, өзінің жеке мүдделері мен мақсаттарына, екіншіден, оның объективті пайда болатын үлкен қауіптерді кейін қайтарудың потенциалды мүмкіндіктеріне сәйкес анықтау болып табылады.

Кәсіпорынның әр түрлі қызмет саласымен байланысты факторлар кәсіпорынның құлдырауына өз әсерлерін тигізуі мүмкін, сонымен қатар әсер ету тізбесі өте күрделі және шытырман болуы мүмкін, сондықтан экономикалық қатердің алғашқы себебін не болғанын нақты айтуға болмайды.

Фирманы құру бастамасынан-ақ, фирманың экономикалық қорғау (қауіпсіздік) жүйесін құру туралы сөз қозғау қажет. Егер кәсіпорынның сәтсіздігінің негізгі сипаты оның төлем қабілетсіздігі болса, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде негізгі рөл қаржылық менеджментке беріледі. Сөз жоқ, бұл экономикалық құралдың мүмкіндіктері үлкен, бірақ шексіз емес, Қаржылық менеджменттің нәтижелері кәсіпорынның барлық нарықтық қызметінің нәтижесі, барлық ұжымның сапалы жүмыс жасауының нәтижесі болып табылады.

Осылайша, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін калыптастыру мәселесі тәжірибелік жағынан өте қиын және әдістемелік жағынан толықтыруды талап етеді. Ол, біздің экономикалық өндірістік нақты сектордың дамуын анықтайтын өзекті мәселе болып отыр.

1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел

және отандық тәжірибелері
Мемлекет нарықтық экономиканың сыртқы жүйесі емес, оның құрамдас бөлігі болып табылғандықтан, ұдайы өндіріс үрдірісінің әр түрлі сфераларына өз әсерін тигізеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу-мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыдан жасалатын қызметі, мемлекеттік құқылы мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерді өзгеретін жағдайларға сәйкес, әртүрлі және өзара байланысты экономикалық реттегіштерді қолдана отырып, зандылық, атқарушы және бақылау сипатындағы жүргізетін типтік шаралардың жүйесі .

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттерінің бірі болып, кәсіпорын қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардан өтуге жағдайлар жасау табылады. Бұл міндет дағдарысты мемлекеттік реттеу шараларын жасау мен өткізу арқылы шешіледі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-мемлекеттің кәсіпорынды дағдарыстық жағдайлардан, банкроттықтың алдын - алудан қорғау немесе оның арғы қызметін тоқтату үшін пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық және кұқықтық қатынастарын көрсететін макроэкономикалық категория. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-нормативті құбылыс. Ол қызметті талдаудан және нақты, ашық мақсаттарды қоюдан, мүмкіндігінше дағдарыстық жағдайларды оң түрде өзгертетін құралдардан тұрады .

Дағдарысқа қарсы басқару үрдістерін мемлекеттік реттеудің дамыған елдердегі тәжірибесін талдай отырып, қолданылатын тәсілдердің ортақтығына қарамастан әр мемлекеттің заңдылығы ұлттық экономиканың ерекшеліктерін, қалыптасқан менталитетті, этикалық дәстүрлерді ескеретінін айта кету орынды сияқты .

Біз осы зерттеу жұмысымызда нарықтық экономикалы, транзитты экономикалы елдердің және Қазақстан Республикасының дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибелерін қарастыра отырып, кәсіпорын үшін оңтайлы, ұтымды жақтарын анықтауға, жалпы дағдарысқа қарсы заңдылықтарды қандай да бір белгілері арқылы жіктеуге тырыстық.

Осы жерде мынадай орынды сұрақ туады - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қандай белгілермен бағаланады және қандай көрсеткіштер бойынша дәрменсіздікті алдын-ала болжауға болады ?

Жалпы түрде, кәсіпорынның банкроттығының ресми белгілері борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі-яғни төлем қабілетсіздігі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу үрдісін бастау үшін төлем қабілетсіздік белгісі Германияда- кәсіпорынның өзінің тез өтімді қаражаттарынан көп соманы 1 ай ішінде төлемеуі, Францияда несиегер куәлаган төлемді тоқтату фактісі, Англияда шаруашылық жүргізуші субъект бір немесе бірнеше қарыздар бойынша ең кемі 750 фунт стерлинг, АҚШ - та 5 мың доллар борышы болу керек. Бұрынғы социалистік елдерде банкроттықтың ресми белгілерін-дәрменсіздікті белгілеуде негізгі назар уақыт аспектісіне жасалады. Мысалы, Болгарияда, дәрменсіз болып, 60 күн бойы өз міндеттемелерін банк шоттарында ақша қаржылары болмағандықтан орындамаған фирма - төлем қабілетсіз деп жарияланады. Венгрияда дәрменсіз болып, мойындаған қарызын 60 күн ішінде немесе талап қойғаннан кейін 30 күн ішінде төлеуге кедергі болған себептерді кредиторға үсынбаған борышкер табылады. Румынияда бұл мерзім 30 күнтізбелік күнмен шектеледі. Басқа бұрынғы социалистік елдермен салыстарғанда дәрменсіздік институты ұзағырақ қызмет ететін Чехия мен Польшада банкроттықтың ресми белгілері-кәсіпорынның бірнеше кредитор алдында өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіздігі болып табылады. Ресей мемлекетінде, Қазақстан Республикасында үш ай мерзімде өз міндеттемелері бойынша төлем төлемеуі саналады.

Банкроттықтың ресми белгілерімен қатар, мүмкін банкроттықты білдіретін ресми емес белгілері бар.

Дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибесін нарықтық экономикалы елдердің бірі - Германия мысалынан бастадық. Ел экономикасының маңызды ерекшеліктерінің бірі болып, өнеркәсіп шоғырлануының жоғары деңгейі табылады. Басқа көптеген Еуропалық елдермен қатар, Германияны жеткілікті деңгейде дамыған экономикалық инфрақұрылым және оның элементтерінің-жылжымайтын мүлік, ақпараттар, технологиялар, қаржылар және бағалы қағаздар нарықтарының бүтіндігі сипаттайды. Бұл бизнестің


жоғары деңгейін, және оның салдары ретінде жоғарғы ұйымдастыру шығындарын анықтайды. Осындай макроэкономикалық тенденциялар төлем қабілетсіз кәсіпорындарды басқару механизмдерінің типологиясын қалыптастырады. Кәсіпорындар санациясын тікелей мемлекеттік қаржыландыру, әдетте, аймақтық маңызы бар өте ірі зауыттарға ғана қолданылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде банктік несиелер бойынша кепілдік беру қолданылады. Кәсіпорындар санациясы, кредиторлар өз капиталдарын қайтарып алатынына анық сенімді болған жағдайда жүргізіледі. Санацияның міндетті шарттары болып кредиторлық борышты жартылай (кем дегенде 35 % - ке) жабу және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру үшін менеджерлік құрамды ауыстыру саналады.

Германияда, банкроттық механизм жетік әзірленген. Арбитрлық соттың конкурстық өндірісті ашуына негіз болып кредиторлардың немесе борышкердің өз арызы табылады. Кәсіпорын басшылығының арызды өз уақытында бермеуі қылмыс ретінде қабылданады-мемлекет төлем қабілетсіз элементтердің экономикадан кетуін қатаң бақылайды. Барлық сұрақтар кредиторлар жиналысының бақылауымен қызмет ететін конкурстық басқарушының құдіретіне жатады.

Заң жүзінде несие қарызын жабудың келесі кезектілігі белгіленген:



  • мемлекетке салық борыштарын өтеу;

  • әлеуметтік төлемдер, оның ішінде еңбек ақы (Германияда азаматтарға әлеуметтік кепілдіктердің сенімді жүйесі әрекет етеді, жұмысшыларға еңбек ақы қарыздарын төлеуге кәсіпорында қаражат жетпеген жағдайда мемлекет төлейді);

  • басқа да несиегерлер.

Дегенмен, коммерциялық банктермен несиелеу, әдетте, жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы жүргізілетіндіктен, конкурстық өндірісті ашқан кезде кепілден бос мүлік аз қалады. Сондықтан, кредиторлар шешімінің кең таралған түрі болып кәсіпорын санациясын жүргізу табылады.

Неміс заңдылығы конкурстық өндірісті екі талап орындалған жағдайда қарастырады: банкпен несиелеу тоқтатылғанда және активтерден пассивтер артып кеткен жағдайда. Елдің жоғары сотының шешіміне сәйкес, кәсіпорынды, егер оның активтері қарыздарын өтемесе немесе өз дамуына негізделген дәйекті бизнес-жоспары болмаса банкрот деп табады.

Әрине, кәсіпорынның дәрменсіздігін анықтаудың мұндай критерийлері өте қатал. Сондықтан, кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын анықтау бірнеше бағыттарды қамтитын оның дағдарысының себептерін талдау жолымен жүргізіледі:


  • кәсіпорынның қызмет етуінің құқықтық жағдайларын талдау оның ұйымдық - құқықтық нысанын, фирма қызметінің заңды кеңістігін қалыптастыратын құрылтай құжаттарын қарастыруды ескереді;

  • кәсіпорын филиалдарының орналасуын, өндірістік бағдарламасын талдау өндіріс жағдайларының және өткізу оңтайлылығын бағалауға бағытталған;

  • кәсіпорынды өндіріс ресурстарымен жабдықтау жүйесін талдау
    барысында шикізат пен өнім қорының бар-жоғы, тауар айналым қарқыны, щикізат жеткізудің келісім-шарттарының орындалуы, шикізат сапасы мен құны анықталады;

  • кәсіпорынға қаржы ресурстарының қажеттілігін талдау және қаржылық жоспарлау кәсіпорын активтерін бағалауға, олардың өтімділігін, нарықтық құнын, меншікті және қарыз капиталының үлесін, қаржылык саясаттың стратегиясын бағалауға және бизнес - бағдарламаны қаржыландырудың ең тиімді көздерін анықтауға бағыттылған;

  • ұйымдастырушылық жағдайларды талдау кәсіпорынды басқару тиімділігін, менеджмент құрылымының ұтымдылығын, басқарушы құрамның біліктілік деңгейін, акпараттық тасқындардың оңтайлығын бағалауды ескереді;

  • кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайларын бағалаудың да маңызы зор - салалық қимадағы жағдай, өндірілетін тауарлар тобы бойынша бәсеке деңгейі, бәсекелестердің стратегиясы мен қуаты, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, тұрғын халықтың төлем қабілеттілігі, экологиялық шектеулердің әсері.

Осы аталған факторлардың және заңдылықтың ресми мөлшерлерінің жиынтығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтайды және оның құрылымын кайта құру нысандары жайлы шешімдерді қабылдауға негіз болады.

Италияның банкроттылық туралы заңдылығы бірнеше құқықтық нормаларды бөліп көрсетеді: банкроттық; банкроттық қаупі жағдайында кредиторлармен келісу; банкроттық қаупі төнген жағдайдағы бақыланатын басқару; басқару органдарын күштеп жою.

Германия тәжірибесінде белгіленгендей кәсіпорынды қаржылық сауықтыру нысандарына ұқсас, бұл нормалар дәрменсіз фирмалардың құрылымын қайта құрудың қатаң шараларын реттейді. Банкроттық- басқару және бақылау функцияларын меншік иесінен тартып алуды, сондай-ақ оның мүлкін тікелей сатуды қарастыратын ең өктемді шара болып табылады. Оның үстіне, Италия банкроттығының еркіндік саясын және банкроттық құқық қабілеттілігін шектейтін дербес салдары бар.

Кредиторлармен келісім, төлемдердің мерзімін борышкер бірқатар шарттарды орындаған соң кейінге қалдыруды, оның ішінде мүліктік немесе басқа заңмен белгіленген кепілдікті ұсыну да бар, ескеретін ымыралы шешім болып табылады. Ең қолайлы нысаны болып, кәсіпорын санациясының дәйекті жоспарын ұсынған кәсіпкерге, сот бақылауымен мүлікті және кәсіпорынды басқаруды сақтап, екі жылға дейін төлеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін бақыланатын басқару болып табылады.

Басқару органдарын күштеп тарату ерекшелігі - стратегиялық маңызы бар бірқатар кәсіпорындар мемлекеттік басқару органдардың бақылауында болғанымен анықталады. Осындай кәсіпорындардың каржылық дағдарысы жағдайында олардың мүлкін тарату жүргізіледі. Бұл әкімшілік тәртіппен мемлекеттік басқарудың тоқтатылғанын көрсетеді.

Банкроттық туралы Италияның заңдылығы үнемі жетілдіріліп отырғанын айта кету керек және осы үрдіс мақсаттарының бірі болып, кәсіпорын банкроттықка ұшыраған жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының кешенін енгізу табылады. Егер Германияда мемлекет банкрот болған кәсіпорынның жұмысшыларына қарыздарын тікелей өтеуге қатысса, Италияда экономикалық-әлеуметтік реттеудің басқа, икемді нысандары карастырылған. Ол мемлекеттің қаржылық қиыншылықтары бар жеке компаниялардың жарғылық. капиталына мемлекеттік басқаруды енгізу мақсатында үлеспен кіру және осы шеңберде мемлекеттік үлесті қайтып берумен байланысты санациялық іс-шараларды қаржыландыру. Осы шараны нақты қаржылық дағдарысты басынан кешіріп отырған кәсіпорындарға ғана қатысты қолдануға болады. Сол себепті олардың дағдарыс алдындағы диагностикасы мақсатында және оларды қайта құру жайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның төлемқабілеттілігін анықтаудың негізделген көрсеткіштері қажет.

Италияда дәрменсіздік жағдайды келесі көрсеткіштермен анықтайды:


  • өмірді сақтандырумен айналысатын кәсіпорындарға міндетті резервтер кепілдігі есебіне ұсынылатын активтердің жеткіліксіздігі;

  • егер банктер немесе кооперативтік типті несие мекемелері үшін жарғылық капиталдың 1/3 - і жоғалса;

  • басқа типтегі несие мекемелер үшін, егер қалған жартысы қарыз міндеттемелерін жабуға жеткілікті болғанына қарамастан, мүлкінің жартысы жоғалса.

Чехия Республикасында өтпелі кезең экономикасының күрделігіне қарамастан, кәсіпорындар қызметін дағдарыс кезінде реттеу-өркениетті бәсеке және экономиканы мемлекеттік реттеудің айрылмас элементі болып табылды. Банкроттық жағдайында конкурстық өндірістің басталғаны жайлы шешімді конкурс соты қабылдайды. Конкурстық өндіріс үрдісі оңалту мерзімін (әдетте 3 ай) қамтиды, ол мерзім ішінде несиегерлер талаптары уақытша тоқтайды және кәсіпорын өз қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады. Кредиторлар комитеті осы мерзім ішінде кәсіпорын жұмысын бақылаудың бір нысаны жайлы шешім қабылдауы мүмкін. Егер кәсіпорын төлем қабілеттілігін қалпына келтірмесе, төлемдер конкурс массасына енгізілген борышкер мүлкін сатудан түскен қаражаттар есебінен өтеледі. Бұл жерде талаптарды қанағаттандыру тәртібі, ең алдымен еңбек талаптарымен қатар конкурстық басқарушының еңбек ақысы қосылғандығымен ерекшеленеді. Банкроттылық туралы Чехия заңдылығының тағы бірқатар ерекшеліктері бар:

  • егер конкурстық өндіріс барысында қарыздарды бөліп өтеу туралы шешім қабылданбаған болса, онда банкроттың өзі сотқа күштеп өтеу жүргізуді ұсынуға құқылы, бұл кредиторлардың ѕ бөлігі келіскен жағдайда мүмкін болады;

  • мемлекеттік кәсіпорындарды банкрот деп танудың ерекше тәртібі белгіленген: банкроттық туралы шешім қабылдау үшін халықтық мүлік және жекешелендіру істері жөнінде Министрліктің шешімі қажет, қорғау мерзімі борышкер кәсіпорындарды жекешелендіру жағдайында және оны жекешелендіру мерзімі шеңберінде беріледі;

  • банкроттылық туралы зандылық мемлекет қарыздары бойынша субсидиарлық жауаптылықты өз мойнына алатын кәсіпорындарға қолданылмайды.

Чехия заңдылығында банкротты ажыратудың басқа елдерден ерекшелігі жоқтың қасы-дәрменсіздік белгісі болып, кредиторлық қарыздардың кәсіпорынның таза активтерінен жоғары болуы табылады.

Экономиканы дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеудің аспектілері әр елде әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та бұл, жұмысбастылық саласында заңдылықты жетілдіру, әсіресе, жастарға жұмыс орындарын көбейту, аймақтық күрылымдық бағдарламалар жасаудан көрінеді. АҚШ-тың заңдар жинағында үкіметтің тиімді іс-шаралары жеке аймақтардағы жұпемыссыздықтың жоғары деңгейін төмендету жөнінде арнайы әзірленген бағдарламаларды қамту, экспорт ролін көбейтуге және ауыл-шаруашылықтың, машина жасаудың және өнеркәсіптің бәсеке қабілеттілігін жақсартуға көбірік көңіл бөлу керек деп айтылған. Бұл саясат жастарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бағдарламасын және штаттар, жалпы ел үшін маңызы зор салаларда жұмыс орындарын құру бағдарламаларын қамтиды.

Конгресс мәліметтері бойынша, елдегі жұмыссыздардың көп бөлігі жастардың үлесіне тиеді және бұл қылмыстың, нашақорлықтың, маскүнемдіктің және т.б. жоғары деңгейде өсуіне жағдай жасайды. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралармен бағдарламаларды әзірлеуде американдық заңгерлер үкіметке жұмысты кәсіптік оқумен үйлестірудің тәжірибелік әдістерін әзірлеу, жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, өндірістен қол үзбей кәсіптік білім алу тәжірибесі сияқты міндеттерді шешуді қарастыруды ұсынады.


жүктеу 1,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау