Диплом жұмысы Тақырыбы: «Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері»


АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ



жүктеу 0,72 Mb.
бет3/4
Дата15.05.2018
өлшемі0,72 Mb.
#13826
түріДиплом
1   2   3   4

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ

АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІ.
Атырау қаласындағы №19 қазақ орта мектебінің мұғалімі Қазмағамбетова Зәуреш Абай шығармаларын оқытуда шығарма иесінің өмірімен таныстыру әдісін ұтымды пайдалана білген.

«Абай – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Сондықтан да өзім ақынның шығармаларын оқытпас бұрын, ақынның өмірімен таныстырып кеткенді жөн көрдім. Ондағы мақсатым - оқушылар ақынның шығармаларын шын ықыласпен оқып – үйреніп, ақынның өзін құрмет тұтып, үлгі аларлық дәрежеде тәрбиеленуі керек», - дейді тәжірибелі ұстаз. Абай өмірін оқытудың барысында оның өскен ортасының өнегелік жағын жекелей анықтап, дәлелдей айқын көрсете білудің маңызды екендігін баса айтқан. «Абай осы күнгі Семей жеріндегі Шыңғыс деген тауды жайлаған Тобықты руының ішінде 1845 жылы туылған. Өнегелі өмірдің бастауы асқар таудай атасы – Құнанбай, ағар бұлақ анасы – Ұлжан, мейірімді, қамқор шежіре әжесі – Зеренің орны бір бөлек. Халқымыз «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» десе, ұлы ақынның ата – анасы . бірі – елдің атасы,бірі- елдің анасы. Тағы да дана халық: «Тақыр жерге шөп шықпайды» дейді ғой, ендеше ұлының әкесі – Құнанбай ақыл – парасат иесі, ел билеген көсем, бұлбұл шешен, әрі мырза, жастайынан атқа қонған найзагер, қатал талапты, табанды әрі шешімді адам болған. Елді тәртіпке келтіріп, адамгершілік арға бағындыратын дінді ұстаған, ақыл – айласы мол әрі көрген сыншы кісі. Әкесі Абайды жасынан өзімен бірге ала жүріп, үлкен өнегелі отырыстарды көрсетіп, небір дүлдүл шешендердің асыл сөз, абзал қасиеттерін, әділ биліктерін оған сабақ етті. Құнарлы бай тілді, адамгершілікті, парасаттылықты халықтан алды. Осындай көңілі ояу, көзі ашық, биікті әке дәстүрі баладан балаға жалғасты. Абай өз балаларына да осы үлгіні берді., оқытты, халық адамы етіп тәрбиеледі. [21] 125-134 б.

Өнегелі тәрбиені үлгі ете отырып адам болу жолын ғылыми тұрғыда өз шығармаларында дәлелдеп көрсетті.

«Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазақта қара сөзге дес бермедім.» -

Деп еш мақсатсыз – ақ өзінің кім екенін көрсетеді. Ал нағыз адам болу үшін «Ақыл қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» - деп жан – жақты жетілген адам тәрбиелеудің ең биік нысанасын көрсетеді. Сонымен адам тәрбиелеудегі күрделі ойлар желісін діни долбармен ұштастыра түсіндіреді. «Адам ең әуелі дос көбейтпек керек. Ол үшін дос бола білу керек. Бірінші - әрбір жаманшылықтан бойын жинамақтық, бұл адамға нұр болады. Екінші - өзін - өзі өзгешіліктен артық көрсеткен адамдықтың нұрын, гүлін бұзады. Үшінші – қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемсітпек. Олар дұшпандық шақырады. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек, Надандық, еріншектік, залымдық. Надандық, ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік – хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуанға қосылады.» - деп діни жолмен түсіндіреді.

Аналары Зере мен Ұлжан халқын, ел- жұртын сүйіп мейірімділікке, үлкен жүректі ұлылыққа бастады. Ел анасы - әжесі Зере ел тарихын айтып, ел – халқының тұрмыс – тіршілігімен таныстырып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретті. Туған анасы – Ұлжан өте ақылды, ұстамды, сөзге сараң, сөйлесе шебер үйлесімін тауып сөйлейтін ақындық қасиеті бар дана әйел болған.

Ата – ананың асыл өнегесі Абайды ағалыққа, ұлылыққа бастады. Өзіндей өз ісімен туысқандық қасиетті сақтай отырып, Құдайбердідей аға өсиетін орындап, Шәкерім сынды ұлы тұлғаны тәрбиелейді.

Міне осындай Абайдың өнегелі өмірін естіп өскен шәкірттен ешқандай жамандық күтуге болмайды. Тек соны жеткізе білу, оқушылардың санасына ұялату – мұғалімнің алдына қоятын мақсаттарының бірі. Сондықтан бастауыш сыныптарда Абай шығармаларын оқытпас бұрын оның өнегелі өмірімен таныстырудың пайдасы зор.»[22] 69-78 б.

«Қыс» тарауындағы Абайдың «Қыс» атты өлеңін өтудің толық үлгісін көрсетейік.

1. Кіріспе әңгімеде балаларға жаңа жауған қардың түсі, формасы, оның бұрынғы жауған қардан айырмашылығы жөнінде нақты мағлұмат мұның алдындағы сабақта толық айтылған болатын, сондықтан бұл кезде мұғалім бүгінгі оқу сабағында өтетініміз Абайдың «Қыс» деген өлеңі деп жаңа тақырыпты тақтаға жазып, оқушыларға неге көңіл аудару, нені білу қажет екенін айтады. Кіріспе әңгіме сұрақ – жауап әдісімен жүргізіледі. Қойылатын сұрақтар мынандай болғаны жөн:

1) Жауып тұрған қарды бақыладыңдар ма ?

2) Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?

3) Желсіз кезде жауған қар жерге қалай түседі?

4) Ағаштардың бастары қандай ?

5) Қар түйіршіктері қандай болады ?

6) Қыста дала қандай болады?Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер ?

7) Жаңа жауған қар түскенде қандай болады?

8) Қыста орман қандай болады?

- деп келіп оқушыларды мынандай әңгімелерге тартады. Ағаш түбіне қар аз түсіп, ағаш сирек жерге қалың жауады. Қар үстінде әр түрлі хайуанаттардың іздері көрініп жатады. Ағаш бастары бас киім кигендей, қар өте қалың. Келе жатқанда аяқ астына аппақ мақта жайып тастағандай болып көрінеді. Күзде аспан сұрланып, жер қарайып, ағаштар жалаңаштанып тұрса, қыс түскенде жердің беті аппақ, ауа таза, аспан көбіне ашық болады. Қар жамылған ағаштар ертегіні еске түсіреді. Қыс сиқыршыдай өздері мұзбен жабады да, Аяз ата қыспен бірге келеді, деген сияқты бейнелі әңгімені пайдалану оқушылардың қар жөніндегі түсінігін кеңейтіп, тілдік қорын дмытады, әдемілікке деген құштарлығын арттырады. Мұғалім енді негізгі текске көшіп, Абай атамыздың қысты суреттеуін айтады.



2. Мәнерлеп оқу. Алдымен өлеңді мәнерлеп оқып береді де, сұрақ – жауап әдісі арқылы ішкі мәнін ашуға кіріседі.

- Несімен көңілді?

Мұғалім оқушылардың осы сұраққа берген жауаптарын толықтырып, ойын нақтылай түседі. Оқушылырға іштей оқуға тапсырма беріп, түсінуге қиындық келтірген сөздерді дәптерлеріне бағана түрде теріп жазуды ұсынады. Оқушылар 2-3 минут іштей оқығаннан кейін олардың өздерін қатыстырып, түсініксіз сөздердің (соқыр, мылқау, т.б.) мәнін анықтайды. Сонан соң сұрақ – жауап әдісімен өлеңнің мазмұнын түсіндіреді:


      • Автор қысты кімге теңеп тұр ?

      • Қысты адамға, кәрі шалға теңейді.

      • Шалдың киімдері қандай ?

      • Ол ақ киімді, үстін ақ қырау басқан.

      • Киім деп отырғаны не ?

      • Ол жауған қар, қатқан мұз.

- Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады ?

- Ақ киімді, ақ сақалды Аяз атаға.

- Өлеңдегі шалдың мінезі қандай ?

- Ол – қатал, соқыр, мылқау адам сияқты.

- Соқыр, мылқау дейтін себебі не ?

- Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады.

- Түрі, түсі қандай ?

- Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық.

- « Түсі суық» дегенді қалай түсінесіңдер ?

- Қатал, ашулы Адамның түсі суық болады.



4. Дауыстап оқу (мәнерлеп оқу талабы қойылады).

5. «Сөзбен» сурет салу. Ол үшін бірінші шумақ бойынша мынандай сұрақтарды қамтитын жоспар жасалады:

1) Шалдың киімді қандай ? (Аппақ). 2). Денесі, түрі қандай? (Денесі ұзын, ақ сақалды). 3). Мінезі қандай ? (Мінезі қатал, ештеңені көрмейтін соқыр адам сияқты). 4) Үсті қандай ? (Үстін ақ қырау, мұз басқан, сондықтан жүргенде сықырлайды).

Осы айтылғандарды көз алдарыңа келтірсеңдер, сонда қыстың қатал көрінісі немесе сұсты Аяз ата елестейді. Егер сендер суретші болсаңдар осы суретті қалай салар едіңдер деп, оқушыларға ауызша «сөзбен» сурет салғызады. Екінші шумақтағы «Бұлттай қасы жауып екі көзін» дегенде, ақын қысты аспанды торлаған бұлтты айтып тұр. Қыста бұлт қар болып түседі. Егер жел болып тұрса, ұйытқып жауады. Шумақтың екі жолын оқушылардың өздерінше суреттеп айтып беруді ұсынады. Ал екінші шумақтың үшінші жолындағы қатты бораннан «алты қанат ақ орда үй шайқалды» деген сөйлемді жете ұғындару үшін киіз үйдің макетін пайдаланған тиімді. Үшінші шумақты да осылай бейнелеп айтқызуға болады.

6. Сөздік жұмысын жүргізу.

Соқыр, мылқау – түк көрмейтін, аямайтын қаталдық;

бұрқ – сарқ – қатты дауыл, боран;

долданғанда – аяз, жел, тым күшейген;

шидем – шекпен (қалың киімнің ең сыртынан киетін жүннен тоқылған киім);

7. Шығармашылық жұмыс жүргізіледі.

«Жазық, орманды даланы, ауыл көрінісін көз алдарыңа елестетіңдер» деп әр қатарға жеке тапсырма беріледі: жазық даланы бірінші қатар, орманды даланы екінші, ал ауыл көрінісін үшінші қатар әңгімелеп беруі тиіс.

Мұғалім «Жер аппақ, теп – тегіс, ағаштар көрпе жамылғандай, бүкіл орман тыныш - шатықта» деп келіп, осы айтылғандарын көз алдарына 1 – 2 минут балалардың көзін жұмғызып , елестетуді ұсынады. Осыдан соң біртіндеп көздерін ашқызып, «әне, қоян көрінеді, аю қозғалды, түлкі жүгірді, құстардың даусы естілген, орман жәндіктерінің тіршілігі басталды» деп, балаларға түрлі елестер беру арқылы оларға эмоциялық әсер бере оқыта, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, сабаққа деген ынтасын арттырады. Әрине, мұндай творчестволық жұмыстың сәтті шығуы мұғалімдердің шеберлігіне байланысты.

8. Қайталап оқыту – мәнерлеп оқуға жаттықтыру: а) оқи отырып, қай жерде аз, қай жерде ұзақ пауза жасау керек екенін аңғарту. Мысалы: 1-3- жолдардан кейін сәл ғана пауза (себебі ой толық аяқталмай, әрі қарай жалғауды қажет етіп тұр), 3-4- жолдардан кейін ұзақ пауза (себебі ой толық аяқталады) жасалады. 5-6 –жолда ұзақ пауза (себебі ой толық әрі жалғасады), 7-8 –жолда ұзақ пауза (себебі ой жинақталып қалды) болады. 9-10-жолда сәл пауза (себебі ой аяқтауды қажет етіп тұр) 11-12 –жолда ұзақ пауза (себебі ой аяқталады) жасалады.

Мұғалім бұдан соң өлеңнің қай жерлерін шапшаңдау оқу керек екенін ескертеді. «Боранды бұрқ – сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар» деген жерлер жылдамдау оқылуы керек. Осыдан кейін жоғарыдағы қайталап, яғни мәнерлеп оқыту жоспары бойынша оқушыларға өлеңдегі негізгі ой бөлшектерін бөліп – бөліп оқыту қажет:

1-шумақ – қыс көрінісі немесе ақ сақал шал;

2- шумақ 1-2- жолы –қардың жаууы;

3- 4-жолы – боран, дауыл;

3-шумақтың 1-2-жолы- балалардың көңіл-күйі, яғни ойын;

3-2-жолы – малшылардың жағдайы.

Оқушылардан өлеңнің ішкі мазмұнына беріліп оқу талап етіліп, оларды үнемі қадағалап отыру керек. Қойылатын талап мынандай болғаны дұрыс: 1 – оқушыға 1-шумақты бір қалыпты баяу және әр сөзді анық, салмақпен оқыту. Бұл шумақтың ішкі мазмұны үлкендерше сезінуге машықтандырады. 2-ші оқушы 2-шумақтың 1-жолын сәл көтеріңкі дауыспен, қалған 3-жолды шапшаңдау оқыту керек. Жалпы 2-шумақты 1-шумаққа қарағанда сәл тезірек және сөздердің мағынасына қарай, яғни табиғат құбылысының өзгеру ыңғайына қарай оқытқан жөн. Ал 3-шумақтың 1-жолын көтеріңкі дауысқа салып оқыса, 2-жолды жаймен төмен түсіп, 3-4- жолдарын біркелкі баяу ырғақпен оқу қажет. Оқуға қойылатын мұндай талаптың себептерін мұғалім оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуге тиіс.



6. Қорытындылап оқыту. Бұл мұғалімнің қайта мәнерлеп оқуға немесе ең жақсы оқитын оқушыға мәнерлеп оқыту арқылы іске асырылады.

Үйге тапсырма: 1). Өлеңді оқуға жаттығу және жаттау. 2). Қыс туралы өлең және жұмбақ тауып келу. 3). Әр шумақты оқып, соңынан бейнелеп айтуға – «сөзбен» сурет салуға машықтану.[23] 57-59 б.

Семей қаласындағы № 34 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Ошақбаеваның сабақ үлгісін қарастырып көрейік:



Тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба».

Білім беру – қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мәнін ашып меңгеруге, ой - өрісін кеңейту, мәнерлеп сауатты оқуға жаттықтыру.

Дамытушылық – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту (байыту), тіл байлығын молайтып, ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – жақсы мен жаман әдет – қылықтарды ажырата білуге, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, өздігінен жетілуге талпынған, жауапкершілік сезімі, парызы бар өнегелі ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың өткізілу әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап, көрнекілікпен жұмыс, шығармалық жұмыс, мәнерлеп айту.

Сабақтың құрал – жабдықтары мен көрнекіліктері: оқулық, плакаттар, карта, тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті:

Абай туралы не білеміз ? Оқушының өз ойын білу.

(1-кестемен жұмыс)

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Балаларға, біз бүгінгі сабақ барысында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен және шығармашылығымен танысамыз. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мәнін ашып меңгеріп, ой - өрісін кеңейтіп, мәнерлеп сауатты оқуға жаттығамыз. [24] 36-45 б.

Кіріспе әңгіме. Картамен ұғындыру (2-кесте).

Абай қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы. Абайдың шын аты – Ибрагим. Абай Құнанбаевтың 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында туып, 1904 жылы шілденің алтыншы жұлдызында қайтыс болған.

Абай Семей обылысы Абай ауданының Шыңғыс тауының бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде туған.

Абайдың әкесі бай болған. Абайдың анасы Ұлжан – ақылды, мейірімді кісі екен, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибрагимді еркелетіп «Абай» деп атаған.

Қос ана қазақтың ертегі, аңыз- жырларын көп білген. Абайға кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айтып, оның санасына құя білген.

Абай ауылындағы Ғабитхан деген татар молдасынан үш- төрт жыл сабақ алады. Әкесі Абайдың зеректігін байқаған соң оны Семейдегі Ахмет- риза медресесіне оқуға береді. Сонда жүргенде өз бетімен орыс тілін үйренеді.

Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Өз өлеңдеріне 20-дан астам әндер шығарған үлкен сазгер.

Абай үлкен аудармашы Лермонтовтың, Пушкин, Крылов өлеңдерін қазақшаға аударған.

Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе жастар мәселесі, оның ішінде оларды білім алуға, оқуға, еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алатын өлеңдері: «Әсемпаз болма әрнеге», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», т.б.

Таласбек пен Зерделі сияқты оқушылар «Адам болам десеңіз» деп, оқулықтан Абай өлеңдерін оқып үйренеді.

Өлеңді оқымас бұрын сөздік жұмыс жүргізіледі.

Рақым – адамның өзге кісіге жасайтын жақсылығы, көмегі.

Қанағат – барға риза болу.

Бекер мал шашу – қолда бар дүниесін, ақшасын, мал – мүлкін дұрыс пайдалана алмау.

«Ғылым таппай мақтанба,

Білім таппай баптанба...» - дегендегі орын деп отырғаны – алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Ақын ғалым мен адам болу екеуінің тамыры бір дейді. Ғалым болудың басты шарты – не нәрсені болсын ақылға салу, ақылың сенген нәрсеге ғана сену. [25] 57-65 б.

Бес жаман істе адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады.

Өсек – біреуді сыртынан кінәлау, жала жабу, сөз тасығыштық. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Өтірік – бұған өтірік сөзді шын деп ант еткен, азған адамды жатқызады. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Жаман қылықтардың бірі мақтаншақтық, даңғойлық. Ондай адамдар өзін мақтауды сүйетін, басқалардың алдында білімді, жағымды болып көрінгісі келетін бөспе, сөзгеқұмар. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).



Бекер мал шашу – қолда бар қаржы мен мал мүлкін дұрыс пайдалана алмау, өз пайдасын білмеу, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамды айтады. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Ал осы жаман әдеттерден аулақ болу үшін қазақ халқы «Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін шығарған» мақал-мәтелдер қалдырған.

Шығармашылық жұмыс.

Плакаттағы сөздерді дұрыс пайдаланып мақалды жазу.



  1. Өрге баспас сөз өтірік.( Өтірік сөз өрге баспас).

  2. Түбі – қорлық ұрлық, ұрлық. (Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық.)

  3. Ертеңі таусылмас еріншектің. (Еріншектің ертеңі таусылмас).

  4. Жалқау жатады, белшеден қарызға батады.

Ал, жаман қасиеттерге қарама – қарсы Абай атамыздың өлеңіндегі бес жақсы қасиетті тыңдайық. [26] 38-46 б.

Талап – талаптың ішіндегі ең негізгі – бұл бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығару, болашшаққа талпыну.



Еңбек – Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды. (Оқушылардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Терең ой – адамды барлық жан – жануарлардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалайды. Оның біріншісі - ақыл- ой, екіншісі –сөз.

Нағыз адам өткен- кеткеніне қорытынды жасап, келешекке үмітпен қарайды. Адам үнемі үздіксіз ойлану керек. Өйткені ақыл – ой ғана адамды алға бастайды. Терең ойдың негізі ми мен ақыл.



Қанағат – барға риза болу, місе тұту. Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінен оқушылар көрініс көрсетеді.

Рақым – адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірімі, көмегі. Рақымдылықтың негізі – жүрек пен сезім. Барлық адам баласын өз бауырындай көру, өзіне ойлаған жақсылығын өзгеге де жасау. (Рақымшылықтың мазмұнына сурет бойынша әңгімелесу).

Жаман қасиеттерден ада болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек болашақта Отанын сүйер азамат болып шығарымыз сөзсіз. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыту.



Қорытынды.

Сабақты қорытындылау сұрақтармен жұмыс жүргізу және жұмбақ шешу ойыны арқылы жүргізіледі.



  1. Адам болуға кері әсер ететін қандай қасиеттерді білесіңдер?

Оқушылар жауап бере отырып, адам бойындағы жаман қасиеттерді сызбадан атап табады.

2.Ал адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек екен?

Осы сұраққа да жауап бере отырып сызбадан адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап табу.

Абай Құнанбаев былай деген:

Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Осы үшеуінің басын қосып, оны үлкен күшке айналдыратын – ғылым.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек.

Яғни осы қасиет бірігіп, біліммен көзге түседі.



Үйге тапсырма:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқы.

  2. Өлеңнің өзіңе ұнаған жолдарын жаттап ал. [27] 65-79 б.

Өзім еңбек еткен Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің 2-сыныбында Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» шығармасын оқытуда өткізген сабағымды тақырып тұрғысынан талдап көрсетейін.

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясы жақсыдан үйрену, жаманнан жирену екендігін ұғындыру.

Сабақтың тәрбиелік міндеті: жаман әдеттерден аулақ болуға, бойларына жақсы қасиеттер жинай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Әр түрлі нақты сөз, мақал – мәтелдер, Абай өлеңдері; буклеттер, кітаптар.

Сабақта ең алдымен оқушылардың зейінін тұрақтату мақсатында Қадыр Мырза -Әлінің

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте

-деген шумағын хормен айтқызады. Бұдан кейін сабақтың мақсатын хабарлап, бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қойдым: А.Құнанбаев. “Ғылым таппай мақтанба” Кіріспе әңгіме.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семейде дүниеге келген. Әкесі- Құнанбай, шешесі – Ұлжан. Әкесі бай болған адам.

Абайды 10 жасқа келгенде Семейге медресеге берген. Парсы, шағатай, орыс тілдерін меңгерген. 1904 жылы 59 жасында қайтыс болған.

Абай – қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Отыздан асқан соң өлең жаза бастаған. Ол өз өлеңдерін бірнеше топқа бөледі.

Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе – жастар мәселесі, оның ішінде оларды білім алуға, оқуға, еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алады. [28] 16-19 б.

“Әсемпаз болма әрнеге”, “Интернатта оқып жур”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім,” тағы басқа жас ұрпаққа айтар ақыл – кеңестерге толы. Соның бірі - “Ғылым таппай мақтанба” өлеңі – дей келіп, өлеңді түсінікті, дұрыс, мәнерлі түрде оқып бердім.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Тілеуің, өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз

Ғалым болмай немене

Балалықты қисаңыз

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғылымды көрсеңіз

Ондай болмақ қайта деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз

Сізге ғылым кім берер

Жанбай жатып, сөнсеңіз

Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз

Өзің үшін үйренсең

Жамандықтан жиренсең

Ашыларсың жылма- жыл

Сабақта Абай атаған бес жаман іс пен жақсы қасиеттер аталып, әрқайсысы жеке- жеке талданады.

Осы өлең ішіндегі бес жаман іске тоқталайық: Өсек – бұл пыш-пыш біреуді жамандап айтылатын сөз екен.



Өтірік – бұл да өрге баспайды. Өтірікші қыз туралы ана тілден оқыған “Күмән” әңгімесін еске түсірейік. Осындағы қыз бір өтірік айтамын деп барлық оқушының сенімінен шығады. Еріншектік – бұл да мүлдем жаман қасиет. Қазір өзіміз еріншек бала Еркін туралы көрініс көрсетейік.

Мақтаншақтық – бұл да жаман қасиет.

Бекер мал шашпақ – бұл да ысырапшыл деген мағынаны білдіреді. Мысалы: нан жеп жүріп, оның жартысын итке лақтырып, ысырап жасаушы болма.

Ал, енді осы жаман әдеттерден аулақ болу үшін қазақ халқы таудай сөзден тобықтай түйін сөз мақал – мәтел қалдырған.

Кәне, осы жаман әдеттер туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Балалар мақал – мәтелдер айтады.



  1. Өтірік сөз өрге баспас.

  2. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

  3. Еңбек етсең емерсің.

Ал, осы жаман қасиеттерге қарама – қарсы Абай атамыздың өлеңіндегі бес жақсы қасиетті тыңдайық.

Талап – бұл адамның өз алдына мақсат қойып, болашаққа талаптануы.

Еңбек – еңбексіз дүние жоқ, мысалы мына өзіміз отырған партаны алайық. Бұған қанша еңбек жұмсалғанын білесіздер ме ? “Стол қалай жасалады?” атты буклетпен таныстыру.

Терең ой – бұл білім, ғылымға ұмтылу.

Қанағат – нысапсыз болмау, Ана тілінен “Қанағатшыл құмырсқа” әңгімесін еске түсіреміз.

Рақым – бұл мейірімді болу, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқорлық жасау, осы туралы көрініс көрсетіледі.

Қорыта айтқанда, осы жаман қасиеттерден ада болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек, болашақта бізден халық қамын жеген, Отан сүйер азамат шығары сөзсіз.

4-сыныпта Абайдың қара сөзі берілген. Бұл бастауыш сатыда Абайдың философиялық ой- тұжырымдарының берілуінің алғашқы сатысы. Сондықтан жаңа буын оқулықтарында Абайдың қара сөзінен үзінді берілуін оқулықтың құнды, сапалы көрсеткіштерінің бірі ретінде атап өткіміз келеді. Енді сол қара сөзді оқушы көңіліне түйгізу, санасына сіңіру мақсатында өткізген тағы бір сабағымның үлгі жоспарын келтіремін:[29] 19-21 б.

1. Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөзінен.

2. Сабақтың мақсаты: Абайдың қара сөзінің мағынасын ұғындыру.

а) Білімділік міндеті: Ұлы ақын Абай жөніндегі оқушылардың білетіндерін жаңа мәліметтермен толықтыра түсу. Ақынның өлеңдерін, әндерін, қара сөздерді меңгерту, түсіндіру;

ә) Дамытушылық міндеті: Көркем шығармадағы негізгі ойды ажырата білуге үйрету, өз ойларын еркін жеткізе білуге, пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту. Сөздік қорын молайту.

б) Тәрбиелік міндеті: Ақын шығармасы арқылы еңбексүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, әдемілікті, әсемдікті сезінуге баулу.

3. Көрнекілігі: Абайдың суреті, ақын туралы буклеттер, альбом, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ.

4. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

5. Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, қайталау.

6. Пәнаралық байланыс: ән, бейнелеу.

7. Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын тексеру. Балалардың жаттап келген өлеңдері сұралады, жазған шығармалары тексеріліп, құрастырылып келген мәтіндері тыңдалады. Ғ.Қайырбековтың “Ана тілі” өлеңін жатқа сұрау. Үй тапсырмасы бойынша қосымша сұрақтар қою: а) тілге байланысты қандай нақыл сөздер білесің?

ә) қазақ тілінің ерекше байлығы, ұлылығы туралы ақын қалайша шабыттана жырлайды?

б) ана тілін қалай құрметтеу керектігі жөнінде әңгімеле.

3) Жаңа сабақ.

- Балалар, енді тақтадағы сөзжұмбақты шешіп көрейік. Егер оны дұрыс шешсек, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.


1. Республикадағы “көмір кені” аталған қала.(Қарағанды)

2. Қазақтың ұлы ақыны.(Абай)

3. Құрманғазының күйі.(Серпер)

4. Биік төбелердің атауы.(тау)

5. Қазақтың ұлттық ойыны. (Ақсүйек)

6. Сәуір айының екінші аты. (көкек)

7. Қазақтың Тұңғыш президенті(Назарбаев) Сөз жұмбақ шешуі: “Қара сөз”.





Қ

А

Р

А

Ғ

А

Н

Д

Ы




А

Б

А

Й




С

Е

Р

П

Е

Р







Т

А

У




А

Қ

С

Ү

Й

Е

К







К

Ө

К

Е

К




Н

А

З

А

Р

Б

А

Е

В




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау