Диплом жұмысы Тақырыбы: 7-8 сыныптардағы араб тілі сабақтарында жаттығуларды ұйымдастыру жолдары. Ғылыми жетекші


Елтанушылық сипаттағы жаттығудың ерекшеліктері



жүктеу 242,5 Kb.
бет2/3
Дата04.02.2020
өлшемі242,5 Kb.
#28239
түріДиплом
1   2   3

Елтанушылық сипаттағы жаттығудың ерекшеліктері. Жаттығу оқу процесіндегі ең маңызды мәселе болып табылады. Сол тілде сөйлеушілерге арналған жаттығулар, оңайлатылмаған мәтіндерді қолдануға мынадай деректер дәлел бола алады.

1. Жасанды, оңай мәтіндерді пайдалану өмірден алынған мәтіндерді түсінуге көшуді қиындатады.

2. "Жасанды" оқу мәтіндері ерекше коммуникативтік бірлік ретінде мәтінге тән белгілерін жоғалтады.

3. Жаттығулардың стилі мен тақырыбы әр-түрлі болады да, олармен жұмыс істеу оқушылардың қызығушылығын туғызады.

4. Жаттығу мәтіндер тілі оқытылатын елдің мәдениетіне үйретудің ең тиімді құралы болып табылады.

5. Жаттығу мәтіндер тілдің қызметін сол тілде сөйлеушінің айтқан формасында және табиғи әлеуметтік контексте бере алады. [10.2000 ж. 73бет]

Жаттығуды зерттеу және оны практикада пайдалану нәтижесінде шетел тілін оқыту әдістемесіне "әдістемелік жаттығу" ұғымы енгізілді.

Осыған орай оқыту процесінде үш аспектіге: әдістемелік аспект, құрылымдық аспект және мазмұндық аспектіге көңіл бөліну керек.

Әдістемелік аспект мәтіннің түсініктілігін, оқытудың нақтылы міндеттеріне сәйкестігін, әдістемелік тиімділігін қарастырады.

Құрылымдық көрсеткіштерге мәтіннің композициялық және тілдік сипаттары жатады. Олар: мәтіннің дұрыс кұрылу ерекшелікгері, оның бөліктерінің өзара байланысы, лексико-грамматикалық дайындау жаттығулаы, нақтылы контекстегі тілдік кұралдардың теңбе-теңдігі және т.б. Демек, мәтіннің құрылымдық жаттығудың ерекшеліктері, бұл - мазмұндық және құрылысына қарай тұтастық, оны құратын бөліктердің арасындағы мықты логика-грамматикалық байланыстар.



Жаттығудың мазмұндық аспектісіне кеңірек тоқталайық:

Мәдениеттанушылық жаттығу тілді оқыту сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетімен оның азаматтарының менталитеті және тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктермен танысумен тығыз байланысты.

Мұнсыз шетелдіктермен қатынасу, араласу және олардың елінде өзінді сенімді сезіну мүмкін емес. 60-80-ші жылдардағы оқулықтарда мәтін басқа мәдениетпен танысу құралы емес, саяси идеялық тәрбие құралы болып саналған. Мәтіннің идеологиялық бағытына назар аударылды да, оның мазмұнының жаттығу назардан тыс қалды. Ал қазіргі оқулықтарда елтану ақпараттарының көп кездесуі сабақты жандандырады, оқушыларда үлкен қызығушылық туғызады. Тілі оқытылатын елдің тарихы, географиялық орны, дәстүрлері мен мерекелері туралы мәтіндер оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Тіл арқылы өзге халықтың мәдениетін зерттеу - қазіргі заманғы мәдениеттанушылықтың аса маңызды аспектілерінің бірі. Оқу мәтіндерінің мәдениеттанушылық жаттығуға қол жеткізу оқытушының алдында тұрған екі маңызды міндетті: тілді оқыту және мәдениетті оқытуды тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін тудырады.

Ақпарат жаттығулары. Кез-келген табиғи мәтінде жаңа ақпарат болады. Осы талап оқу мәтіні үшін де өте маңызды. Егер мәтін оқырманның немесе тындаушының табиғи қызығушылығын арттыра алса, ол мәтінді ақпаратты-жаттығу деп тануға болады.

Бұрынғы окулықтарда оқырмандарға түсінікті болу үшін мәтіндер жеңілдетілді. Мәтіннің мазмұнын лексика мен грамматика анықтады, ал мәтіннің өзі ақпарат беру құралы емес, жаңа тілдік бірліктерді түсіңдіру құралы ретінде қарастырылды. Қазіргі кезде әдістемелік жаттығу ақпараттық аспектісі материалды іріктеуде анықтаушылардың бірі болып түр шетел тілі сабағында ақпарат негізгі мақсат емес, керісінше оқушылардың ынтасын көтерудің, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінуге қызығушылығын және тақырыптың алуан түрлілігі тілді оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының және дамуының құралы ете алады.

Жағдаятқа байланысты жаттығу таңдау. Оқу иллюстрациясы ретінде ұсынылатын жағдаяттың табиғилығын, сол тілде сөйлеушінің берілген тақырыпқа қызығушылығын және оны талқылаудың табиғи көңіл-күй, қызығушылық тудырады, пәнге деген жақсы қарым-қатынас қалыптастырады. Оқулықтарда өмірдегі мәселелермен байланысты берілген мәтіндер де жанр жаттығу сақталады. Олар жеке хаттар, анекдоттар, жарнама, кулинарлық рецептер, ертегілер, ғылыми көпшілік және елтану мәтіндері, газеттен алынған мақалалар. Осындай, жанрлар әртүрлілігі оқушылардың өмірде әртүрлі саласында қолданылатын тілдік тіркестермен, фразеологиялық тіркестермен, лексикамен танысуына мүмкіндік береді.

Мәтін бойынша қолданылатын көрнекілік те маңызды роль атқарады. Құрылым мен мазмұнның жаттығу және мәтіндерді безендендіру оқушылардың белсенділігін, ынтасын туғызады. Олардың сабақта тілдік ортаға енуіне тиімді жағдай жасайды. Өйткені, оқу мәтіндері суреттермен, схемалармен, географиялық карталармен, диаграммалармен т.б. көркемделеді. Оқу мәтіндерінің мазмұнына сәйкес әртүрлі орындарда (үйде, көшеде, кітапханада т.б.) түсірілген суреттер мәтіннің жаттығу айшықтай түседі. Транспорттың шуы, телефон дауысы, музыка, вокзал немесе аэропорттағы хабарлаушының т.б. аудиомәтіндерге жаттығулық сипат береді. Ұсынылған жағдайды жақсы түсінуге көмектеседі, әртүрлі кедергі кезінде басқа тідді дұрыс қабылдау дағдысын қалыптастырады.

Жаттығуды безендендіру оқушылардың назарын, көңілін мәтінге аударып қана қоймай, мәтіндегі негізгі ойды түсінуді де жеңілдетеді.

Мәтіндерге берілетін оқу тапсырмалардың жаттығулары. Жаттығулық тапсырмаларға ақпарат көздерімен жұмыс істеу кезінде оқудан тыс жерде болатын операцияларға негізделген мәтінмен байланысты біріккен іс-әркетке ұмтылдыратын тапсырмалар жатады. Егер мәтін болса, оған назар аудару үшін, мәтін алдында әртүрлі жаттығулар жасалады. Мәтіннің алдында құрылымы әртүрлі сұрақтар беріледі. Біріншіден, мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап беру; екіншіден оқушылардың тапқырлығын тексеретін сұрақтар қойылады. Тапқырлық жаттығу коммуникативті іс-әрекет, ол оқушыларды ойлауға және пікірлерін талқылауға ынталантырады.

Сонымен, оқу мәтіннің мазмұндық жаттығудың белгілері: мәдениеті мен ұлттық

• мәтінде сол тілде сөйлеушінің мәдениеті мен ұлттық ерекшелігінің бейнеленуі;

мәтінде оқушыларға арналған жаңа әрі қызықгы ақпараттың қамтылуы;

• мәтінде кейіпкерлер мен жағдайлардың шынайы берілуі;

• мәтіннің оқырманның табиғи әсерін тудыруы;

• мәтіннің жаттығу материалдармен безендендірілуі, көркемделуі;

Демек, "әдістемлік жаттығу'' мазмұн жағынан суреттелетін жағдаяттың табиғаттылығымен, тілі оқытылатын елдің ұлттық-мәдени өзгешелігінің бейнесімен, оқырмандардың жаттығуға көңіл-күй әсерін және қызығушылығын тудыра алу қажеттілігімен сипаттала алады. [11. 2002 ж. 82-89 бет]



Әдістемелік мәтіндерді топтаудың бірнеше тәсілі бар. Мынадай түрлері бар:

1. Лингвоелтанушылық сипатындағы мәтіннің узуалды мінез-кұлықты түрі, өзге мәдениеттің практикалық-тұрмыстық бөлігіне негізделген. Мәтіндер бейтарап стильде құралады және белгілі бір жағдайда этикетті-узуалды нормаларды меңгеру үшін қызмет етеді.

2. Лингвоелтанушылық сипатындағы мәтіннің қоғамдық-саяси түрі, ел туралы алғашқы білімдерді меңгеру мақсатында қызмет етеді. Лексиканы публицистикалық тілдік стиль элементтерін енгізген бейтарап стильді пайдаланады.

3. Лингвоелтанушылық сипатындағы мәтіннің мәдени-елтану түрі, басқа тіл шындығының тарихи мәдени бөлігі негізделген және мәдени мұраның негізгі бөлімін меңгеру үшін қызмет етеді. Лексика бейтарап стильде публицистика элементтерін пайдалану арқылы қолданылады.

4. Лингвоелтанушылық мәтіннің өмір бейнесі түрі, басқа мәдениеттің әлеуметтік бөлігінде негізделген өмірдің мәндік жақтары туралы толық білім енгізу үшін қызмет етеді. [12. 1978 ж. 34 бет]

Мәдени-елтану сипатындағы жаттығулар адресатқа бағдарлау тұрғысынан екі түрлі болуы мүмкін О.Р.Бондаренканың пікірінше Гит - аудармашьшың білімін жетілдіру курстарында сөйлеуге үйрету әдісі ретінде.

1) Сол мәдениеттің және сол тілде сөйлеушіге арналған мәтіндер ішкі бағдарлары. Мұндай мәтіндер, мәдениаралық коммуникацияға қатысты емес болғанымен шетел тілін оқытуда табысты пайдаланылады, әсіресе мазмұн пәні басқа мәдениет болып табылатын мәтіндер (жолбағдарлар, очерктер, хабарламалар, жолжазбалар т.б. материалдар). Осындай мәтіндерге қаратпалық пен сөйлеуші мәдениетіне үйрену тән.

2) Мәтін авторының қатынасына қарай сол тілде сөйлеушіге арналған мәтін, бірақ бір ғана тілді игергең (сыртқы мәдени бағдар) мәтіннің бұл топтарына басқа мәдени адресатқа арналған мәтіндер жатады.

Г.И.Воронина көпшілік ақпарат құралдарының жастарға жаттығу мәтіндердің екі түрін көрсетеді. [13. 1995 ж. 91 бет]

1) Күнделікті тірліктің функционалды мәтіндері сілтемедегі жол белгісінде жарнамаларда, этикетикада, картада, диаграммада, суретте, көлік қозғалысы кестесінде телевидения театр бағдарламасын т.б. Бұл нұсқаулық түсіндірме, жарнамалық, ескеру қызметін атқарады немесе прагматикалық бағыттағы мәтіндер.

2) Ақпараттың мәтіндер: мақала, хабар, интервью, сауалдар, оқырмандар хаты, белсенді таңқаралық ақпарат, хабарландыру, статистикаға түсініктеме, графика, жарнама, комитарит, репортаж т.б. олар ақпарат қызыметін атқарады және жоңғар мәдениеті санасындағы жаңа мағлұматтарды қамтып отырады.

Жоғарыда аталғандардан басқа шетел тілін оқыту әдістемесінде классикалық тәсіл бар, олар түсіндіру жаттығу барша мәтіндерді бөлу принципіне негізделген. Олар дидактикалық жаттығу мәтіндер деп аталады.

1) Дидактикалық мәтіндер, аранайы дидактиканың мақсаттар үшін магниттік таспаға жазылған. Бұл мәтіндердің міндеті - жасанды құралған мәтіндерде тілдің құрылымдық - жүйелік құбылыстарын көрсету.

2) Жартылай жаттығу мәтіндер, оқу мақсаты үшін жеңілдетілген, солардың көмегі арқылы оқушыларды әртүрлі сол тілде сөйлеушінің сөйлеу мәнерлеріне үйренуін қамтамасыз ету.

Тындап түсіну - бұл естілген сөзді түсіну әрекеті. Ол бастапқы кезеңде маңызды. Тындап түсінуді үйрену тәрбиелік, білім беру, дамытушылық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіңдік береді. Ол оқушыларды айтылған сөздерді мұқият тындап, оның мазмұнын ойында қалыптастырып, осылайша шетел тілін ғана емес, ана тілінде де тындау мәдениетіне тәрбиелейді. Мұның тәрбиелік мәні баланың есту арқылы есте сақгау қабілетін жақсартады.

- тыңдап түсінуге негізделген жаттығулар білім беру мақсатында қолданылады. Бір халыққа оп-оңай болып көрінген сөйлемдер, екінші бір халыққа естілуі, дыбыстық жүйесін, фонемалық құрамын, интонациясын, ырғағын, екпінін, әуенін үйренуге мүмкіндік береді. Мысалы мұғалім алғашқы кезде балаларға жекелеген дыбыстарды және буындарды беріп, айырмашылықгарын тыңдатып, қысқалық, ұзындық, сапалық және сандық сипаттарын естіртеді. Бұл жағдайда бала тілді бейсаналы түрде үйренеді.

Араб тілді жаттығулар арқылы тындап түсіну арқылы тілдің грамматикалық құрылымы мен лексикалық құрамы меңгеріледі. Оқушылар сәйкес келетін затты көрсеткенінен, немесе қысқаша жауап бергенінен анық түсінгендігін тексеруге болады. Осылайша сұраулы, болымсыз, болымды секілді құрылымдарды түсінуге үйренеді. Сонымен қатар араб жаттығу мәтіндерді тындап түсіну сөйлеу, жазу, оқу әрекеттерін үйренуде жеңілдетеді. Бұл мәтіндер әлемнің тілдік бейнесін қалыптастыру үшін пайдаланылады.

Мәтіндерді осылай бөлу "жаттығудың өсуі" принципі бойынша деп аталады да, шартты сипатта болады. Мәтін материалдары көлемінде мәтін салмағы әр түрлі факторларға байланысты болады.

Осылайша тыңдап түсіну сөйлеу әрекетінің түрі ретінде мектептерде бастапқы кезеңде араб тілін үйретудің екі бастапқы жолы бар. Бірінші жолы, арнаулы жаттығуларды орындау барысында үйрету, яғни араб жаттығу мәтіндерді тыңдап түсінудің осы жолымен сөйлеу әрекеті ретінде оқытқан жөн. Екінші жолдың жақтастары араб жаттығу мәтіндерді тыңдап түсінуді сөйлеу, жазу, оқу жаттығуларымен кірістіріп отыру қажеттігін айтады. Яғни бұл жерде тыңдап түсіну, сөйлеудің өзге әрекеттеріне үйретудің бір құралы болып табылады. Бұл үшін арнаулы емес жаттығулар ұсынылады. Көптеген әдіскерлер осы екі әдісті біріктіріп жібереді. Олар тындап түсінуді әуелі мақсат ретінде, содан кейін құралы ретінде оқытқанды жөн көреді. Сондықтан тыңдап түсіну ішіне арнаулы да, арнаулы емес жаттығулар болуы тиіс. [14. 2002 ж. 87-91 бет]

Байланысқан сөздерді қабылдау күрделі ойлау әрекетімен байланысты және ерекше жағдайларды бірқатар акустикалық факторлармен анықгалатын жағдайларда өтеді. Осыдан келіп жаттығуларда естілген сөзді қабылдауға, мазмұнын түсінуге бар назар аударылады. Мұндай жаттығуларды сөйлеу жаттығулары деп атайды. Арнаулы сөйлеу жаттығулары араб аутенттік мәтіндерді тыңдап түсінуге дамыту үшін ғана қодданылмайды. Сонымен қатар лексиканы бекіту, грамматика секілді де мақсаттары бар. Олар дайындалған үлгілерді сөйлеу синтезінде қолдануға, белгілі конструкцияларды тануға үйретеді. Бүл жаттығуларды орындау үстінде айтылымның жалпы мазмүнын қабылдау немесе жекелеген мағыналық топтарды бөліп көрсетуге арналған жаттығулар болуы мүмкін.

Арнаулы жаттығулар ішіне естігенді қабылдау процесінде бүтін мен бөлшекті сәйкестендіру басты ойды табу, негізгі мазмұнын және алдын ала бөліп көрсетілген кесіңдінің мазмұнын түсіну яғни естуді қабылдау процесінде тілдік және логикалық тапқырлықгы пайдалану.

Арнаулы емес жаттығулар, ол тек тындап түсінуге ғана емес, сөйлеу, оқу, жазуға қатар үйретеді.

Оқып айту - ойлаудың негізін құрайтын нәрсе екендігі мәлім. Бұдан мынандай қорытынды шығаруға болады, мәтінді оқып түсіну араб жаттығу мәтінді тындап түсінуді меңгермей тұрған кезде мүмкін емес, себебі оқу үстінде сыртынан болсын, яки ішінен болсын сөйлеуді пайдаланады, яғни ол өз айтылымдарын қадағалау мүмкіндігі бар. Тындалым - іштен айтудың ең жақсы жаттықтырушысы. Жазғанда да дәл солай. Жадымен қоса адамның ішкі сөйлеуі де білінбей жүріп отырады. Айтылым болса, сөйлесіп отырған адамды тындап, түсінбейінше жүзеге аспайды. Ал шет тіл сабағында қатынастың негізгі түрі сұхбат болғандықтан тындап түсіну еркін қарым-қатынас үшін өте маңызды.

Араб тілін практика жүзінде меңгеру үшін оны қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану керек. Осы процесс арқылы берілген тілде ақпарат ауысу жүзеге асады. Сабақ оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Алайда бұл мүмкіндіктер толық пайдаланылмайтынын бақылаулар көрсетіп отыр. Мысалы, Г.В.Рогова мұғалімнің шет тілін пайдануының келесі тенденцияларын көрсетеді; 1) Оқытушы шет тілінде көп сөйлейді және оны ылғи ана тіліне аударып отырады, бұл оқушылардың сөйлеу әрекетінің қалыптасуына кедергі келтіреді. Мұғалім айтқанын аударып беретінін білген оқушы ешбір талпыныс жасамайды. Мұндай оқытушы өз оқушыларының мүмкіндіктері мен біліміне сенбейтін болса керек. Бұл сенімсіздік балаларға да беріледі. Бұңдай сыныпта араб тіліне тән грамматикалық құрылымдар қолданылмайды. Оқушылар практикалық қолданыстары жоқ пән ретінде қарайды. Екінші тенденция: оқытушы тапсырмаларды шет тілінде береді. Ол оқушылар меңгерген нәрселерді өз сөзінде қолданады. Алайда бұл жағдайда мұғалім араб тілінде сабақгы көпке дейін жүргізе алмайды, себебі қарым-қатынаска кажет сөздер мен сөйлемдер жиі кездеспейді, кейде кітапқа мүлдем кірмеген. Мұны "өтпедік" деген қауіп ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға кедергі келтіреді. Және үшінші теңценция: мұғалім шет тілінде сөйлейді. Оқушылар үйренетін тілден сөз тындауға мүмкіндік алады. Алайда мұғалім сөздерін қосымша әрекетпен толықтырмай (мимика, жест, қалыптасқан тәртіп) басты рольді сөзге беруі тиіс. Кейде олар көмектесетіні болмаса, оларды көп қолдану арқылы олар тілді ығыстырып шығарып жіберіп, оқушылар сөзге емес сол ишараттарға мән беріп отыруы мүмкін. Мысалы, оқытушы берші дегенді ишарасыз жеткізсе, ол сөзді оқушы түсінбей қалуы мүмкін. Мұнда "агаэффект" деп аталатын "жаттықтыру" байқалады. Ал берілген тілдік клишелерді оқушы саналы түрде қолданбайды. [15. 1992 ж. 6-7 беттер]

Мұғалім сабақта қолданатын тілінде не мақсатты көздейтінін ескеру керек: біріншіден, тыңдай алуы мен түсіне алуы; екіншіден, тыңдау үстінде контекст бойынша тапқырлығын дамыту және пассивті сөздігін кеңейту. Тапқырлық интерференцияға негізделеді: 1) тіл ішіндегі, яғни көршілес тұрған сөз немесе сөз тіркесі түсініксіз сөзді түсінуді жеңілдетеді; 2) тіл аралық, мұнда калька, халықаралық яки кірме сөздерді кіргізуге болады; 3) тіл сыртындағы, белгілі тілді жинақтықпен байланысты тарихи деректер мен оқиғалар түсініксіз сөздерді түсінуге мүмкіндік береді. Осы көмектердің барлығы аудио материалдың ішінде болуы керек. себебі бұл біріншіден оқушының тапқырлығын жаттықтырса, ал ол оқышуның сөздік қорын қалыптастыру үшін керек; екіншіден белгісіз сөздердің мағынасы ашылады, ал ол "вакабуларын" кеңейтуге кажет; үшінішіден, тапқырлықтың арақасында тыңдап түсінуге сәтті шығады, ал ол оқушының интелектуалдық дамуына септігін тигізеді.

Осылайша мүғаліммен сұхбат шет тілін ауызша меңгерудің негізгі формасы болып, тындап түсінуге көшудің жолы болып табылады.

Тыңдап түсіну - қарым-қатынастың негізін құрайды, ауызша қарым-қатынасты меңгеру осыдан басталады. Ол қабылданған дыбыстарды қайталап, олардың мағынасын түсініп, есте сақтап, жағдаятқа байланысты оларды болжап, дыбыстық тізбекті түсінуден тұрады.

Ауызша сөздің екі жағы - сөйлеу мен тыңдап түсіну. Тындап түсіну ақпаратты қабылдау ғана емес, естілгенге қайырылатын жауапқа іштей дайындық. Осылайша тыңдап түсінудің бастапқы кезеңде мәні зор. Тыңдап түсіну жадының әрекетімен байланысты. Елестетудің әрқашан формасы бар болса, жады тек образды емес, логикалық, (ойларды еске түсіру) эмоциялық (сезіну мен әсерлерді еске түсіру).

Жады деген ұтымның өзін бірнеше құрамға бөлуге болады: қысқа мерзімді -уақыттың қысқа аралығында ақпаратты есте сақтау;

Оперативті — алдын ала берілгенге дейін ақпаратты сақтауға есептелінеді;

Ұзақ мерзімді — бұл мерзімі шектелмеген уақыт бойында есте сақтауға қабілеті бар жады. Оны қолдану үішін ойлану, еркіне күш салуды қажет етеді (сондықтан оның қызметі шексіз); көзбен көру жадысы көзбен көрген образдарды елестетумен байланысты; есту жадысы - бұл түрлі музыкалық сөздік дыбыстарды дәл еске сақтап, оны қайталай алу. Бұл тыңдап түсінуде мәні зор, себебі оқушылар әуелде сөздердің дыбысталуын есіне сақтауы керек;

Эмоциялық жады — бұл сезінулерге жады. Яғни материалдың сақталуы соған байланысты. Яғни адам өз басынан кешкен эмоциялық сезінулері арқылы ұзақ жылдарға сақталады.

Жадының аталған түрлері тыңдап түсінуге үйретуде негізгі роль атқарады. Олар жеткілікті дәрежеде дамымаса, тілді меңгеру мүмкін емес. Тындап түсінуге қатысатын негізгі психикалық процесстер: жады, елестету, қабылдау және ойлау. Осылайша біз оларды белсенді жұмыс істете отырып, оларды дамытамыз. Бұл тұлғаның жан-жақты дамуының негізгі факторы. Сондықтан тындап түсіну мәтіндерді оқытудың ажырамас бөлшегі болып табылады.

Мұғалім тындап түсінуге үйрету үстінде өзге оқушылардың айтқанына зейін қойып тындап, нақты жағдаятпен, ым, ишарамен, бейвербалды құралдармен естігенін түсінуге назарларын аудару керек. Оқушыларға тыңдай білу мәдениетін үйрету керек. Олар алғашқы сабақтан бастап, тындау - араб тілін сәтті меңгерудің кепілі екенін білуі керек. Тындап түсіну кезінде оқушылар бірқатар лингвистикалық қиындықтарға да жолығады: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық. Мысалы: бірінші кезде, мына әріптердің дыбыстарын ажыратуға қиындықтар тудырады.

Осыны біле тұра мұғалім осы қиындықгарды жеңілдететін жаттығулар қолданады. Ол оқушыларды осы дыбыстарды ажырату, дыбыстаудағы даралануын, ұзақтығын, қысқалығын, сапалы және сандық сипатын, екпінін, ырғағын, мағына ажыратар қызметін үйретеді.

Араб тілі сабағында араб жаттығу мәтіндерді түсінуін қалыптастырудың негізі мұғалімнің арабша сөйлеуі. Ол үшін мұғалімге мынандай талаптар қойылады. Олардың негізгісі.

— сөйлеудің дұрыстығы;

— оның дәлдігі;

— тілдік құралдардың қайталануы мен іріктелуі;

— оқушылардың түсіну мүмкіндігіне сай;

— артистизм мен эмоциялылығы.

Тындап түсіну оқушыларды жаңа тілдік материалдармен таныстырудың бір жолы. Бұл оқушыларға сөз формасы мен оның қолданысын түсіндіру. Оларды балалар бірнеше рет қабылдауы керек; мағынасын түсіндіру үшін мағынаны ашуды аудармайтын тәсілін қолданып, тек өте қажет болғанда ғана -аудару керек. Жаңа сөздерді қолдану үшін жағдаяттар қажет. Таныстыру бүтіннен басталып, жекеге көшеді, жеке сөзді айтудан дыбысқа көшеді (егер ол жаңа болса).

Тындап түсінуді қолданған мұғалімге қойылатын талаптар:

— қарым-қатынастық қызметті ашатын жағдаяттарды теріп алу (бұл сөз арқылы нені беруге болады).

— Құрылысын тандау сөзді таныстыру үшін, яғни лексикалық, дыбыстық, грамматикалық жақтары ескерілуі керек.

— Сөздердің мағынасын (аудармамен немесе аудармасыз) қамтамасыз ету, бақылау жасау яғни нақты тапсырмалармен тексеру, балалар оны қаншалық түсінгендігін қадағалау (көрсет, ал, жаса), немесе сай реакциямен (немесе ана тіліндегі эквивалентімен).

Сөз мағынасын ашу бірнеше деректер қатарына байланысты. Олардың ішінде лингвистикалық (сөздің өзінің табиғаты) психологиялық және педагогикалық. Егер сөздің нақты мағынасы болса, мысалы онда сөздердің мағынасын көрнекілік қолданып ашқан жөн. Егер секілді дерексіз сөз болса, онда аударманы қолданған жөн.

Мағынасын ашуды таңдауға психологиялық фактор әсер етеді, мысалы топтағы оқушылардың жалпы дамуы оқу, даму деңгейі қаншалықты жоғары болса семантикасының ашылуына әсер етеді.

Соңғысы педагогикалық фактор: топтың толықтығы, уақыты, мұғалімнің біліктілігі. Топта болса саны көбірек болса, мұғалім уақытты ұту мақсатында түсінудірудің аударма тәсіліне көп жүгінеді. Мұғалім біліктілігі жоғары болған сайын ол аудармаға аз жүгініп, әдістері де көбірек болады. Тындап түсіну жаттығу мәтіндерді жалпы игеру мақсатында жаттықтыруды ұйымдастыру үшін де қолданылады.

Тындап түсінуді қалыптастыруда жаттықтыру жаттығуларын 5 топқа біріктіруге болады.

1 топ. Лингвистикалық қиындықтарды жеңілдету мақсатында бағытталған жаттығулар, мысалы:

- фонетикалық (сөздерді тында -дыбысын естігенде қолынды көтер - мұғалім түрлі дауысты дыбыстар қатысқан сөздерді оқиды);

- грамматикалық (сөздерді тында, көпше түрдегі зат есімді естігенде қолыңды көтер);

2 топ. Естігенді есте сақтау қабілетін жетілдіруге бағытталған жаттығулар (сөздерді тыңдап, оларды есте сақтауға тырыс. Содан кейін оларды айтып көр).

3 топ. Оқушының назарын жетілдіруге бағытталған жаттығулар (Махмұтың әпкесінің атын тыңдап айтып бер).
4 топ. Елестетуді жетілдіру мақсатына негізделген жаттығулар (тында да басқаларға айт).

5 топ. Логикалық қабілетін жетілдіруге бағытталған жаттығулар (сөйлемдерді тындап, дүрыс орналасканын айт).


Тыңдап түсіну мектепте араб жаттығу мәтінді тындап дыбыстарды таңбалауға негізделеді. Арнаулы емес жаттығулар тек тыңдап түсінуге негізделеді. Арнаулы емес жаттығулар тек тыңдап түсінуге бағытталмайды, сол арқылы айтылым, оқылым, жазылымға үйретеді, яғни бұл жаттығулардың мақсаты өзге әрекеттерге тыңдап түсіну арқылы үйрету. Бұл жаттығуларға келесілер жатады.

1) Сұхбатқа үйрету үшін жаттығулар:

- сұхбатты тыңдап, дәл осы тақырыпқа сұхбат құрыңыз;

- сұхбаттың басын тыңдап, аяғын құрастыңыз;

- фоно жазба, кино үзіндіні көріп, кейіпкерлер сөзін айтып беріңіз;

- сіз тың ақпаратты бөліп көрсетіңіз.

2) Сұхбатқа қатысу арқылы сұхбаттағы сөйлемдерді қабылдауға арналған жаттығулар.

- Таспаға жазылған сұрақтарды тыңдаңыз. Берілген кідірісте сұрақтарға кеңінен жауап беріңіз.

- Сұхбаттың басын тындап, екеулеп жалғастырыңыздар.

3) Монологтік сөздерді қабылдауға үйрету жаттығулары:

- жаттығу мәтінді тындап, сұрақтарға кеңінен жауап беріңіздер.

- фильмді (диафильмді) көріп, оның негізгі идеясын түсіндіріңіз.

- сөйлесудегі бөліктерді бөліп алып, ат қойыңыздар.

- жаттығу мәтінді тыңдап, рецензия құрастырыңыздар, келесі жоспарды пайдаланыңыздар: а) хабарлама тақырыбы; б) кейіпкерлері; в) мазмұнын қысқаша баяндау; г) негізгі идея.

Араб тіліндегі жаттығу ларима жұмыс істеу тәртібі:

- қиындықтарды жеңілдету (егер жаңа сөздер болса, онымен оқушыларды таныстыру);

- бірінші тыңдап түсінуге негіздеу;

- алғашқы тыңдап түсіну;

- түсінігін бірінші тындап түсінуден тексеру;

- екінші тындап түсінуге негіздеу;

- түсінігін екінші тындап түсінуден тексеру.

Ары қарай айтуға үйрету үшін араб жаттығу мәтінді қолдануға болады. Оқытудың жолдарынан, оқытудың кезендеріне келейік. Жалпы тыңдап түсінуге үйретудің кезеңдері туралы 2 түрлі көзқарас бар. Елухина М.В. 2 кезенді ұсынады:

1) Мәтінді тыңдау және тыңдалғанда түсінуін тексеру.

2) Тындап түсінудің негіздерін жетілдіру жұмыстары. Екінші көзқарас Елухинаға дейінгі жетістіктерді біріктіреді.

Осылайша тыңдап түсінуге арналған әрбір мәтінмен жұмыс:

1) Тындап түсінуге дайындық.

2) Тындап түсінудің өзі және оны тексеру.

3) Базалық дағдыларды жетілдіру үшін арнаулы жаттығулар

4) Арнаулы емес жаттығулар.

Дайындық жаттығулар. Сонымен алғашқы кезеңде дайындық жаттығулар орындалады. Сөйлеу единицаларының санын ескеру жалпы сөз ағынынан сөздерді тануда естілген сөздердің мағынасын түсінуді жеңілдетеді. Олар яғни дайындық жаттығуларды пайдаланудың маңызы зор. Олардың мақсаты - толық сөйлемдер мен сөзтіркестерін есту арқылы қабылдауды жаттықтыру.

Оқушылардың назарын тілдік формаға аудару үшін мұндай жаттығуларды түр-түрге бөлінген тілдік материал негізінде жүргізген жөн. Бұл жаттығулар 2 топқа бөлінеді.

1) Дараланған материалмен жұмыс - дыбыстар, сөздер, сөзтіркесі.

2) Толық сөйлемдермен жұмыс.

Бірінші топтағы материалдарда жаңа дыбыстарды тани алу, үқсастықтарды ажырату, табу, жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді тап деген секідді жаттығулар болады.

Екінші топтағы басты назар жалпы сөйлемнің толық өзімен жүмыс істеуге арналады. Мұндағы негізгі міндет оқушыны типтік конструкцияларды, сол арқылы кез-келген таныс емес сөйлемдерді түсінуіне болатын фразалық үлгілерді танып, түсінуінде жатыр.

Сөйлеу үлгілерімен жүмыс бір типті материалмен ұзақ жаттығулар тұжырымдайды. Толық бір конструкциялармен қатар студенттер есту арқылы сөздерді бөліп көрсетіп, әрекет етуші мен сөйлемдегі орнына қарай тани алуы керек.

Біріккен, кіріккен дыбыстардың редукциясымен байланысты қиындықтар жаттығуда сөйлемдермен жүргізілуі керек.

Оқушылар мағыналас сөздерді шатастырып алмауға үйрету үшін шағын мәтіндермен жұмыс істеген жөн. Омоним және көпмағыналы сөздермен тек толық сөйлемдермен жұмыс істеу керек, кейде қызықтырған сөздің мағынасын анықтау үшін сөйлемдер тобы қажет.

Оқытудың бастапқы және орта деңгейінде жекеленген тілдік материалдарда тілдік немесе дайындық деп атайды.

Әуелі әрбір жаттығудың өзіндік қиындығы болуы керек, содан кейін қиыңдықтарда үйлестіруге болады. Алғашқы кезенде тілдік қиындықгарды тек таныс мәтін контекстіне қосып, кейіннен жаңа мәтінге қосуға болады.

Енді тыңдап түсінудің кезеңдері мен мәтінді түсінуін бақылау туралы нақтырақ әңгімелеуді жөн көріп отырмыз.

Мәтінді тындауға кіріспес бұрын мұғалім алдын ала инструкцияларды беріп, сол арқылы мотивация мен ұйымдастырушылық орналастыруды жасайды, оқушыларды белсенді жұмысқа жұмылдырады. Мысалы:

Сіздерге таныс жеміс-жидек пен көкөністердің суреттеулерін тындап, сәйкес келетін суреттін табыңыз. Жеміс-жидектің дәлме-дәл сипатын естігенде ғана суретті таңдап алыңыз. Себебі сипаттамалар өте көп.

- Мәтін - жұмбақты тыңдаңыздар; әңгіме кім жайында екенін табыңыз т.б.

Түсінудің толық әрі дұрыс болу өлшемдерінен бастайтын болсақ, онда лекцияны қабылдау градациясымен келісуге болады.

Үш деңгейдің ішіндегі алғашқысы лектордың не айтып жатқандығы туралы түсінігімен екіншісі айтулардың предметін түсіну, яғни не туралы айтып жатқанын ғана емес, не айтып жатқанын түсінумен сипатталады. Үшінші деңгей - негізгі ойды түсіну. Бұл жағдайда тындаушы лекция тақырыбын, мазмұны мен құралдарын түсінеді. Түсінудің деңгейлік сипатын ескере отырып, тез біршама өзгеше бөледі: 1) фрагменталды түсіну деңгейі (атүсті) 2) ғаламдық түсіну деңгейі (жалпы) 3) деталды түсіну деңгейі (толық) 4) сынкөзбен қарап түсіну деңгейі.

Араб тілі жаттығулары жалпы түсінгендігін әдетте таңдап алынған жауаптардан көруге болады (дұрыс емес жауаптар деп аталатын арнайы түріндегі мәтіндер, төрт жауап арасынан дұрысын таңдауы керек).

Деталды түсіну деңгейі графикалық кілттерді толтыру арқылы анықталады. Ал ол айтылған нәрсенің толық немесе қысқарған түрі. Тындармандардың тілдік дайындықтарына байланысты мәтін күрделілігінің немесе көп интервалдар болуымен анықталады (мысалы, әрбір он бірінші сөзді, немесе жетінші немесе үшінші сөзді тастап кету).

Деталды түсіну деңгейі сұрақтарға жауап беруінен тексеріледі, және ана тілі мен өзге тілде қайталап айтып беруі, ашық жоспар құрумен және тағы басқаша тексеріледі.

Сын көзбен қарап түсіну деңгейі тыңдалған нәрсеге баға берумен, негізгі ақпаратты бөліп көрсетумен, түсініктеме беріп, талқылаумен т.б. шығармашылық, мәселелік тапсырмалармен анықталады. Мәтін элементтеріне эмоциялық-бағалаумен, мазмұнын жағдаятпен қатынасын сәйкестіре білуімен анықталады.

Сонымен, жоғарыда айтылған нәрселердің бәрінен біз араб жаттығу мәтіндерді тындап түсіну арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын іс жүзінде қалыптасыруға болады деп қорытамыз.

Оқушыларға пікір алмасуға, өз ойын айтуға мүмкіндік беретін табиғи тілдік қатынас тудыратын тәсілдер жақсы тәсілдердің бірі болып саналады. Тындалған мәтін бойынша оқушылардың әрекеті шығармашылық үйлесімді болуы керек. Олардың мәселелік сипаты оқушылардың алған білімдерін қолдануға итермелегені жөн.

Тіркестер тек тілдік қолдау ғана болмайды, сонымен қатар араб жаттығу мәтіндерді тыңдап түсінуге арналған материалды жақсырақ түсініп, есінде сақтауға мүмкіндік береді.


жүктеу 242,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау