|
Дидактика пәні, міндеттері Дидактика
|
бет | 3/3 | Дата | 21.01.2022 | өлшемі | 17,54 Kb. | | #34094 | түрі | Сабақ |
| 18,09 Дидактика пәні, міндеттері«Ұлы дидактика» (1657) еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т.б. Я.А.Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я.А.Коменский орта ғасырдағы жаттауга негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды. Қайта өрлеу дәуірінде философияда гуманистік бастама үлкен мәнге ие болғанда Ж.Ж.Руссо оқытуда баланың сұранысын, қажеттілігін, өзекті қызыгушылықтарын ескеруге шақырды. И.Г.Песталоцци біржақты тәрбиелеудің бүкіл түрлеріне қарсы шығып, адамның барлық күштерін және қызығушылықтарын дамыту керек деген оқыту мақсатына назар аударды. ХҮІІІғ. аяғында ХІХғ. басында классикалық педагогикада мектепте білім берудің 2 теориясы анықталды: формальдық білім беру теориясы (Н.Ф.Гербарттың және оның ізбасарларының пікірінше оқытудың басты міндеті - оқушыларды ақыл-ой жағынан дамыту) және материалдық білім беру теориясы (оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларды өмірге пайдалы білімдермен қаруландыру). ХІХғ. ортасында А.Дистервег дамытып оқытудың дидактикалық негізін салып, дәлірек айтқанда «жақыннан алыска», «карапайымнан күрделіге» жэне т.б. 33 заңды жэне ережені анықтап берді. Индустриалдық дамыған елдерде қазіргі дидактикада психология көп орын алған.
ХіХғ. екінші жартысында Ресейде тұтас дидактикалық жүйені К.Д.Ушинский жасады. Ағартушылық философиялык идеяларға, психологияға және физиологияға сүйене отырып, ол формальдық жоне материалдық білім берудің біржақтылығын көрсетті, танып білу мен оқытудың ұқсастығын және айырмашылығын ашты, оқыту процесінде білімді қабылдаудың, меңгерудің және бекітудің, ойларды дамытудың. окушылардың оқуға ұмтылысының мотивтерін калыптастырудың. оқыту мен оқушылардың дербес әрекетінің аракатынасының сұрақтарына жауап берді. Окыту теориясының дамуына Н.К.Крупская үлес қосты. Оның оқытудың мазмұнына және әдістсрі, мұғалімнің саналары туралы ойлары педагогикалық зерттеулерге жаңа бағыт берді. Л.С.Макаренконың педагогикалық кызметі жэне көзқарастары ұжымды тәрбиелеудің және еңбекке оқытудың негізін салды. Мектеп оқулығы мәселесі бойынша мазмұнды зерттеулер жүргізілді. Өткеннің дидактиктерінің окушылардың білімді белсенді меңгеру керек деген талабы жаңа негіздеме алып, оқушылардың танымдык іс әрекетінде олардың дербестігін дамытудың қажеті сипатына ие болу аркылы өз жалғасын тапты. Осы бағытта дидактиктер жэне психологтар (Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов т.б.) проблемалық окыту концепциясын жасады. Оқушыларда танымдық қызығушылықты, білімге деген сұранысты калыптастырудың мәселелері зерттелінді. Дидактика үшін оқыту психологиясы (I І.А.Менчинская, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин. В.В.Давыдов т.б.) зерттеулерінің үлкен мәні бар, онда білім мазмұнын кұрудың психологиялық алғышарттары көрсетіледі. Дидактиканын дамуына озық тәжірибені жалпылау. жаңашыл- педагогтардың (ІІІ.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов т.б.) ізденістері септігін тигізуде.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|