«А. Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік
университеті» РМК
|
РГП «Костанайский
государственный университет
имени А.Байтурсынова»
|
|
|
АНЫҚТАМА
Оқу - әдістемелік кеңес отырысына
.12.2016ж.
|
СПРАВКА
на заседание Учебно - методического совета
|
Қостанай қаласы
|
город Костанай
|
Экономикалық факультетте болашақ мамандарды кәсіби дайындауда кафедра филалдарының рөлі
Қазіргі уақытта Қазақстанның білім саласында қарама-қайшылық туып отыр: бір жағынан, білімнің жоғарғы деңгейі, басқа жағынан, тәжрибелік дағдыны игерудің төменгі деңгейі. Жалпы және кәсіби білімнің арасындағы қарама-қайшылықты шешу үшін маманға заманауи талап қоюда, студентке ЖОО-да білім алуда тәжірибелік жұмыспен үйлесімділікке мүмкіндік жасайтын кәсіби бағытталған әдісті қолдану қажет. Осы мақстатта студенттерге табысты жұмыс жасау үшін сәйкес әлеуметтік және тәжірибелік дағды алатын шыгайы жұмыс орнын жасау қажет. Тәжірибелік бағытталған технологияны қолдану барысында білім алуда тәжірибелік бағыттылықты күшейту тұрақты даму үшін механизмді жасау арқылы білімді жаңашаландыру болып жатыр.
Сонымен кәсіби бағытталған білім алудың келесі қағидаттары негізделеді:
Білімді игерудің белсенді нысандары;
Оқу процесін ынталы қаматамсыз ету;
Зерттеу еркіндігінің кепілі;
Жеке тәжірибені өз бетінше талдау;
Білім алушылардың әлеуметтік мүмкіндігін кеңейту.
Университетте бірнеше жылдардан бері оқу процесінде студенттердің өзіндік жұмысы және сабақ жүргізудің тәжірибелік нысанының пайдасына жоспарланған этаптық қайта қаралулар болып жатыр. Дәріс сабақтарының саны қысқартылды. Енді олар шолу немесе мәселелі дәріс түрінде жүргізіледі. Қазір бізде студенттерге өзіндік жұмыс жасау үшін толық жағдай жасалған. Өзіндік жұмысты жүргізудің топтық нысаны кәсіпорындарға кафедра филалымен баруда табысты тәжірибеленуде.
Экономикалық факультетте мамандарды дайындау жоғары деңгейде жүргізіліп отыр.
Тәжірибелік бағытталған білім алудың мақсаты: студентке алған білімін қолдануға, мәселелерді өз бетінше шешуді үйрену, қазіргі заман жағдайына бейімделуге көмектесу. Экономика кафедарсында 5В050600-Экономика мамандығының 3-4 курс студенттері дисциплины «Бизнсеті бағалау», «Аймақтық экономика», «Шағын бизнесті ұйымдастыру және негіздері» пәндерін кафедраның үш филиалында (ЖШС «Экспро» қ.Қостанай, ЖШС КТ«Тобыл» қ.Костанай, ЖШС «ТрестСтройKST» қ.Костанай) оқиды.
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасында 5В050800- Есеп және аудит мамандығының 4 курс студенттері «Аудит» және «Салықтық міндеттемелер бойынша есептілік және есеп» пәндерін мына филалдарда (ЖШС «Cалык-Комек», ЖШС «Аудит-Консалтинг LTD» », ЖШС « КТ «Алтын-Комек», Фирма «Profi Escort», Департамент государственных доходов по Костанайской области, ЖШС «Салық Консалтинг Групп», ЖШС «АУДИТОРСКАЯ КОМПАНИЯ ЕСЕП АУДИТ») оқиды.
Мұндай сабақтың мақсаты әртүрлі құрылымдық бөлімдерде шаруашылық субъектінің бухгалтерлік (салықтық) есептеу және оны талдау, шаруашылық операцияларын жүргізуге қабылетті жоғары білікті мамандар дайындау.
Қаржы кафедрасында 5В050900-Қаржы мамандығында оқитын студенттер «Банктік менеджмент», «Кқммерциялық банктерді қаржылық талдау», «Банктік маркетинг», «Банктік тәуекел» пәндерін мына филалдар: АҚ «АТФБанк» қ.Костанай, КФ АҚ «БТАБанк», КФ АҚ «БанкЦентрКредит», филиал №7 АҚ «Еуразиялық банк» қ.Костанай, ДБ АҚ«Сбербанк России» қ.Костанай, АҚ «Темірбанк» қ.Костанай, КФ АҚ «ЦеснаБанк» оқиды.
Іскерлік әкімшілік және басқару кафедрасында 3-4 курс студенттері «Мемлекеттік басқару теориясы», Мемелкеттік қызметті ұйымдастыру», «Тауар жүргізу» пәндерін мына филалдарда: ММ «Қостанай қаласының әкімшілігі ішкі саясат бөлімі», РҚК «Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы», ММ «Қостанай қаласы әкімшілігі құрылыс бөлімі», ЖШС «Твой Шанс» оқиды.
Экономикалық факультетте болашақ мамандарды кәсіби дайындауда кафедра филалдарының рөлі мынадай құзыреттілікті қалыптастырады:
Шаруашылық субъектілердің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
Өнімдерді стандарттау мен сертификаттаудың халықаралық және республикалық мөлшерін қолдану мен сақтау;
Экономикалық талдау жасау, экономиканы мемлекеттік реттеу;
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіның стратегиясы мен тактикасын жасау.
Мәселелер:
1.Кәспорын мәліметтері коммерциялық құпия болғандықтан студенттердің кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау үшін қажет ақпараттарға қол жеткізе алмауы.
2.Ұйым жетекшілері студенттерді өз кәсіпорындарында аптасына 2 рет емес, күн сайын келуді талап етеді. Қазіргі даму технологиялары білім беру мекемелерінің өндіріспен тығыз байланысты болуын талап етеді. Бұл жас маманды шығармашылық өзін-өзі дамуы үшін қажетті шарттармен қамтамасыз етеді.
3. Мекеме басшыларының үнемі өзгеріп отыруы.
Шешу жолы:
1.Кәсіпорын басшылығына ақпарттары коммерциялық құпия болғандықтан нақты мәлімет емес, сол мәліметтерге шамалас ақпарат алуға ұсыныс жасау.
2.Алдағы уақытта бұл мәселелердің шешімі табылады деп үміттенеміз, соған қарамастан біздің студенттерге филалдарға барып білім алу өте ұнайды.Кәсіпорынның жетекші қызметкерлері өздерінің тәжірибелері мен білімдерімен студенттермен бөлісіп жатады.
ЭФ ӘК төрайымы Б.Ахметжанова
Достарыңызбен бөлісу: |