|
Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы
|
Дата | 20.11.2018 | өлшемі | 142,5 Kb. | | #22193 |
| - –техника ғылымдарының кандидаты,
- «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы,
- педагогикалық өтілі 6 жыл
- “Ашық кен жұмыстарын күнделікті және келешекте жоспарлау” пәні
- 050707–«Тау кен ісі» мамандығының студеттеріне арналған
- Курс көлемі: 2 кредит
Курстың аңдатпасы - Курстың аңдатпасы
- «Ашық кен жұмыстарын күнделікті және келешекте жоспарлау» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 050707– Тау-кен ісі мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарлары негізінде құрастырылған, мазмұны және көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына, берілген мамандық бойынша мамандар дайындаудың кәсіби сипаттамасына және деңгейіне толық сай келеді.
- Пәнді оқу мақсаты – студенттің пайдалы қазбалар кенорындарын қазу жағдайларының ерекшеліктеріне сәйкес ашық кен жұмыстарын күнделікті және келешекте жоспарлау әдістерін тереңдете игеруін қамтамасыз ету.
- Пәнді оқу міндеттері. 050707 мамандығы бойынша бакалаврлардың жоғары білімінің Мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес студент пәнді оқып үйрену нәтижесінде білуі керек:
- әртүрлі тау-кен геологиялық және табиғи жағдайларда жатқан кенорындарын қазу кезіндегі карьер алаңдарын тау-кен геометриялық талдау әдістерін;
- кен жұмыстары режимдерін реттеу және карьерді толық пайдалану кезеңдеріндегі кен жұмыстарын жүргізудің күнтізбектік графигін жасау әдістерін;
- техникалық шешімдерді экономикалық бағалаудың және оларды кен жұмыстарының тиімді жоспарларын жасауда пайдаланудың алдыңғы қатарлы әдістерін.
Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері - Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері
- Білім беру технологиялары оқу үрдісімен тікелей байланысты: оқытушы мен студенттің қызметімен, оның құрылымымен, оқу құралдары, әдістері және формаларымен.
- «Ашық кен жұмыстарын күнделікті және келешекте жоспарлау» пәнін оқу процесі келесі принциптерге негізделген:
- оқытудың мазмұнды бөлігі:
- оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
- оқу материалының мазмұны;
- оқу процесін ұйымдастыру;
- студенттердің оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- оқытушы жұмысының әдістері мен формалары;
- материалды игеру процесін басқару бойынша оқытушы қызметі;
- оқу процесін талдау.
-
Курс бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Теориялық материалдар тәжірибелік тапсырмалармен бекітілген. Студенттердің алған білімдерін бекіту үшін курсты оқу барысында қажетті ағымды, рубеждік және басқа да бақылау түрлері қарастырылған. Оқу жүйесінде бакалаврлардың білімге қажеттігін қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеруде тау-кен инженері-технологтарын даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру қарастырылған. - Курс бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Теориялық материалдар тәжірибелік тапсырмалармен бекітілген. Студенттердің алған білімдерін бекіту үшін курсты оқу барысында қажетті ағымды, рубеждік және басқа да бақылау түрлері қарастырылған. Оқу жүйесінде бакалаврлардың білімге қажеттігін қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеруде тау-кен инженері-технологтарын даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру қарастырылған.
- Пәнді оқып үйренудің негізгі түрлері мен әдістері: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыстар, рефераттарды қорғау, баяндамалар, тестілеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, т.б. Мұның барлығы білім беру сапасы мәселелерін шешуге ықпал етеді.
- Жүргізілетін сабақтардың түрлері – лекциялар мен практикалық сабақтар.
- Пән бойынша дәрістерді жүргізу барысында заманауй ақпараттық технологиялар қолданылады. Дәрістер мен тәжірибелік материалдар бойынша университет ішілік теледидарлар, мультимедиялық проекторлар және интерактивті тақталар, дербес компьютер немесе ноутбук арқылы презентациялар жасалады.
Дәрістердің тақырыптық жоспары - Дәрістердің тақырыптық жоспары
- 1. Карьерлердегі кен жұмыстарын күнделікті және келешекте жоспарлаудың негіздері
- 2.Сілемнің көлбеу және күрт құлауы кезіндегі созылған карьер алаңдарын тау-кен геометриялық талдау
- 3. Жазық және жайпақ сілемдер кезіндегі карьер алаңдарын тау-кен геометриялық талдау
- 4. Кен жұмыстары көлемдерінің күнтізбектік таралу графиктерін тұрғызу
- 5. Кен жұмыстары режимдерін және олардың көлемдерінің күнтізбектік таралуын реттеу тәсілдері
- 6. Кен жұмыстарының режимдері мен күнтізбектік жоспарларын экономикалық бағалаудың алдыңғы қатарлы әдістері
- 7. Жоспарлау жүйесі және кен жұмыстары жоспарының мазмұны
- Тәжірибелік сабақтардың жоспары
- Карьердің ақтың нұсқасы мен өлшемдерін анықтау (нақты көлденең қима негізінде)
- Карьерлердегі кен жұмыстары режимінің теориялық негіздерін оқып үйрену
- Карьер алаңын трапеция әдістері бойынша тау-кен геометриялық талдау
- Жазық (жайпақ) кенорындарын қазу кезіндегі карьер алаңдарын тау-кен геометриялық талдау
- Кен жұмыстары режимін реттеу
- Техникалық шешімдер варианттарын экономикалық бағалаудың алдыңғы қатарлы әдістерін оқып үйрену
- Күтілетін нәтижелер (студенттің игеретін біліктіліктері)
- Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент өздігінен кенорнын игерудің тау-кен геологиялық, техникалық, технологиялық және экономикалық жағдайларын ескеріп кен жұмыстарын күнделікті және келешекте жоспарлауды (сонымен қатар ЭЕМ қолданып) жүргізе білуі керек.
- Бұл курс бойынша алған білімінің нәтижесінде студент:
- әртүрлі тау-кен геологиялық және табиғи жағдайларда жатқан кенорындарын қазу кезіндегі карьер алаңдарын тау-кен геометриялық талдау әдістерін толық игереді;
- кен жұмыстары режимдерін реттеу және карьерді толық пайдалану кезеңдеріндегі кен жұмыстарын жүргізудің күнтізбектік графигін жасау әдістерін таңдай алады;
- техникалық шешімдерді экономикалық бағалаудың және оларды кен жұмыстарының тиімді жоспарларын жасауда пайдаланудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдана алады;
- карьердің ашу қазбаларының және қазу жүйесі элементтерінің негізгі параметрлерін есептеудің алдыңғы қатарлы әдістерін қолдана біледі, тау-кен және көліктік жабдықты таңдауды негіздей алады;
- инженерлік шешімдер қабылдап, оларды карьерді салу, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде іске асыра біледі.
Нәтижелерді бағалау құралы мен технологиясы Кредиттік технология бойынша «Ашық кен жұмыстарын күнделікті және келешекте жоспарлау» пәнін оқыту үшін „Ашық кен жұмыстары” кафедрасында студенттер білімін рейтингтік бақылау қолданылады. Пән үшін бақылаудың келесі түрлер белгіленеді: 1) Ағымды бақылау: тәжірибелік сабақ, өзіндік жұмыстар; 2) Аралық бақылау; 3) Қорытынды бақылау: 6 семестрде емтихан. - Студент суммарлық рейтигтік баллы 30 болғанда ғана қорытынды бақылауды тапсыруға жіберіледі. Қорытынды бақылау баллы 20 болғанда ғана ол тапсырылды деп есептеледі. Пән бойынша қорытынды бағасы студенттердің білімін бағалау шкаласы бойынша анықталады.
Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - техника ғылымдарының кандидаты, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл. - Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - техника ғылымдарының кандидаты, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл.
- Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚазҰТУ ҒЗЖ қатысады. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 11 ғылыми мақала, 1 монография, 10 әдістемелік нұсқау, 10 оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустары жарияланды.
- 1) «Оқу процесінде интеравктивті тақтаны пайдалану» курсын бітірген (сертификат №347 28.06.2006ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ)
- 2) «Ұжымдық мәдениет және ұстаз әдептілігі» семинар-тренингіне қатысты ( сертификат №35 05.03.2009г. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ).
- 3) «Ашық кен жұмыстарының технологиясы және кешенді механикаландыру» курсы бойынша біліктілігін жоғарылатты (сертификат №76, 08.07.2009ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ РЦПК).
- А.Н.Дәуренбекованың жетекшілігімен орындалған дипломдық жобалардың тақырыптары:
- Көксу кенорнында аттыру жұмыстарын кешенді механикаландыру (Тулеуов А)
- Екібастұз көмір кенорнында Үйінділеу және ашық тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру (Акишев А)
- Үшқатын карьерінде аршу жұмыстарында тиегіштерді қолдану тиімділігін негіздеу (Тұрлыбеков Е)
- Итауыз карьерінде бұрғылау-аттыру жұмыстарының параметрлерін анықтау және тиімді технологиясын таңдау (Оспанова Ж)
- Васильков кенорнында карьер алаңын ашу тәсілін таңдау және негіздеу (Қожатілеуова А)
- Үшқатын карьерінде үйіндісалудың тиімді технологиясын және жабдықтарын таңдау (Дайырханов Е)
- Казхром кенорнында көліксіз қазу жүйесі элементтерінің параметрлерін негіздеу (Нургазина Р)
- Казхром кенорнында карьер жағдауын кеңейту негізіндегі бұрғылып-аттыру жұмыстарын ұйымдастыру (Махимова А)
Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің - Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің
- орташа балы жөніндегі ақпарат
- Студентке қойылатын талаптар:
- 1. Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау;
- 2. Оқытушы ұсынған материалдарды мұқият тыңдау және белсенді қатысу;
- 3. Аудиторияда ұялы телефордарды сөндіріп жұмыс жасау;
- 4. Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс жасау.
- Академиялық этика нормалары:
- тәртіп;
- мейірімділік;
- шыншылдық;
- жауапкершілік;
- мәдениеттілік.
- Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|