Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет83/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   176

171 
 
...Абылай тағы туа ма қазақтан 
Тосып  келем,  сол  –  ендігі  арманым  –  деген  өлең  жолдарындағы  ақын  арманының 
маңыздылығы неде? 
ІІІ «5 минуттық эссе» стратегиясы 
Тақырыбы: Абылай хан 
Оқушы жеке жазады. 
жұппен жұмыс 
топпен жұмыс 
спикер ең жақсы эссені оқып қорғайды. 
Үйге  тапсырма:  «Семантикалық  картаны»  толықтырып  аяқтау.  Өлеңге  жоспар  құру, 
мәнерлеп оқу.  
 
 
ӘОЖ 541.124 
 
БІЛІМГЕРЛЕРГЕ КҮЙЛЕРДІ ҮЙРЕТУДІҢ ДӘСТҮРЛІК ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ. 
 
 
Кунтуганова С.М., магистр, аға оқытушы  
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
Кәсіби  оқу  жүйесінің  пәрменді  түрдегі  даму  сатысы  бүгінгі  күннің  өзекті 
мәселелерінің  бірі.  Домбыра  аспабын  терең  меңгеруде,  халықтық  музыкалық 
терминалогияны  сабақтастырып,  сабақ  беруде  көмекші  құрал  ретінде  пайдалану  жөніндегі 
кейбір ой-пікірімді ортаға салып отырмын. 
Қазақ  халқының  аспаптық  музыкасы,  соның  ішінде  домбыраға  арналған  күйлер  ең 
жоғары кәсіби өнеріміздің бірі. Бізге жеткен күйлердің әуен ырғағы, тақырыбы мен мазмұны, 
халықтың көкейкесті ой-арманынан туған. Ал, халық күйшілері сол күйлерді сақтап, келесі 
ұрпаққа  жалғастырды.  Соның  арқасында,  қазіргі  күйлер  өмірдің  тар  жол  бұралаңдарынан 
өтіп, біздің заманның айғағы болып отыр.  
Халық  күйшілерінің  тәжірибесінде  күй  тартудың  дәстүрлі  әдістерін  күйшілік 
мектептердің өзіне тән тәсілдерін ұстазынан шәкірт үйреніп алады. Оның қыры мен сырын 
толық меңгереді [1]. 
Қазіргі  кезде  шәкіртті  күй  тартып  үйренуге  кішкене  күнінен  тәрбиелеуге  мүмкіндік 
туып отыр. Мұндай әдістеме бірте-бірте қиындай береді де, өзінің ең негізгі шыңы күйшілік 
өнерді толық меңгере алатын дәрежеге жетеді. Музыкалық қабілеті аса күшті шәкірттерді ел 
ішінде «құйма құлақ» деп атайтын болған. 
Күй үйрену тәсілдері: 
- күй туралы және күйдің аңыз әңгімесін тыңдаушыға әрі  түсінікті, әрі  қызықты етіп 
айту. Бұл тәсіл ежелден келе жатқан әдістемелік құрал, күйді үйреткенде бірге айтылады. 
- күйді есту арқылы үйрету. Бұл тәсілдің әдістемелік түрлері өте көп. Солардың бірі: 
өзі естіп, өзі үйрену, өз қатесін өзі түзеп алу. Мұндай тәсіл үлкен нәтиже береді.  
- күй үйрету тәсілінде ертеден келе жатқан әдістемелік құралдың бірі күй сазын әуен 
арқылы  айтып  беру.  Бұл  шәкірттің  күй  сазын  көкірегінде  сақтауға  көмектеседі.  Әсіресе 
күйдің дыбыстық сапасының бояуы қанық болады. Халық күйлерін үйреткенде оның сазын 
әндете отырып түсіндіру, халық педагогикасының ең негізгі әдістемелік құралы.  
Домбырада күйді тартып көрсету – ең негізгі көне тәсілдердің бірі. Мұның әдістемелік 
жүйесі сан ғасырлық тәжірибенің негізінде қалыптасқан. Күй жанрының дәстүрлік сипатын 
үйретудің  тәсілдері.  Мұның  әдістемелік  жүйесі  күй  үйренуде  ерекше  құбылыс.  Оның 
тармақтары  көп.  Күйшілік  мектептердің  қалыптасуына  қарай,  сол  мектепке  тән  ерекше 
тәсілдерін сақтау. Күйді үйренудің белгілі бір қағидаларын сақтайтын әдістемелік жүйе. Бұл 
да  халық  педагогикасында  ерекше  құбылыстардың  бірі.  Күйді  үйрену  үшін  оны  ана 


172 
 
тіліміздің  қасиеттерімен  байланыстыру  тәсілі.  Күй  жанрының  даму  жолы  халық  ауыз 
әдебиетімен  бірдей  болғандықтан,  сөз  сөйлеу,  сөйлем  құрау,  поэзия тілі күйге  тікелей  әсер 
етеді. Күйдің әуен саз ырғағына сәйкес келетін өлең сөздерді жүйелі түрде күймен бірге қоса 
үйретсе күй тарту шеберлігі арта түседі. Ана тіліміздің қасиеттерін толық білмейінше күйді 
дұрыс үйрету мүмкін емес. Әдістемелік құрал өте бай болу үшін фольклорлық ауыз әдебиет 
үлгілерін  жинап  отыру  керек.  Күйге  байланысты  көнеден  келе  жатқан  атауларды  қолдану 
тәсілдері.  Оны  орнын  тауып  қолдана  білу  керек.  Ең  негізгі  әдістемелік  тәсілдердің  бірі  – 
күйді халқымыздың тарихымен байланыстыра үйрету. 
Бұл  айтылғандардың  басқа  сан  алуан  тәсілдердің  әдістемелік  жүйесін  жасау  -  өмір 
талабы. Егерде, біз күй жанры бұзылмай, кейінгі ұрпаққа дұрыс жетсін десек, мұны өзіміздің 
күнделікті  домбыра  үйрену  тәжірибемізде  бұлжымайтын  қағидаға  айналдыруымыз  керек 
болады [2]. 
Күйлерді  кезеңдерге  бөліп  үйрену  жүйесі  Домбыра  тарту  шеберлігін  арттыру  – 
ұстаздың міндеті, ал шәкірт домбыра тартатын өнерді меңгереді. Халықтық педагогика 
дәстүрінде  күйді  немесе  әнді  бойында  қабілеті  бар  шәкірттер  үйренеді.  Ал,  ондай 
шәкірттер жасанды жолмен емес, табиғи жолмен іріктеледі. 
Бұрыннан  қалыптасқан  күй  үйренудің  бай  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  төмендегі 
төрт кезеңді белгілеп көрейік. 
Бірінші кезең. Күй жанрының негіздерін үйрену. 
Екінші кезең. Күй жанрының дәстүрлік сипаттарын үйрену. 
Үшінші кезең. Күй жанрының мектептерін үйрену. 
Төртінші кезең. Күй жанрын ұлттық өнер ретінде меңгеру. 
Музыкалық білім жүйесімен күй үйрену  
Қазіргі  кезде  музыкалық  білім  жүйесімен  күй  үйренудің  біршама  тәжірибесі 
жинақталды. Ендігі жерде осы елу жылғы ұстаздық  қызметті  ғылыми тұрғыдан талдап, бір 
қорытындыға  келіп,  алдағы  бағыт  бағдарымызды  анықтап  алу  керек.  Бұл  -  өмірдің  талабы. 
Халық педагогикасына қазір көп көңіл бөліп жатқан кезде күй үйренудің дәстүрлі әдістерін 
жан-жақты қолданудың жүйесін жасау керек. 
Музыкалық  білім  сауаты  арқылы  домбыра  тартуды  үйрену  тәсілі  –  ең  күрделі  де, 
қиындығы мол жұмыс. Бұл салада, көп жылғы тәжірибе қалыптасты, біршама табыстарға қол 
жетті. Болашақ өнер иелерінің рухани тәрбиесі – кәсіби өнер мен халықтық мектептің тығыз 
байланысы,  дәстүрлі  өнерді  көздің  қарашығындай  сақтап,  аспаптық  өнерді  жан-жақты 
дамыту,  орындаушылық  және  ұстаздық  шеберліктерінің  қарқынды  дамуымен,  музыка 
мамандары  қызметінің  ұлағаттылығы  мен  жіті  бағыты  арқылы  атқарылатын  абыройлы  іс. 
Бұл пәннің негізгі мазмұнына студенттердің оқушыға аспапты үйрету уақыттарындағы әдіс- 
амалдарының  іске  асыруына  қажет  білімнің  қыр-сырлары  енген.  Мамандық  пәні 
студенттердің  өз  бетімен  ойлау  қабілетінің,  домбыра,  қобыз  аспабында  ойнап  үйретудің 
үлгілерін, әдістерін жете білуге үйретеді. 
Қазақта  аспаптық  өнердің  сан  ғасырлық  даму  тарихы  бар.  Ұлы  Қорқыттан  бастап 
халық орындаушылары өзінен - өзі пайда болмағаны белгілі жай. Өнерді көріп, әдісін тауып 
баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады. 
Музыкалық көркем шығармалардың мәнін терең түсінбей музыкант тәрбиелеу мүмкін 
емес.  Мұндай  қабілет  студенттің  көптеген  шығармаларды  жан-жақты  талдау  нәтижесінде 
шығарманың  тәрбиелік  мәнін  ашуы  үшін  қолданған  әдістерге  байланысты.  Аспаптың 
техникалық  көркемдік  мүмкіншілігін  білу,  оны  шығарма  мазмұнын  ашу  үшін  пайдалану 
болашақ  кәсіпқой  музыканттың  шығармашылық  жұмысының  нәтижелі  болуын  қамтамасыз 
етеді [3]. 
Әр  мектептің  аспап  тарту  шеберлігі  сол  мектепке  тән  көркемдік  және  суреткерлік 
шеберлікпен  тығыз  байланысты.  Сондай-ақ  әр  мектепке  тән  тақырып  мазмұнын  ашу  үшін 
қолданатын шеберлік тәсілдері болады. 
Бастапқы  оқытудың  ең  қиын  күрделі  жағы  –  орындаушылық  дағдыларын  меңгеру. 
Орындаушылық қимыл-әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру. Оқу бағдарламаларын құру. 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау