95
ӘОК37.013.2
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ӘРЕКЕТТЕРІН ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТАРДА ҰЙЫМДАСТЫРУ –
САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Жаманбалинова К.С.
Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп – гимназиясының химия пәнінің мұғалімі,
Талдықорған қ.
Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп
отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру
арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық
технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек.Оқушының
бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын қалыптастыру – барлық педагогикалық ұжымдардың
бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ- оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері
ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр
оқушының болмысы арқылы дамытушылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеті
қалыптасуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептерде сабақ өткізу барысында оқу-тәрбие процесінің
патриоттық тәрбиеге қатысты бөлігін арттыруға байланысты шаралар қарастырылуы керек.
Олар : отан сүйгіштікке,
төзімділікке, азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге бағытталуы қажет.
Мектеп пәнінің құралдары әрбір сабақта оқушының бойында шығармашылық
ойлауды « дербестікті», бастамшылықты дамытатын оқу жағдайларын жасауы тиіс.
Уақыт талабы оқыту технологияларын жаңартуды талап етуде. Оқу-тәрбие процесінің
тиімділігі педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына тығыз байланысты.
Жеке тұлға қалыптастыруда жаңа оқытудың әдіс- тәсілдерін іздестіру пәндік білім
саласында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалім қазіргі заман технологияларын
игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет. Қазіргі кезде оқушыларды химиялық әзірлеудің
жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпы
әлемдік тенденцияларға, яғни химиялық білім берудің мазмұнын экологияландыру, басқа
жаратылыстану ғылымдарымен кіріктіру және оқытудың жаңа әдістерін қолдануға барынша
сүйену қажет .
Білім беруді қазіргі кезеңге сәйкес өзгерту әрбір оқушыға белгілі бір білім
жиынтығын меңгертуге ғана бағытталмай, сонымен бірге жеке адамның танымдық және
жасампаздық қабілеттерін дамытуды ойластыруы тиіс. Әрбір
оқушының қызығушылығы мен
қабілетін ескеру, оқытудың іс-әрекеттік мәнділігін арттыру, саралап оқыту, білімнің
практикалық бағытталуын күшейту, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір
тәжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін
жағдайлар туғызу білім сапасын арттырудың пәрменді тәсілдері болып саналады. Химия
пәнінің ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың практикалық және эксперименталдық
қызметіне көп көңіл бөлгені жөн. Осыдан оқушының өзіндік танымдық қабілеті артып,
практикалық
дағдылары қалыптасады,оқуға құлшынысы артады.
Мен 10 (ЖМБ) химия пәнінен "Химия есептерін шығару әдістері" қолданбалы курсын
сіздерге ұсынбақшымын. Осы бағдарлама бойынша сабақ жүргізудемін. Қолданбалы
курстың ерекшелігі оқушылар күнделікті сабақ жоспарынан тыс тың материалдарды көп
ізденеді. Өзін-өзі дамыта біледі. Химиялық есептерді шығару әдісіне арналған . Мұнда
химиялық экспериментке сүйенген есептер курс мазмұнын тереңдете түседі.
Қолданбалы курсқа қойылатын талаптар:
- курстар санының таңдауға лайық
мейлінше көп болуы;
- вариативтілігі, әр оқу жылында ғылым мен техниканың жетістігін ескере отырып,
курстарды
жаңарта білу;