80
әсерлендім. Ол өзі тақырыпқа байланысты мысалдар мен өз пікірін ерекше көңіл күймен
жеткізуге тырысты.
Осы орайда «Сұрақ қою» стратегиясына сүйеніп, жаңа сабаққа кіріспе ретінде
балаларға «Түбір және қосымша дегеніміз не?» деп сұрақ қойдым. Түлкібаева А деген
оқушым осы сұраққа өзгелерден еркшеленіп ережені мысалдарымен қоса дәлелдеп айтып
берді. Білетін мәліметтеріне сүйене отырып, тірек сызбалар арқылы
тақтада өз ойын жеткізді
осындай дәлелдемелерді оқушылар дәптерге түртіп алып отырды. Осы орайда «Ой қозғау»,
«Миға шабуыл» және «Түртіп алу» әдістерін пайдаландым және өз ара талдау барысында
оқушыларға бағалау парағын таратып бердім.Бағалау парағына оқушылар өзін өзі реттей
отырып, сабақтың әр бір кезеңдеріне сәйкес өз білімдерін бағалайды.
Бекіту кезеңінде топтарға « Топ атаулардың бүгінгі сабаққа қатысы қандай екенін
ойланып отырыңдар деген едім, осы атаулар неге байланысты екен? » деп сұрақ қойған кезде
Атаубаев С. деген оқушы сыни тұрғыда саралап ойлана келе «Топ атаулары сөзжасам
саласының түрлеріне ұқсастырып жасапсыз, демек біз алдағы уақыттағы сабақтарда осы топ
атауларына сәйкес тақырыптар өтеміз және осы тақырыптарды өту барысында сөз құрамы
немесе сөздің жасалу жолдары туралы кеңінен мағлұмат аламыз» деп ойға қонымды жауап
берді. Осы кезеңде сыни тұрғыда ойлауды және зерттеушілік және топтық әңгімені тиімді
пайдаландым. Оқытуды және оқуды бағалау әдістерін пайдаланып бағалау парғына өз
бағаларын қоюды ұмытып кетпеулерін қадағалап отырдым және «Екі түрлі түсініктеме
күнделігі» стартегиясын қолдану барысында оқушылар оқулықпен жұмыс жасап, сол арқылы
өздеріне таныс емес осы тәсілді пайдалануда сөздік қоры молайып, ойлау қабілетін
дамытып, кері байланыс орнату арқылы сабақты қорытындылады
Бағалау кезеңінде оқушылар білімдерін бағалау парағы арқылы бағалайды.
Мен формативті бағаларын тексере келе өз ойыммен қоса қорытып жиынтық
бағаларын қойдым.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны
мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын
тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге
баулитын бағдарлама.Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты
айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жерде:
o
Оқушы - ізденуші, ойланушы,
өз ойын дәлелдеуші
o
Мұғалім- әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы болып табылады. Осыған орай әр
бір сабақты жоспарлағанда өтілетін сабақтың кезеңдеріне көңіл бөліп, оқушының
қызығушылығын арттыра алатындай әдіс тәсілдерді тиімді пайдалана білу қажет. Сол кезде
оқушылар:
Бағалайды
Жинақтайды
Талдайды
Қолданады
Біледі және түсінеді
Осы сабақты өткізген соң 1994 жылы Роджерстің оқушылардың басты тілектері ретінде
анықтаған зертеулеріне сүйене отырып, өз сабақтарымда пайдаланған жаңа әдіс - тәсілдер
арқылы зерттеулер нәтижелеріне жалпы шолу жасап өтсем:
Оқушылар өздеріне сенгенді және құрметтегенді қалайтынына және мұғалімнің
өздеріне деген қамқорлығын сезінгісі келеді, көмектесуге деген ниетін, оларды кейін қалушы
емес, үлгеруші ретінде көргісі келетінін білдіргенін қалайтынына көз жеткіздім.
Оқушылар рұқсат беруді емес, еркіндікті, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойын айту
еркіндігін қалады.
Оқушыларға жауапкершілік алу мүмкіндігі беріліп, олар оқыту туралы шешім
қабылдауда белсенді қатысушы болады
Оқушылар өздігінше таңдау жасап, дәрежеде өз оқуын басқаруы байқалды.
Егер мұғалім осы жайттардың бәрін ескеріп:
81
әр бір сабағына тыңғылықты дайындықпен келсе;
сыныптағы оқушылардың әрқайсысына ерекше көңіл бөлсе;
жай ғана «оқушы» деп қарамай оқушыға жеке тұлға ретінде көңіл бөлсе;
өз орнымен мақтап, мадақтап , қолпаштап отырса
ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік берсе оқушылардың білім алуға деген құштарлығы
артып, оқуда белсенді бола алар еді.
ӘОК 37.013.2
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН
ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Далабаев Азат Оралбайұлы
Жетісу орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Алматы облысы,
Ескелді ауданы,
jetisu-jetisu@mail.ru
Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрбір жылғы халқына арнаған жолдауында: «жедел дамып
келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық
мәдениетті бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру» деп атап өткен болатын.
Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани
дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың
қауіпсіздігінің кепілі.
Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін
табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа
технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен
оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді
және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына
әсер ете отырып оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі
жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен
құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан
ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене
шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты
шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене
тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы
биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді
ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми
және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта
болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту
жүйесіне тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу
бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп
оқушыларын қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен
қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Денені шынықтыру
жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді.
Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог
жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте
алады. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір
жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере
отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді,
салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.